Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі шәКӘрім атындағЫ



бет7/11
Дата29.06.2016
өлшемі345.5 Kb.
#166325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шектер теориясы, туынды және анықталмаған интеграл, үздіксіз және дифференциалданатын функциялар туралы негізгі теоремалар, Тэйлор форму-ласы, анықталған интеграл, бірнеше айнымалылар функциялары, дифференциалды есептеудің геометрия-лық қолданбалары, қатарлар теориясы, параметрге тәуелді үздік емес интегралдар, еселі интегралдар, қисықсызықты және бет бойынша интегралдар, қатарлар және Фурье интегралдары.


Білімі: Туындылар мен интегралдарды ала білу, анықталған және анықталмаған интегралдар, Фурье интегралымен қатарлары жайлы білу.

Іскерлігі: Туындылар мен интегралдарды шығара білу, анықталған және анықталмаған интегралдарды қолдана білу.

Дағдысы: Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығара білу

Құзіреттілігі: Математикалық талдау бойынша білімін көрсету.

Бағдарлама жетекшісі: Ракашева Д.

6

DIT 0216

Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер

Кредит саны – 3(1+2+0) ECTS бойынша кредит саны-5.



Постреквизиттер – математикалық талдау.

Прекреквизиттер – математикалық физика әдістері.

Оқыту мақсаты: дифференциалдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері, дифференциалдық теңдеулер үшін асимптоталық әдіс туралы түсіндіру.

Қысқаша мазмұны:

Бірінші ретті теңдеулер, п ретті теңдеулер және теңдеулер жүйелері, сызықты дифференциалдық теңдеулер, орнықтылық теориясы, параметрлері бар дифференциалдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері, дифференциалдық теңдеулер үшін асимптоталық әдіс туралы түсінік, бірінші ретті дербес туындылы теңдеулер, вариациялық есептеу, интегралдық теңдеулер.


Білімі: Диф. және интегралдық теңдеулерді білу; Теңдеулердің шешу жолдарын, әдістерін білу.

Іскерлігі: Диф. мен интегралдық теңдеулерді өз еріктерімен шеше білуді, тиімді тәсілдерді қолдану.

Дағдысы: Диф. мен интегралдық теңдеулерді өз еріктерімен шеше білуді, тиімді тәсілдерді қолдана білуге дағдыландыру.

Құзіреттілігі: дифференциалдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері, бірінші ретті дербес туындылы теңдеулер, вариациялық есептеу жолдарын түсіндіріп көрсету.

Бағдарлама жетекшісі: Ракишева Д.


7

ETTN 0217
Электроника негіздері

Кредит саны – 3(1+1+1) ECTS бойынша кредит саны-5.

Постреквизиттер – математикалық талдау.

Прекреквизиттер – математикалық физика әдістемесі..

Оқыту мақсаты:Электроника негіздері пәні бойынша сызықты және бейсызық тiзбектердi сараптау әдiстерiн үйрету.

Қысқаша мазмұны:

Сызықты және бейсызық тiзбектердi сараптау әдiстерi. Шалаөткiзгiштiк құрылғылар жұмысының физикалық негiздерi. Күшейткiштердiң амплитуда-жиiлiктiк және фаза-жиiлiктiк сипаттамалары. Таңдамалы күшейткiштер. Дифференциалды каскад және амалдық күшейткiштер. Гармоникалық тербелiстердiң генераторлары, RC-, LC- генераторлары. Сандық электроника. Логикалық сүлбелер теориясының негiздерi. Электронды кiлттер. Шифратор, дешифратор. Мультиплексор, демультиплексор. Триггерлер. Есте сақтау құрылғылары. Санағыштар. Тiркегiштер. Балама-сандық, санды-баламалық түрлендiргiштер.


Білімі: Сызықты және бейсызық тiзбектердi сараптау әдiстерiн білу, және оның қолдануын үйрету.

Іскерлігі: Сандық электроника. Логикалық сүлбелер теориясының негiздерi. Электронды кiлттер жайлы түсіндіру.

Құзіреттілігі: Электроника негіздері бойынша оз білімділігін корсету, эксперементтік әдістер қолдана отырып мүмкіншілігін арттыру.

Бағдарлама жетекшісі: Ботатаев. В.У.


8

VTTN 0218

Векторлық және тензорлық талдау негіздері

Кредит саны – 2(1+1+0) ECTS бойынша кредит саны-3.



Постреквизиттер – математикалық талдау.

Прекреквизиттер – математикалық физика әдістері, және теориялық механика.

Оқыту мақсаты: Векторлар күбейтіндісі, векторларды дифференциалдау және интегралдау; әдіс –тәсілдерін түсіндіру.

Қысқаша мазмұны:

Векторлар күбейтіндісі, векторларды дифференциалдау және интегралдау; градиенттің операторлары және оны қолдану; Остроградский-Гаусс, Стокс теоремалары; тензорлық есептеу элементтері


Білімі: матрицалық есептердің әр-түрлі шығару жолдарын және олардың векторлық шамаларын қолдана білу.

Іскерлігі: Әр-түрлі матрицаларды шығара білудің жолдарын үйрету.

Құзірілеттігі: Базалық білімін аналитикалық геометрия т.с.с пәндерде қолданып. Іс-жүзінде асыра білу.

Бағдарлама жетекшісі: Ракишева Д..


9

AGA 0219

Аналитикалық геометрия және жоғарғы алгебра

Кредит саны- 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны-5.



Прекреквизиттер – жоқ.

Постреквезиттер – .

Оқыту мақсаты: Векторлық алгебраның және аналитикалық геометрияның элементтері, анықтау теориясы, сызықтық кеңістік, жалпы жүйе сызығының теңдеуі, евклидовты заттық және комплекстық кеңістік, билисызықтық және квадраттық формалар, сызықтық операторлар, теория элементінің тобы, сызықтық алгебраның сандық әдістемесі.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: сызықтық теңдеудің негізгі шешу жолын білу, векторлар қозғалысы, қисық сызықтардың жазықтықтағы екінші тәртібі.

Іскерлігі: әр түрлі жағдайдағы анықтауыштарды есептеп, аналитикалық геометрияның қарапайым есептерін шешу.

Дағдысы: әр түрлі әдістермен есептерді шығару.

Құзіреттілігі: жоғары математика мен аналитикалық геометрияның базалық білімін жүзеге асыра білу, алған білімдерін практика жүзінде қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет