?
Жүйенің температурасы 10 ˚С-қа көтерілгеннен кейін, реакция жылдамдығы 2-4 есе артады
Якоб Вант-Гофф
(1852-1911)
Вант- Гофф ережесі (Голландия, 1884 ж.):
Атом –молекулалық ілім бойынша:
Жылдамдық константасының температураға тәуелділігі Аррениус теңдеуімен өрнектеледі: - Жылдамдық константасының температураға тәуелділігі Аррениус теңдеуімен өрнектеледі:
-
- Мұнда:
- K-жылдамдық тұрақтысы
- R-газ тұрақтысы
- T-абсолютті температура
- E- активтендіру энергиясы
- A-температураға тәуелді еместұрақты, ол өзара реакцияға түсетін бөлшектердің санымен байланысты
- е- натурал логарифмнің негізі (2,71828)
- Барлық соқтығысулардың бәрі емес, тек активті соқтығысулар ғана реакция жүруіне әкеп соғады.
- Активті молекулалардың жылдамдығы орташа жылдамдықтан жоғары, соған сай энергиясы да мол болуы тиіс.
- Реакцияласушы заттардың бір моліндегі молекулалардың барлығын активті молекулаға айналдыруға жұмсалатын энергияның мөлшерін активтендіру энергиясы деп атайды.
.
Егер химиялық реакция қайтымды болса, белгілі бір уақыт өткен соң кері реакцияның жылдамдығы арта бастайды, себебі реакция нәтижесінде пайда болған заттар концентрациялары артады.
Тура және кері реакциялар жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік орнайды, енді реакцияға қатысатын заттардың концентрациялары ары қарай өзгермейді.
аА + bВ ↔ сС + dD
V→ = k→ [A]a × [B]b;
V ← = k ← [C]c × [D]d тепе-теңдік кезінде V→ = V ← , олай болса,
k→ [A]a × [B]b = k ← [C]c × [D]d сонда, k→ /k ← = К т – реакцияның тепе-теңдік константасы болады.
Тепе-теңдік константасына кіретін концентрацияларды тепе-теңдік концентрациялары деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |