6 тарау. Дәл жүйелер бойынша (Precision Approach) қонуға бет
алу – I санат
38. I санат бойынша қонуға бет алу – шешiм қабылдау биiктiгi (DH) кемiнде 60 метр (200 фут) және ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы кемiнде 550 метр ILS, MLS, GLS (GNSS/GBAS) жүйелерiн немесе қону радиолокаторын (PAR) пайдалана отырып, аспаптар мен қону бойынша қонуға бет алу.
39. Жалпы ақпарат. I санат бойынша қонуға кiру – аспаптар бойынша қону жүйелерiн (ILS), қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) немесе шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi (DH) кемiнде 60 м (200 фут) және ҰҚЖ (RVR) көрiну алыстығы кемiнде 550 м болған кезде қону радиолокаторын (PAR) пайдалана отырып, қонуға құралдық (дәлме-дәл) кiру.
40. Шешiм қабылдау биiктiгi. Пайдаланушы I санат бойынша қонуға кiру үшiн шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнiң (DH):
1) ӘК ҰПБ-да көрсетiлген шешiм қабылдаудың ең төменгi биiктiгiнен (егер бұл биiктiк ҰПБ-да мәлiмделсе);
2) оған қатысты қажеттi көзбен шолу бағдарынсыз қонуға дәлме-дәл кiру құралы пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
3) ӘК санаты үшiн OCH/OCL (кедергiлерден ұшып өтудiң салыстырмалы биiктiгi/(кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi);
4) 60 м (200 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
41. Көзбен шолып бағдарлау.
Пилот қалай болғанда жоспарланып отырған мынадай қону ҰҚЖ көзбен шолу бағдарларының бiрiн анық көргенге немесе танығанға дейiн 45-тармаққа сәйкес анықталған I санат бойынша шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнен (DH) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды:
1) ҰҚЖ-ға жақындаудың жарық жүйелерi элементтерi;
2) ҰҚЖ бастапқы табаны;
3) ҰҚЖ шегiн таңбалау;
4) ҰҚЖ кiрме шырақтары;
5) ҰҚЖ бастапқы табанын белгiлеу шырақтары;
6) глиссаданы көзбен шолып бейнелеу шырақтары;
7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын бейнелеу;
8) жерге қону шырақтары;
9) ҰҚЖ қону шырақтары.
42. ҰҚЖ-да көрiнудiң қажеттi қашықтығы.
I санат бойынша қонуға кiру үшiн пайдаланушы қолданатын ең төменгi минимум:
10-кесте. Шешiм қабылдау құралдары мен биiктiгiне байланысты I санат бойынша қонуға кiруге арналған ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы:
I санат бойынша минимумдар
|
Шешiм қабылдау биiктiгi (DH) (7-т. қараңыз)
|
ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну құралдары/қашықтығы
(5-тармақшаны қараңыз)
|
|
Құралдардың толық жиынтығы (1 және 2-ескертп. қараңыз)
|
Құралдардың аралық жиынтығы (2 және 6-ескертп.қараңыз)
|
Құралдардың негiзгi жиынтығы (3 және 6-ескертп. қараңыз)
|
Құралдардың жоқтығы (4 және 6-ескертп. қараңыз)
|
60 м (200 фут)
|
550 м
|
700 м
|
800 м
|
1000 м
|
61 м – 75 м
(201-250 фут)
|
600 м
|
700 м
|
800 м
|
1000 м
|
76 м – 90 м
(251-300 фут)
|
650 м
|
800 м
|
900 м
|
1200 м
|
91 м және жоғары (301 фут және жоғары)
|
800 м
|
900 м
|
1000 м
|
1200 м
|
1) құралдардың толық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 720 м және одан астам жақындау жарықтарын ОВИ, ALSF, MALS түріндегі жоғары/орташа қарқындылық, ҰҚЖ қону жарықтары мен кіру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосулы болуы тиіс;
2) құралдардың аралық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 420-719 м жақындау жарықтарын жоғары/орташа қарқындылық ОВИ, ALSF, MALS, ҰҚЖ қону жарықтары мен кіру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосулы болуы тиіс;
3) құралдардың негізгі жинағы ұзақтығы 210-420 м ОВИ, ALSF, MALS түріндегі жоғары/орташа қарқынды жақындау жарықтарының жүйесін немесе бағытталмаған жүйедегі ОМИ түріндегі аз қарқынды жақындау шырақтарының әр түрлі ұзақтықтағы ODALS немесе «ЛУЧ» (СП) түріндегі жақындау жарықтарының, ҰҚЖ таңбалауышының, ҰҚЖ қону шырақтарын, ҰҚЖ кіру жарықтары мен шектеу жарықтарын қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиіс;
4) жақындау жарықтараның жоқтығы немесе ұзақтығы 210 м кем жақындау жарықтарының болуы, ҰҚЖ таңбалау, ҰҚЖ қону жарықтары, кіру жарықтары, ҰҚЖ шектеу жарықтары немесе тек қана ҰҚЖ (жарықсыз) таңбалау жүйелерінің болуын қарастырады;
5) кестелер тек 4 градустан аспайтын төмендеу траекториясының номиналды көлбеуімен қонуға дәстүрлі бет алу үшін қолданылады. Төмендеу траекториясы көбірек көлбеуі жағдайында, глассаданың бұрышын визуалды көрсеткіші (мысалы, РАРІ көрсеткіші) төмендеудің ең аз салыстырмалы биіктігінде (МDН) көрінуі қажет;
6) жоғарыда көрсетiлген мәндер не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы, не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) болып табылады, бұл төмендегi 65-тармақта көрсетiлген;
7) 6, 7, 8 және 9-кестелерінде көрсетілген төмендеудің ең аз салыстырмалы биіктігі (МDН), МDН алдын ала есептеуге жатады. RVR/СМV таңдау кезінде пайдалану мақсатында 5 метрге (15 фут) дейін дөңгелектеуге қойылатын талаптар қолданылмайды.
43. Бiр пилот орындайтын ұшу. Бiр пилот жүзеге асыратын ұшуды орындау үшiн пайдаланушы осы әдiстемеге сәйкес барлық қонуға кiруге арналған ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiнудiң ең төменгi алыстығын есептейдi. ILS немесе MLS байланысты тиiстi автопилотты пайдалану жағдайларын қоспағанда ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiнудiң 800 м төмен алыстығына рұқсат етiлмейдi – мұндай жағдайларда әдеттегi минимум қолданылады. Шешiм қабылдаудың қолданылатын биiктiгi автопилотты пайдаланудың ең төменгi биiктiгiнен 1,25 төмен болмауға тиiс.
44. Тәулiктiң қараңғы уақытындағы ұшу. Тәулiктiң қараңғы уақытындағы ұшуды жүзеге асыру үшiн, қалай болғанда да ҰҚЖ қону шырақтары, ҰҚЖ кiрме шырақтары мен шектеуiш шырақтары қосылады.
7 тарау. Дәлме-дәл жүйелер (Precision Approach) - II санат
бойынша қонуға кiру
45. Жалпы ақпарат. II санат бойынша қонуға кiру - аспаптар бойынша қону жүйелерiн (ILS) немесе шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi (DH) кемiнде 60 м (200 фут), бiрақ 30 м (100 фут) кем емес және ҰҚЖ (RVR) көрiну алыстығы кемiнде 300 м болған кезде қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) пайдалана отырып, қонуға құралдық (дәлме-дәл) кiру.
46. Шешiм қабылдау биiктiгi. Пайдаланушы II санат бойынша қонуға кiру үшiн шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнiң (DH):
1) ӘК ҰПБ-да көрсетiлген шешiм қабылдаудың ең төменгi биiктiгiнен (егер бұл биiктiк ҰПБ-да мәлiмделсе);
2) оған қатысты қажеттi көзбен шолу бағдарынсыз қонуға дәлме-дәл кiру құралы пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
3) оған дейiн ӘК экипажы iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы шешiм қабылдау биiктiгiнен;
4) 30 м (100 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
47. Көзбен шолып бағдарлау. Егер кем дегенде жақындау шырақтарының немесе жерге қону аймағы шырақтары орталық қатарының 3 тiзбектелген шырақтарынан немесе ҰҚЖ осьтiк желiсi шырақтарынан немесе қону шырақтарынан немесе көрсетiлген шырақтар құрамасынан тұратын учаскенi қамтитын көзбен шолу байланысы белгiленбесе және қолданылмаса 51-тармаққа сәйкес анықталған II санат бойынша шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгiнен (DH) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды. Мұндай көзбен шолу байланысы жақындау шырақтарының жарық көкжиегi немесе ҰҚЖ бастапқы табанының кiрме шырақтары немесе қону аймағының желiлiк шырақтары сияқты бүйiрлiк элементтердi қамтиды.
48. ҰҚЖ-дағы көрiнудiң қажеттi алыстығы. II санат бойынша қонуға кiру үшiн пайдаланушы қолданатын ең төменгi минимум:
11-кесте. Шешiм қабылдау биiктiгiне байланысты II санат бойынша қонуға кiруге арналған ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы:
II санат бойынша минимумдар
|
Шешiм қабылдау биiктiгi (DH)
|
Шешiм қабылдау биiктiгiнен төмен автоматты ұшу (DH)
|
|
ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы/A, B, C санаттары
|
ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы/D санаты
|
30-39 метр
(100 – 120 фут)
|
300 м
|
300 м (2 ескертп. қараңыз)/350 м
|
40-45 метр
(121 – 140) фут
|
400 м
|
400 м
|
45 метр
(141 фут) және жоғары
|
450 м
|
450 м
|
1) кестеде келтiрiлген «ШҚБ-дан (DH) төмен автоматты ұшу» деген анықтама қолданылатын ШҚБ-дан (DH) 80%-дан аспайтын биiктiкке дейiн ұшуды автоматты басқару жүйесiн пайдалануды жалғастыруды бiлдiредi. Осылайша, ұшуды автоматты басқару жүйесiне қосылу биiктiгi арқылы ӘК ұшуға жарамдылық талаптары қолданылатын ШҚБ-ға (DH) әсер етуi мүмкiн.
2) ҰҚЖ-дағы (RVR) 300 м көрiну мәнi автоматты қонуды орындайтын D санатты ӘК үшiн қолданылады.
8 тарау. Нақты жүйелер (Precision Approach) – III санат бойынша
қонуға кiру
49. Жалпы ақпарат. III санат бойынша қонуға кiру мынадай түрде бөлiнедi:
1) III А санат бойынша қонуға кiру – бұл мынадай аспаптар бойынша қону жүйесiн (ILS) немесе қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) пайдалана отырып, қонуға құралдық (дәлме-дәл) кiру:
шешiм қабылдау биiктiгi кемiнде 30 м (100 фут);
ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы кемiнде 175 м болғанда;
2) III А санат бойынша қонуға кiру – бұл мынадай аспаптар бойынша қону жүйесiн (ILS) немесе қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) пайдалана отырып, қонуға құралдық (дәлме-дәл) кiру:
шешiм қабылдау биiктiгi кемiнде 15 м (50 фут) не шешiм қабылдау биiктiгi бойынша шектеусiз;
ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы кемiнде 175 м. аспайтын, бiрақ, кемiнде 50 м болғанда;
3) III С санат (III С сан.) бойынша қонуға кiру – бұл қонуға дәлме-дәл кiру және шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi мен ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығы бойынша шектеулерсiз аспаптар бойынша қону.
Шешiм қабылдау биiктiгi (DH) мен ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығы бiр санатқа сәйкес келмеген жағдайда RVR бұл қонуға кiрудi қандай санатқа жатқызу керектiгiн анықтайды.
50. Шешiм қабылдау биiктiгi. Шешiм қабылдау биiктiгi (DH) пайдаланылатын қонуға кiру үшiн пайдаланушы шешiм қабылдау биiктiгiнiң (DH):
1) ӘК ҰПБ-да көрсетiлген шешiм қабылдаудың ең төменгi биiктiгiнен (егер ҰПБ-да мәлiмделсе);
2) оған қатысты қажеттi көзбен шолу бағдарынсыз қонуға дәлме-дәл кiру құралы пайдаланылатын ең төменгi биiктiктен;
3) оған дейiн ӘК экипажына iс-әрекеттердi жүзеге асыруға рұқсат етiлген шешiм қабылдау биiктiгiнен төмен болмауын қамтамасыз етедi.
51. Шешiм қабылдау биiктiгiнсiз (DH) қонуға кiрулер тек қана мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн:
1) қонуға кiру ӘК ҰПБ-да рұқсат етiлсе;
2) қонуға кiру жүйесi және әуеайлақтық құралдар шешiм қабылдау биiктiгiнсiз (DH) қонуға кiрудi қамтамасыз ете алса;
3) пайдаланушы шешiм қабылдау биiктiгiнсiз (DH) III санат бойынша қонуға кiру жүзеге асыруға рұқсаты болса.
III санат бойынша жабдықталған ҰҚЖ жағдайында егер шектеулер Аэронавигациялық ақпарат (AIP) жинағында немесе NOTAM арқылы жарияланбаса, пайдаланушы шешiм қабылдау биiктiгiнсiз жүзеге асырылатын қонуға кiру осы ҰҚЖ-да қолдау табады деп болжанады.
52. Көзбен шолып бағдарлау.
ӘК басқару жүйесiне «Iстен шығу кезiнде пассивтi» III А және III В санаттары бойынша қонуға кiру үшiн пилот, егер жақындау шырақтарының немесе жерге қону аймағы шырақтары орталық қатарының кем дегенде 3 тiзбектелген шырақтарынан немесе ҰҚЖ осьтiк желiсi шырақтарынан немесе қону шырақтарынан немесе көрсетiлген шырақтар құрамасынан тұратын учаскенi қамтитын көзбен шолу байланысы белгiленбесе және қолданылмаса 56-тармаққа сәйкес анықталған III санат бойынша шешiм қабылдау биiктiгiнен (DH) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды.
Шешiм қабылдау биiктiгiн пайдалана (DH) отырып, ӘК басқару жүйесiне «Iстен шығу кезiнде белсендi» III В санаты бойынша қонуға кiру үшiн пилот, егер кем дегенде бiр осьтiк шырақты қамтитын шолу байланысы белгiленбесе және қолданылмаса 56-тармаққа сәйкес анықталған III санат бойынша шешiм қабылдау биiктiгiнен (DH) төмен қонуға кiрудi жалғастырады.
Шешiм қабылдау биiктiгiнсiз (DH) III санат бойынша қонуға кiру үшiн жанасу алдында ҰҚЖ-мен қамтитын шолу байланысын орнатудың қажетi жоқ.
53. ҰҚЖ-дағы қажеттi көрiну алыстығы. III санат бойынша қонуға кiру үшiн пайдаланушы қолданатын ең төменгi минимум:
12-кесте. Шешiм қабылдау биiктiгiне және ӘК жүрiп өтуiн басқару/бақылау жүйесiне байланысты III санат бойынша қонуға кiруге арналған ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы:
III санат бойынша минимумдар
|
Қонуға кiру санаты
|
Шешiм қабылдау биiктiгi, метр (фт)
|
Жүрiп өтудi басқару/бақылау жүйесi
|
ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығы (м)
|
III A
|
30 метрден (100 фут) кем
|
Талап етiлмейдi
|
175 м
|
III B
|
30 метрден (100 фут) кем
|
Iстен шығу кезiнде пассивтi
|
150 м
|
III B
|
15 метрден (50 фут) кем
|
Iстен шығу кезiнде пассивтi
|
125 м
|
III B
|
15 метрден (50 фут) кем не шешiм қабылдау биiктiгiнсiз (DH)
|
Iстен шығу кезiнде белсендi
|
50 м
|
54. 13-кесте. Жабдықтың iстен шығуы немесе жұмысқа қабiлеттiгiнiң төмендеуi – қону минимумдарына әсер етуi.
Жабдықтың iстен шығуы немесе жұмысқа қабiлеттiгiнiң төмендеуi
|
Қону минимумдарына әсер етуi
|
CAT III
|
CAT AIII
|
CAT II
|
CAT I
|
Дәлме-дәл емес жүйелер бойынша кiру
|
Резервтегi ILS
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Әсер етпейдi
|
Сыртқы маркер
|
Егер балама жағдаймен ауыстырылса, әсер етпейдi
|
Қолданылмайды
|
Ортаңғы маркер
|
Әсер етпейдi
|
Екiншi шеңберге кету нүктесi ретiнде пайдаланылмайынша әсер етпейдi
|
ҰҚЖ-дағы (RVR) жерге қону аймағының көрiнуiн бағалау жүйесi
|
Егер әуеайлақ мемлекетi мақұлдаса, ҰҚЖ ортасындағы көрiну алыстығымен уақытша ауыстырылуы мүмкiн. RVR бақылау әдiсiмен хабарлануы мүмкiн.
|
Әсер етпейдi
|
ҰҚЖ ортасындағы немесе ҰҚЖ соңындағы көрiну алыстығы
|
Әсер етпейдi
|
Жұмыстағы ҰҚЖ үшiн жел жылдамдығын өлшеуге арналған аспап
|
Басқа үстiңгi бетi ықтимал болса, әсер етпейдi
|
Бұлттылық биiктiгiн өлшегiш
|
Әсер етпейдi
|
Жақындау шырақтары
|
DH > 15 м (50 фут) қонуға кiрудi орындау үшiн рұқсат
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Жабдық болмаған кездегiдей минимум
|
Жақындау шырақтары соңғы 210 м алынып тасталған.
|
Әсер етпейдi
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Жабдық болмаған кездегiдей минимум
|
Жақындау шырақтары соңғы 420 м алынып тасталған.
|
Әсер етпейдi
|
Жабдық болмаған кездегiдей минимум
|
Жақындау шырақтарына арналған резерв жұмыс iстейдi
|
Әсер етпейдi
|
ҰҚЖ барлық шырақ жүйесi
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Күндiз - Жабдық болмаған кездегiдей минимум
Түнде - Рұқсат етiлмейдi
|
Шектегiш шырақтар
|
Тек қана күндiз; Түнде - Рұқсат етiлмейдi
|
ҰҚЖ осьтiк шырақтары
|
Күндiз - RVR 300 м
Түнде - Рұқсат етiлмейдi
|
Күндiз - RVR 300 м
Түнде – 550 м
|
Әсер етпейдi
|
Осьтiк желiлер шырақтары арасындағы арақашықтық 30 м дейiн ұлғайтылған
|
RVR 150 м
|
Әсер етпейдi
|
Жерге қону аймағының шырақтары
|
Күндiз - RVR 200 м
Түнде – 300 м
|
Күндiз - RVR 300 м
Түнде – 550 м
|
Күндiз - RVR 200 м
Түнде – 300 м
|
ҰҚЖ шырақтарына арналған резерв жұмыс iстейдi
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Әсер етпейдi
|
Жермен жүру жолдарының шырақтар жүйесi
|
Әсер етпейдi – қозғалыс жылдамдығын азайту себептi кiдiрiстерден басқа.
|
9 тарау. Шеңбер бойынша ұшу (Circling Approach)
55. Шеңбер бойынша ұшу кезiнде қонуға кiру үшiн пайдаланушы қолданатын ең төменгi минимум:
14-кесте. ӘК санатына байланысты Шеңбер бойынша ұшу кезiнде қонуға кiруге арналған көрiну және Құлдилаудың ең төменгi салыстырмалы биiктiгi (MDH)
|
ВС санаттары
|
A
|
B
|
С
|
D
|
Е
|
Құлдилаудың ең төменгi салыстырмалы биiктiгi
|
120 м
|
150 м
|
180 м
|
210 м
|
240 м
|
Ең төменгi метеорологиялық көрiну
|
1900 м
|
2800 м
|
3700 м
|
4600 м
|
6500 м
|
56. Қонуға көзбен шолып кiру. Пайдаланушы қонуға көзбен шолып кiру үшiн ҰҚЖ-дағы (RVR) 1000 метрден кем көрiну алыстығын пайдаланбайды.
57. Пайдаланушы ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiну алыстығындағы метеорологиялық көрiнудi ауыстыру ұшып көтерiлу минимумдарын, II және III Санаттардың минимумдарын есептеу үшiн немесе егер ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығы бойынша хабарланған деректер болған жағдайда пайдаланылмайтындығын қамтамасыз етедi.
58. Жоғарыдағы тармақта сипатталған жағдайлардан ерекшеленетiн барлық басқа жағдайларда ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығындағы метеорологиялық көрiну туралы деректердi қайта жасау кезiнде пайдаланушы осы Әдiстеменiң 56-тармақтағы мына 15 кестенi пайдаланады:
15-кесте. ҰҚЖ-дағы (RVR) метеорологиялық көрiну туралы деректердi өзгерту
Ұшуды орындау кезiндегi шырақ жүйелерi
|
RVR = хабарланған метеорологиялық көрiну х
|
күндiз
|
түн
|
Жақындау шырақтары және қарқындылығы жоғары ҰҚЖ шырақтары
|
1.5
|
2.0
|
Жоғарыда көрсетiлгендерден ерекшеленетiн кез келген басқа да шырақтар
|
1.0
|
1.5
|
Шоқтардың болмауы
|
1.0
|
Қолданылмайды
|
10 тарау. Ұшып көтерiлуге арналған әуеайлақтың жаттығу
минимумдары
59. Ұшып көтерiлуге арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы 16-кесте бойынша ұшып көтерiлуге арналған әуеайлақтың пайдалану минимумына сүйене отырып, анықталады.
16-кесте. Ұшып көтерiлуге арналған ҰҚЖ-дағы RVR/CMV көрiну алыстығы бойынша әуеайлақтың жаттығу минимумын анықтау
Әуеайлақта белгiленген RVR/CMV
|
400 м және төмен
|
400 м астам бiрақ 800 м төмен
|
800 және одан астам
|
Жаттығу әуеайлағы RVR/CMV
|
ұшу әуеайл. RVR/CMV – 50 м
|
әуеайл. ұшу RVR/CMV – 100 м
|
ұшу әуеайл. RVR/CMV – 200 м
|
Егер әуеайлақтың пайдалану минимумы бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгiмен Н б.т.ш. шектелсе, онда жаттығу минимумына 17-кестеге сәйкес шектеу енгiзiледi.
17-кесте. Ұшып көтерiлуге арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы бұттарының төменгi шекарасының биiктiгi бойынша шектеулер
әуеайл. б.т.ш. Н
|
70 м және одан төмен
|
70 метрден астам
|
жатт. әуеайл. б.т.ш. Н
|
әуеайл. б.т.ш. Н - 10
|
әуеайл. б.т.ш. Н - 20
|
Достарыңызбен бөлісу: |