Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет17/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131
еңбек кодексі (1)

2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 44) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
44) жұмыскерлердің өкілдері - кәсіптік одақтар және олардың бірлестіктері, ал олар 
болмаған кезде осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыскерлердің жалпы 
жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердің (конференция делегаттарының) 
кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланған және 
уәкілеттік берілген сайланбалы өкілдер; 
45) жұмыс орны - жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы 
кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны; 


46) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмыстар мен жұмысшы 
кәсіптерінің 
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
және 
Басшылар
, мамандар 
және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік 
сипаттамаларының біліктілік анықтамалығына және ұйымдар басшылары, мамандары 
және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес 
белгілі бір күрделілікке жатқызу; 
47) жұмыс уақыты - жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының 
талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, 
жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері; 
48) жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі 
жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі; 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 48-1) тармақшамен толықтырылды
48-1) жіберуші тарап - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен тіркелген, персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті 
жүзеге асыратын заңды тұлға, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы; 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 48-2) тармақшамен толықтырылды
48-2) жіберуші тараптың жұмыскерлері - персонал беру жөніндегі қызметтерді 
көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тараппен жасалған еңбек шарты негізінде 
тартылатын жұмыскерлер; 
49) 
зиянды еңбек жағдайлары
- зиянды өндірістік факторлардың болуымен 
сипатталатын еңбек жағдайлары; 
50) 
зиянды өндірістік фактор
- жұмыскерге әсер етуі ауыруына немесе еңбекке 
қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге 
әкеп соғуы мүмкін өндірістік фактор; 
51) кәсіптік ауру - жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде 
оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған 
созылмалы немесе қатты ауру
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 51-1) тармақшамен толықтырылды
51-1) кәсіптік тәуекел - еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің 
еңбекке жарамды болуынан айырылу (не қайтыс болу) тәуекелі; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 51-2) тармақшамен толықтырылды
51-2) кәсіптік тәуекелдерді басқару - кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіруді және 
бағалауды, түзету шараларын, кәсіптік тәуекелді бақылауды және оның мониторингін 
қамтитын, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 51-3) тармақшамен толықтырылды
51-3) кәсіптік тәуекелді бағалау - ұйымдағы тәуекелдерді сәйкестендіру туралы 
ақпаратты талдау және науқастану мен өндірістік жарақаттану, ұжымдық және жеке 
қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу туралы статистикалық деректер негізінде 
кәсіптік тәуекел дәрежесін айқындау; 
52) кепілдіктер -жұмыскерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген 
құқықтардың жүзеге асырылуы олардың көмегімен қамтамасыз етілетін құралдар, 
тәсілдер мен жағдайлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет