Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Қазіргі дидактиканың негізгі әдіснамалық мәселелері



бет122/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   160
2 Ой-сана 8 том

4. Қазіргі дидактиканың негізгі әдіснамалық мәселелері
Педагогика әдіснамасы үздіксіз дамитын ғылым саласы және оның өз мәселелері бар. Сондықтан алдымен шешуі бізге танылғандай дидактикалық зерттеулерде философиялық және жалпы ғылымилық ұғымның бірізді құрылуы мен әсіресе пәннің маңыздылығын айқындайтын педагогикалық теорияның дамуын танытатын әдіснамалық мәселелердің өзекті шешіміне көшейік.
Барлық әдіснамалық мәселелерді бес топқа бөлуге болады:
I. Жалпы әдіснмалық мәселелер. Олар философиялық, әлеуметтік, экономикалық ұғымдарды және марксисті-лениндік теорияны зерттеулерде қолданумен тығыз байланысты. Бұл педагогикалық үдерістің диалектикасы мен олардың қозғаушы күші, теория мен тәжірибенің, деректі және дерексіздің, жеке және жалпының бірлігі ,объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі мәселесі болып табылады. Бұлар әдіснаманың барлық даму кезеңдеріне енеді, барлық әдіснамалық білімнің негізін қалайды.
II. Жалпы ғылыми мәселелер. Бұған қазіргі ғылымтану пәнін құрайтын мәселелер: жүйелілік тұғыр және оны зерттеуде қолдану, зерттеудің ұғымдық құрылымы; ізденістің логикасы, ғылымда әртүрлі білімнің, атап айтқанда педагогикалық және педагогикалық емес білімнің сәйкестенуі, негізгі және қосымша, ағымдағы және негізгі қатынастың, түсініктеме мен болжамның сәйкестенуі және т.б.жатады.
III. Жеке әдіснамалық мәселелер. Бұл педагогиканың және педагогикалық зерттеулердің ерекше өзіндік мәселелері. Оларға: зерттеудің мәселесі, әдіснамалық мәртебеге ие теориялық қағидалар, ғылыми ізденістің қорытындыларын тәжірибемен байланыстыру, дидактикалық және әдістемелік жүйелердің құрылымдарының негізгі ұстанымдарын анықтау жатады.
IV Зерттеулердің әдістеме және әдістемелерін зерделеу, бағалау, пайдалану және жетілдіру мәселелері. Бұл топқа қолданыстағы зерттеулердің әдістері мен әдістемелері бағасы мен жіктемесі, ғылымдардың үйлесімділігі барысында жүзеге асуы, қолайлы таңдау мен әдістердің сәйкестілігі, сонымен қатар оларды жүйелі және кешенді қолдану жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет