Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы


параграф. Әуеайлақ схемаларының сапасын қамтамасыз ету



бет18/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

166 параграф. Әуеайлақ схемаларының сапасын қамтамасыз ету
      1055. Әуеайлақ схемаларының сапасын қамтамасыз ету шығыс деректерін алған сәттен бастап және кейіннен жариялаумен аяқталады.
      1056. Әуеайлақ схемаларының сапасын қамтамасыз ету мыналармен қол жеткізіледі:
      1) аэронавигациялық рәсімдерді әзірлеу бойынша мамандарды дайындау;
      2) әуеайлақ схемаларын жобалаудың әрбір кезеңінде деректердің тұтастығын сақтауды қамтамасыз ететін электрондық тасығышта немесе құралдарында қолдануды қоса алғанда, шығыс деректердің дәлдігі, рұқсат етумен және тұтастығы;
      3) әуеайлақ схемалары құрылымының автоматтандырылған құралын қолдану;
      4) ААБ қызметіне сапаны басқару жүйесін енгізу;
      5) әуеайлақ схемалары құрылымын оларды пайдалануға беру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәнін жерде және (немесе) ұшуда тексеру;
      6) азаматтық авиация саласындағы қолданылатын рәсімдерді уәкіелтті органның тексеруі.
      1057. Әуеайлақ схемасы кезеңдерге бөлінеді, әрбір кезең «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысымен бекітілген әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасында көзделген дәлдік пен тұтастықтың қажетті деңгейіне қол жеткізуді және қолдауды қамтамасыз ету үшін сапаны бақылау рәсімі қолданылады.
      1058. Сапаны бақылау рәсімін қоса алғанда, әуеайлақ схемаларын әзірлеу үрдісі геодезия және ААБ қызметі картография саласындағы (немесе мамандандырылған ұйымдардың) аэронавигациялық рәсімдердің дизайнерлері мен мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарында баяндалады.
167 параграф. Аэронавигациялық схемалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету
      1059. Әрбір әзірленетін әуеайлақ схемалары оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талдау жатады.
      1060. Әуеайлақ схемаларының қауіпсіздігін талдау мыналарды қамтиды:
      1) «Әуе кемелерінің ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көріп ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы) ИКАО құжатымен көзделген әуеайлақ схемаларын жобалау әдісі ААБ қызметінің таңдау дұрыстығын және қолданылуын растау, бұл ретте оларды талдау әуеайлақ схемаларының құрылымы кезеңін және оларды әзірлеу сапасын қамтамасыз етуді қамтиды;
      2) әуеайлақ схемасы жобасын азаматтық авиацияның мүдделі ұйымдарымен келісу.
      1061. Келісу кезінде мынадай мәселелер қарастырылады:
      1) әуеайлақ схемасы жобасының әуеайлақ ауданында қолданылатын басқа да әуеайлақ схемаларымен өзара іс-әрекеті;
      2) әуеайлақ схемасы жобасын әуе кемелерінің әртүрлі үлгісі экипаждарының орындауын бағалау;
      3) әуе қозғалысын қамтамасыз ету қызметінің қосымша жүктемесін бағалау.
      1062. Әуеайлақ схемасы жобасын азаматтық авиацияның мүдделі ұйымдарымен келісуді ААБ қызметі жүзеге асырады.
      1063. Әуеайлақ схемаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген талдау нәтижелерінде мынадай қорытынды шығарылады:
      1) барлық әуеайлақ схемалары негізіне жататын тұжырымдама ұшу қауіпсіздігі рәсімдерін қамтамасыз етуге ықпал етеді және негізгі өлшемдерді қамтамасыз етеді;
      2) ұшулардың осы әуеайлақ схемасын қауіпсіз енгізуді қаматамыз ету үшін барлық қажеттілер (жабдықтармен, персоналмен және әуе кеңістігі құрылымы мәселелеріне байланысты) ескерілді,
      3) әуеайлақ схемасын дәйекті түрде функционалдық мүмкіндіктерде (персналдың жабдықтарында, рәсімдері мен міндеттерінде), сондай-ақ деректерді барлық жүйеде пайдалану;
      4) барлық логикалық болжамды қалыпты пайдаланылатын талаптар аралас әуеайлақ схемалары және әуе кеңістігі сияқты элементтерді қоса алғанда айқындалады;
      5) әуе айлақ схемалары барлық логикалық болжамды қалыпты пайдаланылатын талаптары/шығыс деректер диапазондары кезінде ұшу қауіпсіздігі рәсімдерін орындауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
168 параграф. Жерде және ұшуда әуеайлақ схемаларын апробациялау
      1064. Жерде және ұшуда әуеайлақ схемаларын апробациялау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны тексергенге және бекіткенге және жариялағанға дейін әуеайлақ схемасы құрылымы үрдісінде сапаны қамтамасыз етуде қажетті кезең болып табылады.
      1065. Апробациялаудың мақсаты кедергілер мен навигациялық ақпарттар, әуеайлақ схемасын орындау мүмкіндігін бағалау туралы барлық деректерді тексеру болып табылады.
      1066. Апробациялау осы Қағиданың 1054-тармағының ережелерін есепке ала отырып, жердегі және ұшудағы апробациялауды қамтиды.
      1067. Апробациялау ұшуда бұрын бекітілген әуеайлақ схемасы айтарлықтай емес өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде жүргізілмейді.
      1068. Апробациялау жерде әуеайлақ схемалары құрылымында тәжірибесі және ұшудағы апробациялау мәселелерінің тиісті білімі бар әуеайлақ схемасының құрылымы бойынша ұшу аспаптары бойынша құжаттамалардың барлық пакетін талдау жасалады.
      1069. Жердегі апробациялаудың мақсаты әзірленген әуеайлақсхемасының рәсімдеріндегі, оның құжаттамасында және жердегі элементтерді бағалаудағы қателіктерді анықтауда жасалады, олар ұшудағы апробациялау үрдісінде бағаланады. Жердегі апробациялау барысында бұрын жарияланған әуеайлақ схемаларындағы өзгерістер мен түзетулерге қатысты ұшудағы апробациялау қажеттілігі айқындалады.
      1070. Әуеайлақ схемаларының ұшудағы апробациялау мақсаттары мыналар болып табылады:
      1) кедергілерден ұшып өту биіктігі қорының кепілдіктерін қамтамасыз ету;
      2) навигациялық деректерді жариялауға жататындардың дұрыстығын, сондай-ақ әуеайлақ схемалары құрылымы кезінде пайдаланылатын деректерді тексеру;
      3) барлық қажетті инфрақұрылымның, жарық белгілерінің құралдары, сондай-ақ байланыс және навигациялық құралдардың бар болуы және тиісті жұмыс істеуін тексеру;
      4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәніне әуеайлақ схемасын орындау мүмкіндігіне бағалау жүргізу;
      5) ұшулардың қауіпсіз орындауға ықпал ететін картографиялықдеректерді, көрінуін және басқа да пайдалану факторларын бағалау.
      1071. Аэронавигациялық рәсімдердің дизайнері қажет болған жағдайда әуеайлақ схемасын бағалауға жәрдем көрсету үшін бастапқы апробациялаумен байланысты ұшуға қатысады.
      1072. Әзірленген әуеайлақ схемаларының үстінен ұшулар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.
169 параграф. Әуеайлақ схемаларын тексеру және бекіту тәртібі
      1073. Әзірленген әуеайлақ схемалары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тексеруіне жатады.
      1074. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеру жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия қалыптасады, оның құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, аэронавигациялық ұйымдардың өкілдері, әуе кемелерінің, әуежайлардың, әуеайлақтардың (тікұшақтардың) пайдаланушылары кіреді.
      1075. Комиссия әзірленген әуеайлақ схемаларына тексеру жүргізеді және түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қону үшін әзірленген әуеайлақ рәсімдерін және пайдалану минимумдарын қарастыру туралы актке (бұдан әрі - Акт) қол қойылады.
      1076. Комиссия қарастыратын әуеайлақ схемалары, ескертулер болмаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрықтарымен бекітіледі.
      1077. ААБ қызметі (немесе мамандандырылған ұйымдар) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ілеспе хатпен мыналарды жібереді:
      1) әзірленген әуеайлақ схемаларының жобалары;
      2) жасалған Актінің жобасы;
      3) әуеайлақ рәсімдері дизайнерімен қол қойылған әуеайлақ схемаларының есебі хаттамаларының көшірмелері;
      4) осы Қағиданың 11-қосымшасында көзделген АҰҚ/(IAP-ағылшын  тіліндегі аббревиатура) көзбен көру ұшақтары және аспаптары бойынша ұшақтардың схемаларын ұшу тексерулерінің актісі.
      1078. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағиданың 1047-тармағымен белгіленген ережелерді есепке ала отырып, ұсынылған құжаттамаларға тексеру жүргізіледі.
      1079. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексерудің оң нәтижелері кезінде ААБҚ бекітілген Актіні және әуеайлақ схемаларын пайдалануға беру туралы бұйрықты жібереді.
      1080. Ескертулер бар болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ААБ қызметіне бар ескертулердің тізбесімен ұсынылған құжаттамаларды қайтарады.
Қазақстан Республикасы азаматтық
авиацияның ұшуларын орындау
қағидасының 1-қосымшасы
Құжаттарды сақтау мерзімі
      Пайдаланушы төменде келтірілген кестеде көрсетілген мерзім ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үшін тиімді нысандағы қол жетімді мынадай құжаттамалар мен ақпараттарды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
      Ұшуға дайындалу және орындау кезінде пайдаланылатын ақпарат
1-кесте



Ұшуға тапсырма

3 жыл

Ұшуды пайдалануға беру жоспары

3 ай

Борттық техникалық журнал

соңғы жазба күнінен бастап 24 ай

NOTAM/AIS, брифингтердің деректері, егер олар Пайдаланушымен шығарылса

3 ай

Ұшақтың массасы және орталығы туралы деректер

3 ай

Қауіпті жүктерді қоса алғанда, арнайы жүктер туралы деректер

3 ай

қауіпті жүктерді тасылмалдау құжаттары;

3 ай

қауіпті жүктерді қабылдаудың бақылау парағы (егер ол толтыруы қажет болатын нысанды ұсынады);

3 ай

әуе кемесінің командиріне қауіпті жүктер туралы жазба ақпарат

3 ай

Баяндамалар (есептілік)


2-кесте



Ұшу үрдісіне сәйкес немесе командирдің пікірі бойынша тіркеуді талап ететін кез келген оқиғаны бақылау

3 ай

Ұшу уақытынан асып кету туралы немесе экипаждың демалыс уақытын қысқарту туралы баяндамалар

3 ай

Ұшу экипажының деректері


3-кесте



Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігі

осы Пайдаланушының барлық жұмыс уақыты ішінде

Старт уақыты, ұшу уақыты, демалыс уақыты туралы мәлімет

15 ай

Байланысты енгізу қағидалары бойынша жаттығулар мен тексерулер туралы деректер

3 жыл

Ұшақ командирлерін дайындау және оларды тексеру туралы деректер

3 жыл

Жаттығулар мен тексерулер туралы деректер

3 жыл

Кез келген ұшқыш креслосында ұшудағы жаттығулар мен тексерулер туралы деректер

3 жыл

Ұшуларды орындаудың алдыңғы тәжірибесі туралы деректер

15 ай

Әуеайлақтарды және бағыттарды білу туралы деректер

3 жыл

II және III ИКАО санаттары бойынша біліктілік және жаттығулар туралы деректер

3 жыл

қауіпті жүктерді тасымалдауға дайындау туралы деректер

3 жыл

Экипаж кабинасының деректері


4-кесте



Ұшу және жұмыс уақыты, кабина экипажының мүшелерінің демалыс уақыты туралы деректер

15 ай

Бастапқы дайындау және тексеру туралы деректер

осы Пайдаланушының барлық жұмыс уақыты ішінде

Мерзімді және шақырылған (үзілістен кейін қалпына келтірілген) ұшулар мен тексерулер туралы деректер

осы Пайдаланушының жұмыс уақытының аяқталуы бойынша 12 ай

Қауіпті жүктерді тасымалдау туралы деректер

3 жыл

Экипаж мүшесі емес, пайдаланушы персоналға арналған деректер


5-кесте



Персоналды дайындау/біліктілігі, уәкілетті органның талаптарымен көзделген дайындық бағарламасы туралы деректер және біліктілік тексерулері туралы деректер

Екі соңғы тексерулердің жазбасы

Өзге де есепке алу деректері


6-кесте



Ғарыштық және күн радиацияларының алынған дозалары туралы мәлімет

осы Пайдаланушының жұмыс уақытының аяқталуы бойынша 12 ай

Сапа жүйесінің жазбасы

5 жыл

Қазақстан Республикасы азаматтық


авиацияның ұшуларын орындау
қағидасының 2-қосымшасы
Әуе кемелерінің жіктеуіші



Жіктеуіші

Ең жоғарғы ұшып көтерілу масса, кг

Ұшақтар

Тікұшақтар

Ауыр

136 000 жоғары

10000 жоғары

Орташа

5700 -136 000

от 3180 – 10000

Жеңіл

от 750 -5700

от 750 – 3180

Өте жеңіл

750 кем емес

750 кем емес

Қазақстан Республикасы


азаматтық авиацияның  
ұшуларын орындау      
қағидасының 3-қосымшасы
      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қиындықтар бойынша әуеайлақтар жіктеуіші
      1. Әуеайлақтар «A», «B», «C» қиындық санаттары бойынша жiктеледi.
      2. Әуеайлақтар «А» санаты мынадай талаптарға жауап бередi:
      1) аспаптар бойынша қонуға бет алудың мақұлданған (жарияланған) рәсiмдерi бар;
      2) кем дегенде бiр ҰҚЖ, ұшып көтерiлу және қону рәсiмдерi бойынша шектеулерi бар;
      3) 400 м биiк емес бұлттардың төменгi шекарасы бойынша қонуға көзбен көрiп бет алудың жарияланған минимумы;
      4) әуеайлаққа түнде ұшуларға рұқсат етiлген.
      3. «В» санатты әуеайлақтар «А» санатты әуеайлақтарының талаптарына жауап бермейдi немесе қосымша мыналары бар:
      1) қонуға бет алу және/немесе өту аймақтарының стандартты емес құралдары;
      2) күрделi жергiлiктi ауа-райы жағдайлары және/немесе;
      3) ұшып көтерiлу-қону сипаттамаларын жүргiзу немесе шектеу үшiн күрделi жағдай және/немесе;
      4) кедергiлердi, әуеайлақтың орналасуы, жарық техникалық жабдықтар және тағы басқаларды қоса алғанда, кез келген басқа да маңызды мәліметтер.
      4. «С» санатты әуеайлақтар «В» санатты әуеайлақтарының талаптарына жауап бермейдi және қосымша арнайы дайындықты талап етедi.
      5. Әуеайлақтың қиындық дәрежесіне байланысты мынадай дайындық әдістері қолданылады:
      1) «А» санатты әуеайлақтар үшін дайындықты бақылай отырып, алдын ала дайындалу.
      2) «В» санатты әуеайлақ үшін:
      дайындықты бақылауымен алдын ала дайындық.
      «В» санаттағы әуеайлаққа қатысты жоспарланатын нұсқаулық арқылы өз бетімен дайындығы және дайындықты бақылау.
      «С» санатты әуеайлақтар үшін «А» және «В» санатты әуеайлақтар үшін дайындау бойынша талаптарға қосымша пайдаланушы мемлекеттің, азаматтық авиация ұйымының ҰЖН енгізілетін әуеайлақ жабдықтарының талаптарына сәйкес арнайы рәсімдерді әзірлейді.
      Арнайы рәсімдер, кем дегенде мыналарды қамтуы тиіс:
      авариялық маневр жасау схемалары және ең аз биіктікке көтерілу градиенттерін есептеу және бекіту;
      ұшып көтерілу-қону сипаттамасын есептеу және ұшып көтерілу және қону массасын шектеу;
      ұшуларды орындау үшін экипажға қажетті кез келген басқа да ақпарат;
      әуеайлақ ауданымен танысудың қосымша әдістері (схеманы үстінен ұшу және осы мақсаттар үшін сертификатталған кешенді тренажердағы әуеайлақ ауданы, «шолушы» ретіндегі танысу ұшуы).
      6. ӘК командирі мен штурман «шолушы» ретінде немесе нұсқаушының бақылауымен ұшумен танысқаннан кейін, екінші пилот - ӘК командирінің бақылауымен ұшумен танысқаннан кейін «С» санатты әуеайлақтарға және таулы жердегі әуеайлақтарға жіберіледі.
      «С» санатты әуеайлақтарға және таулы жердегі әуеайлақтарға рұқсат алу ұшу кітапшасына енгізілетін жазу арқылы рәсімделеді.
      7. Бағыттың немесе әуеайлақ біліктілігінің қолданыс мерзімі - бағыт немесе әуеайлақ бойынша біліктілікті алған күннен немесе ұшуды орындау күнінен 12 күнтізбелік ай.
      Белгіленген ауданда немесе әуеайлақта бағыт бойынша ұшуға 12 айдан кем емес үзіліс кезінде пилот және (немесе) штурман осы Қағидалардың 668-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 6 (таулы жердегі әуеайлақтар және «С» санатты әуеайлақ үшін) және 5-тармақтарында («А» және «В» санаттарындағы әуеайлақтар үшін) көрсетілген рәсімдерді өткеннен кейін ұшуға жіберіледі.
      8. Экипаж мүшелерінің бағыт және әуеайлақ дайындығы ұшу бөлімшелерінің құрамына енгізу бағдарламалары бойынша рейстік жағдайларда дайындық үрдісінде орындауға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы
азаматтық авиацияның  
ұшуларын орындау      
қағидасының 4-қосымшасы
      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлу және қонуы үшiн әуеайлақтардың
пайдалану минимумдарын айқындау әдiстемесi
1. Ұшақтар үшiн әуеайлақтарды пайдалану минимумын анықтау.
      1. Осы әуеайлақты пайдаланудың метеорологиялық минимумын айқындау әдiстемесi (бұдан әрi – Әдiстеме) ұшулар орындалатын Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарында (тiкұшақ айлақтарында) пайдаланушыларға ұшып көтерiлу және қону минимумдарын анықтауға арналған.
      2. Осы әдiстемеде қолданылатын қысқартулар:
      1) APV (Approach vertical) – тiгiнен дәлдеу үшiн қонуға бет алу схемасы;
      2) CDFA (continuous descent final approach) – қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде үздiксiз төмендей отырып, қонуға бет алу;
      3) CMV (Converted meteorological visibility) – есептелген метеорологиялық көрiнуi;
      4) DA (Decision altitude) – шешiм қабылдаудың абсолюттiк биiктiгi;
      5) DH (Decision height) – шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi;
      6) DME (Distance measuring equipment) – алысты өлшеу жабдығы;
      7) EVS (Enhanced vision system) – көрудiң жетiлдендiрiлген жүйесi;
      8) FATO (Final approach and take-off area) – қонуға бет алу-ұшып көтерiлудiң соңғы кезеңiнiң аймағы;
      9) FGS (Flight guidance system) – автоматты басқару жүйесi;
      10) FMS (Flight management system) – ұшуды басқару жүйесi;
      11) GBAS (Ground-based augmentation system) – функционалдық толықтырудың жердегi жүйесi;
      12) GNSS (Global navigation satellite system) – жаһандық навигациялық спутниктiк жүйесi;
      13) HUD (Head-up display) – ӘК алдыңғы шынысындағы аспаптардың көрсеткiштерiнiң индикациясы;
      14) IAS (Indicated airspeed) – аспаптық жылдамдығы;
      15) IFR (Instrument Flight Rules) – аспаптар бойынша ұшу қағидасы;
      16) ILS (Instrument landing system) – аспаптар бойынша қону жүйесi;
      17) LLZ (Localizer) - бағыттық манар;
      18) LNAV (Lateral navigation) - жанама навигация;
      19) LVP (Low visibility procedures) – шектеулi көру жағдайындағы рәсiмдер:
      20) LVTO (Low visibility take-off) - шектеулi көру жағдайындағы ұшып көтерiлу;
      21) MDA (Minimum descent altitude) – төмендеудiң ең аз абсолюттiк биiктiгi;
      22) MDH Minimum descent height) – төмендеудiң ең аз салыстырмалы биiктiгi;
      23) MLS (Microwave landing system) – қонудың микротолқынды жүйесi;
      24) NDB (ПРС) (Non-directional radio beacon) - бағытталмаған радиомаяк;
      25) NPA (Non-precision approach) – дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу;
      26) OCA (Obstacle clearance altitude) – кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттiк биiктiгi;
      27) OCH (Obstacle clearance height) – кедергiлерден ұшып өтудiң салыстырмалы биiктiгi;
      28) OCL (Obstacle clearance limit) – кедергiлерден ұшып өтудiң ең аз биiктiгi;
      29) PAPI (Precision approach path indicator) – қонуға дәл бет алу траекториясының көрсеткiшi;
      30) PAR (Precision radar) - қону радиолокаторы;
      31) RNAV (Area navigation) - аймақтық навигация;
      32) RVR (Runway visual range) – ҰҚЖ көрiну алыстығы;
      33) SRA (Surveillance radar) – шолу локаторы;
      34) Vat (Indicated Arspeed at threshold) – ҰЖҚ шегiн қиып өтудiң аспаптық жылдамдығы;
      35) VDF (Very direction finder) - ӨЖЖ-станцияларының радиопеленгаторы;
      36) VFR (Visual Flight Rules) – көзбен көрiп ұшу қағидасы;
      37) VIS (Visibility) – метеорологиялық көрiнуi;
      38) VOR (VHF omnidirectional radio range) – барлық бағытталған ӨЖЖ-радиомаягi:
      39) HF (ӨЖЖ) (Very high frequency) – өте жоғары жиiлiк;
      40) Vslg (Stall speed in the landing configuration) – қону конфигурациясындағы құлдилау жылдамдығы;
      41) Vso (Stall speed) - құлдилау жылдамдығы;
      42) БТШБ (Ceiling) - бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi;
      43) ҰҚЖ (Runway) – ұшып көтерiлу – қону жолағы;
      44) ӘК (Aircraft) – әуе кемесi;
      45) БРМ (Localizer) - бағыттық радиомаяк;
      46) ЖЖРС (NDB) (Non-directional radio beacon) – жекелеген жетектi радистанция;
      47) ҰПБ (Aircraft Flight Manual) – ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылық;
      48) CWY (Clearway) – кедергiлерден босатылған жолақ:
      49) ЛТХ (Performance)- ұшу-техникалық сипаттама;
      50) ALSF (approach light system with sequenced flashing lights – жарқылдап жүгіріп тұрған оттармен кірер жер отының жүйесі;
      51) MALSR (medium intensity approach light system with alignment indicator lights) – ұшу-қону жолағының ашылатын ортасындағы көрсетіп тұрған оттар арқылы орташа қарқындылықтағы кірер жер отының жүйесі;
      52) MALSF (medium intensity approach light system with sequenced flashing lights) – жарқылдақ жүгіртпе тұрған жарықтарымен орташа қарқындылықтағы кіру жарықтарының жүйесі;
      53) SALS (short approach light system) – кіру жарығына қысқарған жүйесі;
      54) SALSF (short approach light system with sequenced flashing lights) - жарқылдақ жүгіртпе жарықтармен кіру жарығының жүйесі;
      55) ODALS (omni-directional approach light system) – жақындау жарықтарының бағытталмаған жүйесі.
      3. Әуе кемесiнiң қонуға бет алуды және қонуды (бұдан әрi - ӘК) орындау үшiн мыналар белгiленедi:
      1) әуе кемесiнiң минимумы;
      2) әуе кемесi командирiнiң минимумы;
      3) әуеайлақты пайдалану минимумы;
      4) кедергiлерден өтудiң ең аз қауiпсiз биiктiгi.
      4. ӘК үшiн минимум ҰҚЖ (RVR) көрiнуi бойынша ӘК сипаттамаларының негiзiнде белгiленедi: экипаж кабинасын шолу, екпiн алуда дәл бағытты ұстау, оның iшiнде ең қажеттi қозғалтқыш iстен шыққан кезде, ұшып көтерiлудi орындау әдiстемесi және басқалар. Жекелеген жағдайда ұшып көтерiлуге арналған минимум бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi мен көрiнуi бойынша тағайындалады.
      5. Қонуға арналған ӘК минимумы ҰҚЖ (RVR) шешiм қабылдау биiктiгi бойынша белгiленедi, және қамтамасыз ету қажеттiлiгiн айқындайды:
      1) одан әрi қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк беретiн ұшудың мәлiмделген траекториясынан бас тарта отырып, шешiм қабылдау биiктiгiне ӘК шығуының мәлiмделген мүмкiндiгi;
      2) одан әрi қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк бермейтiн немесе жердегi бағыттармен қажеттi көзбен көру байланысы болмаған кезде ұшудың мәлiмделген траекториясынан осы биiктiктен бас тарта отырып, шешiм қабылдау биiктiгiнен ӘК-нiң шығу кезiнде екiншi айналымға кету қауiпсiздiгi.
      6. Әрбiр әуе кемесiн пайдаланушы (бұдан әрi – пайдаланушы) осы Әдiстемеде көрсетiлген мәннен төмен емес әуеайлақтағы ұшулар үшiн пайдаланылатын пайдалану минимумдары белгiленедi және осындай минимумдарды айқындау әдiстемесiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Егер барынша төмен минимумдарды белгiлеуге осы мемлекеттен арнайы рұқсат алған жағдайларды қоспағанда, олар орналасқан мемлекеттiң әуеайлағы үшiн белгiленуi мүмкiн минимумдардан төмен осындай минимумдар белгiленедi.
      7. Әуейалақты пайдалану минимумдарын есептеу үшiн пайдаланушылар мынадай әдiстемелердiң iшiнен бiреуiн уәкiлеттi орган бекiту үшiн таңдауы тиiс (нақты пайдаланушының ерекшелiгiн, әуе кемесенiң пайдаланылатын үлгiсiн және пайдаланушы экипаждың бiлiктiлiгiн көрсететiн толықтырулар мен өзгерiстер):
      - EU-OPS-1;
      - JAR-OPS-3;
      - Барлық ауа-райлық ұшулар, (Doc 9365-AN/910 ИКАО).
      8. Жоспарланбаған қосымша әуеайлақ үшiн ұшуда орындалатын минимумдар есебiне егер мұндай есеп осы әдiстемеге сәйкес жүзеге асырылған жағдайда тыйым салынбайды.
      9. Кез келген ұшулар кезiнде қолданылатын әуеайлақтың пайдалану минимумын белгiлеу кезiнде пайдаланушы мыналарды назарға алады:
      1) ӘК үлгiсi, ұшу сипаттамасы;
      2) ұшу экипажының құрамы, оның дайындығы және ұшу тәжiрибесi;
      3) ҰҚЖ пайдаланылатын өлшемдер мен сипаттамалар;
      4) көзбен көру және көзбен көрiнбейтiн жердегi құралдардың сәйкестiгi және сипаттамасы;
      5) навигациялар және/немесе ұшып көтерiлу, қонуға бет алу, теңесу, қону, қонғаннан кейiн ҰҚЖ бойынша екпiн алу және екiншi  айналымға кету мақсаттары үшiн пайдаланылатын борттық ұшақ жабдығы;
      6) қажеттi рұқсатты және штаттан тыс рәсiмдердi орындауды талап ететiн ұшып көтерiлу, биiктiкке көтерiлу аймағында, ұшып шығу кезiнде, қонуға бет алу және екiншi айналымға кету кедергiлерi;
      7) (OCA/H) аспаптары бойынша қонуға бет алу рәсiмдерi үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттi/салыстырмалы биiктiгi;
      8) айқындау құралдары және әуеайлақтағы метеожағдайлар туралы ақпарат ұсынуды айқындау.
      10. Әуе кемелерiнiң белгiленген санаты.
      Санаттар бойынша ұшақтарды жiктеу кезiнде есепке алынатын өлшемдер барынша сертификатталған қону массасы кезiнде қону конфигурациясында Vso құлдилау жылдамдығынан 1,3 есе асатын немесе Vslg құлдилау жылдамдығынан 1,23 есе асатын (Vat) шегiн қиып өтудiң аспаптық жылдамдығы болып табылады. Егер екi жылдамдық болса, онда Vso және Vslg нәтижелi Vat мәнi пайдаланылады. Vat тиiстi көрсеткiштерiнiң ӘК санаты төмендегi 1-кестеде көрсетiлген:
1-кесте



ӘК санаты, ұшақтар

Vat

Қонуға бет алудың бастапқы учаскесi

Қонуға бет алудың соңғы учаскесi

Көзбен көрiп маневр жасау

Екiншi айналымға кету учаскесi

бастапқы

соңғы

A

B


< 169

160–280

130-185

185

185

205

169-223

220–335

155-240

250

240

280

C

224-260

295–445

215-295

335

295

445

D

261-306

345-465

240-345

380

345

490

Е

307-390

345–465

285-425

445

425

510

Н, тiкұшақтар

қолданылмайды

130/220**

110/165***

қолданылмайды

165

165

      Vat - барынша сертификатталған қону массасы кезiнде қону конфигурациясында құлдилау жылдамдығынан 1,3 есе асып түсетiн қону алдындағы (VАТ) ҰҚЖ шегiнен кесiп өту жылдамдығы.


      ** 1850 метрге дейiн керi схема мен «ипподром» схемалары үшiн ең жоғарғы жылдамдық сағатына 185 км, ал 1850 метрден жоғары керi схема мен «ипподром» схемалары үшiн ең жоғарғы жылдамдық сағатына 205 км құрайды.
      *** Базалық жаһандық навигациялық спутниктiк жүйеге негiзделген кеңiстiкте нүктеге дейiн қонуға бет алған тiкұшақ схемалары пайдалану қажеттiлiгiн есепке ала отырып, бастапқы және аралық учаскедегi ең жоғарғы жылдамдық сағатына 220 км және соңғы учаскеде сағатына 165 км және екiншi айналымға кету учаскесiне немесе бастапқы және аралық учаскеде сағатына 165 км және соңғы учаскеде сағатына 130 км және екiншi айналымға кету учаскесiн пайдалана отырып, құрылуы мүмкiн. Қону конфигурациясын тиiстi есепке алуды пайдаланушы немесе ӘК дайындаушысы айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет