Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министлігі



бет2/6
Дата11.03.2022
өлшемі247.66 Kb.
#456198
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Кристаллохимия слайд 1

Рентген анализі

  • Бұлармен қатар физикалық химия ғылымы дамып, кристаллохимияның көп мәселелерін жетілдірді. Бұл жөнінде А.Ф.Капустинский біраз еңбек сіңірді.
  •  Рентген анализін қолданудың арқасында кристаллография ғылымының өзіне де көптеген жаңалықтар енді. Сол жаңалықтар да кристаллохимияға көп әсерін тигізді. Бұл жөнінде А.И.Китайгородский, В.Д Кузнецов, A.В.Шубников және басқалардың еңбектерін келтіруге болады.
  • Кристаллохимия — жаңа ғана аяқ басып келе жатқан жас ғылым.
  • Біз бұл жерде тек сол ғылымның негізін ғана береміз. Кристаллохимияның келешегі зор ғылым екендігін ескерте кетейік. Сондықтан онын, негізін білу қазіргі табиғат ғылымдарынын, барлық тарауына кажет.

Кристаллохимияның заңдары

  • Біз жоғарыда кристаллографиялық заңдарды дұрыс түсіну үшін атомдар мен иондарды формасы өзгермейтін түзу шар деп қарадық . Ал тереңірек талдай келгенде, расында, бірсыпыра атомдар мен иондардың радиустары азды-көпті өзгереді. Ол өзгерістердің себептері мыналар:
  • оң заряд көбейген сайын иондық радиус кемиді, теріс заряд көбейген сайын ол артады;
  • температура жоғарылаған сайын, қысым күші кеміген сайын атомдық (иондық) радиустар кебінесе үлкейеді;
  • электрлік өрістің әсерінен ионның формасы өзгереді, ол деформацияға ұшырайды. Айналадағы өзімен аттас емес иондардың электрлік әсерінен иондар формаларының өзгеруін поляризация деп атайды.

Поляризация

  • Ионның радиусы неғұрлым үлкен болса, заряды неғұрлым аз болса, оның поляризациясы соғұрлым күшті болады. Мұндай қасиеттер көбінесе аниондарда кездеседі. Сондықтан поляризация көбінесе аниондарда болады.
  • Катиондардың радиусы кішірек, зарядтары күштірек келеді. Сондықтан олар поляризацияға ұшырай қоймайды, бірақ айналасындағы аниондардың поляризацияға ұшырауына себепші болады.
  • Осы айтылғандардың барлығын еске ала келіп кристаллохимияның негізгі заңын В.М.Гольдшмидт былай деп көрсетті: кристалдың құрылысы оны құраушы бөлшектердің санымен, олардың өлшемдерінің қатыстарымен және поляризациялық қасиетімен анықталады.
  • П.Грот заңы бойынша заттың химиялық құрамы неғұрлым жабайы болса, оның симметриясы соғұрлым жоғары болады.
  • П. Грот заңы тек жуық мөлшермен алынған заң. Алайда көп жерде ол дәл келеді. Мысалы, 27 элемент кубтық сингонияда кристалданады, 8 элемент гексагондық сингонияда, 13 элемент осы екі сингонияда бірдей кристалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет