«Қазақстан республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі»


ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті



бет2/3
Дата04.03.2024
өлшемі198 Kb.
#494167
1   2   3
Жауап ЕСИРКЕПОВ Д.М 36-0-15 1516 ЖТ-2023- 01734972 13 09 2023(ver1)

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚМ МКК) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) рәсімнің үш түрі көзделеді – соттан тыс, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Соттан тыс банкроттық рәсімі екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында борышкерге ғана қатысты жүзеге асырылады. Соттан тыс банкроттық рәсімімен https://egov.kz/cms/ru/services/economics/pass_P1_mf. сілтеме бойынша танысуға болады.
Заңға сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің негізгі талаптары борышкерде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш беру күніне қолданыста болған (бүгінгі күні бұл 5 520 000,00 теңге) айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 600 есе мөлшерінде міндеттемелерінің болуы, сондай-ақ:
- ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;
- қарыз алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген күнгі жағдай бойынша қатарынан 12 ай ішінде қарыз бойынша өтеудің болмауы;
- банктік қарыз шарты, микрокредит беру шарты бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу рәсімін жүргізу болып табылады.
Міндеттемелеріңіздің жоғарыда көрсетілген соттан тыс банкроттық талаптарына сәйкестігін анықтау үшін Сіздің:
1. https://www.mkb.kz сайтынан мерзімі өткен күндердің ең аз саны мен соңғы төлем күні көрсетілген, ағымдағы міндеттемелердің сомасын қамтитын дербес есепті (ҚР азаматтарының банкроттығы) алуыңыз қажет. Бұл есеп тегін, электрондық құрылғылар, оның ішінде мобильді құрылғылар арқылы алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет