Бос лауазымның сағаттары 15 сағаттан кем болған жағдайда бөліп беруге рұқсат етіледі.
- Жаңа оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың базалық білімін тексеруге бағытталған бағалаудың жаңа моделі – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингімен (бұдан әрі – ББЖМ) ауыстырылады.
- ББЖМ өткізу тәртібі ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларымен реттеледі. Қағидалар орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарының меншік нысанына, ведомстволық
бағыныстылығына, түріне қарамастан қолданылады.
- ББЖМ мемлекеттік бақылау түрі болып саналмайды, білім алушы үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды.
- ББЖМ мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін ұлттық деңгейде өлшеу арқылы орта білім беруді жүйелі жетілдіру.
- 4 және 9-сыныптар үшін ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін өткізіледі.
- ББЖМ тестілеуі жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында компьютер арқылы электронды форматта өткізілетін болады.
- ББЖМ өткізілетін білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган анықтайтын болады. Іріктеу параметрлеріне: аумақтық тиесілігі, ұйымның түрі, оқыту тілі, білім алушылар контингенті жатады.
- Алдыңғы оқу жылдарында ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары келесі жылы ББЖМ-ға қатысатын білім беру ұйымдарының тізбесіне кірмейді.
- ББЖМ өтетін білім беру ұйымдарын таңдау бағдарламаға тізімді енгізу нәтижесінде кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында
ұйымдастырылған
Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі
олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды.
Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |