Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы


Теңдеу дегеніміз құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік. Теңдеуді



бет3/7
Дата25.11.2022
өлшемі207 Kb.
#465754
1   2   3   4   5   6   7
009 30.05.22 (1)

Теңдеу дегеніміз құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірден-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні теңдедің түбірі деп аталады.

  • Мысалы, 7x+5=26 -теңдеу

  • x=3

  • 3- саны теңдеудің түбірі


Франсуа Виет(1540-1603)-атақты француз математигі.Виет белгісіз сандардың орнына әріптерді пайдалануды ұсынған.

Рене Декарт(1596-1650)-атақты француз математигі.Ол белгісіз санды немесе шаманы х,у,z әріптерімен белгілеуді ұсынған(1637).
Теңдеуді теңдеудегі белгісіздері бар қосылғыштарды теңдеудің бір жағына, белгісіздері жоқ қосылғыштарды екінші жағына көшіру арқылы шешуге болады. Ол үшін:

  1. Барлық айырымдарды қосынды түрінде жазу керек;

  2. Сәйкес қосылғыштарды қарама-қарсы таңбамен теңдеудің екінші жағына көшіру керек.

3.1. Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептерді шығару алгоритмі:
Есептің құруға берілген есептерін шығару үшін;

  1. Белгісіз шамаларды анықтау.

  1. Теңдеу құру;

  1. Теңдеуді шешу;

  2. Теңдеудің шешімдерін зерттеу.

  3. Есепті тексеру;

  4. Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет.



3.2. «Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер:
«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір.
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға
«Кетті бірге нешеуі»
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет