Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:
пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;
- оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;
- оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
- эмоционалды қолайсыздық.
-
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында:
педагогке:
Білім сапасы педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.
Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп атап айтқан. Педагог – кәсіби, толерантты және жоғары мәдениетті, парасатты болуы тиіс. Ол білім алушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен сыпайы қарым-қатынас стилін, сөйлеу мәдениеті мен кәсіби- іскерлік, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды.
Білім беру ұйымы педагогтердің және білім беру процесінің басқа да қатысушыларының корпоративтік мәдениетін, стилін, қызметтік этикасын сақтау бойынша бірыңғай талаптарды әзірлейді.
Білім беру ұйымдары педагогтің оң имиджін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп, мамандықтың беделін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға конкурстық комиссия құрылады.
Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.
Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос лауазымына өткізіледі.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын және «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары педагогтерінің бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді.
Бір пән бойынша бос лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп беруге рұқсат етілмейді. Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға (16 сағат) қосымша педагог қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |