Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары



Дата17.07.2016
өлшемі147.5 Kb.
#204586
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары
Сенімді қаржы жүйесі нарықтық экономиканың дамуы мен тиімді қызмет етуінің арқауы және жалпы экономиканың тұрақтылығы мен өсуінің алғышарты. Қоғамның жинақтарын бөлуші, негізі және күнделікті операцияларды жеңілдетуші жүйе. Сенімді қаржы жүйесі қалыптасқаннан кейін капитал мен ақша нарықтары дамуы мүмкіндік алады, , әсіресе бірінші реттік және екінші реттік ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. Кейінгі кездерде сенімді қаржы жүйесін құру және мемлекеттік қаржылық саясат жүргізу сұрақтары бойынша көптеген мақалалар жазылып жүр. Бұл рефераттың жазылуының мақсаты нарықтық экономикадағы казіргі заманғы қаржы жүйесінің табиғаты мен құрылым көрсету және даму тенденцияларын анықтау.

Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі құрамдас бөлігі болып оның қаржы жүйесінің қорғалуы саналады. Ол қаржы жүйесі сол мемлекеттің экономикасының нақты секторын қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етіп отырады. Әсіресе, 2009 жылы болған әлемдік дағдарыс сияқты кезде мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселесіне айналады. Жалпы алғанда, қаржы жүйесі дегеніміз – айрықша экономикалық қатынастар негізінде құрылған, ақшалай ресурстар мен қорлардың құрылуы мен пайдалануын ұйымдастыратын органдар жиынтығы. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі 3 буыннан тұрады. Олар: жалпы мемлекеттің қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілерідң қаржысы және үй шаруашылықтарының қаржысы. Ал бұлар өз кезегінде тағы бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттің қаржысы: мемлекеттік бюджет (республикалық бюджет және жергілікті бюджет), мемлекеттік кредит, мемлекттік бюджеттен тыc арнаулы қорлар.

- Мемлекеттік кредит: мемлекеттік борыш (ішкі мемлекеттік борыш және сыртқы мемлекеттік борыш)

- Мемлекттік бюджеттен тыс арнаулы қорлар: мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік-сақтандыру қоры, қлттық әл-ауқат қоры, ҚР Ұлттық қоры.

Ал, қазіргі жағдайда дамыған елдерде мемлекеттік қаржы жүйесі 4 звенодан тұрады: мемлекеттік бюджет, жертгілікті қаржы арнайы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кәсіпорын қаржысы. Дамыған елде болсын, Қазақстанда болсын қаржы жүйесінің ең басты звеносы болып мемлекеттік бюджет табылады. Өзінің материалдық мазмұны бойынша ол мемлекеттің басты орталықтаныдырылған ақша құралдарының қоры. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттің ең негізгі шығыстары мен кірістері қарастырылады. Бюджет салықтар, шығыстар, мемлекеттік кредит және басқа да қаржылық категорияларды біріктіреді. Мемлекет бюджеттің әлеуметтік-экономикалық жағын қарасытра отырып, оның төмендегідей анықталатынын көруге болады:



  • өндіріс әдісі

  • өндіріс құралдарының меншік формаларының болуы

  • өндірістік қатынастар сипаты

  • мемлекеттің табиғаты, мақсаты, міндеті

Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық табиғатының болуы оның:

    • ұлттық табысты қайта бөлу

    • экономиканы ынталандыру мен реттеудің мемлекеттік құралы

    • ұдайы өндіріске тиімдi әсер ету құралы

    • мемлекеттің бюджет жүйесі мен қаржы жүйесінің басты звеносы болуынан көрінеді.

Бюджетте мемлекет өзінің функцияларын орындау үшін қажет болып саналатын ақша ресурстарының көп бөлігі шоғырландырылады. Бюджет бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі. Ал бюджет жүйесі «ҚР бюджет жүйесі» заңымен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының 23 қараша 2012 жылдан №54-V «О республиканском бюджете на 2013-2015 годы» деген заңында кірістер – 5 331 510 413 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсім – 3 736 035 959 мың теңге, салықтық емес кіріс – 58 833 042 мың теңге, негізгі капиталды сатқаннан түсетін түсім – 19 450 000 мың теңге, трансферттерден түсетін түсім – 1 517 191 412 мың теңге; шығындар – 6 023 748 036 мың теңге және тағы сол сияқты жалпы кірістер мен шығыстар жоспарланады. Мемлекеттік бюджет арқылы жалпы қоғамдық өнімнің 10-15%, Ұлттық табыстың 30 % бөлу және қайта бөлуге түседі. Әлемдік дағдарысқа қарамастан елімізде бюджетті бөлген кездегі мақсат ең алдымен әлеуметтік саланы және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту болып табылады.

Қаржы жүйесінің келесі звеносы – мемлекеттік кредит. Мемлекеттік кредит дегеніміз республикалық және жергілікті атқару органдарының өздерінің қарамағындағы бос ақшалай қаражаттарды жұмылдырумен байланысты болып келетін жеке және заңды тұлғалардың, сонымн қатар шетелдіктермен және оларды мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында қаржыландырумен байланысты пайда болатын несиелік қатынастар.

Тағы бір звено – бюджеттен тыс арнайы қорлар. Жалпы республикалқ және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстардың қалыптасуының маңызды көзі болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшуге байланысты әлеуметтік және экономикалық әр түрлі салаларды қаржыландыру кеінде бюджет қаржаттары жеткіліксіз боды. Соған байанысты қосымша қаржы көздері ретінде 1991 жылы арнайы бюджеттен тыс қорлар жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде ол қаржы жүйесінің негізгі буынының біріне айналды.

Көптеген эксперттердің айтуынша, Қазақстан қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізгеннен кейінгі экономикалық қайта құру құрылымдарының ауыртпалықты шыңын өткерді және экономикалық реформалар өзіндік стратегия мен тактиканы жүзеге асыру арқылы жетістікке қол жеткізді. Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері экономикалық, әлеуметтік қатынастар біршама өзгерді. 1994 жылдың басында әлемдік экономикалық реформалар басталғаннан бері біршама қаржылық тұрақтылық орнады. Мысалы, 1993 жылдары инфляция екі мың проценттен көп болса, 2014 жылдың басында 4,5% құрап отыр.

Түгелдей дерлік баға либерализациясы болды және сыртқы сауда сферасында көптеген шектеулер алынды.

1996 жылы соңғы жылдар ішінде бірінші рет жалпы ішкі өнім алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,5%-ға өсті. 1993 жылы 1 415 749,7 млн. тг болса, 2012 жылы 30 346 958,2 млн. тг болды.

Мемлекеттік шығындарға қолданылған рационалды саясат бюджет тапшылығын төмендетуге жағдай жасады.

Өз кезегінде, бұлар экономиканыіқаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мықты негіз болды: біркелкі экономикалық өсуді, дамуды және ұлттық экономиканы қайта құру құрылымын жүзеге асыратын инвестиция тартуға нақты алғышарттар құрылды және осының негізінде халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.

Мемлекттік бағдарламалардың ішіндегі ең негізгісі елдің қаржылық ресурстарын басқару жүйесін реформалау және оны нарық шарттарына бейімдеу. Бұл байланыста, соңғы жылдары үкіметтің бар жігер күші бюджеттік шығындарды рационализациялау, қаржылық тәртіпті күшейту, шынайы жекеменшікті қалыптастыру, республиканың экономикасын дамыту мақстатында инвестиция тарту, бюджеттер арақатынасын дамыту, мемлекеттің ішкі жйне сыртқы борыштарын басқарудың тиімді механизмін қалыптастыру, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуы және нығаюы және тағы басқа экономикалық инфрақұрылым құралдарына жұмсалды.

Қаржы жүйесін дамыту жолдары. Әлемдік қаржы жүйесі жаңару керек. Алайда посткризистік жағдайда оның қандай болатыны туралы нақты және біртекті болжамдар жоқ. Бұл сұрақтардың жауабы қазіргі әлемдік қаржының моделінің кемшіліктерінде жатыр. Бәрімізге белігілі, бұрындары жасырылған әлсіз жақтар үлкен экономикалық өзгерістер кезінде көріне бастайды. Әлемдік қаржы жүйесінде Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты ұйымдар ерекше рөл ойнайды. Бұлардың құрылуының игілікті мақсаттарына қарамастан, дәлірек айтсақ дамушы елдерге көмек беруге қарамастан, бұлардың бәрі көбінесе американдық валюта позициясын өсіреді және нығайтады. Және дедамушы елдердің қаржылық дағдарысқа қарсы тұруын әлсіздетуді жүзеге асырады. Әсіресе, Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің соңғы этаптарын өтіп жатыр. Оған кіру үшін біздің қаржы жүйеміз мықты, тауарлрымыз бәсекеге қабілетті, ауылшаруашылығы даму үстінде болуы керек. Осы ұйымға кіретіндерді шешкенде ең көп дауыс АҚШта. Осылардың бәрін ескере келе, қазіргі таңда әлемдік қаржы жүйесін реформалаудың түрлі нұсқалары ұсынып келеді, соның ішінде ұлттық қаржы жүйесін өзгерту керек.

Жалпы алғанда, барлық айтылған бағыттарды екі группаға бөлуге болады. Бірінші реформалық бағыт жаңа әлемдік қаржы жүйесін құру радикалдық жол. Мысалы, әлемдік тауар айналысын қамтамасыз ететін жаңа дүниежүзілік валютаны енгізу.

Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаев айтақндай: «барлық елдердің көзқарасынша бірыңғай легитимді есептесу ақша бірлігі болатын негізде абсолютті тұрде жаңа әлемдік валюта жүйесіне көшу керек. Оның құрылуына, эмиссиясына, реттеуіне бүкіл дүниежүзіндегі ел қатысу керек. Дүниежүзілік валюта эмитентінің қызмет процедурасы демократиялық емес. Дүниежүзілік валютаның сұраныс-ұсыныс балансының механизмі еркін емес, бәсекелес емес сипатта».

«Экономикалық және қаржылық күйзелісті алдын ала анықтайтын центрдің» директоры Сара Алпысқызының ойынша, тиімді қызмет ететін дүниежүзілік қаржы-валюталық жүйе және елдердің экономикалық қауіпсіздігі тұрғысынан бұндай шаралар дұрыс.

Екінші бағыт – дәл мәнісінде, жұмыс істеп тұрған модельді сақтау, себебі, қазіргі таңда АҚШ-тың әлімдік лидерлігіне альтернатива жоқ. Алайда, алыс перспективада PriceWaterhouseCoopers эксперттері АҚШ-Қытай жұбының аясындағы әлемдік экономиканың қалыптасуы оларға қисынды болып келеді. Бірақ, жұмыс жасап тұрған әлемдік қаржы жүйесінің сақталуы барлығы қалай болды солай қалады дегенді білдірмейді. Ең алдымен, қаржылық ұйымдарға бақылау күшейе түседі және әлемдік қаржы институттарының жауапкершілігі де арта түседі.

Қазақстан әлемдік тенденция арнасында өзінің қаржы жүйесіне ерекше мән беріп келе жатқан ел.

Қорытынды

Қаржы саласындағы басты проблема Қазақстандағы табыстың өсуі,

басқа да қржылық көрсеткіштер теңгенің долларға қатынасында

құнсыздануы арқылы және мұнай өндіруші секторлардың арқасында жоғары

көрсеткіш көрсетіліп отыр. Мұнай сияқты минерал, шикізаттар сарқылатын

болағныдқтан ертең таусылып қалуы мүмкін. Ал экономикалық-қаржы

жүйесі рсы шикізатқа тәуелді. Екіншіден, Қазақстанда шағынбизнесті

несиелендіру әлі де болса дұрыс дамымаған. Бұл экономиканың өте қажетті

сферасының бірі. Мысалы, дамыған мемлекеттердің өзінде де бшағын

кәсіпкерлік ЖІӨ көп бөлігін алып жатыр. СССР құлағаннан кейін, ауыл

шаруашылыға қиын жағдайға тап болды. Мемлекеттің басты мақсаттарының

бірі осы саланы банк арқылы несиелендіру арқылы дамыту болып отыр.

Үшіншіден, Қазақстанда кредит, депозит, лизинг сияқты маңызды қаржылық

құралдар дамып келе жатыр. Олардың міндеттері нарықтық экономика

жағдайында бастапқы капиталды қалыптастыру болып табылады. Бюджет

профициті және жұмысшылардың нақты жалақысы мәселелері.Осылардың

бәрін реттеп, мықты қаржылық жүйе құру қазіргі ең басты міндет. Себебі,

Елбасымыздың өзі ең алдымен экономика деген болатын.

Пайдаланылған әдебиеттер:




  1. С. Құлпыбаев., В.Д. Медьников. – Алматы, LEM, 2009.

  2. ҚР статистика агенттігі

  3. электондық ресурс: http://coolreferat.com/%D0%A4%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B8_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%87%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8C=5

  4. http://www.bnews.kz/ru/news/post/4521/

  5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ресми сайты

  6. закон «о республиканском бюджете на 2013-2015 годы»



 




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет