«Дене шынықтыру» пәнінің әрбір мұғалімі қосымша ақы есебінен үш спорттық секция жүргізеді. Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі – білім алушыларды республикалық көпдеңгейлі балалар-жасөспірімдер турнирлері мен жарыстарына, халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназиада) қатысуға белсенділіктері мен мүмкіндіктерін арттыру.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол және т. б.) бойынша мектеп спорт лигасын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әдістемелік базасы (https://www.nao.kz).
Білім беру ұйымдарында:білім алушылар педагогке аты-жөнін (есімі, әкесінің аты) немесе«Мұғалім» деп айтады;педагог білім алушылардың есімін айтуы тиіс;
Сабақтың басталуы мен аяқталуы туралы хабардар болу үшін мектептерге дәстүрлі қоңырау үнін таңдау немесе Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынымдарына сәйкес, музыкалық әуендерді пайдалану ұсынылады: сабақтың басталуына – «төкпе күй», сабақтың аяқталуына – «шертпе күй». мектептер мен кабинеттерді безендіру кезінде сәйкес келмейтін атрибуттарды шамадан тыс қолданбау ұсынылады.
Мектеп пен ата-аналардың өзара қарым-қатынасында балалардың мүддесі үшін өзара ынтымақтастық орнатуы тиіс. Осы мақсатта «Ата- аналардың қонақ бөлмесі», «Директорлық сенбі», «Педагогикалық консилимум» жобаларын жүзеге асыру ұсынылады.
Прагматизмді, үнемділікті және әртүрлі ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып, мектептерде бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады. Бұл тұрғыда «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау»,«Бітірушілер кеші», «Жаңа жыл», «Наурыз», «Тұңғыш Президент күні» сияқты мектептік бұқаралық мәдени іс-шараларды білім алушылар мен педагогтердің белсенді (қаржылық емес) қатысуымен қарапайым, бірақ салтанатты түрде ұйымдастыру ұсынылады. Назарларыңызға рахмет!!!