Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министирлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі433.48 Kb.
#132949
1   2   3   4   5   6

1.4.7 Металл мен қорытпаларды жарналау


Осы бөлімді зерттей отырып жарналау мәнін ескерген жөн. Негізгіге қарағанда балқудың ең аз температурасы бар, шөкпелі материал ғана балқытылатынына мән аударыңыз. Қолданылатын бұйымдардың негізгі екі топқа бөлінеді: жұмсақ және қатты; жұмсақ және қатты бұйымдардың белгілерін, оларды балқыту температурасын анықтаңыз.

Қазіргі уақытта өндіріс масштабына байланысты әр түрлі механизациялы және автоматты жарналау әдістері қолданылады. Ультрасәулелі жарналау сияқта арнайы әдістер жарналауды қолдану аймағын кеңейтеді.



Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:

- Жарналау процесінің физикалық мәнін баяндаңыз. Оларды қолдану аймағы.

- Жұмсақ және қатты бұйымдарды жарналау технологиясының айырмашылығы неде? Белсенді және әрекетсіз флюистар дегеніміз не?

- Науаларда, пештерде газды отпен, индукциялы жарналау амалдарының мәнін баяндаңыз.

- Ультрасәулелі жарналау, вакуум мен инертті газдарда жарналау мәні неде?


    1. Кесіп өндеу технологиясы

5 бөлім
1.5.1 Жалпы сипаттамасы және кесіп өндеудің физикалық негіздері

Құрылыс материалдарын кесіп өндеу, жабдықтар мен машиналарды жасауда бетінің тазалығы және берілген нақтылықпен, бөлшектерді алудың негізгі амалы болып табылатының ескеру қажет.

Ұсынылатын оқулықтар бойынша, материалды кесіп өндеу технологиясы мен теориясының қазіргі замаңғы даму жағдайымен, бетінің сұрыптамасы және оларды өндеу әдістерімен, кесіп өнделетін бөлшектің технологиялылығына қойылатын талаптармен танысу қажет. Сонымен қатар, бөлшектердің нақтылы өлшемдерін таңдау, бетінің нақтылығы мен тазалығына қойылатын талаптар және т.б. МСТпен анықталғаның ескеру қажет.



Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:

- Кесіп өндеудің қандай амалдарын білесіз, және кесу тәртібіне қандай элементтер тән? Кесіп өндеу амалдарын сұлба түрінде көрсетіңіз және сұлбада басты қозғалыс пен әперу бағыттарын қойып шығыңыз.

- Токарлі, жону, бұрғылау, фрезамен өндеу және ажарлау металл кесетін білдектерда басты қозғалыс пен әперу қозғалысы түсінігін түсіндіріңіз.

- Кесу тәртібі қандай параметрлермен сипатталады? Кесу жылдамдығы дегеніміз не, оның өлшемділігі қандай екенін түсіндіріңіз.

- Әперу дегеніміз не? Ұштау, бұрғылау, жону, фрезамен өндеу, ажарлау кезіндегі әперу өлшемділігі қандай?

- Өткінші токарлі кесу жазықтығы мен бұрыштарын көрсетіңіз, олардың белгілерін түсіндіріңіз.

- Жаңқа түзілу процесін түсіндіріңіз және жаңқа түрлерін атаңыз. Жаңқа түріне кесу тәртібі элементтері мен өнделетін материал қасиеттері қалай әсер етеді?

- Шор дегеніміз не, қандай жағдайда ол түзіледі және қалай ол өнделетін беттің сапасына әср етеді?

- Кесу күші дегеніміз не және Рz кесу күші мен оның құрамдас бөліктері арасындағы тәуелділік қандай? Қандай факторлар және кесу күшіне қалай әсер етеді?

1.5.2 Металл кесетін білдектер


Ең алдымен металл кесетін білдектер сұррыптамасын зерттеу қажет, одан кейін әр түрлі топ білдектері әкелуін және жіберуін толық қарастыру қажет. Білдектердің кинематикалық сұлбаларын оқу үшін оқулықта берілген МСТ 2.770-81 сәйкес әр түрлі түйіндердің шартты белгілерін есте сақтап алу қажет.

Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:

- Металл кесетін білдектер сұрыптамасын баяндаңыз. Білдектерды топқа бөлу негізіне не салынған?

- Токарлі тобы, бұрғылау тобы білдектерін қандай топшаларға бөледі? Берілген топ білдектерін топшаларға бөлу негізінде не жатыр?

- Фрезамен өндеу, жону тобы білдектерін қандай топшаларға бөледі? Берілген топ білдектерін топшаларға бөлу негізінде не жатыр?

- Ажарлау тобы білдектерін қандай топшаларға бөледі? Ажарлау тобы білдектерін топшаларға бөлу негізінде не жатыр?

- Металл кесетін білдекты әкелу деп нені атайды? Білдектерды әкелудің қандай түрлерін білесіз? Токарлі және ажарлау білдектерін әкелуді атаңыз.

- Металл кесетін білдекті жіберу дегеніміз не? Қазіргі замаңғы білдектерды жіберудің қандай түрлері бар?

1.5.3 Токарлі білдектерда өндеу


Токарлі білдектерда дайындықтарды өндеуді зерттеуді, мықтылығы жоғары және тығыз балқытылған металлдардың алғашқы, жартылай таза, таза , жіңішке ұштау, жоғары өндірісті ұштау және ұштаудың арнайы түрлері бар екенін ескеріп, айналу денелерінің сыртқы, ішкі және шетжақты бетін ұштау түрлерін қарастырудан бастау қажет. Одан кейін токарлі білдектер сұрыптамасын зертеу және 1К62 және 1К625 үлгісіндегі токарлі – бұрамалы кесетін білдек құрылғысын қарастыру қажет; осы білдектердың негізгі түйіндері мен қозғалысын қарастырыңыз. Токарлі кесу түрлерін және бір кескіші бар токарлі білдектер жұмысын, онда қолданылатын жабдықтарды зертеңіз.

Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:

- Токарлі білдекта өнделетін айналу денелерінің сыртқы, ішкі және шетжақты бетін ұштау түрлерінің сипаттамасын келтіріңіз.

- Токарлі топ білдектеры сұраптамасын баяндаңыз. Токарлі білдектердың кең тараған түрлерін, олардың үлгілерін атаңыз

- Токарлі – бұрамалы кесетін білдектер құрылғысы және оның негізгі бөліктерінің белгілері (станина, алдыңғы қыспақ, артқы қыспақ, әперу механизмі).

- Басты қозғалысты келтіру механизмін атаңыз. Сүмбі айналымы санын бес сатылы реттелуі бар жылдамдық қорапшасы қалай құрылғаның айтып беріңіз. Кесу жылдамдығы мен дайындық диаметрі белгілі болса, минутына сүмбінің айналымы санын қалай табуға болады?

- Әперу қозғалысын келтіру механизмін атаңыз. әперу қорапшасы белгісі мен құрылымын айтып беріңіз.

- Токарлі білдек гитара механизмі қалай құрылған және оның белгісі қандай?

- Алжапқыш механизмі құрылғысын түсіндіріңіз, көлденең және кесе көлденең әперуді қалай қосып өшіреді және әперу бағыты қалай өзгереді.



1.5.4 Бұрғылау және уату білдектерінде өндеу


Бұрғылау процесі екі бірлескен қозғалыс кезінде жүргізіледі: бұрғының ось айналасында айналуы (басты қозғалыс) және бұрғының ось бойымен түсіру қозғалысы (әперу қозғалысы). Кесу тәртібі элементтерін және саңылауды бұрғымен, зенкермен, разверткамен өндеу процесі ерекшеліктерін зерттеңіз. Бұрғылау станогында саңылауды бұрғылау сұлбасын келтіру және басты қозғалыс пен әперу қозғалысы бағытын көрсету, және де кесу күшін, кесу жылдамдығын және бұрғылау кезінде әперуді білу қажет

Өзіндік тестілеуге арналған сұрақтар:

- Бұрғылау кезіндегі кесу тәртібінің негізгі элементтері. Саңылауды бұрғылау кезіндегі басты қозғалыс пен әперу қозғалысы бағытын келтіріңіз.

- Бұрғылау – уату жұмыстарында кесу құрал - жабдықтадың қай түрлерін қолданады? Жұмыс процесінде бұрғыға қандай күштер әсер етеді?

- Бұрғылау кезіндегі кесу жылдамдығы дегеніміз не және оны қалай анықтайды?

- Тік – бұрғылау станогының басты қозғалысты және әперу қозғалысын келтіру қандай механизмдерден тұрады? Бұл механизмдер белгісін түсіндіріңіз.

- Радикал – бұрғылау станогының құрылғысы мен жұмысы қағидасын айтып беріңіз. Тік – бұрғылау станогымен салыстырғанда оның негізгі артықшылығы неге негізделеді?

- Бұрғылау тобы білдектерінда қанда йжұмыс түрлерін орындайды және ол кезде қандай құрал – жабдық пен құралды қолданады? Зенкерлеу мен развертывание қай жерде және не үшін қажет?

- Бұрғылау станогында әр түрлі құралдармен саңылауды өндеуде қандай нақтылық пен өнделетін беттің тазалығын алуға болады?

- Агрегатты білдектердағы жұмыс тәртібі мен құрылғы сұлбасын баяндаңыз.

- Қандай саңылауларды терең деп атайды, қалай және қандай білдектерды оны бұрғылауды іске асырады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет