Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы



бет6/10
Дата22.02.2024
өлшемі272 Kb.
#492905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 бөлім


1. Қазақ хандығының алғашқы кездегі алып жатқан территорисы


А) Шу мен Талас аңғары В) Есіл мен Ертіс аңғары
С) Еділ мен Жайық аңғары D) Шу мен Сырдария аңғары

2. Қазақ хандығының негізін қалаушылар


А) Қасым мен Хақназар В)Керей мен Қасым
С) Керей мен Жәнібек D) Жәнібек пен Бұрындық

3. Керей мен Жәнібек көшіп келген кездегі Моғолстан ханы


А) Бумын В) Мұқан С) Үш-Елік D)Есенбұға

4. ХV ғ. басында Ақ Орда мемлекеті ыдырады, оның орнына құрылған мемлекет


А)Алтын Орда В) Ақ Орда С) Әбілқайыр хандығы D)Қазақ хандығы

5. Жетісудағы тарихи жағдай туралы және Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы деректер кімнің еңбегінде кездеседі?


А) М. Дулати В) Қ. Жалайри С) Шах Махмуд D) Ә. Баһадүр

6. Мұхаммед Хайдар мәліметі бойынша Қазақ хандығының құрылу уақыты


А) 1465-1466 ж.ж. В)1467-1468 ж.ж. С)1565-1566 ж.ж. D)1567-1568 ж.ж.

7. Қандай объективті фактор қазақ мемлекеттігі қалыптасуының басты шарты болды?


А) Экономикалық байланыстың нығаюы
В)Қоғамдық саяси, мәдени байланыс
С) Тілдік қатынас бірлігі
D) Барлық жауабы дұрыс

8. Қазақ халқы мен мемлекеттінің құрылуы кезеңі – Шығыс тұқымдарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы ұлыстардың құлауымен сипатталады. Соңғы кезең қай мемлекеттің құрылуымен аяқталады?


А)Алтын Орда В) Ақ Орда С) Әбілқайыр хандығы D)Қазақ хандығы

9. Орталық, Шығыс Қазақстандағы Дешті-Қыпшақтың кейінгі атауы


А) Ұлы дала В)Сарыарқа С) Түркістан D)Бетпақдала

10. ХІV-ХVІ ғ.ғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан аумағының атауы


А) Ұлы дала В)Сарыарқа С) Түркістан D)Бетпақдала
11. Жаңадан бас көтерген Қазақ хандығы алдына қойылған міндеттер
А) Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті – Қыпшақ даласында бұрынна қалыптасқан дәстүрді қалпына келтіру
В)Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолы бойында орналасқан Сығанақ, Созақ, Отырар, т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату
С) Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру
D) Барлық жауабы дұрыс

12. Қазақ хандарының алғашқы жылдардан-ақ Сырдария маңындағы қалалар мен бүкіл Түркістан үшін күресінің себебі


А) Бұл аймақтың стратегиялық және экономикалық маңызы
В) Дала тұрғындары үшін Сырдария маңындағы қалалардың сауданың, экономикалық байланысының маңызды орталығы болды
С) Бұл аймақ өз уақытында күшті бекіністер бола алып, ұзақ қоршауға төзе алатын еді
D) Барлық жауабы дұрыс

13. Дешті-Қыпшақ үшін күресте қазақ хандарының басты қарсыласы


А) Ноғай бидеушілері В)Әмір Темір
С) Әбілқайыр хан мұрагерлері D)Есенбұға ұрпақтары

14. ХV ғ. 80 ж. Шайбани хан Қазақ хандығына қарсы шабуылға шығып, Аркөк пен Сығанақты екінші рет басып алуында арқа сүйеген мемлекет


А) Ноғай Ордасы В)Моғолстан С)Астрахань хандығы D)Көк Орда

15. 1482-1485 ж.ж Моғолстан ханы Жүніс ханның Шайбани ханның қолдауымен басып алған қалалары


А) Ташкен пен Сайрам В)Сайрам мен Созақ
С)Түркістан мен Ташкент D) Йасы мен Аркөк

16. Моғолстан билеушісінің Шайбани ханға сыйға берген қала


А) Тараз В) Отырар С)Аркөк D)Түркістан

17. 1470 ж. Түркістанға шабуыл жасаған қолдың басшысы болған хан


А) Әбілқайыр В)Керей С)Жәнібек D)Қасым

18. Шығыс Дешті – Қыпшақ үшін сауда орталығы, алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы болған қала


А)Сығанақ В) Отырар С)Сайрам D)Түркістан

19. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар


А) Өзбек, Дулат, Ұйғыр В)Қарлұқ, Алшын, Авар
С)Оғыз, Соғды, Қаңлы D) Үйсін, Қыпшақ, Найман

20. Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен мемлекеттер


А) Моғолстан, Ноғай Ордасы В) Мәуереннахр, Хорезм
С)Моғолстан, Көшпелі өзбек мемлекеті D) Барлық жауабы дұрыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет