Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#125590
1   2   3   4   5   6

Құзырлықтар: АЭС бугенераторларын эксплуатациялау аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С. Толеуов

Білім беру траекториясы - «Төменгі температуралар техникасы мен физикасы»

3

3

3

1

TK 0301

Тоңазытқыш қондырғылар

Кредит саны - 4 (2+1+1), ECTS бойынша - 6

Пререквизиттер – 65 кредитов.

Постреквезиттер - Қазіргі заманғы суықпен қамтамасыз ету жүйелерінің дамуын ескере отырып, тоңазытқыш қондырғыларын қолдану әдістері мен рационалды жобалаудың негізгі және принципиалды тәсілдерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Тоңазытқыш қондырғылардың типтері. Суытылатын ортаның температурасын төмендету және салыстырмалы ылғалдылық пен температураны тұрақты ұстап тұруға арналған тоңазытқыш аспаптар. Тамақ өндірісі тоңазытқыш қондырғыларының типтері. Жасанды суықты қолданатын кәсіпорындарды жобалау ерекшеліктері, өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың жалпы тәртібі, жоба сатылары, типтік жобалау. Суытылатын обьектілер оқшаулағышы, суытылатын бөлме, аппарат және құбырлардың оқшаулауғыштарының арналуы, жылу-, бу- және гидрооқшаулауғыш материалдарының қасиеттері. Суытылатын бөлмелер жылуағындарын есептеу, есептеу перидоын таңдау, суыту аспаптарының сыртқы бетінің жылуберілім ауданын және суықты өндіру көлемін анықтау. Суыту әдістері. Тоңазытқыш қондырғылар схемалары, тоңазытқыш қондырғыларға қойылатын талаптар, суытылатын аспаптарға тоңазытқыш агентін беру тәсілдері. Түрлі мақсаттарға арналған ресиверлерді таңдау. Суықты тасымалдаушылар қасиеттері мен қолдану аясы. Тоңазытқыш қондырғы жұмысына тоңазытқыш агентке қосылған қоспалардың әсері. Қоршаған ортаға жылуды жіберу жүйесі. Тоңазытқыш кәсіпорындарының машиналық бөлімдерін жобалау ерекшеліктері. Шағын тоңазытқыш қондырғылар; сауда желілердің тоңазытқыш қондырғылары, түрлі бұйымдарды сынауға арналған төмен температуралы өнеркәсіптік қондырғылар. Тоңазытқыш транспорт. Тоңазытқыш қондырғыларын қолдану және жөндеу. Энергия үнемдеуші тоңазытқыш жүйелер

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Тоңазытқыш кәсіпорындарын рационалды жобалау негіздерін, тоңазытқыш құрылғыларын монтаждау мен қолдануды, түрлі тоңазытту жүйелерінің қолданылу аясын, тоңазытқыш қондырғыларының түрлі сызбанұсқаларарын, тоңазытқыш агенттеріне және суықты тасымалдауға арналған құбырлар есептерінің негіздерін білуі міндетті

Іскерліктер: Тоңазыту кәсіпорындарын жобалауға арналған техникалық тапсырманы құрастыра алады; тоңазытқыш қондырғыларының элементтерін жобалай алады, құрастыра алады және сынай алады; машиналар мен аспаптарға қызмет көрсетуді жәнге олардың қолдану режимдерін дамыту; техника қауіпсіздігі ережелері мен МЕМСТ-ке сәйкес тоңазытқыш қондырғыларын қолдану мен монтаждауды ұйымдастыру; автоматты жобалау жүйелері мен қазіргі заманғы есептеу техникасын қолдана алуы керек

Дағдылар: Суытылатын объектілердің жылуоқшаулағышын құрастыру мен есептеу әдістерін қолдану дағдыларына ие; суытылатын объектілерге келіп түсетін жылуды есептеу дағдыларына ие

Құзырлықтар: Суықпен қамтамасыз ету аумағында базалық білімдерін көрсетеді, білімдерін практикада қолдана алады, тоңазыту жүйелерін эффективті қолдану дағдыларына ие.

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а. С. Койбагаров, доцент м.а. М. Ермоленко

2

AShSZh 0302

Ауаны шартқа сәйкестендіру және желдету

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквезиттер -

Оқыту мақсаты: Ауаны шартқа сәйкеестендіру жүйелерi мен суықпен жабдықтау жүйелері арасындағы өзара байланысының есепке ала отырып ауаны шартқа сәйкеестендірудың қазiргi жүйелерiн есептеу мен теорияның негiзгi және маңызды жағдайлары студенттерге оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Негiзгi ауа өлшемдері, салқындатылатын бөлмелер микроклиматы, салқындатылатын бөлмелердiң жылулық және ылғалдық тепе-теңдіктері, ауа бойынша ауаны шартқа сәйкестендіру жүйесінің өнiмдiлiгін есептеу. Ауаның тазартуға арналған құрылымдар, ауаның жылу-ылғалды өңдеуіне арналған құрылымның түйiскен түрі, ауаның жылу-ылғал өңдеуiне арналған жылу алмастырғыш аппараттары. Ауаның бөлу жүйелерi, ауаағарларды есептеу және таңдау, желдеткiштер, ауаның көлемін реттеуге арналған құрылым. Ауаны шартқа сәйкестендірудың жүйелерi, өңдеу процесстерi.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Дұрыс, қисынды және экономикалық тиiмдi техникалық шешiмдердi қабылдау үшiн негiз ретінде ауаны шартқа сәйкестендіру теорияның басты ережесiн бiледi; жүйелердiң жұмыс тәртiптерi туралы қазiргi физикалық түсініктер жөнінде, ауаны шартқа сәйкестендіру жүйелерiнiң элементінде ағатын жеке процесстер туралы; ауаны шартқа сәйкестендірудың жүйелерi мен осы жүйелердiң элементтерiнің негiзгi шешiмдерiн таңдауының қазiргi қағидалары .

Іскерліктер: Дымқыл ауаның күйiнiң параметрлерiн анықтауға және есептеуге; i-d диаграммада ауаны өңдеу процесстерiн салу; жүйелердiң негiзгi шешiмдерiн таңдауға және оларды технологиялық (функционалдық) схемаларға суреттеуге; орталық және жергiлiктi ауаны шартқа сәйкестендіру жүйелерiндегi ауаны өңдеудiң кейбiр негiзгi процесстерiнiң есептеулерiн орындауға икемi болады.

Дағдылар: Ауаны шартқа сәйкестендіру жүйелерiнiң ұтымды параметрлерiн есептеу және анықтау әдiстерiн қолдану дағдыларын алады.

Құзырлықтар: Ауаның жылу-ылғал өңдеудiң төңiрегiдегi негiзгi бiлiмдерiн, бiлiмдерін іс жүзінде қолдануға қабiлеттiлiгін көрсетедi, ауаны шартқа сәйкестендіру және желдету жүйелерiнiң тиiмдi қолдануы бойынша дағдыларды көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшілері: доцент қ.а. С. Койбагаров, доцент қ.а. М. Ермоленко

3

TZhMDZh 0303

Тоңазыту жабдықтарын монтаждау, диагностика және жөндеу

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 101 кредит, Тоңазытқыш қондырғылар

Постреквезиттер -

Оқыту мақсаты: Студенттерді тоңазыту жабдықтарын диагностикалау, жөндеу, монтаждау, сервистік қызмет көрсетумен және рационалды қолданумен байланысты өндірістік-техникалық әрекетке дайындау; студенттерді тоңазытқыш жабдықтарын жөндеу мен монтаждау сұрақтарын шешу үшін фундаменталды білімдерін қолдануды үйрету.

Қысқаша мазмұны: Монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру. Монтаждық жұмыстарды орындау кезіндегі техникалық құжаттар, жоспарллар, дайындық жұмыстар. Монтажды өткізу кезіндегі құралдар мен саймандар. Тоңазытқыш машиналары мен аппараттарын монтаждаудың негізгі тәсілдері. Құбырларды монтаждау. прочность Фреондық тоңазыту қондырғысын монтаж бен қолданудан кейінгі тапсыру ерекшеліктері: ауамен үрлеу, кептіру, вакуумдеу, тығыздық пен беріктікке сынау. Нормативтік құжаттар. Монтаждық жұмыстардың барлық сатыларындағы техника қауіпсіздігі. Монтаждық жұмыстарды жүргізу. Іске қосып-баптау жұмыстарын орындау. Тоңазытқыш қондырғысын қолдануға тапсырар алдындағы құжаттарды және персоналды дайындау. Құрал жұмысын жөндеу. Тоңазытқыш құрылғысын қолодануға тапсыру және жұмысқа қосу. Шағын тоңазытқыш қондырғыларын монтаждау ерекшеліктері. Тоңазытқыш қондырғылар құралдарының тозуы. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жөндеуге арналған бақылап-тексеру аспаптар, материалдар және арнайы саймандар. Тоңазыту жабдықтарын жөндеуге дайындық. Машиналар мен аппараттарды ашу кезіндегі және басқа да жөндеу жұмыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Техникалық диагностика құрылымын; ақауларды анықтаудың қазіргі заманғы әдістерін; тоңазытқыш жабдықтарын қолданудың, жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің прогрессивті тәсілдерін; машиналар мен аппараттардың негізгі элементтері мен детальдерін жөндеу мен қалпына келтірудің негізгі тәсілдері; тәжірибелік мәліметтерді статикалық өңдеу әдістері.

Іскерліктер: Машиналардың техникалық күйiн талдауға, қажетті есептеулердi жүргізуге, саланың тоназытқыш жабдығын жобалау мен құрастыруға; жабдықтың технологиялық күйiн диагностикалаудың қазiргi әдiстерiн қолдануға; жабдықты жөндеуге; жөндеу және монтаж үшiн материалдар, аспап және құрал-сайманды таңдауға; техникалық бақылауды жүзеге асыруға, жабдықтың және оның түйiндерiн құрастыруға, бөлшектер және жиынтық бiрлiктердi дефекациясын орындауға, техникалық құжаттаманы және жөндеу графигін құруға; техникалық куәләндiруге, iшкi қарауды орындауға, бос жүрiсте және жөндеуден кейін сынақ жүргiзуге икемi болады.

Дағдылар: Диагностикалаудың алгоритмдарын құрастыру дағдыларын алады, техникалық және экономикалық орындылық көзқарасы бойынша диагностикаланатын параметрлерді таңдау және бақылау құралдары.

Құзырлықтар: Тоназытқыш жабдықтарын жөндеу және сервистік қызмет көрсету саласында негізгі білімін көрсетеді

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а.

С. Койбагаров



4

AZhZhE TMKEN 0304

АЖЖ элементтерімен тоназытқыш машиналарын құрастыру және есептеу негіздері

Кредит саны - 3 (1+2+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 101 кредит, Тоназытқыш машиналар

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Студенттерде қазiргi тоназытқыш аппараттардың бiр үлгiдегi элементтерiн есептеу және құрастыру дағдыларын қалыптастыру, АЖЖ құралдары негізінде жобалау бойынша есептік-зерттеу жұмытаран орындау.

Қысқаша мазмұны: Математикалық үлгiлеу. Математикалық үлгiнiң құрастыруының негiзгi кезеңдерi. Объекттiң статикалық және динамикалық сипаттамасы. Қарапайым процесстердiң сипаттамалары бойынша объекттiң сипаттамасын құрастыру. Қарапайым процесстердiң гидродинамикалық тәртiбiн схемалау. Идеал араластыру және идеал ығыстыру туралы ұғым. «Араластыру-араластыру», «ығыстыру–ығыстыру», «араластыру–ығыстыру» типті жылу алмастырғыш аппараттарын математикалық үлгiлер. Оңтайландыру туралы ұғым. Статикалық және динамикалық оңтайландыру. Бiр айнымалы және көп айнымалы функцияның экстремумының iздестiру әдiстерi. Лагранждардың белгiсiз көбейткiш әдiстерi. Сызықты және сызықты емес бағдарламалаудың әдiстерi. Градиентті және градиентсiз әдiстер. Оңтайландырудың техникалық-экономикалық әдiстерi. Тоназытқыш қондырғысының термоэкономикалық үлгісін тұрғызу әдiстемесі. АЖЖ құрастыру қағидасы. Тоназытқыш компрессорлар конструкциясына қойылатын талаптар. Құрастырудың негiзгi кезеңдерi. Пiспектi компрессорларды есептеудiң ортақ әдiстерi. Тоназытқыш компрессорлардың есептiк тәртiптерi. Негiзгi конструкциялық материалдар. Қолданылатын материалдардың қысқаша мiнездемесi. Пiспектi компрессорлардың негiзгi элементтерiнiң есептеуi. Турбокомпрессорлардың элементтерiн берiкке есептеу негiздерi. Жылу алмастырғыш аппараттардың тоназытқыш қондырғылары схемасындағы алатын орыны мен рөлі. Жылу алмастырғыш аппаратты жобалық есептеудiң негiзгi кезеңдерi. Құрастыру есептерінің міндеті мен реті. Аппараттардың гидродинамикалық есептеуi. Келтiрiлген шығын негiзде жылу алмастырғыш аппарат конструкциясын оңтайландыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Тоназытқыш машиналардың бөлшектерiн, түйіндері мен элементтерін құрастыруының әдістері мен қағидаларын бiледi.

Іскерліктер: Тоназытқыш техниканың жобалауына техникалық тапсырма құруға, тоназытқыш машинаның мен оның элементтерiн конструктивтiк есептеуге, сызбалар мен басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеугеға икемi болады.

Дағдылар: Жұмыс iстейтiн нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарының есепке ала отырып, әр түрлi конструкциялық материалдарынан тоназытқыш жабдықтың құрастыру дағдыларын алады; есептi параметрлерді табу, автоматты жобалаудың үйреншiктi пакеттерiнiң базасында математикалық үлгiлеуге иелiк етеді.

Құзырлықтар: Тоназытқыш жабдықты жобалау саласынданегізгі білімін көрсетеді, АЖЖ құралдарын қолдану арқылы есептердi алға қойып және оларды шешу қабiлеттiлiгін көрсетедi.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы А. Жумагажинов

5

TM 0305

Тоңазытқыш машиналары

Кредит саны - 3 (2+1+0), ECTS бойынша- 5

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – тоңазытқыш қондырғылары

Оқыту мақсаты: осы курстың мақсаты тоңазытқыш машиналардың жұмысшы процестері мен теориясы, олардың элементтерінің конструкциясын және машинаны толығымен оқу, және де пайдалы өндіріс пен тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін заманауи әдістер мен есептеулерді және құрастыруды меңгеру

Қысқаша мазмұны: Төменгі температураны алудың физикалық негіздері; төменгі температуралы техниканың термодинамикалық негіздері. Төменгі температуралы жүйелердің жұмысшы денелердің қасиеттері. Жасанды суықты алудың негізгі әдістері (процестері); үздіксіз бірреттік жасанды суыту. Дросселдеу, құйындық және толқындық кеңею, буларды сорып алу, еру процестері, десорбция, Пельтье және Эттинсгаузен әсерлерінің термодинамикалық талдауы. Төменді температуралы циклдар көмегімен үздіксіз суытуды ұйымдастыру принциптері; циклде суықты өндіру процестері. Бу компессиялық, абсорбциялық және газ тоңазытқыш машиналарының және жылулық сораптардың циклдары. Газдарды сығудың термодинамикалық негіздері. Көлемдік компессорлардың циклы; көп сатылы сығу, көлемдік сығу компрессорлары – поршеньдік, ротациялық, пластиналық, құйынды, спириальді; динамикалық әрекетті компессорлар - ортадан тепкіш, осьтік, құйынды; төменгі қысымды желдеткіштер. Компрессорларды термо- және газа динамикалық есептеу әдістері.компрессорлардың жұмысшы сипаттамалары; поршеньдік машиналар динамикасы; поршеньдік және ортадан тепкіш компессорлардың беруін реттеу әдістемелері. Компессорлық агрегаттарды құрастыру негіздері. Тоңазытқыш машиналарының аппаратарының міндеттері мен классификациялары; аппараттар құрлысына қойылатын негізгі талаптары. Конденсаторлар; конденсаторлардың классификациясы. Буландырғыштар; буландырғыштардың міндеттері мен классификациялары; жылутасымалдағыштар мен олардың қасиеттері; буландырғыш конструкциясына қойылатын талаптар. Аппараттардың негізгі түрлерін жылулық және гидравликалық есептеу әдістемелері. Газдық тоназытқыш машиналарының классификациясы; детандеры бар газдық тоназытқыш машиналарының теоретикалық циклдары. Термоэлектрлік суыту теориясының негізгі жағдайлары. Термоэлемент жұмысының тәртібі және оның негізгі параметрлері. Буэжекторлық тоназытқыш машиналарының схемалары, жұмыс істеу принциптері мен теоретикалық циклдары (су мен фреондық). Абсорбциялық тоназытқыш машиналарының схемалары мен жұмыс істеу принциптері. Абсорбциялық тоназытқыш машиналарының жұмысшы денесі. Қоспалардың термодинамикалық қасиеттері. Компрессорлық агрегаттар. Компрессорлық-конденсаторлық агрегаттар. Компрессорлық-буландырғыш агрегаттар. Аппараттық агрегаттар. Агрегаттандырылған кешендік тоназытқыш машиналар.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Тоназытқыш машиналарының термодинамикалық теориясын, циклдары мен схемалары, компрессорлар мен аппараттар конструкциясын, тоназытқыш машиналарды құрайтын элементтердің өзара әрекетін білу.

Іскерлік: Тоназытқыш машиналар мен олардың элементтерінің жылулық есебін жүргізе алу және техникалық қауіпсіздік ережелері мен мемлекеттік стандарттар талаптарына сай жинақтаушы қондырғыларын таңдай білу;

Дағдылар: Тоназытқыш машиналары бойынша әдебиеттермен жұмыс істеу және білімдерін тәжірибеде қолданып, ары қарай жетілдіру дағдысына ие болу.

Құзырлықтар: Тоназытқыш машиналарын пайдалану саласында базалық білімдерін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А.Жумагажинов

6

TTTMA 0306

Төмен температуралы техниканың машиналары және аппараттары

Кредит саны - 3 (1+2+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Газдарды (компрессорларды және детандерді), элементтер конструкциясын және машинаны толықтай қысу және кеңейту үшін жұмыс үрдістерін және машина теорияларын оқыту сондай-ақ тиімді өндірісті және эксплуатациялауды қамтамасыз ететін есептеулер мен конструирлеудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Рефрижераторлар мен сұйылтқыштардың жалпы теориясының негіздері; криогенді қондырғылардың сұлбаларын құрудың жалпы принциптері; қондырғыларды есептеу және жылудинамикалық оптимизациялау әдістері; Стационарлы ағындары және салқындатқыш СПО бар қондырғылар; жылуалмастырғыш криоблоктарда температуралардың оптималды айырмашылықтардың өзгерістерінің заңы; СПО сыртқы салқындатқышын қолдану ; СПО комбинирленген салқындату; қондырғылардың стехнологиялық сұлбаларын құрастыру кезінде пусктық периодты есепке алу; стационарлы емес ағындары бар қондырғылар; стационарлы емес ағындары бар кең тараған рефрижераторлардың принципті сұлбалары; Стирлингтің қайтымды циклы бойынша жұмыс істейтін қондырғыларды есептеу және жылудинамикалық оптимизациялау әдістерінің негіздері; криогенді қондырғылардың қосымша жабдықтары.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Газдарды (компрессорларды және детандерді), компрессорлар және детандерлер конструкциясын қысу және кеңейту жылудинамикалық үрдістердің теория негіздерін, компрессорлы және детандерлі машиналардың түрлі типтерінің технико-экономикалық сипаттамаларын біледі.

Іскерліктер: Компрессорды, детандерді жобалауға техникалық тапсырмаларды құрастыра алады, машина және оның элементтерін жылулық және конструктивті есептеуді жүргізе алады; оларды жасап шығару үшін сызбаларды және басқа да техникалық құжаттарды құрастыра алады, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы ережелеріне және стандарт талаптарына сәйкес сериямен шығарылатын жиынтық жабдықты таңдап алуды жүргізе алады; нақты жұмыс жағдайына компрессорлар, детандерлердің оптималды нұсқаларын таңдау мақсатында технико-экономикалық талдауды жүргізе алады; тоңазытқыш машина құрамында компрессорлар, детандерлердің рационалды эксплуатациясын қамтамасыз ете алады.

Дағдылар: компрессорлы және детандерлі машиналардың элементтерін, түйіндерін есептеу әдістерін және конструирлеу принциптерін қолдану дағдысы бар.

Құзырлықтар: Төментемпературалы техникасының машиналары мен аппараттарын рационалды қолдану аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы А. Жумагажинов

7

TKZhE 0307

Тоңазытқыш қондырғыларды жобалау және эксплуатациясы

Кредит саны - 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Тоңазытқыш қондырғыларды жобалау және тоңазытқыш жабдықтарды эксплуатациялаудың негіздерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Жасанды суықты қолданатын кәсіпорынды жобалау ерекшеліктері, өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың жалпы реттілігі, жобалау кезеңдері, типтік жобалау. Тоңазытқыш қондырғыларды эксплуатациялау және қызметкөрсету. Энергия сақтандырушы тоңазытқыш жүйелер.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Тоңазыту кәсіпорындарын рационалды жобалау және тоңазыту жабдықтарын эксплуатациялау негіздерін біледі.

Іскерліктер: Тоңазыту кәсіпорындарын жобалауда техникалық тапсырмаларды құрастыра алады; МемСТ-терге және қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес тоңазыту жүйелерінің машиналары мен аппаратарын эксплуатациялау режимдерін және техникалық қызмет көрсетуді жобалау және жетілдіруді жүргізе алады.

Дағдылар: Тоңазыту қондырғыларын жобалау және салқындатылатын объектілердің жұмысын оптималды режимдерін сақтап тұру дағдысы қалыптасады.

Құзырлықтар: Тоңазыту жүйелерін жобалау және эксплуатациялау аясында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а. М.Ермоленко, аға оқытушы А. Жумагажинов

Білім беру траекториясы – «Радиациялық қауіпсіздік»

1

2

3

1

Rad 0301

Радиометрия

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквезиттер

Оқыту мақсаты: Радиометрияның негіздерін және оларды атомдық өндірістерде қолдану бойынша фундаменталды білім беру: ғылыми зерттеулерде, урандық руданы барлау және игеру кезінде, ядролық реакторлардың жұмысын бақылау үшін және т.б.

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Радиометрияның теориялық негіздері. Радиобелсенді сәулелердің қасиеттерінің қысқаша сипаттамалары. Радиометриялық өлшееулердің әдістері. Радиометриялық өлшеу әдістерінің классификациясы. Жартылайөткізгіш счетчиктер. Оптикалық әдістер. Радиография әдісі. Рудаларды, концентраттарды, тұздарды талдауға арналған радиометриялық әдістерді қолдану. Белсендендіргіш анализдердің негіздері.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Радиобелсенді ыдыраудың заңдарын; уранның, актиноуранның және торийдің радиобелсенді туыстарын; радиобелсенді сәулеленудің түрлерін және қасиеттерін; заттармен радиобелсенді сәулеленудің өзараәрекетінің заңын; түрлі сәулеленуді өлшеу принциптері.

Іскерліктер: Радиобелсенді затардың белсенділіктерін және массасын есептеуге арналған ыдырау заңдарын қолдана біледі; заттар арқылы радиобелсенді сәулеленудің өтуі кезінде есептеу жылдамдығының өзгеруін есептеуді жүргізе алады.

Дағдылар: Табиғи радиобелсенді элементтер ыдырауының еншілес өнімдерін радиохимиялық бөліп алу; радиометриялық өлшеулерді өткізу дағдысы қалыптасқан.

Құзырлықтар: Атомдық өндірістің, радиометриялық әдістерімен байланысты мәселелерде, ғылыми зерттеулердеғ уран рудаларын барлау және игеру кезінде, ядролық реакторлардың жұмысын бақлау кезінде базалық білімдерін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы Ж.Жилгильдинов

2

SSSTA 0302

Сәулеленудің спектрометриясы және сәулеленуді тіркеу әдістері

Кредит саны - 3 (1+2+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер –Физика сәулеленуден қорғау, ядролық зерттеу реакторлары, Радиометрия.

Постреквезиттер –дипломдық жобалау

Оқыту мақсаты: Жаңа ғылыми аспаптармен, дозиметрлер, радиометрлер, спектрометрлер және радиациялық физика, экология және биологияда қолданатын басқа аспаптардың негізгі типтерімен танысу.

Қысқаша мазмұны:

Күтілетін нәтижелер:

Білімдер: Сәулеленудің қасиеті мен сипаттамасын; дозиметрлік теория негізін; дозиметрлік негізгі ұғымдарды және дозиметрлік инструментальды әдістің талабы және спектроскопиясын; дозиметрлер, спектометрлер, радиациялық физикадағы, экологиядағы және биологиядағы негізгі типтерін біледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет