Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі



бет5/8
Дата23.02.2022
өлшемі1.33 Mb.
#455700
1   2   3   4   5   6   7   8
Д 1. Химиялық кинетика 2021

Тепе-теңдік константасы сол температурада тұрақты шама, реакция нәтижесінде түзілген заттардың тепе-теңдік концентрациялары көбейтіндісінің реакцияға түскен заттардың тепе-теңдік концентрациялары көбейтіндісіне қатынасын көрсетеді:
К т = [C]c × [D]d /[A]a × [B]b
Тепе-теңдік константасы – реакцияның маңызды сипаттамасы, оның мәні көп болған сайын, реакция ↔тереңірек» жүреді, яғни реакция нәтижесінде түзілген заттардың шығымы жоғары болады.
Гетерогенді реакциялар үшін тепе-теңдік константасы мәніне де қатты заттардың концентрациясы кірмейді, реакциялар жылдамдығы мәніне кірмеген сияқты.
Эндотермиялық реакциялар үшін температураны көтерсе, тепе-теңдік константасы жоғарылайды, ал экзотермиялық реакцияларда – азаяды.
Тепе-теңдік константасы (егер қысым онша жоғары болмаса) қысымға тәуелді емес.
Тепе-теңдік константасының энтальпиялық және энтропиялық факторларға тәуелділігі оған реагенттер табиғаты әсер ететіндігін көрсетеді.
Тепе-теңдік костантасы мәніне катализатор қатысы да әсер етпейді, ол тура және кері реакциялардың активтену энергияларын бірдей өзгертетіндіктен олардың жылдамдықтарын да бірдей өзгертеді.
Химиялық тепе-теңдік кезінде реакциялар тоқтамайды!!!!
Тек қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары теңеседі, уақыт бірлігінде түзілген заттар молекулаларының саны реакцияға түскен заттар молекулалары санына тең болады.
Химиялық тепе-теңдік динамикалық, жылжымалы болады.

К- Тепе-теңдік константасы реакцияласатын заттар табиғатына және температураға тәуелді, ал концентрацияларына тәуелді емес


Реакция кезінде A және B концентрациялары төмендейді, ал C және D концентрациялары жоғарылайды. Сондықтан тура реакцияның жылдамдығы біртіндеп төмендеп, кері реакция – жоғарылайды.
Сонда екі реакцияның жылдамдығы теңеседі, яғни А және В реагенттерінің әсерлесуінің жылдамдығы олардың түзілу жылдамдығына теңеседі
Жүйе тепе-теңдік қалпында:
мұнда К – химиялық тепе-теңдіктің концентрациялық константасы.
К- әрекеттесуші заттардың концентрациясына байланысты емес, тек температура мен қысымға тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет