117. Қозғалтқыш ресурстарын белгілеу бойынша сынақ
812. Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын белгілеу үшін қозғалтқыштың тораптары мен негізгі бөлшектерінің және тұтастай қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтары жүргізіледі.
Тораптар мен бөлшектерді сынау, негізінен, толық көлемді қозғалтқыш жүйесінде жүргізіледі. Осындай жағдайда олар тұтастай қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтарымен үйлесуі мүмкін. Толық көлемдегі қозғалтқыштың жұмыс талаптарына сәйкес келетін аз циклді көнеруі бойынша жүктемені сақтау жағдайлары кезінде автономды қондырғылардағы қозғалтқыштың жекелеген тораптары мен бөлшектеріне сынақ жүргізуге рұқсат етіледі.
Баламалы-циклдық сынақтар сынақтық циклдерді көп рет орындау жолымен жүргізілуі тиіс. Баламалы-циклдік сынақтарға арналған сынақтық цикл ұшу циклының негізінде қалыптастырылуға тиіс, олар мынадай талаптарды ескеруге тиіс:
1) сынақ циклында барынша жүктемеленген режимдердегі істелген жұмыстың жиынтықты уақыты қозғалтқыштың ыстық бөлігінің барынша жүктемеленген бөлшегінің ұшу цикліндегі істелген жұмыс уақытының ұзақ беріктігі бойынша баламалы болуы тиіс;
2) ауыспалы процестердің саны ұшу цикліндегі олардың санына тең болуы тиіс;
3) қозғалтқыштың динамикалық беріктігін растау үшін айналу жиілігінің жұмыс саласы бірнеше дипазондарға бөлінеді және әрбір диапазонда ұшу циклінде істелген жұмыс кем дегенде 1 сағатқа 1 мин есебінен істелген жұмыс қамтамасыз етіледі.
Осындай істелген жұмыс жердегі аз газдың айналу жиілігі кезінде жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген сынақтар бірлесіп жүргізілуі мүмкін. Аз кернеулі ұзақ стационарлық режимдердегі және оларды барынша жүктемеленген режимдерге баламалы жолмен келтірудің ауыспалы процестерінің бөлігіндегі істелген жұмыстың (тиісті ұзақ беріктігі мен аз циклді көнеру бойынша) ерекшелігіне рұқсат етілді.
Жеткілікті техникалық негіздер болған жағдайда, осы қозғалтқыш үшін дағдарысты аз циклді көнеру және ұзақ беріктік бойынша жекелеген бөлшектердің сынақ цикліне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қозғалтқыштың бөлшектеріне баламалы-циклдік сынақтар жүргізу кезінде оларды қарап шығуға, орындалуы түпкілікті жөндеулер кезінде көзделген ақаулар табылған қозғалтқышты ішінара немесе толық бөлшектеуге рұқсат етіледі. Қарап шығудың саны, олардың арасындағы уақыт сияқты регламенттелмейді. Бөлшектердің барлық айырбасы, олардың сағаттардағы және сынақ циклдарындағы істелген жұмысы (жалпы және режимдер бойынша) сынақтар бойынша есепте тіркелуі тиіс.
Қозғалтқыштың Nи тораптары мен бөлшектерінің эксперименттік тексерілген ұзақ тұрақтылығы іс жүзінде өткізілген баламалы-циклдік сынақтардың оң нәтижелері шегіндегі сағаттарда және сынақ циклдарында істелген жұмыс бойынша белгіленеді.
Бастапқы тағайындалған ресурстардың Nи тораптары мен негізгі
бөлшектері үшін ұшу циклдарында мынадай формула бойынша анықталады
Ni = Ne E,
ne
мұндағы
E - ұзақ беріктік әсері ескерілген аз циклды көнеруден осы бөлшектердің немесе тораптардың зақымдарының жинақталуы бойынша сынақтық ұшу циклдарына сәйкес келу коэффициенті;
nи - бөлшектердің немесе тораптардың nи сыналған даналардың арасынан қабылданатын ұзақ тұрақтылығы бойынша қордың коэффициенті:
nи=1-nи=3,0;
nи=2-nи=2,5;
nи>3-nи=2,0;
Қор экспериментті тексерілген ұзақ тұрақтылықтың Nи ең көп мәніне қатысы бойынша алынады.
Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсы (сағаттар мен циклдарда) бір қозғалтқыштың 1, 2 сынақтар циклдарының саны бойынша қоры бар баламалы-циклдік сынақтардың негізінде белгіленеді.
Сынақтық циклі қалыптасады. Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсына белгіленген, айырбастауға жатпайтын, негізгі бөлшектердің бастапқы тағайындалған ресурсының ең аз мәніне тең болуы тиіс.
Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын белгілеу бойынша сынақтар өткізудің барысында сағаттарда немесе циклдерде тағайындалған ресурсы қозғалтқыш үшін белгіленгеннен аз қозғалтқыштың бөлшектерін айырбастау көзделуі тиіс.
813. Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын бірінші күрделі жөндеуге дейін белгілеу жөніндегі сынақтар кезінде қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын бірінші күрделі жөндеуге дейін белгілеу үшін (сағаттардағы және ұшу циклдарындағы) үш қозғалтқыштың текшелік сынағы өткізілуі тиіс:
біреуі пайдалану бағдарламасы бойынша, екеуі баламалы-циклдік сынақтар.
Ескертпе: баламалы-циклдік сынақтар үшін қозғалтқыштардың біреуі ретінде ұшу сынағынан өткен қозғалтқышты пайдалануға рұқсат етіледі. Егер оның ұшуда істелген жұмысы белгіленген бастапқы ресурстан кем болса, онда белгіленген істелген жұмысқа тең жалпы істелген жұмысқа дейін текшелік БЦС-ға тап болуы мүмкін.
Қозғалтқыштың текшелік сынақтары ұшу циклі негізінде қалыптасатын сынақтар циклдарін бірнеше рет орындау жолымен жүргізіледі. Бастапқы ресурсты бірінші күрделі жөндеуге дейін белгілеу үшін ұшу циклінің орташа ұзақтығы кезінде бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурсқа сәйкес келетін ұшу циклдарінің санынан 20% көп сынақтар циклдарының санымен сынақ жүргізіледі.
Пайдалану бағдарламасы бойынша қозғалтқышты сынауға арналған сынақтар циклі барлық белгіленген режимдер сағаттарындағы істелген жұмысты және орташаланған ұшу циклы ауыспалы процестерінің саны толық ұдайы өндірілуі тиіс. Қажет болған жағдайда сынақтар бағдарламасына жылытылған текшелердегі істелген жұмыс қосылады.
Баламалы-циклдік сынақтар бағдарламасы бойынша қозғалтқышты сынау бастапқы тағайындалған ресурсты белгілеу үшін сол бір сынақ циклі мен баламалы-циклдық сынақтарды пайдаланып жүргізілуге тиіс.
Сынақтардан кейін әрбір қозғалтқышты бөлшектеу мен ақауларын табу жүргізілуі тиіс.
Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурсты белгілеу жөніндегі сынақтар, егер оларды жүргізу кезінде роторлық бөлшектердің бұзылуы, сондай-ақ қауіпті зардаптармен істен шығуға алып келуі мүмкін пайдалану жағдайларында басқа негізгі бөлшектердің істен шығуы мен ақаулары болмаса, сәттілік ретінде сыныпталады.
118. Қозғалтқыштың ұшу сынақтарына қойылатын жалпы талаптар
814. Қозғалтқышты «ӘК орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде ұшу сынақтары қанағаттанарлық жағдайда өтуі тиіс, олар мынадай:
1) белгіленген режимдерде қозғалтқыштың жұмыс өлшемдері мен орнықтылығын;
2) ауыспалы процестер кезіндегі қозғалтқыштың сипаттамаларын;
3) қозғалтқыштың оның қалыпты жұмысы мен істен шығу имитациясы кезіндегі реттеу мен басқару жүйелерінің сипаттамаларын;
4) қозғалтқыштың іске қосу қасиеттерін;
5) қозғалтқыш корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейі;
6) қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
7) қозғалтқыштың кері қимылдайтын құрылғысының жұмыс қабілеттілігі және оның қозғалтқыштың жұмысына әсерін;
8) турбинаны қызып кетуден сақтау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін;
9) қозғалтқышты помпаж кезінде қорғау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін;
10) қозғалтқыш жұмысының суытатын сұйықтық оның компрессорына бүрку кезіндегі өлшемдері мен орнықтылығын;
11) қозғалтқыштың үлгілік пішіні бойынша ұшудағы жұмысын тексерулерді қамтиды.
815. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылған қозғалтқыштың үлгісінің конструкциясы мен негізгі деректерінің үлгісі бойынша толық сәйкес келетін қозғалтқыш сынақтарға тартылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген үлгіден айырмашылығы бар, тексерілетін сипаттамаға елеулі әсер етпейтін сол үлгінің басқа қозғалтқыштарында сынақтар жүргізілуі мүмкін.
816. Қозғалтқышқа сынақтар өткізу үшін (ұшатын зертханаларда) арнайы жабдықталған қозғалтқыш тағайындалған не сол үлгідегі ӘК, не басқа үлгідегі ӘК сынақтар орындауға рұқсат етіледі. Сонымен бірге сыналып отырған қозғалтқыш құрамына кіретін қуатты қондырғылар элементтерінің конструкциясы мен тұтастыру осы элементтерге (мысалы, біртекті емес деңгей және кіре берістегі ауаның толық қысымының ысырабы мен кіре берістегі отынның қысымы және температурасы, капот астындағы ортаның температурасы, агрегаттардың электрмен қоректену өлшемдері, ауа мен қуатты іріктеп алу шамасы) байланысты қозғалтқышты пайдалануда күтілетін талаптардың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуі тиіс. Осы талаптарды жағдайларды имитаторларды қолдануға рұқсат етіледі.
119. Қозғалтқыштың ұшу сынақтары
817. Қозғалтқыштың оны ұшуда пайдалану жағдайларында, қозғалтқыштың еңкіш тартуын және оның роторына гироскопиялық жүктеме жасайтын ұшу режимін қоса алғанда, режимдерде белгіленген тексеру:
1) қозғалтқыштың және оның техникалық құжаттамада берілген отын мен май жүйелері жұмысының орнықтылығы мен өлшемдерінің сәйкестігін;
2) пайдаланудағы қозғалтқыштың және оның конструкциясына кіретін қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйелері агрегаттарының жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізу қажет, ол кезде:
1) қозғалтқыштың және оның отын мен май жүйелерінің жердегі жағдайларда Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық регламенттелген негізгі белгіленген режимдердегі және қозғалтқышты реттеу мен басқару бағдарламасы үшін тән басқа белгіленген режимдердегі жұмысының сипаты мен өлшемі;
2) қозғалтқыштың және оның отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемі мынадай ұшу жағдайларында:
ұшудың үлгілік кезеңдерінде (шарықтау, қозғалтқыштың крейсерлік режимдерін қолданып ең жоғары күтілетін биіктікті жинау, осы биіктікте крейсерлік ұшу, төмендеу, кенет төмендеу, қонуға кіру, қону, екінші айналымға шығу кезінде) қозғалтқыштың тиісті режимдері кезінде. Сынақтар қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес тангаж бойынша кеңістіктегі оның көлбеуінің барынша оң және теріс бұрыштар жасалған жағдайда, ұшу режимдерін қамтуы тиіс;
ӘК екпіндері мен тежегіштері кезінде (ұшатын зертхана) әртүрлі биіктіктерде деңгейлес ұшудағы қозғалтқыштың тиісінше ең жоғары режимдегі және газы аз ұшу режиміндегі жұмысы кезінде;
пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығы диапазонын қамти отырып қозғалтқышты қолданудың әртүрлі биіктіктерде белгіленген деңгейлес ұшуы кезінде, сонымен бірге қозғалтқыштың жұмысы техникалық пайдалану жөніндегі басшылық регламенттелген негізгі белгіленген режимдерде және оның басқару мен реттеу бағдарламасына тән аралық режимдерде тексерілуі тиіс;
крен бойынша кеңістікте (оң және сол жағы) қозғалтқыштың барынша үлкен және шама мен іс-қимыл ұзақтығы бойынша ең жоғары көлбеуін (пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес) оның қалыпты және бүйірлік оң және теріс жүктелімін жасайтын «вираж», «сырғу», «горка» және т.б. үлгідегі ӘК маневрі кезінде (ұшатын зертхана). Сынақтар техникалық пайдалану жөніндегі басшылық регламенттелген қозғалтқыштың негізгі режимдерін қамтуы тиіс;
3) оның конструкциясына кіретін, ұшуда пайдаланылатын қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйелері агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
1-ескертпе: турбовинттік қозғалтқыш үшін газы аз жер режимінде ауа бұрамының қалақтарын орнатудың ең аз бұрышын таңдап алудың дұрыстығын тексеру кезінде де бағалануға тиіс.
2-ескертпе: кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған қозғалтқыш жұмысын бағалау сынақтардың нәтижелерін ескеріп жүргізілуі тиіс.
Сынақтар кезінде (егер олар елеулі деп күтілсе) қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшеміне мынадай факторлардың әсері бағалануы тиіс:
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) ауаны тұтынушылар жекелеп және бір мезгілде қосу кезінде қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу. Бұл бағалауды жерде және деңгейлес белгіленген ұшудағы сынақтар кезінде орындау қажет.
818. Ауыспалы процестер кезінде қозғалтқышты оны ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру:
1) қозғалтқыш жұмысының және техникалық құжаттамада берілген отын және май жүйелерінің басқарымдылығын, орнықтылығы мен өлшемдерінің сәйкестігін;
2) екінші айналымға шығу жағдайларында газы аз ұшу мен газы аз жердегі мүмкіндік уақытының техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін;
3) пайдаланудағы қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдары мен оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйесі агрегаттарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Тексеру жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізілуі тиіс, ол кезде мыналар:
1) жердегі жағдайлардағы жұмыс кезінде, сондай-ақ ӘК рульдеу (ұшатын зертхана) кезінде режимдердің барлық рұқсат етілген диапазонында әртүрлі қарқынмен қозғалтқыштарды басқару иінтіректері тікелей, кері және қарама-қарсы орнын ауыстырған кезде қозғалтқыштың және отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) пайдалану жағдайларында күтілетіндерге сәйкес келетін ұшудың биіктігі мен жылдамдық диапазонын қамтитын деңгейлес ұшуда режимдердің барлық рұқсат етілген диапазонында әртүрлі қарқынмен қозғалтқыштарды басқару иінтіректері тікелей, кері және қарама-қарсы ауыстыру кезінде, сондай-ақ ұшудың жарамды кезеңінен басқа кезеңге үлгілік маневрлер, оның ішінде ӘК (ұшатын зертхананың) қонуға кірер кезеңдегі екінші айналымға өту процесінде туындайтын ауыспалы процестер кезінде қозғалтқыштың және отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
3) оның конструкциясына кіретін, ұшуда пайдаланылатын қозғалтқыштың жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйесі агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағаланады.
Сынақтар кезінде екінші айналымға шығу жағдайларында, сондай-ақ газдинамикалық қорлар бойынша қозғалтқыштың орнықтылығы дағдарысты деп танылған ұшу жағдайларында қозғалтқыш жұмысының мүмкіндігі мен орнықтылығына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілетін болса):
1) атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқыштың бастапқы режимі;
3) қозғалтқыштың бастапқы режимдегі жылу жағдайы;
4) ауыспалы процестерді айқындайтын реттегіштер элементтерін реттеудің техникалық жағдайлары шегіндегі өзгерісі;
5) ауа тұтынушылардың жекелей және бір мезгілде қосу кезіндегі қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу бағалануы тиіс.
819. Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру жүйесінің жұмыс қабілеттілігінің сәйкестігін және қозғалтқышты онымен реттеу және басқару мен басқа жүйенің ұшу-пайдалану сипаттамалары жүйесі сапасының техникалық құжаттамада берілген талаптарға сәйкестігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар:
1) өзгертілмеген қозғалтқыштарды басқару иінтіректері жағдайында реттеудің фунқционалдық кіші жүйелерінің әрқайсысының жұмыс аймағындағы қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
2) қозғалтқыштағы осы процестер кезінде қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерінің ең жоғары шамасы мен ауытқу ұзақтығы тексерілетін ауыспалы процестердің басқару мен реттеу бағдарламаларында берілген өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
3) тәсілдеу үшін резервтік кіші жүйелерді реттеуге автоматты түрде немесе қолымен қосу көзделген реттеудің негізгі кіші жүйелерінің істен шығу имитациясы кезіндегі қозғалтқыштың ауыспалы процестері мен одан кейінгі жұмыстарының сипаты мен өлшемдері;
4) ӘК басқа функционалдық жүйелеріне әсер ету кезінде және қызмет көрсетудің жердегі құралдарына, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезінде, электрондық блоктар жүйелерінің кедергіден қорғалуы;
5) осы жүйенің (қозғалтқыштың) конструкциясына кіретін пайдаланудағы жүйелерді өздігінен бақылайтын және оның жұмысын бақылаудың қолда бар құрылғыларының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде жүйелер сипатына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе):
1) функционалдық кіші жүйелердің әрқайсысының жұмыс саласындағы ұшудың биіктігі мен жылдамдық өзгерісі;
2) қозғалтқыштың кеңістіктегі көлбеулері мен ұшудың (сатылас жылдамдық, жүктелімдер) динамикалық факторлары;
3) реттегіштердің жұмыс сұйықтығының температурасы;
4) реттеу агрегаттарының қоршаған ортаның температурасы;
5) қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу бағалануы тиіс.
820. Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру және техникалық құжаттамада берілген жерде қозғалтқышты суықтай және ыстықтай іске қосу және пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшуда іске қосудың талаптарына сәйкес өрттен қауіпсіздікті және қамтамасыз етілгендікті көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар:
1) қозғалтқышты жерде суықтай және ыстықтай іске қосу кезде іске қосудың өлшемдері мен жүйелері;
2) қозғалтқыштың өлшемдері және Техникалық пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген жағдайлардағы іске қосу құрылғысымен қозғалтқышты бұрай отырып, авторотация режимінен ұшуда оны іске қосу кезінде іске қосу жүйесі;
3) қозғалтқышты іске қосу кезінде, оның ішінде техникалық пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес орындалатын қайталама іске қосулар кезінде ӘК пайдаланудың өрт қауіпсіздігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың іске қосу қасиетіне мынадай:
1) жерде іске қосу кезінде жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқышты ажыратып тастау сәттері мен оны кейіннен іске қосудың басы арасындағы үзілістік ұзақтығы;
3) техникалық жағдайлармен рұқсат етілетін іске қосу кезінде қозғалтқышты басқару және реттеу аппаратурасын реттеудегі және іске қосу құрылғысының энергиямен қоректену өлшемдерінің ауытқулары факторлардың әсері бағалануы тиіс.
821. Тексеру текшелік жағдайлардағы тербелістер деңгейімен салыстырғанда оны ұшуда пайдаланудың күтілетін жағдайларында қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербелістерін рұқсат берілмеген көбейтудің болмауын белгілеуге және тербелістер деңгейінің Нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ қозғалтқыштың тербелісін бақылайтын борттық жүйенің жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар:
1) қозғалтқыш тексерілетін жағдайлар мен режимдерде қозғалтқыш корпустары мен агрегаттарының тербеліс сипаты мен деңгейі;
2) қозғалтқыштың бақылау тербелісінің борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезіндегі осы өлшемнің ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін, ең жоғары тербеліс деңгейінің авариялық белгі бергіштің жұмыс істеу өлшемі бойынша қорының жеткіліктілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың тербеліс сипаттамасына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілсе):
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) ауаны тұтынушылар жекелей және бір мезгілде қосу кезінде қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу бағалануы тиіс.
Қозғалтқыш корпустарының сипаты мен тербелістер деңгейін тексеру ӘК бекітілген оның тораптарының орналасу жазықтарында және пайдаланудағы тербелістерді борттық тексеруге арналған орындарда, турбовинттік қозғалтқышта әуе бұрамының редукторында орындалуға тиіс. Тербеліс өтуге тиісті қозғалтқыш агрегаттарының тізбесі текшелік сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленеді. Әдетте, бұл тербелістерді тудырушылар болып табылатын агрегаттар болуы тиіс.
822. Тексеру қозғалтқыштың конструкциясына кіретін оны басқару мен бақылау құралдарының элементтері бар қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесін ұшуда пайдалану жағдайларында жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс және соңғысының өлшеміне жол берілмейтін ықпалды көрсетпейді.
Тексеру жерде және ұшу сынақтарымен жүргізілуге тиіс, оларды «құрғақ» ауада ғана орындауға рұқсат етіледі.
Ұшу сынақтары 11000 м қоса есептегенге дейінгі немесе қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес ең жоғары биіктікке дейінгі, егер ол 11000 м аз болса, пайдалануда күтілетін ұшу жылдамдылығының диапазоны қамтылатын әртүрлі ұшу биіктіктерінде жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың әртүрлі режимдеріне сынақтар жүргізген кезде жердегі (ұшудағы) газы аз режимнен шарықтау (ең жоғары) режиміне дейінгі диапазонында:
1) мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігі (мысалы, қозғалтқыш элементтерінің қыздыратын жылу жағдайын сипаттайтын өлшемдер, жылу жүйелерінің өлшемдері мен басқалары бойынша) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін мұз қатуға қарсы жүйені басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
2) мұз қатуға қарсы жүйенің жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері бағалануы тиіс.
823. Кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру осы құрылғының және оны басқару жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, сондай-ақ қозғалтқыш жұмысының орнықтылығы мен өлшемдері және техникалық құжаттамада тікелей тартым кезінде және кері қимылдайтын тартым кезінде, сондай-ақ ауыспалы процестер кезінде режимдерге берілген талаптарға сәйкестігін көрсетуі тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар бағалануы тиіс:
1) кері қимылдайтын құрылғының тартымды кері қимылдату режимін пайдалану рұқсат етілген жерге және ұшудың осы кезеңдеріне оны қосу, жұмысы және ажыратып тастау кезіндегі басқару жүйесі бар жұмыс қабілеттілігі;
2) қозғалтқыш тексерілетін пайдалану жағдайларында және режимдерінде, сондай-ақ сынақтар кезінде кері қимылдайтын тартым режимдеріндегі тікелей тартым режимдеріндегі кері қимылдайтын құрылғысы бар қозғалтқыштың жұмыс сипаты мен өлшемдері;
3) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін кері қимылдайтын құрылғының жұмысын бақылау құралдарының пайдаланудағы жұмыс қабілеттілігі.
Сынақтар кезінде анықталған сипатына, жердегі жел жағдайлары мен ауа атмосферасының температурасына әсері (егер ол елеулі күтілсе) бағалануы тиіс.
824. Қозғалтқышты ұшудағы пайдалану жағдайларында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің кедергіден қорғалудың және тиімділігінің техникалық құжаттамада берілген талаптарға сәйкестігін көрсетуі тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және қозғалтқыштың оның жұмыс істеу имитациясы кезіндегі жұмыс өлшемдерінің өзгерісі.
Имитация белгіленген режимдерде және жердегі және ұшудағы газдың ең жоғары температуралары бар қозғалтқыштағы ауыспалы процестер кезінде орындалуы тиіс. Ұшудағы сынақтар қозғалтқыштың күтілетін пайдалану жағдайларына сәйкес келетін ұшу биіктігі мен жылдамдығы диапазонын қамти отырып, орындалуы тиіс;
2) оларға ӘК басқа функционалдық жүйелері мен қызмет көрсетудің жердегі құралдары ықпал еткен жағдайда, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезінде жүйенің электрондық блоктарының кедергіден қорғалуы;
3) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде оны пайдаланудың күтілетін жағдайларында (турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін жүйенің жұмыс істеу өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) жүйе жұмысына кіруді тудыратын қозғалтқыштың істен шығу кезіндегі оның өлшемдерінің болжамды өзгерісі имитациясы кезінде жүйе жұмысының тиімділігі. Тексеру жағдайы арнайы талдаумен белгіленуі қажет;
5) жүйенің (қозғалтқыштың) конструкциясына кіретін, егер олар бар болса пайдаланудағы жүйе жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі, бағалануы тиіс.
825. Қозғалтқышты помпаж қорғау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін тексеру мыналарды:
1) помпаж жағдайында қорғаудың автоматты жүйесімен жабдықталған қозғалтқыш үшін - жүйе жұмысының бағдарламасын таңдаудың дұрыстығы, оның жұмыс қабілеттілігі, кедергіден қорғалғыштығы және осы және оның басқа да техникалық құжаттамада берілген ұшу-пайдалану сипаттамаларының сәйкестігі;
2) автоматты қорғау жүйесі көзделмеген қозғалтқыш үшін - қозғалтқышта помпаждың туындауы туралы белгі беретін құралдардың жұмыс қабілеттілігі мен қозғалтқышты жұмыстың орнықты режиміне көшіруді қамтамасыз ететін тәсілдердің тиімділігі көрсетілуге тиіс. Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда қозғалтқышта көзделген помпаж кезіндегі қорғау құралына жататын сипаттамалар бағалануы тиіс:
1) жердегі (ұшудағы) аз газдан шарықтау (ең жоғары) режиміне дейінгі диапазонда және қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу биіктігі мен жылдамдық диапазоны қамтылған ауыспалы процестер кезінде қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимдерінде помпаж белгі берушісінің жұмыс істеу имитациясы кезінде қозғалтқыш жұмысының автоматы жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен оның өлшемдерінің өзгерісін;
2) автоматты жүйенің электрондық блоктары немесе оларға ӘК басқа функционалдық жүйелері және қызмет көрсетудің жердегі құралдары ықпал еткен жағдайда, помпаждың туындауы туралы белгілер беруші құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезінде кедергіден қорғалуын;
3) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде оны пайдаланудың күтілетін жағдайларында (помпаж белгі бергішінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін жүйенің жұмыс істеу өлшеуі бойынша қордың жеткіліктілігін;
4) автоматты жүйенің немесе газы аз ұшу режиміне және крейсерлік ұшудың ең жоғары күтілетін биіктігіне сынақ кезіндегі ең жоғары режимге, сондай-ақ аз биіктіктерге, егер бұл помпаж кезінде қозғалтқышты қорғау құралдарын текшелік сынақтар жүргізудің нәтижелері бойынша қажет деп танылса, жасанды түрде туындаған оның помпажды кезінде жұмыстың орнықты режиміне өту тәсілінің тиімділігін;
5) жүйенің (қозғалтқыштың) конструкциясына кіретін, егер олар бар болса пайдаланудағы жүйе жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Сынақтар кезінде пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін диапазонында атмосфералық ауа температурасының өзгеруіне байланысты қозғалтқыш қасиеттерінің өзгеруі помпаж кезінде (егер ол елеулі күтілсе) қозғалтқышты қорғау құралдарының тиімділігіне әсері бағалануы тиіс.
826. Қозғалтқыштың суытатын сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезіндегі жұмыс өлшемдері мен орнықтылығын тексеру кезінде мыналарды:
1) жүйені қолдану Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық рұқсат етілген жердегі және ұшудағы жағдайларда сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезіндегі қозғалтқыш өлшемдерінің жұмыс орнықтылығын және техникалық құжаттамада берілген талапқа сәйкестігін;
2) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін жүйе элементтерінің жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар:
1) қозғалтқыш жұмысының сипаты және сұйықтықты бүрку жүйесінің жердегі сынамы кезінде және оны техникалық пайдалану жөніндегі басшылық рұқсат еткен ұшу режимдеріне қосу кезінде шарықтау тартымын (қуатын) қалпына келтіру немесе үдету шамасына талап етілетін қозғалтқыш өлшемдерінің сәйкестігі;
2) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін жүйе элементтерінің, оның ішінде пайдаланудағы жүйе жұмысын басқару және бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың жұмысына және сұйықтық бүрку жүйесіне (егер ол елеулі күтілсе) мынадай:
1) жел жағдайлары және жердегі атмосфералық ауаның температурасы;
2) кеңістіктегі қозғалтқыштың көлбелері және оның әртүрлі координатты осьтері бойынша жүктемелер факторлардың әсері бағалануы тиіс.
827. Қозғалтқыштың текшелік ресурстық сынақтарының режимдерін таңдаудың шынайлылығын растау үшін кем дегенде 50 ұшу циклдары көлемі бар пайдаланудың күтілетін жағдайларының үлгілік бейімдері бойынша ұшуларда тексеру жүргізілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |