Бастауыш сыныптарда әрбір сабақта дене жаттығуларын (сергіту сәті) өткізу қажет.
Білім алушының дене дамуының мониторингін жүргізу бойынша
«Денсаулық» арнайы жұмыс тобына арналған ұсынымдар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
- 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.
- Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
- Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электрондық журналына қосыла алады. Ол үшін https://kundelik.kz/ сайтына қосылуға өтінім беруі қажет («ББҰ қосу» командасы)
қиындықтар туындаған жағдайда 8(727)313-18-32 телефонына
келген немесе
team@kundelik.kz қолдау қызметіне хабарласуға болады.
- Электронды журналды жүргізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
- Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет.
- Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.
- Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық журналда көрсетіледі.
- Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы көрсетіледі.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:
- педагогтің сабақты өзіндік талдауы;
- сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;
- педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
Сонымен қатар педагогтің жұмыс сапасына шағым түскен жағдайда білім беру ұйымының басшысы оның сабағына қатысуы қажет.
Сабаққа қатысудың мақсаты – оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг).
Сабаққа қатысу барысында:
сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкестігіне;
формативті бағалаудың өткізілуіне; педагогтің кері байланыс жасауына;
білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына; әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге;
сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға;
Оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдер мен технологиялардың
қолданылуына және т.б. назар аудару ұсынылады.
2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру.
- 2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді.
Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.
Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізіледі.
Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы алгоритмінің үлгісі ұсынылады (www.nao.kz).
Достарыңызбен бөлісу: |