Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#5940
  1   2   3
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 жылғы, № 46, 472-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1193 қаулысы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің      
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 962 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шілдесіндегі Заңына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) талаптарына сәйкес әзірленген.


      2. Қағида аса жеңіл авиация әуе кемелерін қоспағанда, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді. Осы ретте азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының сертификаты азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат болып табылады.
      Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерінің пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Ұшуға жарамдылық сертификаты:
      1) 1 жыл;
      2) әуе кемесінің планерінің қызмет көрсету мерзімін әуе кемесін жасаушы бекіткен мерзімге жеке ұзартқанда, 1,5 жылдан артық емес;
      3) жаңа әуе кемесіне немесе әуе кемесінің планері күрделі жөндеуден өткен кезде 2 жыл мерзіміне беріледі.
      4. Ұшу жүргізумен айналысатын әуе кемелерінің осы әуе кемесі тіркелген мемлекет берген немесе таныған ұшуға жарамдылығы сертификаттары болады.
      5. Осы Қағидада сертификаттардың келесі түрлерінің берілуі қарастырылады:
      1) ұшуға жарамдылығы сертификаты;
      2) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты;
      3) арнайы ұшуды орындауға рұқсат (ұшу жарамдылығының арнайы сертификаты);
      4) шуыл бойынша сертификаты.
      6. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) өтініш беруші – ұшуға жарамдылығы сертификатын, ұшуға жарамдылығының арнайы сертификатын, ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, шуыл бойынша сертификатын алу үшін уәкілетті органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
      3) өтінім – өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификат алу үшін берген жазбаша өтініші;
      4) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін оның техникалық жай-күйі;
      5) ұшуға жарамдылығы сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;
      6) үлгі сертификаты – азаматтық әуе кемесi типі конструкциясының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн растайтын құжат;
      7) арнайы ұшуды орындауға арналған рұқсат (ұшу жарамдылығының арнайы сертификаты) – әуе кемесінің ұшу сынақтарын жүргізетін немесе техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін жүргізетін орнына ұшуы үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
      8) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты – Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарылған, экспортқа арналған әуе кемесіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
      9) шуыл бойынша сертификат – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, азаматтық әуе кемесінің жергілікті өңірдегі шуылы бойынша сәйкестігін куәландыратын құжат;
      10) әуе кемелерінің пайдалану құжаттамасы – оның техникалық қызмет көрсетілуі мен жөнделуін қоса, әуе кемелерінің ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін, сондай-ақ, пайдалану шарттары мен пайдаланушылық шектеулерді қамтитын құжаттама;
      11) әуе кемесінің, қозғалтқыштардың және негізгі агрегаттарының формулярлары – авиациялық техниканың атқарымын (күнтiзбелiк ресурсы, сағаттық ресурсы, қонулар бойынша ресурсы) және оның техникалық жай-күйiн есепке алуға арналған негiзгi құжаттар;
      12) ұшуға жарамдылығы директивасы – жай-күйі қауіпсіз емес болып табылатын немесе осындай жай-күй сол үлгідегі конструкцияның басқа да бұйымдарында орын алуы мүмкін, не дамуы мүмкін және қабылдануы тиіс түзету іс-қимылдарын, не осындай бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін шарттарды немесе шектеулерді ұйғаратын, авиациялық бұйымды айқындайтын құжат.
      7. Сертификаттаудың мынадай тәртібі белгіленеді:
      1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшуға жарамдылығы сертификатын алуға арналған құжаттармен бірге өтінім беруі;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізуі және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасауы;
      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беруі (беруден бас тартуы).
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру тәртібі

      8. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім ресімделеді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:


      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
      2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
      3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын барабар құжат;
      5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);
      6) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);
      7) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын әзірлеуші зауыттың сертификаты;
      8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректер;
      9) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректер;
      10) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі;
      11) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;
      12) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;
      13) орындалған түрлендірулердің мәртебесі;
      Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынуы тиіс.
      Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
      8-1. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы берген ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезінде өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді ресімдейді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
      2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
      3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;
      5) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;
      6) орындалған түрлендірулердің мәртебесі.
      Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
      8-2. Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
      2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
      3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі;
      5) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, дана сертификатының көшірмесі;
      6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы беру кезінде);
      7) Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес негізгі орналасқан жеріне дейін ұшуға рұқсат етілген ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі немесе ақаулар мен істен шыққан жерлердің тізбесі болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі (алғашқы беру кезінде).
      Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Ескерту. Қағида 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
      9. Құжаттар толық көлемде тапсырылмаған немесе тапсырған құжаттары осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, өтінімді алу сәтінен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде оларды өтініш берушіге кері қайтарады. Бұл ретте, өтініш берушіге жазбаша түрде қабылдамау себебі көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі.
      10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау үшін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ұшуға жарамдылыққа сертификаттаудың үлгілік бағдарламасына сәйкес әзірленген әуе кемесінің нақты түріне арналған ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасын қолданады.
      Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық байқап тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен сертификаттық байқап тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторларына арналған нұсқау материалын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторларының сертификатталатын әуе кемесіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланушы құжаттамасын көрсетеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Пайдаланушы құжаттамасын сараптау және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасайды.
      Сертификаттық байқап тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін күні мен ескертулерді жою жөніндегі жауапты адамдарды көрсете отырып, түзету іс-қимылдарының жоспарын жасайды.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіткен сәттен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Өтініш берушінің құжаттары осы Қағиданың талаптарына сәйкес және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің негізінде уәкілетті орган ұшуға жарамдылығы сертификатын беру туралы шешім қабылдайды.
      Ұшуға жарамдылық сертификаты осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде беріледі. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.
      Ұшуға жарамдылығы сертификаты қолданылу мерзімі ішінде сақталады, мерзімі біткеннен кейін мұрағатқа тапсырылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13-1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-1. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтата тұру және кері қайтарып алу

      Ескерту. Қағида 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
      1) әуе кемесі ұшуға жарамды күйде ұсталмайды;
      2) авариялық-құтқару жабдығында ақау бар;
      3) ұшуға жарамдылық сертификатының қолданыс мерзімі өтіп кеткен;
      4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) сәйкес орындалмайды.
      13-3. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификаты қолданысының тоқтатыла тұру себебін көрсетеді.
      Ұшуға жарамдылық сертификаты тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда, ол кері қайтарып алынады.
      13-4. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оны қалпына келтіруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді пайдаланушы жойғаннан және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жойылған сәйкессіздіктер бойынша қосымша тексеру жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
      13-5. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол кері қайтарып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.
      13-6. Ұшуға жарамдылық сертификаты кері қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.

3. Арнайы ұшуды орындауға арналған рұқсатты (ұшуға жарамдылығы арнайы сертификатын) беру тәртібі

      14. Арнайы ұшуды орындауға арналған рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қолданыста ұшуға жарамдылығы сертификаты болмаған мынадай жағдайларда:


      1) әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу үшін;
      2) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе қайта жабдықтау орнына және әуе кемесінің тұрақты орналасатын орнына дейін ұшып баруын орындауы үшін береді.
      Ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты ұшуды жүзеге асыру, бірақ сертификат берілген сәттен бастап 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге беріледі.
      15. Арнайы ұшуды орындауы кезінде әуе кемесінің бортында жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
      16. Арнайы ұшуды орындауға рұқсат алу үшін, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес өтінім береді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) әуе кемесінің техникалық жай-күйі және осы Қағиданың  2-қосымшасына сәйкес ұшып бару мүмкіндігі туралы қорытындысымен қоса ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;
      2) әуе кемесінің пайдалану шектеулері мен сәйкессіздіктері туралы мәліметтері бар анықтама.
      17. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім берілген сәттен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес ұшуға жарамдылығының арнайы сертификатын ресімдейді және береді.
      Ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты бір жылдың ішінде сақталады және мұрағатқа тапсырылады.

4. Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру тәртібі

      18. Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын әуе кемесін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарғаннан кейін және шығарылғандығы туралы куәлік берілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді. Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты 1 ай мерзімге беріледі.


      19. Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес өтінімді мынадай құжаттарды қоса беріп ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемесінің шығарылғаны туралы куәлігінің көшірмесі;
      2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының түпнұсқасы.
      20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім берілген сәттен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын ресімдейді және өтініш берушіге береді.
      Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты үш жылдың сақталады және мұрағатқа тапсырылады.

5. Шуыл бойынша сертификат беру тәртібі

      21. Шуыл бойынша сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді және азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының сертификатына қосымша болып табылады. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес шуыл бойынша сертификатты алу үшін өтінім береді.


      22. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес нысанындағы шуыл бойынша сертификатты береді.
      23. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетел мемлекеті берген шуыл бойынша сертификатты таниды.

6. Ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын беру

      24. Ұшуға жарамдылығы сертификаты бүлінген, жоғалған, ұрланған жағдайда әуе кемесін пайдалану дереу тоқтатылады. Ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін, өтініш беруші, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтінішін және өтініш берушінің жүргізген қызметтік тексеруі материалдарын жібереді.


      25. Уәкілетті орган, өтініш берушінің барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 7 күн ішінде ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын бланкіде шығарып беруді жүргізеді, оның жоғарғы оң бұрышында «Телнұсқа» белгісі қойылады.

Қазақстан Республикасының   


азаматтық авиациясы әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
1-қосымша            

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 № 1392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік тізілімге ______ ж. «___» ________ № _____ болып
енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді
және сертификат беруді сұраймын.
Үлгісі ______________________________________________________________
Әуе кемесінің мақсаты _______________________________________________
Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі ____________________________
Әуе кемесінің жасалған күні _________________________________________
Дайындаушының атауы _________________________________________________
Дайындаушы мемлекет _________________________________________________
Үлгі сертификаты (немесе балама құжат): ___ № __ берілген күні ______
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон: __________________ Факс: ___________________________________
Электрондық поштаның мекен жайы (бар болса) _________________________
Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы _________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты, телефоны ______________________________________________
      3. ӘК данасының орналасқан жері _______________________________
      4. ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізген
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекен жайы
_____________________________________________________________________
      5. Әуе кемесінің ұшуы _________________________________________
- пайдалану басталғаннан бастап: ______ сағ. ______ қонуы _______ жыл
- соңғы жөндеуден кейін: __________ сағ. ________ қонуы _________ жыл
      6. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы: ___ сағат __ соңғы ___ жыл
      7. Салмағы, кг _______________. Орталықтау, % САХ _____________
      8. Әуе кемесіне түзету, өзгерту жұмыстарын жүргізген ұйым _____
      9. Пайдаланудың техникалық деректеріне енгізілген, жүргізілген
жетілдірудің нәтижесі болған өзгерістер көрсетілсін (егер орын алса):
ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау: ___________________________________
техникалық пайдалану жөніндегі нұсқау: ______________________________
техникалық қызмет көрсету регламенті: _______________________________
      10. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға жіберу туралы ақпарат: ___
      11. Әуе кемесі ИКАО _____ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген.
      12. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша
деректері.
      13. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS)
рұқсаты бойынша деректер.

Қазақстан Республикасының   


азаматтық авиациясы әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
2-қосымша           

      Нысан   

«Бекітемін»
Пайдаланушының бірінші басшысы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет