Ќазаќстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі



жүктеу 1.04 Mb.
бет2/8
Дата17.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ќазаќстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті


Жаратылыстану факультеті

“Биология” кафедрасы

“Зоологиясы ” пәні бойынша

050113 “Биология” мамандықтарынын студентері үшін

Лекцияның қысқаша курсы

.

3 кредит


2-ші бөлім

Жетісай- 2005 ж


Лекция 1. Тақырыбы: Кіріспе. Жануарлар туралы түсініктеме

Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалынардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты алардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.

Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері-жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа да пайдаланатын түрлері де бар.

Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа пайдал тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып табылады. Сондай-ақ жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз.

Жабайы жануарларды жоспарлы түрде пайдалану және оларды қолда өсірілетін жаңа тұқымдарын шығару жұмысына біздің елімізде үлкен маңыз береді. Мұның өзі мемелекеттік табыстың басты көзі болып есептеледі.

Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауылшаруашылық зиянкестері. Оларға сарышұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т.б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, бурцелез, энцифалит т.б.) тасымалдаушы болып саналады.

Омыртқалылар қаншама күрделі көп түрлі болғанымен, толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеулердің нәтижесінде систематиканың салыстырмалы анатомияның гистологияның, экологияның, зоогеофафиның, және т.б. көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.

Омыртқалылар зоологиясының осы заманда биік шыңына көтіруіне кептеген оқымыстылардың (Н.М. Книпович, В.К. Солдатов, А.Н.. Державин, Б.М. Житков және т.б.) қаржылы еңбектері негіз болды.

Зоологияның негізгі мақсаты — омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрскеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.

Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.

Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді бунақталмаған иілгіш денесінің ұзына бойы созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканнен құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады. Сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.

Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын невроцел деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігін эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімін, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы атысады, оларды желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады. Басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тәні ерекшеліктері.

Хордалыларда тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы — екінші қуысы (целом). Бұның өзі оларды тікентерілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген оргаңдардың метомерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалылардан метомерия айқын байқалмайды хордалылардың денесін бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.

Хордалылардың систематикасы. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді: личинка — хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар (Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.


Лекция 2. Тақырыбы: Бас сүйексіздер (Асrаnіа). Ланцетник (Branchiostoma Lanceolatum)

Бұл тип тармағына бас хордалылар (cephalochordata) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан - бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-қолдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.

Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі - (Branchiostoma Lanceolatum).

Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан — ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.

Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары - цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.

Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет өсіресе арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі-миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлері бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ткандермен шектеліп (белініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінін оңай иілуіне жағдай туғызады.

Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуолдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұрады.



Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінін бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында ояз қалады, оны иіс оязы деп атайды.

Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - гecce көзшелері орналасақан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі - жарық сезгіш клетка, ал екіншісі - пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі - құрсақ, екіншісі - арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне қарағанда аралас қозғалтқыш — сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады.

Сезім органдары - өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар денесіндс - эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.

Ac қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинкер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді, соның нетижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек саңылаулары арқылы атриальдық қуысқа, одан атиопор арқылы сыртқы шығады.

Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндостильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың үстіңгі бөліміне қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай-созылып жатқан желбезек үсті оязына балып жалғасады. Эндостильдіқ шырын шығаратын бездерінін шырынына, су ағынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері жабысып қалады. Эндостильдік эпителий кірпікшелерінің қозғалуы шырынға оралған қоректік заттардың ауыз бөліміне, одан ары желбезек үсті өзек арқылы ішекке түсуін қамтамасыз етеді.

Ішегі жіктелмеген, бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық есінді шығады. Бұл жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні бауыр өсіндісі деп аталады. Бұл айтылғандардан ланцетниктер пассивті түрде қоректенеді және тыныс алады деген қорытынды шығады. Бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі — жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты.



Қан айналу системасы - карапайым бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады қаны түссіз, жүрегі болмайды.

Зәр шығару жүйесі - жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен - соленоцидтармен қапталған. Соленоцидтардың іші қуыс, оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінін көмегімен целомның ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп одан сыртқа шығарылады.

Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен ажырату мүмкін смес. Олар көптеген (25 пар) шap тәрізді целом қуысынын желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп одан атриопор арқылы сыртқы суға шығарылады. Яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.

Көбеюі және дамуы. Ланцстниктредің кебеюін және дамуын бірінші peт А.О. Ковалевский зерттеген. Ланцетниктердің ұрықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кешке ұрықтанған жұмыртқа түн ортасында гастролалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек сақылауы қалыптасады.


Лекция 4. Тақырыбы: Бас сүйектілер немесе омыртқалылар (Craniata немесе Vertebrate). Дәңгелек ауыздылар (Cyclostomata)

Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстарғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге өрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.

Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:

1. Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata)

2. Балықтар (Pisces)

3. Қосмекенділер (Amphibia)

4. Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia)


  1. 5. Құстар (Aves)

  2. 6. Сүт қоректілер (Mammalia)

Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады.

Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады

Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады. Аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сөйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншіктермен шашақталған, басының алдыңғы жағыда сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканың ішіндегі етті тілдің үш жағына орналасқан. Эпидермисті жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына басының үстіне таман, ал миксиндерде басының алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен құйрық бөлімінің шекарасында орналасады да, сыртқа ашылатын орқайсысының жеке жолдары болады.

Ет системаеының көпшілігі жақсы жіктелмеген. Желбезек қапшықтары ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Денесіндегі еттер, яғни миомерлер өзара жабын дәнекер миоцепталар арқылы жіктеліп тұрады.

Ac қорыту органдары воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтықаншақ екі тарамға балінеді: жоғарғы тараммен қоректік заттар ішке қарай кетеді. Ал төменгі тарамы тұйықталып желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіл жалғасады. Олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысына етуін баяулатып, оның толық қорытуына себепші болады.

Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан жеті пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген пластинкалардың болатынын байқауға болады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су, желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-15 дейін болады.

Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұратын жүрегі болады.

Нерв системасы. Деңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми мен мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Мидан 10 жұп нерв тарайды.

Сезім органдары - өте қарапайым. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері нашар жетілген. Миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілік етуіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады.

Зәр шығару органы — мезонефрикалық бүйректерден құралады. Зәр заттарының шығару түтігінің қызметін Вольфов каналы атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.

Жыныс бездері - дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалардан шыққан заттар дененін ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына келіп құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты.

Қазіргі тіршілік етін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді:

1. Миногалар (Petromyzoniformes)

2. Миксиндер (Myxiniformes)
1-отряд. Миногалар - (Petromyzoniformes)

Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалар жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар. Бұл ланцетниктегідей эндостильдің қызметін атқарады. Көзі терісінің астында жатады. Миы басқа органдарымен салыстарғанда үлкенірек деуге болады. Құм қазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құм қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 жылдың ішінде айналады. Бұл отряд бір тұқымдастан және жеті туыстан құралады. Миногалар барлық суларды тіршілік ететін космополиттер.

Өкілдері Каспий және өзен миногалары болып саналады. Каспиций миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сентябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Қура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып өзен ағысына қарсы жоғарыға қарай бірнеше жүз км өрістен көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалынған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді. Ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.

Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см болады. Бұлар Европа мен Азияның Солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздеріндс кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді. Өзен миногаларынын Каспий миногасына қарағанда көсіптік маңызы аз.


Лекция 4. Тақырыбы: Балықтар класы (Pisces)

Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.

Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының үшіншіден, иіс сезімі және тану тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының экотодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтарымен қапталуы т.б. жатады.

Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған беімделе алады.

Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.

Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші- шеміршекті балықтар; екінші -сүйекті балықтар.



Балықтардың негізгі эколгиялық топтары.

Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ.. Бірақ орыс оқымыстылары : К.Ф.Кисслер 1877, Н.А.Смирнов (1912-1924), А.А. Браунер (1923), В.И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше экологиялық топтарға топтастырған.

І. Теңіз балықтары. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынадай топтарға бөлуге болады.

1. Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде оз ара араласып жататын балықтар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді, көбінесе актив жүзеді. Оларға акулалар, сардиналар, марелдар жатады.

2. Литоральдық - су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жануарларынан қорғанады, және қоректерін табады. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен, қылқан тәрізді (скаттар, кейбір қамбалара, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреулерінде қалын сауыт негізделген.

3. Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабатарын (200 метрден томен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, ете тұздылық, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Аббисальдық балықтардың көпшілігінде кез болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.

ІІ. Тұшы су балықтары тек қана тұшы суларда тіршілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпайтын балықтар жатады. Су қоймаларынын типтеріне қарай тұшы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.


  1. Ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік теттін балықтар (табан, қарабалық, кейбір сигалар).

2. Жалпы тұшы, ақпайтын және ағын су балықтары (шортан, алабұға).

3. Ағынды су балықтары (форель, аққайран).

ІІІ. Өткінші балықтар тіршілік стадияларының циклдеріне байланысты бір мезгілінде теңізде, екінші мезгілінде өзенде тіршілік етеді. Бірақ өткінші балықтар өсу, жыныс продуктыларының жетілу кезеңін теңізде еткізеді де, уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұған лосось тәрізділер (кета, горбуша, семга), бекіре балықтар (бекіре, құртпа балық), кейбір майшабақтар мысал болады.

ІV. Жартылай өткінші балықтар. Теңіздерден өзен құятын тұшы бөліктерінде тірішілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерде миграция жасамай тұшы суларда тұрақты тіршілік ете береді.

Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар теңіз алабұғасы, дорабтар, тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарға жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды.

Аталық жыныс бездері аналықтарының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің килка, хамса балықтарының жыныс бездері бір-ақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтімімен аквариумда ұстаса, туғаннан кейін 3-4 айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Керісінше, кейбір балықтардың жыныс бездерінің жетілуіне бінеше жылдар керек. Мысалы, қызыл балық 7-8 жылда, бекіре 12-13 жылда, ал болуға және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16-17 жыл керек.


Лекция 5.Тақырыбы: Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes)

Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақапақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді, 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер.

1-класс тармағы тақта желбезекгілер (Elasmobrancbll) Тақта желбезекттілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (selachoidei), және скаттар (batoidei). Тақта желбезектілердін қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең санылау түрінде орналасқан.

Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басының екі бүйір жағында 5-7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцалер деп атайды. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клоакасы болады. Құйрық қанатынын жапырақшалары біркелкі емес. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық деп атайды. Көкірегі мен құрсагында горизанталь орналасқан қос қанаттары болады.

Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларың дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Бас сүйегі ми сауытының, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған.

Ac қорыту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп жұтқыншаққа жалғасады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиральды қатпаршалары болады. Қатпаршалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Көкбауыр қарынның иілген жағында жатады.



Тыныс органдары. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншаққа, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әрқайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделердің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады.

Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан жүрекше мен қарыншадан тұрады.

Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол ортаңғы, аралық, алдыңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Миынан 11 жүп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 жұп нерв тарайды,

Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінің өзіндік ерекшілігін аңғару қиын емес. Өйткені көзінің қасаң қабығы жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды.

Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Зәр шығару органының қызметін мезанефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос Вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.

Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық без бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Аналықтың зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімдерімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, Вольфов каналдарына барып құйылады. Вольфов каналшалары аталық балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Бүйректердің артқы бөлімі зәр шығару органының қызметін атқарады да, алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы болып есептеледі.

1-отряд Акулалар (Selachoidei). Акулалардың денесінің ұзындығы бір метрден 15 метрге дейін (кейде одан да ұзын) болады. Осы кезде олардың он шақты тұқымдасы белгілі. Бұлар барлық мұхиттар мен теңіздерде тараған. Каспий теңізінде ғана болмайды.
Жалпақ тұмсықты аула тұқымдасы

Осы кездегі тіршілік ететін бір-ақ түрі бар. Олардың дене тұрқы ұзын болады және 6-7 жұп желбезек саңылаулары бар. Рострумы жоқ, арқа қанаты біреу ғана болады. Жалпақ тұмсықтылар Атлантика мен Тынық мұхиттардың терең жерлерін мекендейді. Кәдімгі аула тұқымдарына 60-қа жуық түрлері жатады. Бұлардың басты өкілдері жерорта теңіздерінің көк акуласы мен кунья акуласы болып есептеледі. Ара тұмсықты акула рострумы ұзын және жалпақ сияқты бұдырлары бар.

Теңіз періштесі —акулалар мен скаттардың арасындағы аралық форма болып есептеледі. Денесі жалпақтау, көкірек және құрсақ қанаттары үлкен, құйрық қанаты кішірек болады. Бір ғана түрі Атлантика мен Тынық мұхиттың қоңыржай және тропикалық суларында мекендейді. Тіршіліктің көпшілігін судың түбінде өткізеді деуге болады. Судың беткі және терең қабатын мекендейтін акулалардың барлығы да жақсы жүзеді. Акулалардың экономикалық маңызы шамалы. Кейбір жерлерде акулаларды балық шегрені деген терісі және құрамында Д витамині болатын майын пайдалану үшін аулайды.

1-отряд Скаттар (Batoidei). Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып барып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар — жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтар. Кәдімгі скаттардың жалпақ денесі сүйірленіп барып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және құйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде қар теңізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардың өкілдері, мысалы түкті скат пен сеулелі скаттар болып есептеледі.

Шанышқы құйрықты сактар тұқымдасының қанаттары дөңгелектеу болып, тұмсығымен жалғасып кеткен. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты органы болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтанады. Бізде Азов және Қара теңіздерде кездеседі.

Скаттар су түбіндегі омыртқасыздармен және ұсақ балықтармен қоректенеді. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы, ал біраз түрі туу арқылы көбейеді. Скаттардың етін тамаққа пайдаланады. Оларды арнайы ауламайды, бірақ су түбінде тіршілік ететін балықтарды аулағанда ауға олармен бірге ілінеді. Бауырында Д витаминіне бай болады.
Лекция 6. Тақырыбы: Сүйекті балықтар тобы (Osteichthyes). Классификациясы.

Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік таралған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысндағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің сүйектенуі екі жолмен орындалады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы, немесе тері сүйектену деп атайды.

Балықтар скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда болады.

Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық пердесі болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады.

Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
4 класс тармағы Қауырсын қанаттылар (Actinopteryqii)

Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың түрінің 90 процентіне астамы осы класс тармағына жатады.

Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабатарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан -өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын канаттылардың барлық түрлеріне тән дене құрлысында мынадай белгілері бар. Дене скелеті толығына сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының әдетте базалиялары болмайды, қауырсындаы бірден иық белдеуіне бекиді. Сондықтан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын қанатылардың өкілі ретінде алабұға. Алабұға тез жүзетін, көбінесе ұсақ шабақтамен қоректенетін жыртқыш балық. Қауырсын қанатты балықтардың систематикасы.

Қауырсын қантты балықтар үш отряд үстіне бөлінеді: 1-отряд үсті сүйекті ганаоидалар (Holostei), 2-отряд үсті — көп қанатты балықтар (Polypteri), 3-отряд үсті — сүйекті балықтар (Te1estei).


5-класс тармағы Қос тынысты балықтар (Dipno1)

Қазіргі қос тынысты балықтардың үш түрі ғана белгілі. Тұщы суларда тіршілік ететін өзіндік ерекшеіліктері бар балықтар. Олар суда еріген оттегімен тыныс алумен қатар ауадағы оттегімен де тыныс ала алады. Әсіресе, олардың бір ерекшелігі оттегіне тапшы суларда да тіршілік ете алатындығы. Дене мөлшері кейбір түрлерінде 2 метрдей болады: Хордалары бүкіл өмір бойы сақаталады.Омыртқа желісі тіпті жетілмеген, сол сияқты жоғарғы және төменгі омыртқа доғаларыда нұсқа болады.

Қос тынысты балықтардың прогессивті белгілерінде алдынғы миының күшті дамуы жатады.

Қос тынысты балықтар девон дәуірінің орта кезінде, полезойдың аяғында пайда болып, мезазойдың бас кезінде кеңінен таралған.


6-класс тармағы Саусақ қанатты балықтар (Crossopteryqii)

Саусақ қанаттылар - өте ескі, әрі толығына дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы.

Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен - космоидты қабыршақтармен қапталған.

Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтарға жақын екенінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тарған болуға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарына қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлсін су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсмідіктернің және олардың қалдықтарымен ластануы қанатарының жүзу қызметін атқарумен қатар денеге тірек болуына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бес саусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезазойда саусақ қанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен.



Лекция №7 Тақырыбы:

Қосмекенділер немесе амфибилер (amphibia) класы

Құрлықта тіршілік етуші алғашкы омыртқалылар қосмекенділер болған. Олар пайда болғанға дейін жерде судың омыртқалылары — балықтар тіршілік еткен. Қазбадан табылған ертедегі балықтардың арасынан саусақ қанатты балықтар белгілі. Ендеше девон дәуірі кездерінде (шамамен 400-500 млн. жыл бұрын) алғашқы қосмекенділер (стегоцефальдар) саусақ қанатты балықтардың ертедегі тегінен шыққан деп болжайды. Қосмекенділер құрлыққа шығуымен қатар сумен де байланысын жоғалтпады және толышмен құрлық жануарларына айналған жоқ. Қосмекенділер гректің "амфибиос" деген сөзінен олардың өз тіршілігінде тек құрлықпен ғана емес, сонымен бірге сулы ортамен де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл байланыс олардың тіршілік әрекеттерінен көбею, даму және дене құрылыс ерекшеліктерінен айқын көрінеді. Ересек өкілдері сазды көлеңкелі жерлерде, көбіне тұщы су қоймаларының жағалауында тіршілік етеді. Қосмекенділер тұзды суларда өмір сүре алмайды.



1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет