Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы



жүктеу 32.8 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі32.8 Kb.
Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір

мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 34 қаулысы
«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауар шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (бұдан әрі – шикі қант) (КО СЭҚ ТН коды 1701 11) 2011 жылға арналған көлемі бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі шикі қант жеткізушілердің тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант шығаратын кәсіпорындармен арасындағы әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы келісімшарт негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесі туралы келісімде бекітілген нысан бойынша рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау
комитеті ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қант
импортын кедендік декларациялау мен одан кедендік баж алуды:

1) кедендік әкелу бажының нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан


Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсаттар
негізінде;

2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.



  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 26 қаңтардағы

№ 34 қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (КО СЭҚ ТН коды 1701 11) 2011 жылға арналған көлемі


сэқтн

коды

Атауы

Көлемі (тонна)

1701 11

Құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қанты, тонна

414 762,1

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 26 қаңтардағы

№ 34 қаулысына қосымша

Қант шығаратын кәсіпорындар тізбесі


Р/с



Қант шығаратын кәсіпорындардың атауы

1

«Алматы Қанты» акционерлік қоғамы

2

«Қант» акционерлік қоғамы

3

«Алматы Шекері» акционерлік қоғамы

4

«Меркі қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5

«Көксу-Шекер» акционерлік қоғамы

6

«АЛАКӨЛ ШЕКЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7

«INVESTMENT MANAGEMENT Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

8

«Орталық Азиядағы Қант Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет