2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның
жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді жазбаша хабардар ете отырып:
1)
іссапарға байланысты, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын
құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай
сомаларды өтеу үшін;
2) оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға
байланысты шығындарды жұмыс
берушіге еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде жұмыс істелмеген мерзімге
пропорционалды түрде өтеуді көздейтін жағдайларда;
3) жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;
4) осы Кодекстің
95-бабының 3-тармағын
қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін
еңбек демалысын ауыстыру немесе жұмыскерді одан кері шақыртып алу жағдайларында;
5) жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де
жағдайларда жұмыс беруші
актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген
жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу
пайызынан аспауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: