Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет78/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
еңбек кодексі (1)

119-бап. Дуальдық оқыту 
Дуальды оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін дуальды оқыту 
туралы үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалатын дуальды оқыту туралы шартқа 
сәйкес жүзеге асырылады. 
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға еңбек 
тәртіптемесінің қағидалары қолданылады. 
Білім алушы өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім 
алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды 
және сол уақыт үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін. 


Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады. 
Дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту мен кәсіптік 
практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға тәлімгерді бекітіп береді. 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 10-тараудың тақырыбы өзгертілді (
бұр.ред.қара

10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ, ЖІБЕРУШІ ТАРАП 
ЖҰМЫСКЕРІНІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 
120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі 
міндеті 
1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) 
үшін материалдық жауаптылығы, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының 
өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе 
әрекетсіздік) және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) 
арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады. 
2. Еңбек шартының басқа тарапқа нұқсан (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске 
және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 
3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскер мен жұмыс берушінің материалдық 
жауаптылығы нақтылануы мүмкін. 
4. Нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек шартының 
тараптарын басқа тарапқа келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық 
жауаптылықтан босатпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет