В. Шығармашылық тапсырмалар. Бұл тапсырма түріне оқушылардан шыармашылық әрекетін талап ететін тапсырмалар кіреді. Оқушы шешімнің тәсілін өзі тауып, білімде жаңа жағдайларға қолдануы керек. Бұған проблемалық оқытуда қолданылатын барлық тапсырмалар кіреді. Мұндай тапсырмалардың қолданыс шеңберін кеңейту мәселесімен И. Я. Лернер көп айналысты. Көптеген зерттеушілер жаппай жұмысты қарастырса, польшалық дидакт В. Оконь топтық жұмысты алға тартты. Бірақ екі жағдайда да дидактикалық құндылық әлсіз, енжар оқушыларға арналған мысалдармен шектеледі. Олар мәселенің шешілуін біледі, бірақ сол үдерісті жүзеге асырмайды. Сондықтан өзіндік жұмысқа шығармашылық тапсырмаларды қолданған тиімді.
Проблемалық оқытуда, қолданылатын тапсырмаларды жүйелеу қиын. Егер проблемалық оқытуды тар мағынада қарастырсақ, онда бұған стандартты тәсілдермен орындау мүмкін емес проблемалық тапсырмалар кіреді.
Проблемалық тапсырмалар тұйық жалғаумен (мысалы, математика бойынша тапсырмалар) немесе ашық жалғаумен (шешімдердің көптеген нұсқалары) болуы мүмкін. Проблемалық оқытудың саласына қатысты тапсырмалардың бір түрі – реферат құру, түпнұсқа материалды жинау мен өңдеу (лингвистикалық, этнографиялық, экономикалық т.б. материалдар), тәжірибе жүргізу. Көріп отырғанымыздай, бұл тапсырмаларда оқу әрекетінің өзіндігі маңызды болады. Мұнда зерттеу жұмысының элементтері көрініс береді. Проблемалық оқытудағы тапсырмалардың үшінші түрі – бұл шығармашылық тапсырмалар. Олар: шығарма, өлеңдер, суреттер, картиналар, т.б. Мысалы, оқушы графикалық парақты дайындағанда немесе көрген кинофильмі бойынша пікір жазғанда проблеманы шешумен қатар жаңа идеялар құрастырадыды.
Қорыта айтсақ, 5-8 сыныптар үшін келесі шығармашылық тапсырмалар тиімді: проблемалық сұрақтарға жауап беру, оқылған материалдар бойынша сұрақ қою, қарастырылған мәселеге мысалдар келтіру, жаттығулар мен тапсырмалар құру; материал жинау, сыныптастардың жұмысын түзету мен пікір беру.
4.2. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
4.2.1. Оқушылардың өзіндік жұмысына басшылық ету
Өзіндік жұмыс кезінде оқушылардың әрекетіне жанама түрде басшылық еткендіктен, осы басшылықтың қалай жүретіндігіне назар аудару қажет. Өзіндік жұмыста оқушылар оқу үдерісінің психологиялық заңдылықтарына сәйкес түрлі тапсырмаларды орындайды. Мұндай жұмысты жүргізу үшін оқушыға нұсқау керек. Орысша «басшылық», ағылшынша – assignment, французша – teahe деген сөздермен белгіленеді. Өзіндік жұмыстың нәтижелері дидактикалық ұстанымдарға байланысты. Сондықтан, жұмыс басшылығының ұстанымдарын жжасау – бұл өзіндік жұмыс әдістемесінің бір мәселесі.
Өзіндік жұмысқа арналған зерттеулерде негізінен тапсырмалардың жеке түрі қарастырылды,жұмысқа басшылық ету мәселесінекөңіл бөлінбеді. Кеңістік дидактикада бұл мәселені И. Н. Исаев зерттеді. Ол түрлі сынып үшін және түрлі пән бойынша жұмыс басшылығының үш нұсқасын қолданды: 1) сұрақ немесе мәселе түріндегі танымдық тапсырмалар; 2) қосымша сұрақтары бар танымдық тапсырмалар; 3) орындау әдісі мен реті көрсетілген танымдық тапсырмалар. Автордың қорытындысына сәйкес нұсқаны таңдау оқу материалының сипатына тәуелді. (Исаев,1965).
АҚШ-та бұл мәселе Дальтон-жоспарға байланысты туындады. Ал Англияда бұл мәселе Л.И.Линчтің (Lynch,1925) зерттеуінде жете қарастырылды.
Өзіндік жұмысқа басшылық бағдарламалық оқытуда арнайы зерттеудің нысаны болды. Бағдарламалық оқыту өзіндік жұмыстың басшылығына жаңа талаптар енгізді: оқу материалын қатаң құру; оқу үдерісін нақты, дәл бағдарламалау, әрбір тапсырманы орындағаннан кейін кері байланысты қамту, әрбір оқушыны жұмыс нәтижесіне бейімдеу.
Жетілдірілген жұмыс басшылығының бір түрі ретінде алгоритмдік жұмыс басшылығын (математикалық талап ескерілуі қажет) ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |