Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасына



жүктеу 114.22 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі114.22 Kb.


Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасына:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі № 185 IV Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң);

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 шілдедегі № 60 қаулысымен (бұдан әрі - № 60 қаулы) енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төмендегілерді түсіндіреді.



  1. Уәкілетті органдардың клиенттердің банк шоттарындағы

ақшаға билік етуін шектейтін құжаттарының

орындалу тәртібі бойынша

1. Уәкілетті органдардың клиенттің ақшасына тыйым салу туралы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банкке келіп түскен шешімдері қандай тәртіппен орындалуы тиіс?

Жауап: Заң 2009 жылғы 30 тамыздан бастап күшіне енді және оның кері күші болмайды, сондықтан талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында банк шоттарындағы ақшаға салынған мынадай тыйымдар:

Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салынғандар – Қазақстан Республикасының Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған заңнамасының талаптарына сәйкес, яғни банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуы тиіс.

Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін салынғандар – Қазақстан Республикасы заңнамасының Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылатын талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.



2. Уәкілетті органның клиенттің ақшасына тыйым салу туралы ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 740-бабының 7-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді қамтамасыз етуге банкке ұсынған шешімі, егер клиенттің банк шотындағы ақшаға АК 742-бабының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған жағдайда, қандай тәртіппен орындалуы тиіс?

Жауап: Заңның кері күшінің болмауына байланысты қаралып отырған жағдайдағы кешігірек түскен тыйымның қандай санатқа жататындығының да мәні жоқ.

Осылайша, АК 742-бабының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді қамтамасыз етуге Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салынған бірінші тыйым клиенттің шотындағы екінші тыйым түскенге дейінгі ақша қалдығының шегіндегі ақшамен ғана қамтамасыз етілетін болады. АК 740-бабының 7-тармағының бірінші бөлігімен белгіленген негіздемелер бойынша салынған, Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін келіп түскен тыйым бірінші тыйым бойынша тыйым салынған сомадан асатын ақша есебінен, клиенттің банк шотындағы қол жетімді қалдық шегінде орындалатын болады.



3. Банктің АК 742-бабының 4-тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында банк шотына ұсынылған ақшаға тыйым салу туралы шешімдерді орындау (бір шешімнен артық шешім түскен жағдайда) тәртібі қандай (бір кезек шегінде)?

Жауап: АК 740-бабының 7-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына біреуден көп тыйым салынған жағдайда олар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуы тиіс.
II. Төлем құжаттарының орындалу тәртібі бойынша;
1. Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын тұлғалардың (бұдан әрі – банктер) акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмаларды банкке ұсыну заңды ма?

Жауап: АК 383-бабына сәйкес шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуі тиiс. 

Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.

Заңның кері күшінің болмауына байланысты, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» жаңа редакциядағы Заңның нормалары Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттарға қолданылмайтындықтан және көрсетілген тұлғалар банкке 2009 жылғы 30 тамызға дейін жасалған және борышкердің банк шотынан ақша алу құқығы бар шартпен бірге акцепті талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы ұсынған жағдайда мұндай төлемдік талап-тапсырманы банк акцепсіз тәртіппен орындауы тиіс.

2. Клиенттің банк шотындағы ақшасына тыйым салу туралы шешімдердің негізінде бірінен соң бірі екі тыйым салынған. №1 тыйым АК 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында және №2 тыйым АК 742-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында салынды, бұл ретте клиенттің шотындағы ақша №1 және №2 тыйымдарды орындау үшін жеткіліксіз. Қамтамасыз ету мақсатында №2 тыйым салынған инкассалық өкім келіп түскен жағдайда банк оны орындауға кірісе ала ма?

Жауап: АК 740-бабы 7-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріне сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына салынған тыйымдар АК 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салынатын жағдайларды қоспағанда бірінші кезектегі тәртіппен орындалады.

Клиенттің банк шоттарындағы ақшасына біреуден көп тыйым салынған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында олар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуға жатады.

Осы нормаларға сәйкес қамтамасыз етілуіне №2 тыйым салынған инкассалық өкімді банк №1 тыйымды орындау үшін қажетті ақша сомасы жинақталғаннан кейін №1 тыйымды орындау үшін қажетті ақша сомасынан асатын ақша сомасы есебінен орындауға кірісуге құқылы.

3. Клиенттің банк шотындағы ақшасына Заң қолданысқа енгізілгенге дейін АК 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салынды, клиенттің шотындағы ақша сомасы бұл тыйымды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін банкке АК 742-бабы 2) тармақшасында көзделген талаптарды қамтамасыз ету мақсатында тыйым (№2 тыйым) салу туралы шешім және №2 тыйым бойынша инкассалық өкім келіп түсті. Банк №1 тыйымды орындау үшін қамтамасыз етілген ақша есебінен №2 тыйым бойынша келіп түскен инкассалық өкімді орындай ала ма?

Жауап: Бастамашы ақша жөнелтушiнiң банкiне инкассалық өкiмдi ұсынған кезден бастап төлем жасауға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi туындайтындықтан («Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасы) №2 тыйым бойынша келіп түскен инкассалық өкімнің №1 тыйымды орындау үшін қамтамасыз етілген ақша есебінен орындалуына болмайды деп санаймыз. Банк көрсетілген инкассалық өкімді №1 тыйым бойынша тыйым салынған сомадан асатын ақша есебінен, клиенттің банк шотындағы қол жетімді қалдық шегінде орындай алады.

III. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу бойынша



1. Банк пен клиент арасында ҚР заңнамасына өзгерістер енгізілгенге дейін жасалған карт-шот шартының негізінде банктің өз клиенттеріне ашқан карт-шоттары жұмыс істейтін болма ма, сондай-ақ Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бұл шарттар қайта жасалуы тиіс пе?

Жауап: Қазақстан Республикасының заңнамаларынан «карт-шот» деген ұғымды алып тастау Заңмен көзделген. Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін банк жасалған шартқа қарай карт-шот ашпай-ақ олардың ағымдағы және жинақтау шоттарына таңа отырып, төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыра алады.

Заңның керің күшіні болмайтындығын назарға ала отырып, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған карт-шот шарттарының негізінде ашылған карт-шоттардағы ақшаның бухгалтерлік есебі өзгермейді. Атап айтқанда, банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық ұйымдарға арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының 2209 «Заңды тұлғалардың карт-шоттары» және 2221 «Жеке тұлғалардың карт-шоттары» шоттарындағы клиенттердің карт-шоттарындағы сол уақыттағы ақша қалдығын ескеруді жалғастыра беруі қажет.

Бұл ретте Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған ағымдағы шот шарттарының негізінде жүргізілген төлем карточкаларымен операциялар Үлгі шот жоспарының тиісінше 2203 «Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары» және 2204 «Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары» шоттарында ескерілуі тиіс.

Бұрын жасалған карт-шоттар шарттары қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыла алады. Алайда көрсетілген шарттарды Заңға толық сәйкестендіру үшін төлем карточкасының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін клиент банкке барған жағдайда онымен банктің қосымша келісім жасауы бұл мәселенің оңтайлы шешімі бола алады деп ойлаймыз.



2. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес банк шотының жеке түрі ретінде карт-шот ұғымы алынып тасталды, бұл төлем карточкаларымен операцияларды барлық банк шоттары, оның ішінде жинақтау шоттары бойынша көрсетуге болады дегенді білдіре ме?

Жауап: Карт-шотты қысқарту, сондай-ақ карт-шоттардағы төлем карточкаларымен операцияларды міндетті түрде көрсету талаптарын алып тастау төлем карточкасына клиенттің банк шоттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін әмбебап құрал мәртебесін береді, яғни клиент төлем карточкасының көмегімен өзінің банк шоттарын, ағымдағы да, жинақтау шоттарын да басқару мүмкіндігіне ие болады.

Төлем карточкасын жинақтау шоттарына қол жеткіздің құралы ретінде Төлемдер туралы заңға сәйкес жинақтау шоттары үшін тізбесі белгіленген операцияларды жүргізу үшін ғана пайдалануға болады.



3. Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін карт-шот банк шоты болып табыла ма және банк үшінші тұлғалардың карт-шотқа ұсынған төлемдік талап-тапсырмаларын, инкассалық өкімдерін және басқа да талаптарын орындауға қабылдауға құқылы ма?

Жауап: «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес банк шоттары банк пен клиент арасында банк шоты шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған жағдайда ғана ашылады.

«Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2 және 2-1-тармақтарының бұрынғы редакцияларына сәйкес (Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі) банк шоттары жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың жеке бөлімшелерінің ағымдағы, жинақтау шоттары және карт-шоттары, банктердің корреспонденттік шоттары болып бөлінді. Осылайша, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін карт-шот банк шоты болып табылды және карт-шоттың жұмыс істеу режимі ағымдағы шоттың режиміне ұқсас болды, айырмашылығы карт-шотта орналастырылған ақшаны төлем карточкасының көмегімен ғана пайдалануға болатын.

«Ақша аударымы мен төлемдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына карт-шотты алып тастау және төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операцияларды жеке банк шоты (карт-шот) бойынша ғана көрсетуді көздейтін талаптарды алып тастау бөлігінде енгізілген өзгерістер төлем карточкаларын клиенттердің банк шоттарындағы ақшасына қол жеткізу құралы ретінде айқындау мақсатында іске асырылды.

АК 383-бабының нормаларын және Заңның карт-шоттарды ашу жөніндегі бұрын жасалған шарттардан (Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі) туындаған қатынастарға қолданылмайтындығын ескере отырып, қазіргі уақытта карт-шоттарды ашу жөніндегі шарттардың ережелерін басшылыққа алу қажет, яғни Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бұрын ашылған карт-шот та банк шоты болып табылады, себебі ол бойынша Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі жүзеге асырылған барлық сол операциялар жүзеге асырылады.

Осылайша, Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін және карт-шот шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын ашылған карт-шотқа:

1) Төлемдер туралы заңның 6-бабы 4-тармағының клиенттердің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға өтініш жасау мүмкіндігі бөлігіндегі нормалары;

2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының банк құпиясын сақтауға қатысты нормалары;

3) заңнаманың Қазақстан Республикасында банк шоттарын жүргізу және жабу тәртібін реттейтін нормалары қолданылады.


IV. Банктердегі банк шоттарын ашу және жабу тәртібі бойынша

1. Дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа және адвокатқа банк шоттарын ашу үшін салық қызметі органы берген және клиентті дара кәсіпкер, жекеше нотариус немесе адвокат ретінде тіркеу есебіне алу фактісін растайтын құжаттар ретінде банк қандай құжаттарды талап етуі тиіс?

Жауап: «Салық және бюджетке төленетін басқа да мәндетті төлемдер туралы» Қазақстан Ресубликасы Кодексінің 565-бабына сәйкес салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізеді.

Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде орналасқан жері бойынша жүргізеді.

Қазіргі уақытта салық органы жеке тұлғаны адвокат, жекеше нотариус ретінде тіркеу есебіне қоюын растайтын құжат бермейтіндіктен адвокат, жекеше нотариус банк шотын ашқан кезде оны ұсынудың қажеттігі жоқ екендігін түсіндіреміз.
2. Дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа және адвокатқа банк шотын ашқан кезде уәкілетті орган (Әділет министрлігі) берген және көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттар ретінде банк қандай құжаттарды талап етуі тиіс?

Жауап: «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 264 бұйрығымен бекітілген Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ереженің 2 және 4-тармақтарына сәйкес жеке нотариустарды есептік тіркеу келу сипатында болады және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурстық таңдаудан өткен және нотариаттық палата мүшелігіне енген адамды тиісті нотариаттық округтің жекеше нотариустары туралы деректер банкін қалыптастыру мақсатында аумақтық әділет органында есепке қою болып табылады.

Өтінішті қарау нәтижесі бойынша аумақтық әділет органы өтініш берушіні есептік тіркеуге алу туралы шешім қабылдайды және нотариаттық палатамен бірлесіп бос орын жарияланғаннан оған қызмет аумағын айқындайды.

Жекеше нотариусқа банк шотын ашу үшін банкке жекеше нотариусты есептік тіркеуге алу фактісін растайтын және оның қызметінің аумағын айқындайтын құжаттың көшірмесін ұсыну қажеттігін түсіндіреміз.

Дара кәсіпкердің және адвокаттың банк шотын ашу кезінде банкке уәкілетті орган берген және мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттарды ұсынуына келер болсақ, мұндай құжатты ұсынудың қажеттігі жоқ екендігін ескертеміз, себебі қазіргі уақытта уәкілетті органның (Әділет министрлігінің) көрсетілген тұлғаларға мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке құжат беруі көзделмеген.
3. Шотта ақша қозғалысының бір жылдан астам болмауына байланысты банк № 60 қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін ашылған клиент шоттарын жабуға құқылы ма?

Жауап: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінің (бұдан әрі - №266 ереже) 43-тармағында банктің жекелеген талаптарды орындаған жағдайда банк шоты шартын біржақты тәртіппен бұзу құқығы көзделген.

266-ереженің 43-тармағының талаптарын орындаған жағдайда банктің өзгерістер енгізгенге дейін ашылған банк шоттарын жабуға құқығының бар екендігін түсіндіреміз.


4. 266-ереженің 43-тармағының нормаларына сәйкес банк шартты бұзғаннан және клиенттің шотын жапқаннан кейін ақша қалдығын нотариустың депозитіне аударуға міндетті немесе құқылы ма?

Жауап: АК-тің 291-бабына сәйкес банк міндеттемелерін орындау мақсатында өзінен алынатын ақшаны депозит шарттарымен нотариустың атына орналастыруға құқылы.
5. Банк шотын жүргізгені үшін комиссиялық сыйақыны ай сайын есептен шығару шот бойынша қозғалыс болып санала ма, немесе көрсетілген ұғым комиссияны есептен шығаруды есепке алмай-ақ қолданыла ма?

Жауап: Банк шоты бойынша ақша қозғалысы банктің клиент нұсқауларын, үшінші тұлғалардың, оның ішінде сол банктің өзінің комиссиялық сыйақыны есептен шығару жөніндегі талаптарын орындауынан, сондай-ақ осындай шотқа ақша есептеуден тұрады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет