34. Әуе винтіне жүктеме түсу жағдайы 257. ӘК әуе винті, қалағы мен төлкенің және винт қадамын басқару күштік элементтерін, қалақтардың бекітілген түйінін, бекітпе бөлшектерімен төлкенің корпусын және қалақтардан әуе винтінің цилиндрлік тобына күштерді беретін басқару элементтерін қоса талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
Арнайы мақсаттағы винттерге немесе әдеттен тыс конструкциядағы винттерге (мысалы, төлкеге қалақтардың топсалы бекітпесімен) осы талаптарды қолдану дәрежесін дайындаушы мемлекеттің құзыретті органының келісімімен дайындаушы белгілейді.
Әуе винтінің статикалық беріктігі қаралып отырған конструкция элементтері үшін есепті болуы мүмкін жүктеу жағдайларының жүктемелеріне тексерілуге тиіс.
Бұл ретте, түпнұсқасының немесе үлгілерінің статикалық сынақтарының нәтижелері пайдалануы мүмкін.
Жүктеудің барлық жағдайларында қауіпсіздік коэффициенті f=2,00 тең алынуға тиіс. Көрсетілген қауіпсіздік коэффициентінің шамасы, егер тиісті зерттеулермен осындай төмендеу мүмкіндігі расталса, төмендетілуі мүмкін.
Беттік нығайтылуға тартылған әуе винті конструкцияның элементтерінде пайдалану жүктемесі кезінде нығайсыздануға әкелетін жергілікті иілмелі жай-күй пайда болуға тиіс емес.
258. Әуе винтін жүктеу мынадай жағдайларда:
олардың қайсысына aq артық болуына қарай Ад немесе А'д; олардың қайсысына |aq| артық болуына қарай Dд, немесе D'д. Жүктеудің осы жағдайларын тек қана қозғалтқыштар гондолаларының сыналануының теріс бұрышы бар ӘК үшін қараған жөн;
Мд;
егер |aq| жүктеудің тиісті маневрлеу жағдайларынан ол үшін артық болса, тынықсыз ауада ұшу;
сырғумен ұшу;
қарышты және бұрышты үдеулердің аралас әрекеті қаралуға тиіс.
Мұндағы а және q - қаралып отырған жағдайларда тиісінше әуе винтінің шабуыл бұрышы мен жылдамдық арыны.
259. Әуе винтінің және оның элементтеріне жүктемелерді есептеген кезде мынаны басшылыққа алу қажет:
әуе винттерді айналу жиілігі мен қозғалтқыш қуатын қаралып отырған жүктеудің жағдайында ықтималдардан неғұрлым үлкендерін алған жөн;
Мд жағдайында қозғалтқыш жұмыс істеген кезде 15 м/с жылдамдығы бар бүйірден соққан желдің әрекетін ескеру қажет.
Егер Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың желдің қатты жылдамдығына жол берілсе, онда есептеген кезде оның осы мәні алынуға тиіс. Қозғалтқыш тоқтаған кезде тежеудің барлық режимдерін қарау қажет (тежеу басынан ең жоғары тері тартымға жеткенге дейін).
Әуе винттерді жүктеу жағдайлары маневрді немесе бір реттік үзік ықпал еткен кезде ӘК қозғалысын есептеу нәтижелерінің негізінде нақтылануы мүмкін. Ұшу режимдерінің өлшемдері әуе винтін жүктеудің неғұрлым ауыр жағдайлары жасалатындай таңдалуға тиіс.
260. Әуе винтінің қалағы мен басқа элементтеріне әрекет ететін жүктемелерді айқындауды пайдаланатын әдісі қалақтардың серпімді тербелісін, қисық үрлеудің әсерін және қалыпты және көлденең осьтарға қатысты ӘК айналуымен пайда болған кориолисовы күштерді ескерген жөн.
Әуе винтінің элементтеріндегі қауырттылықтың шамаларын аэродинамикалық трубадағы бұраманың динамикалық ұқсас модель сынақтары нәтижелерінің негізінде фюзеляж бен қанаттың аэродинамикалық әсерін есепке алып айқындаған жөн. Винттің айналу жиілігінің пайдалану диапозонында қалақтың өзіндік иілу және айналу жиіліктері спектрін талдау негізінде беріктікке қатысты қауіпті резонанс құбылыстарының жоқтығы көрсетілуге тиіс.
35. ӘК конструкциясының элементтерін жүктеудің ерекше жағдайлары 261. Приборларды, жабдықты, бактарды және басқа да жүктерді бекітудің сол бір немесе өзге түйініне, сондай-ақ осы жүктердің әрекетінен жүк еденіне келетін жүктемелерді осы ӘК үшін бұл жүктерді орналастыруына және ӘК тиеудің барлық нұсқаларына оларды бекіту тәсілдеріне сәйкес айқындаған жөн.
Жүктер ауырлығының ортасындағы есептік жүктелімдерді қарышты және айналмалы қозғалыстардың инерциялық күштерін ескере отырып ӘК үшін барлық қаралып отырған есептік ұшу және қону жағдайларына сәйкес айқындаған жөн.
Бұдан басқа, фюзеляждағы аспаптардың, бактардың және басқа да жүктердің бекітпесінің беріктігін тексеру үшін авариялық қону жағдайы қаралуға тиіс. Осы жағдайда жүк ауырлығының орталығында жүктелімдердің мынадай диапозонына сәйкес келетін есептік жүктемелер:
бойлық жүктеме үшін - жүктемені алға бағыттаған кезде нөлден 9 дейін және жүктемені артқа қарай бағыттаған кезде нөлден 1,5 дейін;
қалыпты жүктеме үшін - жүктемені төменге бағыттаған кезде нөлден 4-ке дейін жүктемені жоғары бағыттаған кезде нөлден 2 дейін;
бүйірлі жүктеме үшін - +2,25 дейін -2,25.
Жүктемелердің олардың әрқайсысы нөлден жоғарыда келтірілген мәндерге дейін көрсетілген бағыттарға және шамаға ие әртүрлі комбинациялары қаралуға тиіс, бірақ нәтиже беретін жүктеме 9 жиынтық жүктелімге сәйкес келетін мәннен аспауға тиіс. ӘК жолаушыларсыз тасымалданатын жүктерді бекіту үшін дайындаушы және дайындаушы мемлекеттің құзыретті органы арасындағы келісім бойынша жүктелімдердің төмендетілген мәндері алынуы мүмкін.
Осылай орналасқан жүктер үшін олар көтерілген кезде жолаушылар мен экипажға зақым әкелмейді немесе ӘК шығуға кедергі жасамайтын (мысалы, жолаушылар мен экипажға арналған үй-жайлардан төмен немесе олардың алдында орналасқан бөліктерде) кезде авариялық қону жағдайы қаралмайды.
262. Тұрақта қызмет көрсету кезінде адамдар болуы мүмкін ӘК конструкциясының беріктігі 1760 Н (180 кгс) тең есептік жергілікті жүктемеге тексерілуге тиіс.
263. Орынтақтар, ұйықтайтын орындар, байлау белдіктері мен олардың бекітпелері үшін, сондай-ақ оларда ұшу немесе қону уақытында экипаж мүшелері мен жолаушылар болуы мүмкін кабиналар мен өту жолдарының сол бір бөліктері үшін пайдалану жүктемелерді осы жағдайлар үшін алынған қауіпсіздік коэффициенттері кезінде қарышты және айналмалы қозғалыстарының инерциялық күштерін ескере отырып ӘК үшін барлық қаралып отырған ұшу және қону жағдайларына сәйкес анықтаған жөн.
Бұдан басқа, орынтақтардың, ұйықтайтын орындардың, байлау белдіктерінің және олардың бекітпелерінің беріктігі авариялық қону жағдайына тексерілуге тиіс.
264. Негізгі жіктік және айырмалы түзілімдер мен ушколар үшін қосымша қауіпсіздік коэффициентін fдоп = 1,25 қарау қажет.
Жауапты құймаларға, яғни олардың бұзылуы ӘК қауіпсіз ұшуына немесе қонуына кедергі жасайтын сол бір бөлшектердің құймаларына қосымша қауіпсіздік коэффициенттерін қолданған жөн:
1) егер құймалардың 100%:
көзбен көру бақылауға;
магниттік немесе капиллярлық бақылауға немесе бақылауды бұзбайтын басқа баламалы әдіске;
радиациялық бақылауға тартылса f доп= 1,50.
2) егер «а» бойынша тексерістерден басқа құйма бөлшектердің 3 үлгісі f доп = 1,25 жеткілікті беріктікті және пайдалану жүктеме кезінде жеткілікті қаттылықты көрсетсе, f доп= 1,25.
Қалған құймаларға қосымша қауіпсіздік коэффициенттерін қолданған жөн:
1) егер құймалардың 100% тек көзбен шолу бақылауға тартылса
f доп = 2,00;
2) егер құймалардың 100%:
көзбен шолу бақылауға;
магниттік немесе капиллярлық бақылауға немесе бақылауды бұзбайтын басқа баламалы әдіске тартылса f доп = 1,50;
3) егер құймалардың 100%:
көзбен шолу бақылауға;
магниттік немесе капиллярлық бақылауға немесе бақылауды бұзбайтын басқа баламалы әдіске;
радиациялық бақылауға тартылса f доп = 1,25.
265. ӘК үстіндегі (люктардың қақпақтары мен жармалары, ағымпаздар және т.б.) алынбалы элементтер (учаскелер).
Жергілікті жүктемелердің шамалары ӘК қаралып отырған элементтің орналасуына қарай М саны мен А', В, С, В' жағдайларына, «тынымсыз ауада» ұшу жағдайларына сәйкес келетін әсер ету бұрыштарында аэродинамикалық трубадағы, сондай-ақ сатылас қауырсындануға жүктемелерді анықтау кезінде табылған сырғу бұрыштары кезінде сырғумен ұшу режимінде үлгінің сынақтарымен анықталуға тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Бұдан басқа, ұшуда ашылатын барлық люктардың қақпақтары мен жармаларының беріктігін люктар толық ашық тұрған кезде тексерілуге тиіс. Жүктемелердің шамалары М саны мен ашық люкпен ұшу жүргізілуі мүмкін режимдерге сәйкес келетін әсер ету және сырғу бұрыштары кезінде аэродинамикалық құбырлардағы сынақтар бойынша анықталады.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
266. Тежеу парашютінің бекітпе түзілімдері.
Тежеу парашютінің бекітпе түзілімдерінің беріктігін
P э = Рmaxm.n
жүктемеге тексерген жөн, мұндағы P э = Рmaxm.n - оның қолданудың ең жоғары рұқсат етілген жылдамдықта тежеу парашюті ашылған кезде пайда болатын максимальді динамикалық күш. Күштің бағыты ағыстың бағытымен 1500 бұрышты құрастыратын пайда болатын конуста алынады.
267. Басқару органдары кронштейндерінің және өздері басқару органдарының беріктігі айналу ось бойына бағытталған және мынадай жүктелімдерден шыға отырып анықталатын:
nэ = 24 - сатылас орналасқан басқару органдары үшін;
nэ = 12 - деңгейлес орналасқан басқару органдары үшін инерциялық күштердің әрекетіне тексерілуге тиіс.
Флаттерлерге қарсы теңгеріштер.
Флаттерлерге қарсы теңгеріштердің және олардың бекітпелерінің беріктігі тынымсыз ауада ол ұшқан және қону кезінде ӘК серпімді тербелістерінде туындайтын инерциялық жүктемелерге тексерілуге тиіс.
Инерциялық жүктемелерді анықтау кезінде теңгеріштерге пайдалану жүктелім:
1) сатылас жазықтықта +3,0 nэу;
2) деңгейлес жазықтықта +6,0 кем болмауға тиіс.
Мұндағы nэу - nэу maх(а) және nэу maх (о)- дан көптеген мәні.
36. Жүктеудің ерекше жағдайы, ӘК көтеру 268. ӘК немесе оның агрегаттарын ілмектермен көтеру, есептік жүктелім 4,0; ӘК домкраттармен көтеру, есептік жүктелім 2,0 болады.
Соңғы жағдайда көрсетілген жүктелімге сәйкес келетін жүктемелер, сондай-ақ кез келген бағытта әрекет ететін және 0,25 есептік жүктелімге сәйкес келетін деңгейлес жүктемелермен бірлесіп қаралуға тиіс; бұл ретте, домкраттар тіректерінің нүктелерінде жүктемелердің деңгейлес құрамалары тіктемелерге пропорционал үлестіріледі және сатылас жүктемелер өзгерілмейтіндей инерциялық күштермен теңестіріледі.
ӘК есептік салмағына ӘК көтерудің сол бір немесе басқа тәсіліне рұқсат етілген максимальді салмақ алынуға тиіс. Осы шамалары Ұшуды пайдаланушы басқармасына енгізілуге тиіс.
37. Жүктеудің ерекше жағдайы, тұрақта желден болатын жүктемелер 269. Тұрақта ӘК жүктеудің барлық келтірілген жағдайларында ӘК қалыпты тұру жағдайында және деңгейлес жазықтықта кез келген жағынан, ал тік жазықтықта - деңгейлес жазықтыққа қатысты 150 бұрыштардың диапозонында үрленуі мүмкін деп санаған жөн.
ӘК қонды және оның басқару органдары тоқтатылған деп алған жөн. Желдің 40м/с тең VB жылдамдығымен әрекеті қаралуға тиіс.
Желдің жылдамдығы 15м/с болған кезде тоқтатылмаған (еркін) рульдер мен элерондарды жүктеуді қараған жөн.
Қосымша желдің жылдамдығы 15м/с болған кезде басқару органы бейтарап жағдайынан жылжыған және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұшқышқа осындай әрекеттің қажеттілігі туралы нұсқаулар болмаса, ұшқыштың қарсы әрекет жасайтын күші болмаған кезде шеткі жағдайдың шектеушісіне соғылғанда динамикалық нәтижесі қаралуға тиіс. Егер осындай нұсқаулар болса, онда рульдердің (элерондардың) қозғалысын қараған кезде ұшқыштың қарсы әрекетін (гидрокүшейткіштер ажыратылған кезде) есепке алуға рұқсат етіледі, ұшқыштың күші 0,5 Рэ тең алынады, мұндағы Рэ - элеронға тапсырылған күш.
Көрсетілген жағдайларға рульдер мен элерондарды тоқтатуға арналған бейімдегіштер де, сондай-ақ ӘК арқандап бекіту элементтерінің бекітпе түзілімдері есептелуге тиіс.
Ескертпе. Егер басқару органдары бейтарап жағдайда тоқтатылмаса, онда басқару органдары мен топсалы сәттерге жүктемелерді анықтаған кезде тапсырылған емес, ал аэродинамикалық трубалардағы эксперименттен немесе басқару органдары ауытқуының тиісті бұрыштары кезіндегі есептен алынған мәндер су және xy.o
мәндерін алған жөн
хч. d
----- Мұндағы хц.д - басқару органының алдыңғы жиегінен қысым
b
орталығына дейінгі қашықтық, b - басқару органының х ордасы.
270. Қанатты жүктеу жағдайлары.
Элерондар - бейтарап жағдайда
Симметриялық жүктеу.
Желдің бағыты - алдынан, Vв= 40 м/с, су = су maх Қысым орталығының жағдайы А жағдайындағыдай.
Симметриялық емес жүктеу.
Жүктемені симметриялық жүктеу жағдайындағыдай айқындаған жөн, бірақ, бұл ретте, қанаттың бір бөлігі жүктелмеуін алу қажет.
271. Элерондарды, жалғасқанатшаларды жүктеу жағдайлары.
Симметриялық жүктеу.
Элерондар - бейтарап, жалғасқанатшалар - жиналған жағдайда.
Желдің бағыты - арттан, Vв = 40 м/с
Өзіндік элерондардың және жалғасқанатшалардың қалыпты күшінің
коэффициентін сn = 1,5 және қысым орталығының жағдайын
хч. d
----- = 0,55. алған жөн.
b
Симметриялық емес жүктеу. Жүктемені симметриялық жүктеу жағдайындағыдай анықтаған жөн, бірақ, бұл ретте, элерон мен жалғас қанатша қанаттың тек бір жағына жүктелуін алу қажет.
Еркін элерондарды тірелгенге дейін кез келген жаққа ауытқыған жағдайда қараған жөн.
Желдің бағыты - арттан; Vв = 15 м/с.
Қалыпты күштің коэффициенті сn = 1,5; қысым орталығының жағдайы
хч. d
----- = 0,55;
b
272. Деңгейлес қауырсындануды жүктеу жағдайлары:
рульдер бейтарап жағдайында;
желдің бағыты – алдынан; Vв = 40 м/с.
Деңгейлес қауырсындануды қараған жөн, ол үшін қалыпты күштің
коэффициентін сn = 1,5, және қысым орталығының жағдайын
хч. d
----- = 0,25.
b
алу керек.
Желдің бағыты - арттан; Vв = 40,0 м/с. Биіктік рульдерін жүктеуді қараған жөн, олар үшін қалыпты күштің коэффициентін сn = 1,5
және қысым орталығының жағдайын xy.o= 0,55 алу керек.
b
Еркін рульдерді тірелгенге дейін кез келген жаққа ауытқыған жағдайда қараған жөн.
Желдің бағыты - арттан; Vв = 15 м/с.
Қалыпты күштің коэффициенті сn = 1,5; қысым орталығының
жағдайы xy.o= 0,55
b
Сатылас қауырсындануды жүктеу жағдайлары.
Бағыт рулі бейтарап жағдайында.
Желдің бағыты - бүйірден. Vв = 40 м/с.
Сатылас қауырсындануды қараған жөн, ол үшін қалыпты күштің
коэффициентін сn = 2,0 және қысым орталығының жағдайын xy.o= 0,40
b
алу керек.
Желдің бағыты - арттан; Vв = 40 м/с.
Бағыт рульдерін жүктеуді қараған жөн, олар үшін қалыпты күштің коэффициентін сn = 1,7 және қысым орталығының жағдайын алу керек.
b.
Бағыт еркін рульдерін тірелгенге дейін кез келген жаққа ауытқыған жағдайда қараған жөн.
Желдің бағыты - арттан; Vв=15 м/с.
Қалыпты күштің коэффициенті сn = 1,7; қысым орталығының
жағдайы xy.o= 0,55
b
273. Арқандап бекіту жүйесін жүктеу жағдайлары.
Арқандап бекіту элементтеріндегі күштердің шамаларын ӘК әрекет ететін мынадай күштердің тепе-тең жағдайларынан:
желден пайдалану ауалық жүктемелерден;
ӘК ауырлығының күшінен;
тірек нүктелерінде жердің реакциясынан;
арқандап бекіту элементтеріндегі күштерден анықтаған жөн.
38. Жүктеудің ерекше жағдайы, әуеайлақ бойынша ӘК тіркеп сүйреу 274. Келтірілген талаптар ӘК беріктігін әуеайлақ бойынша оны тіркеп сүйреткен жағдайда мынадай жағдайларда қамтамасыз етеді:
топырақты ұшу-қону жолағында (ӘК ұшуы мен қонуы үшін белгіленген топырақтың беріктігі кезінде) тіркеп сүйреу жылдамдығы 10 км/сағ және бетондалған ұшу-қону жолағында 20 км/сағ аспауға тиіс;
олар бойынша ӘК тіркеп сүйретілетін кез келген әуеайлақ рульдеу жолдарының еңіс бұрышы +30 аспауға тиіс;
жоспарда ӘК симметрия жазықтығынан тіркеп сүйреу ауытқуынан бұрышы ӘК бұрылыстарында +300 аспауға тиіс;
тіркеп сүйреу иілмелі де, қатты да тартымда жүргізілуі мүмкін.
Егер Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген айырмашылығы бар тіркеп сүйреу жағдайлары көзделген жағдайда беріктікке қойылатын талаптарды Дайындаушы нақтылауға тиіс.
275. Жүктеудің мынадай жағдайлары қаралады:
1) Сүйреу үшін жұмыс жағдайындағы сүйреткіш құралға оның осін бойлай әуеайлақтың үстіңгі жағына параллель Рэ күш әсер етеді, оның шамасы басқаша ой болмаса, Рэ күш үшін үлкен мән қабылдатқызатын А берілген жұмысты сүйреткіш құрал амортизациясын сіңіру шартымен айқындалады. А жұмысын мына формула бойынша анықтаған жөн:
Қатты тартқышы бар сүйреткіш құралмен тартқанда жұмыс А созылғанда да, ауырлықты қысқанда да сіңірілуі тиіс және тиісінше, сүйреткіш құрал күштің Рэ екі бағыты үшін де есептелуге тиіс.
Шасси мен ӘК конструкциясының беріктігін тексеру үшін тірекке әсер ететін тұрған кездегі жүктемені және сүйреу тәсіліне байланысты сүйреткіш құралдан тірекке түсетін салмақты ескеру қажет.
Ескертпе: Егер сүйрету бір мезгілде шассидің тұмсықтық және негізгі тіректері үшін жүргізілсе, шассидің әрбір тірегінің беріктігі жеке-жеке осы тармақта көрсетілген 70 % салмаққа тең оқшауланған әрекетпен тексерілуге тиіс.
2) Алдыңғы тірекке сүйрету үшін жұмыс жағдайындағы сүйреткіш құралға оның сүйреткішпен жанасатын нүктеде құралдың ұзына бойы осіне тік бұрышпен көлденең жазықта ұштасатын бүйірлік күш Fэ әсер етеді. Бұл жағдайды қатты тартқышпен сүйреткен кезде ғана қараған жөн. Fэ күш шамасын:
Fэ= Fэ =±+0,05 Рэ (Рэ 1 тармақшаны қарасын), осы норманың 275 тармағының формуласы бойынша анықтау керек.
Алайда:
егер басқару механизмі немесе шимми демпфері сақтандырғыш клапанмен жабдықталса, Fэ сүйреткіш құралдың ұзындығына Му mах, сәт туғызатын салмақ аз болады;
егер ӘК сүйрету еркін бағдарлау режимінде алдыңғы тіректі басқару жүйесімен жұмыс кезінде ғана жүргізілсе және бұл туралы Ұшуды пайдалану басқармасында тиісті жазба болса, онда Fэ күш шамасы жерде алдыңғы қ тіректі бұру үшін қажет сәттің негізінде таңдап алынады.
Бүйірлік күштің әсерінен шасси мен ӘК беріктігін тексеру үшін жүк тиеудің екі нұсқасы қарастырылады:
Fэ' бүйірлік күш және тіректегі тұрғызу жүктемесі әсер етеді;
бүйірлік күшпен және тіректегі тұрғызылған жүктемеге бір мезгілде Рэ күш әсер етеді.
276. Сүйреткіш құралдың конструкциясында сақтандырғыш құрылғы көзделуге тиіс. Сақтандырғыш құрылғылар үшін қирататын жүктемелердің шамасын пайдалану жүктемесінен асырмай қабылдау керек. Қатты тартқышы бар сүйреткіш құралмен жұмыс істегенде сақтандырғыш құрылғы созылғанда да, қысылғанда да жұмыс істеуі тиіс.
39. Қолайсыз әуеде ӘК динамикалық жүктелу жағдайлары 277. ӘК беріктігі қолайсыз әуеде ұшу және отырғызу кезінде жүктеменің динамикалық әсері ескеріле отырып, қаралуға тиіс.
278. Ұшудың барлық биіктігі мен жылдамдығы Vmax max дейін және тиісті пайдалану тепе-теңдігі мен ӘК сол немесе өзге бөлігінің беріктігіне қатысты аса қолайсыз тиелген кезде де ӘК ұшу массасының барлық диапазоны қарастырылуға тиіс. Өсу қарқындылығының желілік учаскесімен бір мәрте тік екпіннің әсерін қарау керек (19-сурет).
Өсу учаскесінің ұзындығы қабылданады L>30м. Екпіннің жоғары қарқындылық мәнін ӘК ауырлық орталығы арқылы өтетін фюзеляждің көлденең қимасында жүктемені өсірудің максимальді мәні /\nу тең болатындай анықтау керек. Алайда екпіннің индикаторлық жылдамдығы бір жарым шекті мәннен аспауы тиіс.
19-сурет.
279. Үздіксіз атмосфералық турбуленттіктің динамикалық әсерін тік және бүйірлі бағытта қарау керек.
Көлденең ұшуда оның мәнінен қосымша тік және бүйірлік бағытта жүктеменің кез келген түрін барынша пайдалана өсіруді /\Р (майыстыратын сәттер, жергілікті жүктеме және т.б..)
40. Қону кезінде ӘК динамикалық жүктелу жағдайлары 280. Қону және ұшу массасына сәйкес келетін жүктелу нұсқалары кезінде көрсетілген Ешпос және Е'ш жағдайлар арасындағы орташа қалыпта дөңгелектердің айналуын ескере отырып, негізгі шассиге ӘК қону қарастырылуы тиіс. Бастапқы уақытта көтеру күшін ӘК ауырлық күшіне тең деп қабылдау қажет. Аэ және Аmах болғанда ӘК амортизациялық жүйесі сіңірілуі тиіс жұмыстың екі мәні кезінде есептеу керек.
Аэ пайдалану жұмыстарын амортизациялық жүйе сіңірген кезінде mпос қонуды ұшу-қону жолағының жазықтығы туралы пневматика үйкеліс коэффициентінің u=0 және u=0,8 екі мәні кезінде қарастыру керек. Аmах үлкен жұмысты амортизациялық жүйе сіңірген кезінде m пос отырғызуды үйкеліс коэффициентінің u=0 және u=0,5 екі мәні кезінде қарастыру керек.
41. Флаттерден, басқару органдарының дивергенциясынан, реверсінен, «ӘК - автоматты басқару жүйесі» жүйесінің әуесерпінді тербелісі мен шиммиден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 281. Флаттерден, басқару органдарының дивергенциясынан, реверсінен, «ӘК – Автоматты басқару жүйесі» жүйесінің аэросерпінді тербелісі мен шиммиден қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы зерттеулер (есептер, модельдерді сынау, планер мен Автоматты басқару жүйесі жиілік сынау, ұшу сынағы) жүргізілуге тиіс. Осы зерттеулердің көлемін дайындаушы белгілейді.
282. ӘК ұшу массасының барлық диапазонында және ұшудың барлық биіктігінде флаттердің туындау мүмкіндігі 1,2 есеге ұлғайған Vmaxmax, жылдамдыққа дейін болмауы тиіс. Осы талап конструкцияның бастапқы нұсқасында да, флаттердің критикалық жылдамдығына әсер ететін оның кейбір параметрлері өзгерген кезде де орындалуы тиіс.
Осы параметрлердің тізбесі мен олардың өзгеру дәрежесін дайындаушы осыған ұқсас конструкциялардың флаттерінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесінің негізінде және арнайы зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша белгілейді.
Егер жүргізген зерттеулер нәтижесінде мынадай жағдайлардың бipi орын алса:
кемінде 1,25 Vmaxmax ұшу жылдамдығы кезінде флаттер туындаса;
ұшатын сызбасы өзгеше, не флаттердің критикалық жылдамдығы айқындаушы параметрге күрт байланысты болса;
есеп нәтижелері мен эксперименттік зерттеулер арасында түсініксіз сәйкессіздік болса, флаттерден ӘК қауіпсіздігін ұшу арқылы тексеру қажет.
283. Барлық биіктіктерде дивергенцияның критикалық жылдамдығы
V кр.див> 1,2 V max max. шартын қанағаттандыруға тиіс.
284. Барлық ұшу бөлшектерде басқару органдары реверсінің критикалық жылдамдығы мына шарттарды қанағаттандыруы тиіc:
V max max <600 км/сағ болғанда V кр.див >1,2 V max max V max max >600 км/сағ болғанда V кр.див >1,2 V max max +100 км/сағ
V max max >600 км/сағ жылдамдықта аз запас қабылдауға рұқсат етіледі, онда қорды азайту мүмкіндігі ұшу сынақтарының нәтижелеріне негізделуі керек.
285. ӘК барлық ұшу массасының диапазонында және барлық биіктіктер мен жылдамдықтарда V maxmax дейін кемінде 3,0 ажыраған контурдың жиілік сипаттамасының годограф модулі бойынша және кемінде 900 фаза бойынша "ӘК Автоматты басқару жүйесі" жүйесінің аэросерпінді орнықтылығының қоры қамтамасыз етілуге тиіс. Егер модуль бойынша немесе фаза бойынша қор көрсеткендерден аз болса, "ӘК - Автоматты басқару жүйесі" жүйесінің аэросерпінді ауытқуларынан ұшу қауіпсіздігі ұшу сынақтарымен расталуға тиіс.
286. Шимми. Ұшу-қону жолағы бойынша ӘК массалары мен жылдамдықтарының барлық диапазонында ұшу және қону кезінде шасси дөңгелектерінде шиммидің болмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
Шиммидің жоқтығы есептермен және жылжымалы таянышы бар қауғада шасси тіректерін сынаумен расталуға тиіс. Егер есептермен немесе арнайы параметрлермен ұшу сынақтары процесінде шиммидің қауіпсіздігі сенімді түрде дәлелденсе, дайындаушының шешімі бойынша сынақ жүргізбеуге рұқсат етіледі.
600>