Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет9/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37

42. Әуе винтінің флаттері
      287. «Классикалық» флаттерден әуе винтінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық ұшу режимдерінде 20%, қарағанда кемінде V max max асатын жылдамдықта және 20% қарағанда барынша рұқсат ететін шамадан асатын винттің айналу жиілігіндe флаттер туындамауы қажет.
      Осы талаптарды орындау аэродинамикалық құбырда осындай модельді есептеумен немесе динамикалық сынаумен расталуға тиіс.
      Ескертпе: Металл қалақтары бар қарапайым құрастырылған әуе винттері үшін «классикалық» флаттерден қауіпсіздікті растау талап етілмейді.
      288. Бip жерде жұмыс icтеген кезде «жыртатын» флаттерден әуе винтінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін л < 1,37 шарты орындалуға тиіс.
      «Жыртатын» флаттерден әуе винтінің қауіпсіздігі:
      тұғырықты жағдайда винттің осындай моделін динамикалық сынау;
      заттай винтті зауыттық тұғырықты және ұшу сынағы жолымен тексеріледі.
      Осы сынақтардың нәтижeлepiн талдау негізінде л рұқсат етілген шамаға қойылатын талаптар нақтылануы мүмкін.
43. Температуралық беріктікке және статистикалық сынақтарға қойылатын талаптар
      289. Қозғалтқыштың қандай да бip елеулі температуралық ықпалына ұшырайтын ӘК-нің конструкция элементтерінің беріктігі бұл ықпалдардың әсерін ескере отырып тексерілуі тиіс. Қозғалтқыш ағыны шығуымен жанасатын ӘК конструкциясы панелдерінің беріктігі бұл ағындардың жүктеме шамасына әсерін ескере отырып, сондай-ақ ол туындатқан температура әсерін ескере отырып, айқындалуы тиіс.
      290. Тәжірибелі және сериялы ӘК арнайы бағдарламамен статистикалық сынақтардан өткізу керек.
      291. Сынақ бағдарламасына осы осы Норманың 27-40 тарауларында жазылған беріктікке қойылатын талаптарда көзделген және ӘК негізгі бөліктері үшін есептелетін жүктелу оқиғалары, сондай-ақ беріктікті есептеу сенімді шешім бермейтін ӘК конструкциясының барлық бөліктері мен элементтерінің сынағы қосылуға тиіс.
      292. Статикалық сынақ процесінде 67%-ға дейін есептік жүктеме тиелген кезінде ӘК конструкциясының қарбалас жай-күйін тексеру үшін жеткілікті көлемде мұқият тензометрия жүргізілуге тиіс.
      293. ӘК бөліктерін статикалық сынау, әдетте есептік жүктеменің 100%-на дейін немесе қиратылғанға дейін жүргізілуге тиіс. Қиратылғанға дейін сынақ өтетін жүктелу оқиғалары есептеу және ӘК түрлі бөліктеріне статикалык сынақ жүргізу кезектілігінің орындылығы ескерілген жобалау тәжірибесінің негізінде таңдап алынады.
      100% есептік жүктеме кезінде жекелеген элементтердегі кернеу қирауға жақын бірнеше eceптік оқиғаларда статикалық сынақ кезінде ӘК қандай да бip бөліктерін тексеру қажет болған кезде есептік оқиғалардың біреуінде жүктемені 100%-ға дейін, ал қалғандарында 90-80% eceптік жүктемеге жеткізу керек. Бұл ретте, сынақ 80%-ға дейін есептік жүктемемен жүргізілгенде қарбалас жай-күй 67% eceптік жүктемеден асатын жүктеме кезінде тензометрия жолымен тексерілуге тиic.
      294. Жоғары температураның елеулі әсерін есептеу көрсететін ӘК үшін конструкцияның панельдері мен элементтерінің беріктігі қыздырып та, қыздырмай да статикалық сынақпен тексерілуге тиіс.
44. Сынақтарды өткізу шарттары
      295. Статикалық сынақ өткізу кезінде таратылған жүктемемен қаптаманы және барлық алмалы-салмалы элементтерді: люктің қақпақтары мен жармасын, жатықтар мен басқаларын жүктеу қажет.
      296. Сынақ басталар алдында ӘК барлық бөліктерінің үсті мұқият тексерілуге және жапырылған, қатпаршақ және кедір-бұдыр түріндегі барлық өндірістік ақаулар белгіленуге тиіс.
      297. Сынақтан өткізілетін конструкцияны алдын ала тартудан кейін (40-50 % есептік жүктемеге дейін) есептік (қирататын) жүктемеден 67%-ға дейін жүк тиеп, содан кейін бастапқы жай-күйге дейін жеңілдету керек.
      67% eceптік жүктемеге тең жүк алынғаннан кейін, конструкцияның күшке түсетін элементтерінде көзге көрінетін қалдық деформациялар болмауы тиic. Конструкцияға кейіннен жүк салуды осы жағдай үшін бағдарламада көрсетілген жүк салуға дейін жүргізуге керек. Конструкцияға 90% - дейін барынша аз жүк тиеген кезде кейбір жерлерде ӘК қирауына әкеп соқтыратын әуе ағыны болған кезде бұзушылықтар болмауға тиіс.
      Ескертпе: Егер статикалық сынақ кезінде деформациялар байқалған жүк тиеуге сәйкес келетін режимдер жүргізілген ұшу сынақтары кезінде ӘК осы бөлігінде қандай да бip деформацияның жоқтығы дәлелденсе, статикалық сынақ кезінде алынған қалдық деформацияларды ӘК беріктігін бағалау кезінде назарға алмауға болады.
      298. Дайындаушы таңдап алған және сынақ бағдарламасында көрсетілген жүк тиеу жағдайы (жағдайлары) үшін пайдаланушылық жүктеме кезінде басқару жүйелерінде олардың жұмыс icтеп тұрған кезінде қажалудың жоқтығы тексеріледі.
      299. Тәжірибедегі ӘК сынау кезінде және сериялы ӘК бірінші сынау кезінде сынақ процесінде орын алған барлық бұзушылықтарға толық талдау жасалуға тиіс және бұзылған жерлердегі материалдардың қасиеттері сызбаларда көрсетілген кондициондық және геометриялық мөлшермен салыстырулар ескеріле отырып, конструкцияның беріктігінің жеткіліктігі туралы немесе конструкцияға немесе әзірлеу технологиясында өзгepicтep енгізу қажеттігі немесе дұрыстығы туралы қорытынды жасалуға тиic.
      Топтамалы өнімдерді бақылаудағы сынақтан өткізу кезінде 100 % есептік жүктемеден үлкен немесе тең жүк тиеу кезінде бұзушылықтың себебін талдауды жүргізбеуге рұқсат етіледі.
45. Ұшу сынақтарына қойылатын талаптар
      300. Ұшу сынақтары осы үлгідегі Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ұшағына рұқсат етілген режимде ұшу қауіпсіздігінің беріктік негіздерін растау мақсатында өткізіледі. Көрсетілген мақсат:
      ұшу кезінде күтілетін пайдалану жағдайында ӘК конструкциясы мен оның жекелеген бөліктерінде жүктелудің заңдылығы мен ерекшеліктерін зерттеумен, зертханада сынау кезінде де қабылданған есептермен салыстыру арқылы және қажет жағдайда ұшу сынақтары материалдарының негізінде соңғысына түзетулер енгізу арқылы;
      шекті режимге қол жеткізе отырып, ұшуды орындау арқылы;
      қажет кезде флаттерден, реверстен, дивергенциядан, ӘК Автоматы басқару жүйесімен аэросерпінді орнықтылығын жоғалтудан қayiпciздікті зерттеу бойынша, сондай-ақ белсенді басқару жүйесінің тиімділігін жүктелумен және серпінді тербелістердің (егер мұндай жүйе ӘК орнатылса) демпфирленуін анықтау бойынша арнайы ұшу сынақтарын жүргізу арқылы;
      ӘК пайдаланудың барлық режимінде жүктелудің қайталануын зерттеу арқылы қол жеткізуге тиіс.
      301. Ұшу сынақтарының режимі оған қол жеткізу үшін ұшқыштың қатты күш салуынсыз және ерекше пилот жасау шеберлігінсіз осы режимге қол жеткізу мүмкін болмайтын беріктік және аэродинамика шарттары немесе конструкциялық ерекшеліктері бойынша шектеулер кедергі жасамайтындай бекітілуге тиіс.
      302. Ұшу сынақтары нәтижелерінің негізінде, қажет болған жағдайда, Ұшуды пайдалану нұсқаулығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      303. Жердегі және ұшу жағдайында әуе винті конструкциясының элементтеріне әсер ететін жүктемелер (кернеулер) өлшенуге тиіс. Тензометрлеуді барлық режимдерде орындау керек. Осы сынақ кезінде тензодатчиктерді орналастыру сызбасы тұғырықты сынақтар кезінде әуе винтін есептеу және тензометрлеу нәтижелерінің негізінде айқындалуға тиіс. Өлшеу әдістемесі (тензометрленетін винттердің саны, жазбаның ұзақтығы, ұшу саны және басқалары) әуе винті элементтерінің кернеулік жай-күйінің деңгейі туралы және әсер ететін жүктеменің (кернеудің) қайталануы туралы шынайы аппарат алуды қамтамасыз етуге тиіс. Жүктемелерді (кернеулерді) өлшеуде алынған нәтижелер тиісті жүктеу жағдайларында берілетін шарттарға келтірілуі керек.
46. Конструкцияның тозу беріктігінің шарттары бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
      304. ӘК конструкциясы пайдалануда қайталанатын жүктеме мен температураның әсерімен апаттың ахуалға тікелей әкелуі мүмкін белгілі бір оның зақымдалатын уақыты (тағайындалған ресурс) ішінде барынша мүлтіксіз болуға тиіс.
      ӘК тиісті конструкциясын жасаумен қатар, осы талаптарды қанағаттандыру өндірістік-технологиялық әзірлеу және жөндеу процестерімен, техникалық қызметтермен және белгіленген ережелерді әpi шарттарды сақтаумен қамтамасыз етілуге және есептеу нәтижелерімен, нақты пайдалану шарттарын, соның ішінде әсер ететін жүктемелерді зерттеумен, төзімділігі мен өміршеңдігін (зақымдану қауіпсіздігін) зертханада сынау нәтижелерімен және осы үлгідегі ӘК және (немесе) осыған ұқсас үлгідегі ӘК пайдалану тәжірибесімен расталуға тиіс.
      Ресурстарды анықтаған кезде конструкцияның тозу әcepi мен температураның, коррозияның, сондай-ақ уақытпен, пайдалану және сақтау шарттарымен байланысты конструкцияға тән басқа да өзгерістердің әсерінен туындайтын конструкцияның беріктік қасиетінің азаю мүмкіндігі ескерілуге тиic. Пайдалану процесінде конструкцияның қажу беріктігінің төмендеуіне (коррозия, тозу, кездейсоқ механикалық зақымдалулар) әкелетін бақылаудағы факторлардың анықталуын қамтамасыз ететін конструкцияның жай-күйін жүйелі бақылау жүзеге асырылуға тиic.
      305. ӘК конструкциясының ресурсы конструкциялық элементтердің ресурсы бойынша анықталады. Оның қирауы немесе зақымдарының пайда болуы апаттық ахуалға тікелей әкеп соқтыруы мүмкін. Ұшу қayiпciздігінe тікелей қауіп төндірмейтін конструкция элементтерінде бұзушылықтар немесе зақымдар барлық конструкцияда ресурстарды орнату кезінде назарға алмауға болады. Егер пайдалану процесінде ауыстырылуы мүмкін конструкцияның жекелеген элементтері үшін өз ресурсы болса, конструкция үшін жалпы ресурстарды осы элементтердің ресурстарын ескермей орнату керек.
      306. Есептер мен тәжірибенің негізінде орнатылатын конструкция орнының тозу беріктігі бойынша қауіпті ӘК жеткілікті төзімділігін қамтамасыз ету жобалау сатысында-ақ (талап етілетін ресурс ескеріле отырып) көзделуге тиіс. Бұл ретте тиісті материалды таңдауға, конструкцияның жалпы кернеулігіне, кернеу концентрациясын барынша азайту мүмкіндігіне, конструкцияның элементтерін әзірлеу және оларды жинау технологиясының ұтымдылығына, дайындалатын өнімнің сапасын бақылау жүйесінің сенімділігіне, сондай-ақ тиісті конструктивтік-технологиялық ic-шараларды пайдалану негізінде төзімділікті барынша арттыруға назар аударылуы тиic.
      Ic-шаралардың тиімділігі жекелеген конструктивтік элементтердің (түйіндер, жапсарлар, панельдер, бөліктер және басқалар) төзімділігін зертханада сынаумен тексерілуге тиic.
      307. ӘК жобалау кезінде негізгі қуатты конструкцияның өміршеңдігін (қауіпсіз зақымдау) қамтамасыз ететін шаралар көзделуі тиіс, атап айтқанда:
      мүмкіндігінше ӘК пайдалану процесінде, әсіресе кернеу концентрациясы жоғары жерлерде және тозу зақымданулары туындауы ықтималық аймақтарда конструкцияның қуатты негізгі элементтерін тексеру немесе аспап арқылы бақылаудан өткізу жағдайы қамтамасыз етілуге тиіс;
      тексеру (аспап арқылы бақылау) кезінде қалдық беріктік пен конструкцияның қаттылығы зақымдануды біртіндеп тапқан сәтке дейін ӘК пайдалану қауіпсіздігі жеткілікті болу үшін ықтимал тозу зақымдауларының барынша баяу даму мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс;
      Пайдалану процесінде тексеру (аспап арқылы бақылау) үшін қол жетпейтін не тозу зақымдануларының тиімсіз жоғары даму жылдамдығымен сипатталатын конструкцияның орындары үшін, сондай-ақ тозу зақымдану қауіпті аэросерпінді құбылыстарға (флаттер, дивергенция және т.б.) әкеп соқтыруы мүмкін орындар үшін.
      308. Жобалау процесіндегі жұмыс нәтижелері бойынша ӘК пен конструкцияның тозу беріктігін eceптік бағалау және тозу беріктігі пайда болу мүмкіндігін болжау негізінде талап етілетін ресурсты өңдеу мен шарттарына (ic-шараларына) талдау жүргізілуге тиic.
      309. Тозу беріктігінің шарттары бойынша конструкцияның қауіпсіздігі ӘК пайдаланудың мынадай кезеңдерінде расталады:
      1) бастапқы тағайындалған ресурсты орнату кезінде тұрақты пайдалануды бастар алдында;
      2) бұрын орнатылған ресурсты әзірлеу шамасы бойынша пайдалану процесінде. Бұл ретте конструкцияның жүктелу шарттары мен оның тозу беріктігінің сипаттамасы туралы шынайы мәліметтерді арттыру, пайдалану шарттарын анықтауды талдау және есептеу негізінде және пайдалану тәжірибесінің жинақталуына қарай белгіленген ресурстың (ресурсқа дейін есептен шығарғанға дейін) ұлғайтылған мәнін біртіндеп (кезең-кезеңмен) орнату жүргізіледі.
      Бастапқы белгіленген ресурстың және есептен шығарылғанға дейін ресурстың мәні күтілетін пайдалану жағдайында көрсетілгендерге сәйкес келуге тиіс.
      310. Белгіленген ресурстарды орнатудың барлық кезеңіндегі жұмыстың нәтижелері бойынша дайындаушы мен тапсырыс беруші белгіленген тәртіппен пайдалану және жөндеу құжаттамасына тиісті нұсқаулар мен ұсынымдар енгізуге міндетті.
47. Белгіленген ресурсты бекіту
      311. ӘК конструкциясының жазғы сағаттар санымен және ұшу санымен немесе жұмыс icтeу циклдері санымен көрсетілетін белгіленген ресурсы мыналардан аспауы тиic:
      Конструкцияның шыдамдылығы шарттары бойынша;
      конструкцияның тоқтаусыз жұмыс icтеуін (қауіпсіз зақымдануын) есепке ала отырып.
      312. Конструкцияның шыдамдылығы шарттары бойынша пайдаланудағы жол берілген жұмыс істеу жалпы конструкцияның шыдамдылығын зертханалық сынақтардың және (немесе) шыдамдылыққа жүктеме беру шарттары бойынша және мүмкін болатын әлсіз жерлерді ұстап тұру конструкцияны жалпы сынаулар шарттарына жақындайтын нәтижелерінің негізінде анықталады.
      Шыдамдылыққа сынақтар пайдаланудағы қаралатын конструкцияның тиісті сыртқы әсер етулерге және жүктемелерге, сыртқы әсер етулер мен ауыспалы жүктемелер жиынтығында жүргізіледі. Осындай сынақтарын жүргізу мүмкін болмағанда конструкцияға қоса берілмейтін жүктемелер және (немесе) сыртқы әсер етулер тиісті түрде бағалануы тиіс.
      Шыдамдылық сынақтарға мыналар тартылады:
      Қанат, оның ішінде элерондар, жабылғыштар, қанат алдылары және қанатты тетіктендіретін басқа да элементтер;
      Қанатты басқару құралдары (тұрақтандырғыш, киль, биіктік пен бағыттау рулдері);
      Герметикалық кабинасы және оны шыныландыратын элементтері бар фюзеляж;
      шасси, оның ішінде дөңгелек және тежегіш;
      ӘК басқару жүйесі;
      қозғалтқыштар астындағы қондырғы.
      Ескертпе 1: шыдамдылыққа сынақтарға конструкцияның сонымен қатар басқа да бөліктері, негізгі қуатты схемасына кipeтін агрегаттар мен құрылғылар, егер олардың ұшудағы немесе жердегі қозғалысы кезіндегі бұзылулары тікелей ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, тартылуы тиіс.
      Ескертпе 2: конструктивтік элементтердің (панелдердің, тораптардың және т.с.) сынақтарының нәтижелерін есепке алатын оңтайлы есептік-экспериментальдік әдістермен шыдамдылық сипаттамаларын анықтау кезінде осы әдістер түзету коэффициентінің ауқымды факторды және натурлық конструкцияның және үлгінің жүктемелі-бұзушылық жағдайына сәйкес дәрежесін есепке ала отырып айқындалатын мәңгіліктілігіне негізделген шамадан тұруы тиіс.
      Ескертпе 3: шыдамдылық сынақтарына статикалық сынақтардан өткен конструкциялар жіберілмейді.
      Шыдамдылық сынақтарының бағдарламасы ауыспалы жүктемелер шамасының және жүктеме беру циклдері санының үйлесімі ресурсқа әсер eтуі мүмкін пайдалану жағдайында орын алған жүктеме берудің барлық режимдерін бейнелеуі тиіс.
      Егер сынақтар бағдарламасы жүктеме сатыларының шектелген санымен конструкциялардың жүктеме беруін көздейтін болса, онда таңдалынған сатылар сипаттамалары тоза бастаған зақымданудың барынша үлкен үлесін енгізетін жүктемелер режиміне мүмкіндігінше жақын сәйкес болуы тиіс.
      Бұл ретте тиісті есеппен конструкциялар орындарының тоза бастаған беріктігі бойынша қауіпті орындар үшін сынақтар және пайдалану кезіндегі жүктемелер арасында тоза бастаған зақымдану даму кезеңіндегі мәннен тоза бастаған зақымдану туындағанға дейінгі кезеңдегі шамалардың мүмкін болатын айырмаларын, сондай-ақ пайдалану шарттарының мүмкін болатын шашыраңқы өлшемдерін есепке ала отырып, баламалар айқындалуы тиіс.
      Ескертпе: Сынақтар мен шамалар баламалары пайдалану тәжірибесінің және шыдамдылық зертханалық сынақтары нәтижелерін салыстырмалық талдауының және ӘК паркінің техникалық жай-күйі бойынша деректердің негізінде нақтылауға тартылуы тиіс.
      Шыдамдылыққа сынақтар бағдарламасы мыналарға негізделуі тиіс:
      Тіркеп сүйреу режимін, ұшуға рулмен бағыттауды, жерде қозғалтқыштарды байқап көруді, жүрісті, биіктік жиынын, крейсерлік режимдегі ұшуды, төмендетуді, қонуға кірісуді, жүгіруді және тұраққа қарай бұруды, олардың ұзақтығын (созылуын) және көрсетілген режимдердің әрқайсысын сипаттайтын басқа өлшемдер жиынын есепке ала отырып, қоса алғанда үлгілік ұшу (немесе оларды жүзеге асырудың бірлескен қатыстық үлестерімен үлгілік ұшу жиыны);
      ұшудың әрбір биіктіктерін және ӘК пайдаланудың тиісті трассаларының әртүрлі географиялық аудандарын есепке ала отырып атмосфералық турбуленттілікке әсер етуден туындаған жүктемелердің қайталануы;
      осы үлгідегі ӘК пайдалану негіздерімен және ережелерімен байланысты маневрлік жүктемелердің қайталануы;
      қозғалтқыштардың жүктемелерінің қайталануы ұшып-қону, қозғалтқыштардың жұмыс істеу және жер бетінде қимылдау кездерінде (меңгеруі, үдету, жүрісі);
      қанат тетіктері құралдарын және ӘК ауада және жерде тежеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану кезінде, сондай-ақ әртүрлі тектегі автоматикалық құрылғыларды қолдану мен ұшыру кезінде жүктемелердің қайталануы;
      қалыпты пайдалану процесіндегі және жөндеуден кейінгі ондағы ауаны сығулар кезінде герметикалық кабинадағы артық қысымның қайталануы.
      Ескертпе 1: Жалпы конструкцияны немесе оның жекелеген бөліктерін сынаулар бағдарламасы, сонымен қатар мынадай түрдегі жүктемелерді есепке алуы тиіс, винт ағынынан немесе реактивті қозғалтқыштан, аэросерпінді қысымнан жоғары жиілікті жүктемелер, конструкцияны біркелкі емес қыздырудан жүктемелер, дөңгелектердің жайсыздығынан жүктемелер және басқалары, егер де жүргізілген талдаудың немесе қолда бар тәжірибе негізінде осы жүктемелер қарастырылатын конструкцияның ресурсына әсер eтуі мүмкін болса.
      Ескертпе 2: Қуатты конструкцияның жылжымалы элементтерінің шыдамдылығына сынақтар кезінде (шығару және шассиді, жабылғыштарды және басқаларын жинау жүйесі) егер жүргізілген талдаудың немесе қолда бар тәжірибенің негізінде тең бөлінулерде тозу мен тот басудың әсерін, осы әсер елеулі болуы мүмкін екендігі белгіленсе қозғалыстың кинематикасымен байланысты жүктемеліліктің өзгерістерін есепке алу мақсатында ауыспалы жүктемелер мен қозғалыстардың қажетті үйлесімі жүзеге асырылуы тиіс.
      Бip бағдарлама бойынша бірегей конструкцияның зертханалық сынақтары кезінде алынған шыдамдылықтың тиісті сипаттамаларына пайдалануға жіберілетін жүктеме сынақтар циклдерінің (блоктарының) П орташа санының суммарлық коэффициентімен анықталады.
      Ескертпе: әртүрлі бағдарламалар бойынша сынақтар нәтижелері болған кезде бірыңғай бағдарламаға тиісті қайта есептеуден кейін пайдалануға жол беріледі.
      Сенімділіктің П суммарлық коэффицентінің шамасы мынадай анықталады:
      П = П1П2П3П4
      Осы шығармаға кіретін коэффициенттер саны төменде келтірілген нұсқамаларға сәйкес қолданылады.
      Сынақтар бағдарламасы құрылымының пайдаланудағы нақты жүктемелер сипаттамасының шыдамдылығына сәйкестігі деңгейін есепке алатын П коэффициентінің шамасы мыналарға тең қабылданады:
      П1 = 1,0 сынақтар бағдарламасы кезінде олардың шамасы бойынша да, сол сияқты олардың әрекетінің бірізділігі бойынша да пайдалануда қайталанатын жүктемелердің жиынтығын бейнелейтіндер жеткілікті түрде толық кездеседі;
      П2 = 1,5 пайдалануда қайталанатын жүктемелер жиынтығы бұл ретте тиісті есептік әдістерді пайдалану арқылы жүктемелердің тұрақты амплитудасымен шартты циклдердің сынақтар бағдарламасында бірізділікке келтірілуі.
      Ескертпе. егер тұрақты амплитудасы бар жүктемелер циклі оның тоза бастаған зақымдануын айқындайтын конструкцияның сипатты жүктеме алуын барынша көрсететін болса П1 коэффициентінің шамасы тиісті негіздеме болғанда 1 < П1< 1,5 диапазонында қабылдануы мүмкін.
      Бұзу қаупінің деңгейінің есепке алатын П2 коэффициент шамасы:
      П2 = 1 тең қабылданады, егер сынақтар және (немесе) есеппен тоза бастаған өзінің бастапқы дамуында тоза бастаған зақымдану ұшудан кейінгі тексеру кезінде және (немесе) техникалық қызмет көрсетудің барынша аз кезеңдігіндегі регламенттерді жүргізу кезінде тиімді табылуы мүмкін екендігін көрсетсе.
      П2 = 1,2 барлық қалған жағдайларда.
      П3, коэффициентінің ӘК қолданылатын жүктемелердің қайталануы туралы деректерді есепке алатын шамасы мыналарға тең қолданылады:
      П3 = 1,0, пайдалану салыстырмалы үлкен кезеңі үшін ӘК осы түрінде алынған (немесе қарастырылатынға жақын өлшемдері бар ӘК атмосфералық турбуленттілігінің сипаттамалары үшін) және пайдаланудың ерекшеліктерімен, географиялық шарттарымен, трассаның ұзартылуымен және т.б. байланысты жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтар есепке алынған жүктемелердің қайталануы туралы тиімді экспериментальдік материалдар пайдаланылса.
      П3 = 1,5, егер ӘК-ң жекелеген топтарының немесе даналарының жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтарының талдауынсыз жүктемелердің қайталануы туралы орташаландырылған экспериментальдік материалдар пайдаланылса.
      Ескертпе. Жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтар деңгейіне қатысты П3 арнайы талдаудың нәтижeлepi бойынша 1 < П3< 1,5 диапазонында қабылдануы мүмкін.
      П3 = 2, егер оңтайлы есептік әдіс негізінде алынған жүктемелердің қайталануы туралы материалдар пайдаланылса.
      Ескертпе. Жүктемелердің қайталануының оның асыра көтерілген мәнінде бағалау тәсілін пайдалану кезінде коэффициент шамасы П3 = 1. шамасына дейін төмендеуі мүмкін.
      Шыдамдылықтың қасиеттерінің азаюын есепке алатын П4, коэффициентінің шамасы сыналған бірдей конструкцияның санына қатысты 3-кестеге сәйкес қабылданады.
3-кесте



Үлгілер саны

1

2

3

4

5

6

n4

5,0

4,0

3,5

3,2

3,1

3

      Ескертпе 1: шыдамдылыққа сынау кезінде оң және сол конструктивтік элементтер бірдей болып есептеледі.


      Ескертпе 2: егер сынақтар кезінде Nmax циклдердің (блоктардың) барынша саны бірдей жағдайда қол жеткізу кезінде Nmin минимальдігіне қатынасы (тоза бастаған зақымдануды тапқанға дейін белгілі бip шамаға зақымданудың туындауына дейін, жекелеген конструктивтік элементтердің толық немесе жекелей бұзылуына дейін) 4-кестеде келтірілген мәннен аспаса, сынақталатын конструкциялардың саны ұлғайтылуы тиіс. Конструкциялар санын ұлғайту мүмкін болмағанда, сондай-ақ олардың санының алтыдан жоғары ұлғайту қажет болғанда П4 коэффициентін орналастыру арнайы талдау нәтижелері бойынша жүргізіледі.
4-кесте



Кестелер саны

2

3

4

5

6

Nmax/Nmin

1,4

1,7

1,9

2,1

2,3

      Ескертпе 3: егер бірдей конструктивтік элементтер бірдейлік жағдайға дейін келтірілмеген болса (тоза бастаған зақымдану пайда болғанға дейін, шаманы анықтаудың зақымдануы туындағанға дейін, жекелеген конструктивтік элементтерінің толық немесе жартылай бұзылуларына дейін) циклдердің (блоктардың) орташа санын айқындау және 4.3-кестеге сәйкес коэффициентті таңдау арнайы талдау нәтижелері бойынша жүргізілуі тиіс.


      Егер шыдамдылығына сынақтар кезінде қандай да бip конструктивтік элемент бұзылса немесе зақымданса, онда оны жаңамен ауыстыруға немесе зақымдалған жеріне жөндеу жүргізуге тура келеді; зақымдану табылғаннан кейін ауыстырғанға (жөндеуге) дейін зақымданудың даму деңгейін анықтауға дейін жүктемелендіруді жүргізу ұсынылады. Сынақтар конструкцияның басқа бұзылған жерлерін табу және жөндеу тиімділігін тексеру үшін жалғастырылуы тиіс. Бұл ретте ауыстырылған немесе жөнделген конструктивтік элементтің жұмыс icтеуі оның сынақтарының басынан бастап, ал қалған конструкциялар - сынақтардың суммарлық көлемі бойынша есептеледі.
      Ескертпе: Егер ауыстыру немесе жөндеу қалған конструкциялардың элементтеріндегі жүктемелі жағдайдың елеулі өзгерістерін туғызса, бұл өзгерістер эквиваленттердің шамаларын нақтылауға сәйкес есепке алынатын болады. Мұндай есеп мүмкін болмағанда немесе тиімсіз болғанда осындай элементтердің одан әpi сынақтары есептелмеген ретінде танылады.
      313. Тоқтаусыз жұмыс icтеуін (қауіпсіз зақымдануын) есепке ала отырып пайдаланудағы жол берілген жұмыс icтеуді айқындау конструкцияның шыдамдылық есептеріне сәйкес келетін жалпы шыдамдылығы мен тоқтаусыз жұмыс істеуіне зертханалық сынақтардың, сондай-ақ жүктеме беру және бекіту шарттары бойынша конструкцияны жалпы сынақтарының шарттарына жақындайтын тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар негізінде анықталады.
      Тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар (зақымданудың) оның тоза бастаған зақымдануы немесе жекелеген конструктивтік элементтердің ішінара (толық) бұзылуы мүмкін болған кезде қалдық беріктік ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаманы сақтайтындығын растау мақсатында жүргізіледі. Тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар кезінде пайда болған зақымдардың орны мен деңгейі конструкцияның нақты үлгісіне және конструкциялардың ұшу жарамдылығын бақылау мен пайдалануда күтілетін ауыспалы жүктемелердің әсер етуінен зақымдалулардың даму жылдамдығын есепке ала отырып, пайдалануда зақымдауларды тауып алу мүмкіндігіне байланысты айқындалады.
      Ең төменгі жол берілетін қалдық беріктік конструкцияның зақымдалмаған бөлігіне қатысты зақымданудың (бұзылудың) барынша қолайлы емес орналасуы мүмкін жағдайда Рр - зақымдалмаған конструкцияның қаралатын орнын қажетті беріктігін анықтайтын жүктемеліліктің тиісті жағдайының есептік жүктемесі болатын 0,67Рр бастап Рр дейін диапазонында жүктемеге сәйкес келуі тиіс. Әpбip нақты жағдайдағы жүктеменің, шамасы арнайы талдаудың негізінде анықталады. Фюзеляждің герметикалық бөлігі үшін мынадай жағдайлар қаралуы тиіс:
      Шамасы көрсетілген диапазоннан жоғары және Pdaaeca      кабинасындағы артық қысымнан қабылданатын жүктеме жағдайындағы жүктемелердің үйлесімі;
      үлгілік ұшулардың ішінен барынша қолайсыздықтарын орындау кезінде крейсерлік биіктікте көлденең ұшуда туындайтын PYeca
      =1,15 Pdaaeca кабинасындағы пайдаланушылық артық қысымның үйлесімі.
      Ескертпе: шаманың негіздемелік сараптамалық материалдарының бар болуы кезінде П4 сенімділік коэффициенттері тоза бастаған зақымдауды дамыту сатысы үшін 2-кecтeciндe көрсетілгендермен салыстырғанда төмендетілуі мүмкін.
      Тоза бастаған зақымдаулардың туындаған орнын болуы мүмкін өзара орналастырудың қосымша талдауы бар болған кезде техникалық жай-күйі бойынша пайдалануға рұқсат берушілікті көрсететін пайдаланудағы зақымданулардың даму жылдамдығы мен оларды тауып алудың сенімділігі П = 2 қарағанда аз коэффициенттің мәні ретінде ерекше қабылдануы мүмкін.
      Tөзімділік пен сақталғыштыққа зертханалық сынақтар аяқталғаннан кейін конструкцияның жай-күйі толық тексеру жүргізілуі тиіс, оның ішінде сынақ процесінде табылуы қиын немесе мүмкін болмайтын тоза бастаған зақымдауларды анықтау мақсатында ажыратылмайтын қосылыстарды бөлшектеу (ажырату) арқылы, бақылаудың инструментальды әдістерін пайдалану арқылы.
      314. Бастапқы тағайындалған ресурсты орнату сәтіне қанағаттанарлық нәтижелерімен жүргізілген ӘК төзімділігіне арналған зертханалық сынақтардың көлемі есептен шығарғанға дейін кемінде бip реттік ресурсқа (сенімділіктің коэффициентінсіз) сәйкес келуі керек.
      ӘК болжанып отырған пайдалану жағдайларында жүктеменің шамасы және олардың қайталанушылығы ұқсас типтегі ӘК бойынша материалдар, пайдалану жағдайындағы болжам нәтижелері, жүргізілген ұшу сынақтары мен есеп айырысулар процесінде жүктемелерді өлшеу бойынша деректер негізінде анықталады.
      315. Белгіленген ресурс ретімен (кезең бойынша) мыналардың:
      ӘК паркін пайдаланудың сипаты мен жағдайын нақтылау;
      арнайы ұшу сынақтарының нәтижелері бойынша ӘК агрегаттарының жүктемелігін қажет болған кезде нақтылау;
      осы типтегі ӘК ұшу кезіндегі ауырлық орталығында жүктемеліктің қайталанушылығы бойынша статистиканы жинақтау;
      нәтижелердің, қажет болған жағдайда төзімділік пен сақталғыштыққа (зақымданулардың қауіпсіздігі) қосымша зертханалық сынақтар, оның ішінде пайдаланудағы нобайы бар конструкциялардың;
      осы типтегі ӘК пайдалану тәжірибелері негізінде бастапқы немесе кезекті тағайындалған ресурсты әзірлеу шамасына қарай ұлғаяды.
      Белгіленген ресурстар шегіндегі пайдаланудың қауіпсіздігі барлық парктің және ӘК бастапқы рейстері топтарының тәжірибесімен бақылануы тиіс.
      Бас топтардың ӘК ретінде нобайы бойынша қалған парктен барынша асып түсетін ӘК тағайындалуы тиіс. Бас ӘК саны мен топтарының құрамы әpбip ӘК типі үшін нақты белгіленуі тиіс.
      Бас топтың әpбip ұшағында жоғары көлемде және үздіксіз оны пайдаланудың шарттарын есепке алу жүргізілуі тиіс, сондай-ақ штаттық базада және олар орнатылған жағдайда арнайы құралдардың жүктемелік жағдайы белгіленуі тиіс.
      Бас топтардың ӘК бірінші кезекте техникалық жай-күйі бағалаудың барынша тиімді әдістері, оның ішінде конструкциялардың тұтастығының бұзылмайтын бақылауының жаңашыл құралдары пайдалануы тиіс.
      Ұлғайтылған белгіленген ресурстарды белгілеуімен бip уақытта белгіленген ресурстар шегінде ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары анықталған және нақтыланған болуы тиіс, ал оның ішінде:
      пайдалану және жөндеу кезінде жүйелік бақылауға жататын конструкцияның орны, сондай-ақ осы ic-шаралардың мерзімдері (кезеңділігі) көрсетіле отырып, конструкцияны ауыстыру және пысықтау тізімі айқындалған болуы тиіс;
      ӘК пайдалану шарттарын бақылау және олардың кезекті белгіленген pecуpcты бекітілген кезде қабылданған шарттарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет