§2. Ұғымдардың қалыптасуының түрлі тәсілдерін талдау
Кеңес психологтарының еңбектерінде оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасу тәсілдеріне қатысты түрлі көзқарастар бар. Атап айтсақ, П.Я. Гальперин және Н.Ф. Талызин, М.Н. Шардаков, Н.А. Меньшинский, В.В. Давыдов.
П.Я. Гальперин мен Н.Ф. Талызина ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасу теориясын негізге алып ұғымдардың қалыптасуының келесі кезеңдерін ұсынады:
а) Объектілер мен практикалық әрекет.
б) Көтеріңкі сөйлеудегі анықтама (сырттай сөйлеу).
в) Ішкі сөйлеу.
Оқушыларға ғылыми ұғымдарды жалпылауға жалпылаушы лекциялар мен семинарлар маңызды рөл атқарады. В.В. Завьялова мен И.С. Карасованың арнайы жүргізілген зерттеулері көрсеткендей бұл проблеманы шешуге кешенді семинарлар негіз болады. Дегенмен, ұғымдарды нақтылау мен жалпылауда оқу құралдары шешуші рөл атқарады.
Оқушыларда қалыптасатын ғылыми ұғымдарды нақтылау мен жалпылауға негіз болатын жағдайларды анықтауға бағытталған арнайы зерттеулер қажет. Ең алдымен төмендегідей мәселелер шешілуі керек: Ұғымдарды жалпылау әдістемесінің жалпы теориялық негіздерін құру; Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұнын жоғарылату; Оқулықтардағы материалды түсіндіру тәсілдерін қарастыру; арнайы оқу-құралдарын шығару.
IV тарау. Оқушылардың ұғымдарды сәтті меңгеруіне негіз болатын шарттар
§1. Оқушылардың ұғымдарды меңгеруіне негіз болатын басты шарттары
Сәтті меңгеру дегеніміз – оқушылардың ұғым көлемін, мазмұнын, өзге ұғымдармен қатынасатын, байланысын толықтай меңгеруін, оларды оқу және практикалық тапсырмаларды орындауда қолдана білуін айтамыз.
Ұғым табиғатын логикалық категория ретінде, меңгеру процесінің ерекшеліктерін, мұғалімнің іс-әрекет ерекшеліктерін талдау – сонымен қатар арнайы жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, ұғымдарды сәтті меңгеруге қажетті шарттарды құруға болады. Олар:
1). Қазіргі ғылымда оқушыларды қалыптасатын ұғымдардың мәні мен мазмұнын білу.
2). Мұғалімнің ұғымды меңгеруіне қойылатын талаптарды білуі. Осы шарт арқылы мұғалім ұғымның дамуындағы перспективаны көре алады. Әдетте мұғалім аталған үдерісті: «Берілген материалды тек түсіндіріп өту» деп ұғады, яғни болашаққа мақсат қойылмайды. Сондықтан қазіргі уақытта әрбір пән бойынша негізгі ұғымдарды меңгерудің талаптар картасын құру мәселесі қарастырылуда.
3). Мұғалімнің қалыптасатын ұғымның даму кезеңдерін білуі.
4). Ұғымды қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдай білуі. Қандай да бір ұғымды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, принциптері жоғарыда қарастырылды (ұғымның мазмұны, олардың өмірлік тәжірибесі, жас ерекшеліктері, ойлау дамуының деңгейлері, кабинеттің материалдық базасы, т.б.).
5). Әрбір оқушы үшін жаңа ұғымды енгізудің мотиві. Оқушының жағымды мотивтері болса, ұғым сәтті меңгеріледі. Әрбір оқушы ұғымның мәнін, мазмұнын саналы түрде түсіне білу керек. Мысалы: «Квант» ұғымы қалыптасқанда оқушылар ғылыми фактпен танысады. Мұндағы ғылыми факт деп отырғанымыз М. Планк енгізген абсолютті қара дененің сәулелері (жылу бөліну теориясы).
6). Ұғымдардың дамуы мен қалыптасуының барлық кезеңінде белсенді танымдық әрекетті ұйымдастыру (проблемалық жағдайды құру, практикалық тапсырмаларды орындау).
7). Оқушылардың ойлауының бейнелік – образдық, сөздік – теориялық, әрекеттік – практикалық компоненттерін дұрыс үйлестіре білу.
8). Ұғымды меңгеруде өзіндік жұмыстың жүйелерін ұйымдастыру (28-сурет).
Ұғымдардың нақты белгілерін анықтау
|
|
Ұғымның шынайы белгілерін ажырата білу
|
|
Қандай да бір ұқсас белгілері бойынша ұғымның өзгелерден шектеуі
|
|
Берілген ұғымның өзгелермен байланысы мен қатынасын анықтау
|
Ұғымдарды элементар оқу тапсырмаларын шешуде қолдана білі
|
|
Ұғымдарды классификациялау
|
|
Ұғымды шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауда қолдана білу
|
9). Ұғымдардың өзге ұғымдармен қатынасы мен байланысын анықтау.
10). Нақты пәнді оқуда қалыптасқан ұғымдардың қатынасы мен байланысын дер кезінде анықтау.
11). Мұғалімнің оқушыдағы өмірлік тәжірибесі мен ұғымдық базасын білуі. Сонымен қатар меңгерілген білім қорын ескеру қажет.
12). Сонымен қатар ғылыми – танымал әдебиетті оқудан, кино – фильмдерді көруден, радионы тыңдаудан жинақталған білімді ескеру қажет. Айта кететін жағдай көрсетілген ақпараттық құралдарда берілетін мәліметтер әрдайым дұрыс бола бермейді. Сондықтан мұғадім дер кезінде қателіктерді түзетіп отыруы керек.
13). Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.
14). Оқушыларды сәйкес ойлау операцияларымен қаруландыру. Оның қажеттілігін кезінде А.Н. Льеонтев көрсеткен. Ең алдымен оқушыларда анализ, синтез, абстракция, жалпылау операциялар қалыптасуы керек. Бастауыш сыныпта математика және табигаттану курстарында кейін, физика, химия, биология, география курстарында осыған көп көңіл бөлінеді.
15). Ұғымдардың негізгі кластарын меңгерудің жалпыланған жоспарларын қолдану (белгілі логикалық кезектілікте орналасқан сұрақтар жүйесі).
Н.Ф. Талызина төмендегідей жоспарды ұсынды. Ол құбылыстарды, физикалық өлшемдерді, заңдарды, теорияларды приборлар мен құрылғыларды зерттеуде қолданылады.
Құбылысты зерттеу жоспары:
Құбылыстың сыртқы белгілері.
Құбылыстың жүру шарттары.
Құбылыс мәні, жүру механизмі.
Берілген құбылыстың өзгелермен байланысы.
Құбылыстың сандық сипаттамалары.
Құбылысты практикада қолдану мысалдары.
Құбылыстың зиянды әсерінің алдын алу тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |