тоқтатылуы
1. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi кооперативтен өз қалауымен шығуға құқылы. Бұл ретте оған оның жарнасы төленуге немесе берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа төлемдер төлеу жүзеге асырылуға тиiс.
Кооперативтен шығатын мүшеге жарна мен басқа мүлiк есептi кезең аяқталып, кооперативтiң қаржы есебi бекiтiлгеннен кейiн берiледi.
2. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi өзiне кооператив жарғысында жүктелген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, сондай-ақ заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да реттерде жалпы жиналыстың шешiмi бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелiгiнен шығарылғаны үшiн сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi кооперативтен соған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты жалпы жиналыстың шешiмi бойынша шығарылуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтiң одан шығарылған мүшесi өз жарнасын және осы баптың 1-тармағына сәйкес кооператив жарғысында көзделген басқа да төлемдердi алуға құқылы.
3. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi өз жарнасын немесе оның бiр бөлiгiн, егер осы Кодексте, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кооперативтiң басқа мүшесiне беруге құқылы.
Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа жарнаны (оның бiр бөлiгiн) беруге, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, кооперативтiң келiсуiмен ғана рұқсат етiледi. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кооперативтiң басқа мүшелерi мұндай жарнаны (оның бiр бөлiгiн) сатып алуды басым құқықты пайдаланады.
4. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi етiп қабылдануы мүмкiн. Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден бас тартқанда немесе кооператив мұрагердi қабылдаудан бас тартқанда оған мүлiктегi қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына бара-бар үлес, сондай-ақ кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне қосқан жеке еңбегi үшiн сыйақы төленедi.
5. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарнасынан оның жеке борышын өндiрiп алуға оның мұндай борышты заң құжаттары мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша жабу үшiн басқа мүлкi жетпеген жағдайда ғана жол берiледi.
Ескерту. 100-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 , 2007.08.07. N 321 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
101-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта
құру және тарату
1. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтi қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодексте және басқа заң құжаттарында белгiленедi.
2. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылуы мүмкiн.
VI. Мемлекеттiк кәсiпорын
102-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын туралы негiзгi
ережелер
1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;
2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.
3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс.
4. Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
5. Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамалық актiсiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк кәсiпорын басшысынан басқа өзге де орган мемлекеттiк кәсiпорынның органы ретiнде әрекет ете алады.
6. (алынып тасталды)
7. Мемлекеттiк кәсiпорынның құқылық ережесi осы Кодексте және өзге заң құжаттарында белгiленедi.
Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.03.02 N 211, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
103-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген
кәсiпорын
1. Құрылтайшы бекiтетiн шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
2. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.
Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
Осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген реттердi қоспағанда, мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Ескерту. 103-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
104-бап. Қазыналық кәсiпорын
1. Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын қазыналық кәсiпорын деп танылады.
2. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
3. Құрылтайшы бекiткен қазыналық кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
4. Жедел басқару құқығына негiзделген кәсiпорынның фирмалық атауында кәсiпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуге тиiс.
5. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда көрсетiлген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қазыналық кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен туындайды.
Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.12.16 N 320, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
VII. Коммерциялық емес ұйымдар
105-бап. Мекеме
1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзiнiң құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және егер қосымша қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
3. Мемлекеттiк мекеменiң шарттық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мекемелердiң құқықтық жағдайы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамалық актiсiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Ескерту. 105-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
106-бап. Қоғамдық бiрлестiктер
1. Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.
Қаржы нарығындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың қоғамдық бiрлестiктердi құру және оларға қатысу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.
Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2 - 6. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 PЗаңымен.
7. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Сот шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.
8. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтық ережесi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 106-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.05 N 2489 заң күшi бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 , 2-6-тармақтар алып тасталды - 1998.03.02 N 211, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
107-бап. Қоғамдық қор
1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.
2. Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкiлдiк етедi, оның дербес балансы және банктiк шоты бар.
3. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк құқықтары жоқ.
4. Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып табылады.
5. Қоғамдық қорды басқару тәртiбi мен оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында белгiленедi.
Қоғамдық қордың жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағындағы мәлiметтерден басқа қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, ол таратылған жағдайда қор мүлiктерiнiң тағдыры көрсетiлуге тиiс.
6. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
7. Қоғамдық қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;
2) егер қордың мақсаттарына жету мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;
3) қор өз қызметiнде жарғымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда;
4) заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылады.
8. Қоғамдық қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Ескерту. 107-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.05. N 2489 заң күшi бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1999.07.16. N 436 Заңдарымен.
108-бап. Тұтыну кооперативi
1. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады.
3. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында, осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi жарналарының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна төлеу тәртiбi және олардың жарна төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы; кооператив мүшелерiнiң өздерi шеккен залалдарды жабу тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.
4. Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.
5. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы.
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi.
6. Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi.
7. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.
Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы бапқа сәйкес арнайы заңда белгiленедi.
8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. 211 , 2006.07.05. N 164 Заңдарымен.
109-бап. Дiни бiрлестiк
1. Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
2. (алынып тасталды - 1998.03.02. N 211 Заңымен )
3. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне алынуы мүмкiн.
4-8. (алынып тасталды - 1998.03.02. N 211 Заңымен )
9. Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
10. Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
11. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 109-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.05. N 2489 заң күшi бар Жарлығымен , 2, 4-8-тармақтар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
110-бап. Жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды
тұлғалардың қауымдастық (одақ)
нысанындағы бiрлестiгi
1. Жеке кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.
Заңды тұлғалардың қаржы рыногында қызметтi жүзеге асыратын қауымдастығын (одақтарын) құру және оларға қатысу ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
2. Қоғамдық бiрлестiктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар, соның iшiнде мекемелер осы ұйымдардың қауымдастығына (одақтарына) өз еркiмен бiрiге алады.
3. Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады.
4. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады.
5. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастық (одақ) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша жәрдем жөнiнен жауапты болады.
Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 , 2003.05.16. N 416 , 2007.01.12. N 225 Заңдарымен.
Параграф 3. Мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiстiң азаматтық заңдармен реттелетiн
қатынастарға қатысуы
111-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық
құқық қатынастарына қатысуы
1. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.
3. Азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешедi.
Ескерту. 111-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
112-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң
азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы
1. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарда бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерiнде және өзге де құжаттарында белгiленетiн құзыретi шегiнде өз әрекеттерi арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша арнаулы тапсырмамен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.
3. Заңдарда белгiленген реттерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет атынан өкiлдiк ете алады.
4. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пен оның органдарына, егер заңдардан өзгеше жағдай туындамаса, осы Кодекстiң тиiсiнше мемлекет пен оның органдарының азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуы туралы ережелерi қолданылады.
5. Азаматтық-құқықтық дауларды әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қатысуымен соттар шешедi.
113-бап. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiстiң мiндеттемелерi бойынша ақы өндiрiп
алу
1. Қазақстан Республикасы өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк қазына мүлкiмен жауап бередi, ал әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өз мiндеттемелерi бойынша жергiлiктi қазына мүлкiмен жауап бередi.
2. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте және заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
114-бап. Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске
заңды тұлғалар туралы қалыптарды қолдану
Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуын анықтайтын қалыптар, егер заң құжаттарынан өзгеше қалып туындамайтын болса, қолданылады.
3-тарау. Азаматтық құқықтар объектiлерi
Параграф 1. Жалпы ережелер
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12 N 225 , 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым
қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi.
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды.
117-бап. Жылжымайтын және жылжымалы мүлiк
1. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектiлер жатады.
Егер кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншiкте болса, олар дербес жылжымайтын мүлiк объектiлерi (түрлерi) болып танылады.
2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелерi, «өзен-теңiз» жүзу кемелерi, ғарыш объектiлерi де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заңнамалық актiлермен жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
Осы Кодекстiң және өзге де заңнамалық актiлердiң жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтiн нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетiлген заттарға қолданылады.
3. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда, жылжымайтын затқа жатпайтын мүлiк жылжымалы мүлiк деп танылады. Заңнамалық актiлерде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы заттарға құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
Ескерту. 117-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
118-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк
Достарыңызбен бөлісу: |