Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы



бет13/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

125-параграф. Кеме құжаттары

      763. Әуе кемесiнде 121, 122, 123-тармақтарда көрсетiлген құжаттар болуы тиiс, оларды әуе кемесiнiң экипаж мүшелерi уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың талабы бойынша ұсынады.


      121, 122, 123-тармақтарға қосымша әуе кемесiнiң бортында мыналар болуы тиiс:
      1) MEL;
      2) «Төтенше жағдайлар кезiндегi iс-әрекеттер бойынша азаматтық ӘК экипажына Нұсқаулық бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзбесiнде № 6478 тiркелген) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 18 тамыздағы № 365 бұйрығы;
      3) техникалық қызмет көрсету және оның пайдалануға жарамдылығы туарлы куәлiк (борт журналындағы жазба);
      4) әуе кемелерi үшiн жиынтық жүктеме көрiнiсi;
      5) бас декларация (халықаралық ұшулар кезiнде);
      6) жолаушылар ведомосы (манифест);
      7) жүк ведомосы (манифест), сондай-ақ қауiптi жүк туралы ақпаратты қамтитын құжат.
      764. Осы Қағиданың 121, 122, 123-тармақтарында көрсетiлген құжаттардан басқа әуе кемесiнiң бортында ұшу орындалатын аумақ үстiнен мемлекет қағидалары бойынша талап етiлетiн өзге де құжаттар болуы тиiс.
      765. Осы Қағиданың 121-тармағында көрсетiлген ұшуға тапсырма мына жазбаларды қамтуы тиiс:
      1) мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi бар әуе кемесi;
      2) ұшу күнi;
      3) әуе кемесi экипаж мүшелерiнiң тегi және олар орындайтын мiндеттемелер;
      4) ұшып кету және келу пункттерi;
      5) ұшып көтерiлудiң және қонудың жоспарланған және нақты уақыты;
      6) ұшу мақсаты, рейс нөмiрi;
      7) ұшуға қатысты ескертулер;
      8) ӘКК қолы;
      9) пайдаланушы белгiлеген өзге де жазбалар.
      Ұшуға арналған тапсырма нысанын және оны жүргiзу тәртiбiн пайдаланушы айқындайды.

126-параграф. Ең аз түзетiлген жабдықтар тiзбесi

      766. Қандай да болмасын аспаптың, жабдықтың немесе жүйенiң iстен шығуы кезiнде коммерциялық әуе тасымалын орындауға талаптары осы Қағиданың 5-параграфында келтiрiлген MEL негiзiнде рұқсат берiледi.


      767. ТМД елдерiнiң әуе кемелерiнде ұшуды орындау, iстен шыққан аспаптармен, жабдықтармен немесе жүйемен ұшуды орындау үшiн негiздеме ретiнде ҰПН ережесi қолданылады.

127-параграф. Борттық аспаптар және жабдықтар

      768. Әуе кемесiнiң бортында пайдаланылатын әуе кемесiне және ұшу орындалуы тиiс шарттарына байланысты осы Қағиданың 33-параграфында, сондай-ақ 767-772 тармақтарында көрсетiлген аспаптар мен жабдықтар орнатылады немесе болады.


      769. Әуе кемесi, әуе кемесiнiң ұшу экипажына ұшу траекториясын бақылауға, Қағидада талап етiлетiн кез келген маневрлердi жасауға және пайдаланудың күтiлетiн шарттарында осы ұшаққа қатысты пайдаланушылық шектеулердi сақтауға мүмкiндiк беретiн аспаптармен жабдықталады.
      770. Осы Қағиданың 33-параграфының талаптарына қосымша әуе кемесi мыналармен жабдықталады:
      1) жеңiл қол жетiмдi орындарда және осы әуе кемесiнiң тасымалында рұқсат берiлген жолаушылардың санына сәйкес келетiн санда, алғашқы жәрдемнiң бiр немесе бiрнеше жиынтығын қамтитын қажеттi медициналық құралдардың қоры;
      2) 250 астам жолаушыларды тасымалдау рұқсат етiлген ұшақтарда ұшуда жедел медициналық көмек көрсету үшiн дәрiгерлер немесе басқа бiлiктi тұлғалар пайдалану үшiн медициналық құралдар жиынтығы;
      3) ұшақ iшiнде улы газдардың қауiптi шоғырлануын құрамайтын көшпелi өрт сөндiргiш. Әуе кемесiнiң ұшу экипажының кабинасында және ұшу экипажының кабинасынан бөлектенген және экипаж мүшелерi тiкелей қол жеткiзе алмайтын әрбiр жолаушылар салонында кемiнде бiр өрт сөндiргiш орнатылады.
      771. АҰҚ бойынша ұшулар үшiн ең жоғары ұшып көтерiлу салмағы 5700 кг астам болатын әуе кемесi осы Қағиданың 155-173-тармақтарының талаптарына қосымша әуе кемесiнiң кеңiстiк жағдайын көрсететiн электр аспаптар үшiн авариялық қоректену көзiмен жабдықталады, ал 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейiн пайдалануға берiлген әуе кемелерi электр жабдықтаудың негiзгi жүйесiне байланысты емес және кемiнде 30 жұмысты қамтамасыз ететiн және ӘКК авиакөкжиекке қарық түсiретiн авариялық қоректену көзiмен жабдықталады.
      Авариялық қорек көзi электрмен қамтудың негiзгi жүйесi толық бас тартқаннан кейiн автоматты түрде тоқталады және аспапты тақтада әуе кемесiнiң авиакөжиегi (авиакөкжиектерi) авариялық қорек көзiнен жұмыс iстейтiндiгi нақты көрсетiледi.
      772. Жоғары ұшып көтерiлу салмағы 5700 кг астам болатын немесе бортында 9 астам жолаушыларды тасымалдауға рұқсат берiлген өзге әуе кемелер ұшу бағытындағы аймақтың бағалау функциясы бар, әуе кемесiнiң ұшу экипажына жер бетiнiң әлеуеттi қауiптi жақындығы туралы ескертудi автоматты түрде ұсынатын, жердiң жақындығы (GPWS-қысқартылған атауы ағылшын тiлiнде) туралы ескерту жүйесiмен жабдықталады.
      773. Ұшып көтерiлу салмағы 5700 кг астам немесе бортында 19 астам жолаушыларды тасымалдауға рұқсат берiлген газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар соқтығысуларды ескертудiң борттық жүйесiмен (СЕБЖ) жабдықталады.
      774. Сурет үлбiрiне жазылған ұшу деректерiнiң ұшу өлшемдерiн (өздiгiнен жазғыш) борттық тiркеудi пайдалануға тыйым салынады.
      775. Өздiгiнен жазу болған кезде оларды әуе кемесiнiң экипажы ұшар алдында қолмен немесе автоматты түрде енгiзедi және барлық ұшу кезiнде енгiзiлмейдi.
      776. Авиациялық оқиға немесе соқтығыс жағдайында, әуе экипажының борттық өздiгiнен жазбасы ұшу аяқталған бойда енгiзедi және «Авиациялық оқиға немесе соқтығыс жағдайын тексеру Қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 828 қаулысымен көзделген тәртiпте берiлгенге дейiн жаңадан енгiзiлмейдi.
      777. Пайдаланушы электронды навигациялық деректерi бар бағдарламалық өнiмдердi пайдалануға қатысты осы Қағиданың 695-тармағының талаптарын орындайды.

128-параграф. Авиациялық қауiпсiздiк

      778. ӘК-дегi ұшу экипажы кабинасының есiгi (ол орнатылған жерде) осы Қағиданың 106-тармағында көзделген тұлғалардың кiруi мен шығу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге қажеттi жағдайларды қоспағанда, оларды шығару үшiн кез келген осындай есiк ашылғанға дейiн жолаушыларды отырғызғаннан кейiн барлық сыртқы есiктер жабылған сәттен бекiтiлген қондырғыда жабық тұрады.


      779. Пайдаланушы әуе кемесiн тексерудiң бақылаушы тiзбенiң әуе кемесiнiң бортында болуын қамтамасыз етедi, оны болжанған диверсия жағдайында жарылғыш қондырғыны iздеу кезiнде және әуе кемесiн жасырылған қару, жарылғыш заттар немесе басқа қауiптi қондырғыны анықтау мәнiне тексеру кезiнде, әуе кемесi авиация саласындағы қызметке заңсыз араласу актiсiне кезiгуiне қатысты күдiк болғанда басшылыққа алу қажет.
      780. Пайдаланушы саласындағы қызметке заңсыз араласу салдарларының ең азын мәлiмдеуге бағытталған және мына элементтердi:
      1) оқиғаның қауiптiлiк деңгейiн бағалауды;
      2) экипаж мүшелерi арасындағы байланысты және үйлестiрудi;
      3) өзiн қорғаудың тиiстi шараларын;
      4) экипаж мүшелерiне арналған қорғаныс қондырғыларын қолдануды;
      5) террористердiң мiнез-құлқын және жолаушылар реакциясын бақылау әдiстермен танысуды;
      6) әртүрлi жағдайларды, қауiптердi ескере отырып, нақты жағдайдағы iс-қимылды пысықтау бойынша оқытуды;
      7) әуе кемесiн қорғау мақсатында ұшу экипажының кабинасындағы iс-қимыл тәртiбiн;
      8) әуе кемесiн қарап тексеру қағидалары және қауiптi заттарды орналастыру үшiн анағұрлым қауiптi орынға қатысты ұсынымдарды өзiнде қамтитын анағұрлым дұрыс iс-қимылдарды экипаж мүшелерiн қабылдауды қамтамасыз ететiн авиациялық қауiпсiздiк бойынша әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiн даярлық бағдарламасын белгiлейдi және орындайды.
      781. Пайдаланушы, оның қызметкерлерi терроризм актiлерiн немесе азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласудың басқа нысандарын тоқтатуға ықпалын тигiзе алатындай, өз қызметкерлерiн әуе кемесiнде тасымалдауға арналған жолаушыларға, багаждарға, жүктерге, поштаға, жабдықтарға, қорлар мен борттық тамақтарға қатысты ескерту шараларымен және әдiстерiмен таныстыру мақсатында даярлау бағдарламаларын белгiлейдi және орындайды.

10. Жалпы мақсаттағы жеңiл және аса жеңiл әуе кемелерiнiң
ұшуды орындау ерекшелiктерi

129-параграф. Планерларда, дельтапландарда, парапландарда ұшу

      782. Ұшу-қону алаңында ұшуды ұйымдастыру, әуе кеңiстiгiн пайдалану және дельтопландарда ұшуды басқару азаматтық авиация қызметi және әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.


      783. Дельтопландарда ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мынадай ерекшелiктер ескерiлуi тиiс:
      1) ұшудың биiктiгi мен бағыты бойынша ауыспалы профилi, ол экипаждың ауаның шығыс ағындарын iздеуiне байланысты;
      2) қалқу үшiн метеожағдайдың болмауынан бағыттың кез келген учаскесiнде ұшуды мәжбүрлi тоқтату мүмкiндiгi;
      3) бағытты ұшуды орындайтын экипаждармен сенiмдi радио-байланыстың болмауы.
      784. Дельтопландарда бағытты ұшудың қауiпсiздiгiне:
      1) бағыттар бойында мәжбүрлi қону жағдайына арналған алаңы бар қауiпсiздiк жолағын (дәлiзiн) орнатумен;
      2) дельтопландардың ұшу ауданына басқа ұшу аппараттарының кiруiне тыйым салумен;
      3) экипаждың байқағыштығымен;
      4) ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету арқылы қол жеткiзiледi.
      785. Егер екi немесе одан көп ауадан ауыр ұшу аппараттары қону мақсатында әуеайлаққа жақындаса, неғұрлым жоғары деңгейдегi әуе кемесi неғұрлым төменгi деңгейдегi әуе кемесiне жол бередi, алайда соңғы кеме бұл ереженi қонуға бағыт алудың соңғы сатысындағы басқа әуе кемесiнiң жолын кесiп өту үшiн немесе осындай әуе кемесiн басып озу мақсатында пайдаланбайды. Күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлген ауадан ауыр әуе кемесi планерларға жол бередi.
      786. Басып озылатын ұшу аппараты бiрiншi кезектiлiк құқығын пайдаланады, ал озып кеткен ұшу аппараты оның биiкке көтерiлгенiне, төмендегенiне немесе көлденең ұшқанына қарамастан, оңға бұрылып жол бередi; бiр-бiрiне қатысты осы екi ұшу аппаратының қозғалысындағы бұдан кейiнгi ешқандай өзгерiстер жеткiлiктi қашықтауды қамтамасыз еткен кезде озу толығымен аяқталғанға дейiн озып кеткен ұшу аппаратын осы талапты орындаудан босатпайды.
      787. Екi ұшу аппараты қарама-қарсы бағытта немесе қарама-қарсыға жақын бағытта жақындаған кезде және бұл ретте соғысып қалу қаупi болса, онда осы ұшу аппараттарының әрқайсысы оңға бұрылып кетедi.

130-параграф. Аэростаттарда ұшуды орындау

      788. Аэростаттарда ұшу коммерциялық, спорттық және ғылыми мақсатта тәулiк бойы орындалуы мүмкiн. Ұшуға мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi бар ұшуда пайдалануға жарамды және ӘҚҚ органдарымен байланыс құралы бар аэростаттар жiберiледi.


      789. Аэростатты пайдалану аумағынан оны ұшыру жүргiзiлетiн мемлекеттiң уәкiлеттi авиациялық органдарының рұқсатымен жүргiзiледi.
      790. Аэростаттың басқа мемлекеттiң аумағы арқылы ұшуы осы мемлекеттiң рұқсатын алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Егер ұшуды дайындау кезiнде аэростат басқа мемлекеттiң аумағының әуе кеңiстiгiнде самғауы мүмкiн деп нақты күтiлсе, мұндай рұқсат аэростаттың ұшуы алдында алынады.
      791. Аэростат тiркеу мемлекетi және аумағының үстiнен ұшу ұйғарылатын мемлекет (мемлекеттер) анықтайтын шарттарға сәйкес пайдаланылады.
      792. Аэростаттарда ұшуды жоспарлау Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      793. Ұшқыш аэростаттың стартынан кейiн дереу ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына мынадай ақпарат бередi:
      1) аэростаттың ұшуын (мақсатын) белгiлеу;
      2) старт орны, шақыру белгiлерi;
      3) iс жүзiндегi старт уақыты;
      4) ұшу биiктiгiн алудың есептi уақыты;
      5) ӘҚҚ органына алдын ала хабарланған ақпараттағы кез келген өзгерiстер.
      794. Ұшу процесiнде ұшу биiктiгiн өзгерту қажет болған кезде аэростаттың ұшқышы, егер ұшуға өтiнiмде ұшу ауданының шегiндегi барлық биiктерде ұшуға рұқсат көрсетiлмесе, ұшуды басқару орталығынан немесе ӘҚҚ диспетчерiнен осы маневрге рұқсат алуы тиiс.
      795. Ұшудың бүкiл ұзақтығында аэростаттың ұшқышы жауапкершiлiк аймағында орналасқан ӘҚҚ органы жұмысының белгiленген байланыс радиожилiгiн тыңдайды.
      796. Жоспарланған төмендеу басталғанға дейiн 20 минут бұрын ұшқыш ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ тиiстi органына мынадай ақпаратты жiбередi:
      1) осы сәттегi орналасқан орны;
      2) ұшудың эшелоны (барометрлiк биiктiгi);
      3) жерге қонудың есептi уақыты мен орны.
      797. Ұшуды аяқтау үшiн төмендеудiң тiкелей алдында аэростаттың ұшқышы ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына өзiнiң шақырылу белгiсiн, жерге қону орнын (ауданын) және жерге қонудың ұйғарылатын уақытын хабарлайды.
      798. Жерге қонғаннан кейiн аэростаттың ұшқышы егер радиобайланыс мүмкiндiк берсе, 5 минуттан кешiктiрмей ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына ұшудың аяқталғаны және бұдан кейiнгi iс-әрекеттерi туралы баяндайды.
      799. Аэростатты, дирижабльдi басқаруға жасы 18-ден кiшi емес, арнайы дайындық алған, аэростаттарда және дирижабльдерде ұшу құқығына тиiстi құжаттары бар адамдар жiберiледi.
      800. Ұшу уақытында аэростатта, дирижабльде мынадай құжаттар мен жабдық болуы тиiс:
      1) тiркеу туралы куәлiк;
      2) ұшуға жарамдылығы туралы куәлiк;
      3) борт журналы;
      4) ұшу картасы;
      5) борт радиостанцияларына рұқсат;
      6) Ұшуды басқару орталығымен және ӘҚҚ органдарымен радиобайланыс жасауға мүмкiндiк беретiн борт радиостанциялары;
      7) ұшу биiктiгiн есептеуге және бақылауға арналған барометр (биiктiк өлшегiш);
      8) компас;
      9) өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары.
      801. Аэростаттарда, дирижабльдерде ұшуды орындауға рұқсат етiлетiн ең төменгi метеорологиялық жағдайлар түрлi аудандар үшiн әзiрленетiн ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтарда келтiрiледi.
      802. Ұшулардың орындалуын жоспарлау болжанатын метеожағдайлардың негiзiнде: көру мүмкiндiгi 5000 м кем емес және бұлттардың төменгi шекарасы 400 м кем емес биiктiкте жүзеге асырылады.
      803. Ұшуларды орындау iс жүзiндегi ауа райында жүргiзiледi, бұл ретте жерде желдiң жылдамдығы 5 м/сек-тен аспауы тиiс, ұшудан төмен биiктiктегi бұлт мөлшерi 4 октанттан аспауы тиiс.
      804. Аэростаттардың, дирижабльдердiң iрi қалалардың немесе кенттердiң халық қоныстанған аудандарының үстiнен, сондай-ақ ашық ауада адамдардың шоғырының үстiнен ұшып өтуiн 300 м төмен емес биiктiкте жүргiзуге рұқсат eтiледi.
      805. Ұшуды басқару орталығынан, ӘҚҚ органдарынан бағыт бойынша аэростат үшiн қауiптi метеорологиялық құбылыстардың (найзағай, бұршақ  бұлғақтау, желдiң жылжуы, мұз қату, құйын, дауыл, шаңды боран, күштi нөсерлеткен жауын-шашын) бар болуы туралы ақпарат алған немесе өзi дербес қадағалаған жағдайда аэростат ұшқышы, ұшуды басқару орталығы мен ӘҚҚ органын жерге қону туралы хабардар ете отырып, жақын маңдағы бұл үшiн ыңғайлы жерге оны қондыруды қамтамасыз етуi тиiс.

11. Авиациялық жұмыстарды жүргiзу кезiндегi ұшу

      806. Пайдаланушылар авиациялық жұмыстарды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесiне қарай азаматтық ӘК қолдана отырып орындайды.


      807. Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн ұшу олардың мақсатына, орындау қағидаларына және орындау технологиялары ерекшелiктерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) авиациялық-химиялық жұмыстар;
      2) әуеден суретке түсiру;
      3) орманавиациялық жұмыстар;
      4) құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстары;
      5) көлiк-байланыс жұмыстары;
      6) ашық теңiздер мен мұхиттар аралдарында ұшу;
      7) теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан ұшу;
      8) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзу мақсатында ұшу;
      9) тәжiрибелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн ұшу;
      10) парашюттердi десанттауға немесе парашюттерде жүктi түсiру  бойынша ұшу;
      11) авариялық-құтқару және iздестiру жұмыстары;
      12) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер үстiндегi құралдары, авиациялық радиобайланыс және әуеайлақтық схемалар;
      13) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесiне қарай мамандандырылған операциялардың орындалуына байланысты басқа да авиациялық жұмыстардың түрлерi.
      808. Авиациялық жұмыстардың белгiлi бiр түрiн орындау ерекшелiктерiн пайдаланушы ҰЖН-де көздейдi, оның iшiнде:
      1) авиациялық жұмыстың нақты (белгiлi бiр) түрлерiн орындау шарттары және тәртiбi;
      2) пайдалану тәртiбiн айқындау, ал қажет жағдайда бақыланбайтын әуеайлақтарды, отыру орындарын және олардың жабдықтарын пайдаланушылық жағдайда ұстау;
      3) олардың ерекшелiктерi тұрғысынан авиациялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз етудiң санитарлық, экологиялық және өзге шарттары;
      4) тиiстi аумақтың экологиялық ерекшелiктерiмен немесе осы аумақта көлiк құралдары мен адамдардың болудың ерекше режимiмен байланысты авиациялық жұмыстарды орындауға шектеу;
      5) әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiнiң демалысы үшiн тұрғын үй-тұрмыстық шарттарын құру және пайдалану тәртiбi;
      6) олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      809. Жұмыс технологиясымен көзделген жағдайда, әуе кемесiнiң ұшу экипажының құрамында тиiстi үлгiдегi және белгiленген тәртiпте сақтандырылған қолданыстағы куәлiгi (сертификаты) бар тапсырыс берушiнiң мамандары (қадағалаушы ұшқыштар, штурмандар, бортоператорлары және т.б.) енгiзiлуi мүмкiн.
      810. Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн жiберiлетiн ұшу құрамы мен басқа да мамандар тиiстi арнайы дайындыққа ие болуы тиiс.
      811. Негiзгi әуеайлақтан алыста жұмыс iстеу кезiнде ұшуға арналған тапсырма жұмыстың барлық кезеңiне берiледi.
      812. Авиациялық жұмыстарды жасау мақсатында ұшу ауа райы жағдайында және аталған жұмыс түрi үшiн белгiленген тәулiк уақытында орындалады.
      813. Жұмыстар басталар алдында, ал бар ауа райы болжамының қолдану мерзiмiн асыратын, уақытта тағайындалған пунктте (жұмыс процесiнде) әуе кемесiнiң кезiгуi кезiнде ӘК командирi қажет уақыт кезеңiнде қолданылатын басқа болжамды алады, нақты ауа райына талдау жасайды және ұшуды орындауға шешiм қабылдайды.
      814. Жер үстi арналары бойынша ауа райы болжамын алу мүмкiн болмаған жағдайда ӘК командирiне нақты ауа райы кезiнде радио бойынша ауа райы болжамын алу үшiн ӘК командирi минимумынан төмен емес ұшып көтерiлудi жасауға рұқсат етiледi.
      Ауа райы болжамысыз қайта ұшуды орындау немесе авиациялық жұмыстарды жасауға тыйым салынады.
      815. Әуе кемесiнiң ӘК командирiне аралық қонудан кейiн авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде, ал қайта ұшып көтерiлу кезiнде негiзгi әуеайлақта шешiм қабылдауға рұқсат берiледi, ал ӘҚҚ органына мына жағдайларды:
      1) алдағы ұшуға даярлық жұмыс басталар алдында толық жүргiзiлгендiгiн (әуе кемесi командирiнiң баяндамасы бойынша);
      2) негiзгi және қосымша әуеайлақтарға (алаңдарға) бағытта ұшуды орындауға кедергi болатын өзгерiстер болмауын;
      3) ауа райы болжамының қолданыс мерзiмi ұшуға арналған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуiн (ауа райы болжамын радио бойынша беруге рұқсат етiледi);
      4) әуе кемесiнде тоқтау уақыты бiр сағаттан аспайтынын сақтау кезiнде радио бойынша ұшып кетуге рұқсат бередi.
      Бұл жағдайда ұшып кетуге шешiм қабылдау негiздемесi үшiн жауапкершiлiк әуе кемесiнiң командирiне жүктеледi.
      816. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде авиациялық жұмысты орындау бойынша ұшу кезiнде ӘК командирi ол тұрған жауапкершiлiк аймағында жұмыстың басталуы туралы ӘҚҚ органына баяндайды және онымен әрбiр 60 минуттен жиi емес, егер осы ӘҚҚ органы өзге тәртiптi белгiлемесе, радио бақылаушы байланысты қолдайды.
      817. Қону алаңдары (әуеайлақтары) әдеттегiдей жер үстi iздеумен таңдалады. Жеке жағдайларда, тиiстi рұқсат болған кезде әуе кемесiнiң командирiне әуеден оларды қағып алуға рұқсат берiледi.
      818. Әрбiр әуеайлаққа (қону алаңына) Ұшудың негiзгi қағидаларының талаптарына сәйкес ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулық әзiрленедi.
      819. Әуеден қону алаңдарын таңдай отырып, ұшуға мыналар жатады:
      1) процесiнде алдын ала дайындалмаған жер учаскесiне қону жасалатын ұшу, сондай-ақ әуеайлақтан тыс салбырау режимiнде тiкұшақтар орындалатын операциялар;
      2) ӘҚҚ органдарымен радиобайланысты құралдар болмаған кезде, қолайлы дайындалған әуежайларға және қону алаңдарына қона отырып, авиациялық-химия жұмыстарынан басқа, ӘК командирiне алғашқы ұшу.
      820. Әуеайлақтан тыс ниеттi қонуды орындау кезiнде әуе кемесiнiң экипажы қонуға бет алу алдында болжанған қону орнын, оның өлшемiн, еңiсiн және бедер жағдайын бағалау мақсатында қарап шығуы тиiс.
      Қарап шығу кедергiлер үстiнен кемiнде 100 метр биiктiктен басталуы және таңдалған қону бағытында кемiнде 10 метр биiктiкке дейiн төмендей отырып, орындалуы тиiс.
      821. Өндiрiстiк қажеттiлiк мақсатында тапсырыс берушi өкiлiнiң өтiнiмi бойынша ӘК командирiне жұмыс ауданы шегiнде ұшу бағыты мен қону орнын, бұл туралы әуе кеңiстiгiнде бақылайтын ӘҚҚ органына алдын ала хабарлай отырып, өзгертуге рұқсат берiледi.
      822. Осы Қағиданың, авиациялық жұмыс түрлерiн және ұшуға арналған тапсырманы орындау қағидаларының талаптарына қайшы келетiн тапсырыс берушi нұсқауларын (өтiнiшiн, ұсынысын) орындауға тыйым салынады.
      823. Сыртқы аспаларды қолдана отырып, тiкұшақтарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын, түсiру-тиеу операцияларын, жүк тасымалдарын жасауға рұқсат берiлмейдi, егер тапсырыс берушi:
      1) тасымалдауға және техникалық қауiпсiздiк қағидаларын сақтауға жүктердi даярлау технологияларын сақтауды қамтамасыз етпесе;
      2) өз тарапынан ресми тәртiпте көрсетiлген жұмыс түрлерiн жауапты басшыны тағайындамаса.
      Бұл жағдайларда тiкұшақ командирi ұшуға өтiнiмнiң керi жағында тиiстi жазбаны жасайды.
      824. Тапсырыс берушiнiң өтiнiмдерi бойынша әуе кемелерiнде тасымалданатын жолаушылар және жүктер «Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау Ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзбесiнде № 6614 тiркелген) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 7 қазандағы № 448 бұйрығына сәйкес рәсiмделедi.
      825. Жүктiң нақты салмағының тасымалдау үшiн өтiнiмде берiлген мәндерге сәйкестiгiне тапсырыс берушi жауапты болады.
      Әуе кемесiнiң шектi ұшып көтерiлу және қону салмағын сақтау үшiн жауапкершiлiк әуе кемесiнiң командирiне жүктеледi.
      826. Негiзгi әуеайлағынан жұмыс орнына және керi, сондай-ақ бiр жұмыс әуеайлағынан (алаңынан) басқа авиация жұмысы ауданына жеке өздiгiнен ұшуға (тасымалдаусыз) әуеден қону алаңын таңдауға құқығы бар трассадан тыс ұшуға рұқсат берiлген әуе кемесiнiң командирi орындайды.
131 параграф. Авиациялық-химиялық жұмыстар

      827. Жаппай авиациялық-химиялық жұмыстарды (бұдан әрi – АХЖ) орындау кезеңiнде техникалық қызмет көрсету және ұшуды қамтамасыз ету үшiн пайдаланушы жедел басшылықты және бақылауды сүйенiш базаның жұмыс iстеуiнде ұйымдастыра алады.


      Әрбiр әуе кемесi әуеайлағынан алғаш ұшып кету алдында толық ұшу салмағында және орнатылған ауыл шаруашылығы аппаратурасында бақылаушы ұшып кетуде (аралап ұшуда) тексерiледi.
      Аралап ұшу нәтижелерi формулярға және әуе кемесiнiң борттық журналына жазылады.
      828. Негiзгi әуеайлағынан АХЖ орнына және керi, сондай-ақ бiр жұмыс әуеайлағынан (қону алаңынан) басқаға ұшулар КҰҚ бойынша орындалады
      829. АХЖ орындау рұқсат етiледi:
      1) тегiс және қыратты жерлерде – кемiнде 3000 м көрiнiсте (тiкұшақта – 2000 м) және бұлттардың төменгi шекарасынан кемiнде 150 м биiктiкте, ал таулы жерлерде және таулы далада еңiстерден ұшудың соңғы нүктесiнен қашықтықта кемiнде 5 км;
      2) таулы жерде - кемiнде 5 км көрiнiсте және ұшу биiктiгiнен бұлттар шекарасынан төмен кемiнде 100 м биiктiктен асуды қамтамасыз ете отырып, бұлттар төменгi шекарасынан кемiнде 300 м биiктiкте.
      830. ӘКК мына жағдайда:
      1) қауiптi метеоқұбылыс болмаса;
      2) АХЖ орындауға нақты ауа райы мен бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi мен көрiнуi бойынша ауа райы болжамы минимумнан төмен болмаса;
      3) жұмыс ауданында ұшуға тыйым салынбаса АХЖ орындауға шешiм қабылдайды.
      831. Ұшуларды орындау тәртiбi, ауа райы болжамы АХЖ орындау үшiн минимумға сәйкес келмесе, жұмыс ауданындағы командалық-ұшу құрамы өзiне бағынатын экипажға белгiленген минимумнан төмен емес нақты ауа райы кезiнде ұшуды орындауға рұқсат бередi. Ұшуды орындауға рұқсат берген командалық-ұшу құрамының адамы ұшудың барлық кезеңiнде ауа райының өзгерiсiн қадағалап, ол бұзылған жағдайда ұшуға тыйым салады.
      832. АХЖ-ға өздiгiнен шабуылдың кемiнде 500 сағатқа ие ӘК командирiнiң шешiм қабылдауы, әуеден қону орындарын таңдау құқығы бар ұшуға рұқсаты және ұшуға арналған тапсырмаға, мына жағдайларда нақты ауа райы бойынша ұшуды орындауға тиiстi рұқсаты:
      1) көрiнiсi 5000 м және астам;
      2) бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi белгiленген минимумнан 100 м жоғары;
      3) желдiң жылдамдығы осы үлгiдегi немесе АХЖ түрi әуе кемесi үшiн рұқсат етiлгеннен астам емес;
      4) өңделетiн учаскеге дейiнгi ұшу уақыты 20 минуттан астам емес.
      Төменде көрсетiлген ескертулерден ауа райы нашарлаған жағдайда әуе кемесiнiң командирi ұшуды орындауды тоқтатады.
      833. Учаскенi пысықтауды бастағанға дейiн ӘК командирi кедергiлердiң орналасуын және тән бағдарларды айқындайды (жер үстi тәсiлiмен немесе ауадан).
      Осындай мақсатпен учаскенi аралап ұшу кедергiлер үстiнен кемiнде 50 м биiктiкте тiкбұрышты бағыт бойынша орындалады.
      834. Учаскелердi (алаңдарды, бақшаларды, жүзiмдердi және т.с.) пысықтау кезiнде жер бедерiнде 5 м төмен емес биiктiкте, орманның жеке ағаштары ұшында – 10 төмен емес биiктiкте орындалуы тиiс.
      835. Учаскелердi пысықтау үшiн ұшу күн шыққанға дейiн 30 минуттен кеш емес, ал таулы жерде – күндiз (күн шыққаннан кейiн) бастауға рұқсат етiледi. Көрсетiлген ұшуға күн батқаннан кейiн тыйым салынады.
      836. Пысықталатын учаскелерге және керi әуе кемесiнде ұшу кедергiлер үстiнен кемiнде 50 м биiктiкте қысқа қауiпсiз бағыт бойынша орындалады.
      837. Учаскелердi пысықтау кезiнде кедергiлер үстiндегi бұрылыстар ұшақтарда кемiнде 50 м және тiкұшақтарда 30 м биiктiкте орындалуы тиiс. Әуе кемесiнiң жантаюы ҰПН-ге немесе оған ұқсас құжатқа сәйкес ұсталады.
      Учаске шекарасында орналасқан кедергiлердi кемiнде 10 м, ал жоғары вольтты ЭБЖ (бұдн әрi -ЭБЖ) үстiнен – кемiнде 20 м аса түсiп ұшып өтуге рұқсат етiледi.
      838. Күрделi жер бедерiнде, сондай-ақ оларда жоғары вольтты ЭБЖ болған кезде пысықтау учаскелерi бойынша ұшуды орындау тәртiбi мен шарттары белгiленген тәртiпте бекiтiлетiн осындай учаскелердi пысықтау бойынша нұсқаулықта айқындалады.
      839. Әуе байланыс желiлерi мен электр таратқыштармен қиылысатын учаскелер үстiнен сым бойы ұшып өтуге желдiң жылдамдығы кезiнде сымдар желiлерiнен кемiнде 50 м қашықтықта 8 м/с аспай жел жақтан; желдiң жылдамдығы кезiнде сымдар желiлерiнен кемiнде 50 м қашықтықта 5 м/с дейiн ық жақтан, және 6-дан 8-ге дейiн м/с жел жылдамдығы кезiнде 100 м кем емес рұқсат берiледi.
      840. Тау еңiстерiнде учаскелердi пысықтау үшiн бет алу бағыттары әдеттегiдей тiк еңiс бойы орындалады. Еңiс бойы жоғары бет алу жұмыс биiктiгiн және белгiленген ҰПН кем емес жылдамдықты сақтау кезiнде жасауға рұқсат берiледi.
      841. АХЖ орындау кезiнде айналмалы бұрамалары бар тiкұшақты жүктеу тек авиациялық-техникалық құрам тұлғасының басшылығымен жасалады.
      842. АХЖ-де ұшуды орындау кезiнде әуе кемесiнiң ұшу экипажына мынаған:
      1) химикаттардың шығуын қадағалау үшiн артқа қарауға;
      2) егер көкжиек үстiнен күннiң шығуы 15 градустан кем болса, ал күннiң бұрышы 30 градустан кем болса, учаскелердi өңдеу, ұшып көтерiлу және қонуды орындауға;
      3) химикаттардың шығуын кешiктiрудi жою мақсатында эволюцияны орындауға;
      4) елдi мекендер үстiнен шоғырланбаған ұшуды жасауға және әуе кемесiнiң бортына тапсырманы орындаумен байланысты емес тұлғаларды алуға;
      5) ұшу экипажының мүшелерiне ұшу аяқталғанға дейiн жұмыс орнын босатуға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет