Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет100/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Зертханалық жұмыс № 9.
Оқу және оқу-әдістмелік құрал жабдықтарын талдау
Мақсаты:1) Оқу бағдарламалары мен оқулықтарға қойылатын талаптар; 
2) Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдар, олардың мазмұны, қызметі және 
оларды пайдалану ерекшеліктері. 
Мектептегі информатика курсы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарды талдау. 
Жоспары:
Мектептегі алғашқы информатика оқулығының авторлары А.П.Ершов,
В.М.Монахов болып табылады. Оқулық, "информатика және есептегіш техника негіздері"
деген атпен және мұғалімге арналған әдістемелік құралымен бірге 1985 жылы жарық
көрді.
Авторлардың тұжырымдамасы бойынша "информатика' ЭЕМ-ның көмегімен
информацияны өңдеу мен таратудың қарапайым әдістерін қарастыратын ғылым" ретінде
түсіндіріледі.
Оқыту мақсаты алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік
сауаттылықты калыптастыру болып табылады. Алгоритмдік мәдениет дегеніміз-
алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін - ойлау мәдениеті.
Сол кездегі компьютердің жетіспеушілігіне байланысты мектептік алгоритмдік
тілдің (МАТ) алғашқы нұсқалары адам атқарушыға бағытталды.
Алгоритмдік мәдениет ойлаудың анықталған қасиеті ретінде компьютерлік
сауаттылықтың бөлігі болып табылады. Алгоритмдік ойлау компьютерді меңгеруден
бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады ,бірақ ол мектепке оқушылар
алгоритмдеудің нақты тәжірбиесін меңгергеннен кейін пайда болып, кейінннен
компьютермен қарым-қатынастың әліппесінен басталады).
Компьютерлік сауаттылықты А.П.Ершовтың программалау - екінші сауаттылық", -
деген метаформасы негізінде анықтауға болады.
Алгоритмдік мәдениетті қалыптастыру үшін машинаға тәуелсіз оқу тілі (МАТ)
қажет.
Оқулыққа талдау. Оқулықта алдымен алгоритмге анықтама және атқарушы
ұғымына түсініктеме беріледі, бірақ ары қарай "атқарушы" сөзі кездеспейді деуге болады.
Атқарушының дидактикалық мүмкіндіктері кейіннен түсіндіріледі. Информация ұғымы да
талқыланбайды. Алгоритмдеуге арналған алғашқы есеп мысалдары математика курсынан
алынған. Блок-схемалар құрама командаларды түсіндіру тәсілі ретінде пайдаланылады.
Шамалар: ұғымы өте кеңейтіліп берілген графикалық, текстік шамалар. Шама
туралы дәстүрлі болжам санмен, мөлшермен байланысты. ЭЕМ-сіз сандық, алгоритмдерді
атқару процесін бейнелеу үшін алгоритмді атқару кестесі ұсынылған.
Кестелік шамалар "әзір" қайталану командасымен өңделеді. "Үшін" қайталану
командасы кейінірек кітаптың екінші бөлімінде енгізіледі. Графикалық информациямен
жұмыс істеу оқулықтың бірінші бөлімінің соңында берілген.
"Физика және математика курстарынан есептер шығаруға алгоритмдер құру"
бөлімі егжей-тегжейлі талданған; . Бұл жерде информатика есептері сандық шешуге
қажетті математикалық ақпаратты жеңілдетеді. Сондай-ақ, тіпті жоғарғы оқу
орындарында қарастырылмаған есептерді шығаруына мүмкіндік береді.
Оқулықтың екінші бөлімі бірінші бөлімнің толықтырылып, дамуы іспетті. "ЭЕМ-
нің кұрылымы" тақырыбы толық баяндалған. Кітапты дайындау кезінде барлық мектеп
жаппай ДВК, УКНЦ ЭЕМ-іне көшу жоспарында болды. Соған байланысты, 16-разрядты
микропроцессәр (МП) қарастырылды. Авторлар микрокалькулятордың (МК)
пайдаланылуына сын көзбен қарады. Өйткені ЭЕМ-нің тапшылығына байланысты


информатиканы МК-ды пайдаланып оқыту қаупі болды, авторлар, мұны болдырмау
қажеттілігін өз мақалаларында бірнеше рет атап көрсетті.
Оқулықтың екінші бөлімінде МАТ құралына: параметрлі қайталану командасы,
талдау- командасы, алгоритм функция, литерлік шамалар қосылған. Дегенмен, практика
бұл толықтыруларды бірінші бөлімнің сәйкес тақырыптарымен бірге өтуге болатынын
көрсетті, талдауды-тармақталумен, "үшін" қайталануын — кестелік шамалармен және т.б.
Рапира тілі жөнінде мәлімет берілген. Сондай-ақ, авторлар бұл тілді басқа ЭЕМ-ге
көшіруді болжаған. Сондықтан Бейсик тілі жөнінде аз мағлұмат берілген, бірақ тілдің
бөлігі МАТ-мен параллель қарастырылған, МАТ-дің командаларымен салыстырып үйрету
тәсілі кеңінен қолданылған.
ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуі сол кездегі есептегіш техникалардың
программалармен жабдықталуының тапшылығын ескере отырып, кеңінен баяндалған.
"Қайталауға арналған жаттығулар" бөлімінде 40 есеп келтірілген, олардың кейбір
бөлігі олимпиадаға дайындалуға арналған есептермен бара бар. Тұтасымен алғанда, бұл
оқулық "информатика" оқулықтарының алғашқы бейнесін толық сипаттап көрсетті,
кейінгі оқу кұралдарында ескерілетін педагогикалық тәжірибені талдауға мүмкіндік берді.
Оқулықтың мұғалімдерге арналған кітабы "информатиканы оқыту әдістемесінің"
қалыптасуында үлкен роль атқарды. Ол сабаққа әдістемелік нұсқаулармен қатар,
информатиканың негізгі мәселелері авторлардың көзқарасы мен мақсатын ашып берді.
Сондай-ақ, мұғалімдердің машинамен және машинасыз оқыту тәсіліне материалды
іріктеп, өтуіне бағдар берді.
А.П.Ершовтың салған аса маңызды педогогикалық тәсілі - материалды өтудің
циклдық тәсілі. Оның информатикаға тән материалды баяндауға аса күшті
пәншілік байланысы бар жалпы дидактиканың бір ізділік принціпінің жүзеге
асырылуы ретінде түсінуге болады.
2. А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев, РА.Сворень және т.б зерттеушілер тобы
А.П.Ершов көрсеткен '"информатиканы оқыту бағытын жалғастырды. Авторлар
тұжырымдамасы бойынша, информатика - физика мен' математика тәрізді мектептегі
іргелі оқу пәні. Оның негізгі мақсаты - алгоритмдеу іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан
курс, тіпті мектеп толығымен ЕТ-мен толық жабдықталған жағдайдың өзінде
компьютерді пайдаланушыларды дайындауға бағытталмауы тиіс. Алгоритмдік ойлау
компоненті компьютерсіз де қалыптасады. МАТ-Бейсик, Паскаль тәрізді тілдердің
ағылшындық лексикасын жоюға мүмкіндік береді, оқушылардың назары есепті
алгоритмдеуге аударылады. Мектепте бір ғана тіл алгоритмдік тіл болуы тиіс. Е-
практикум - толық программалау жүйесіне дейін кеңейтілуі қажет. Тіпті "алгоритмдеу"
мен "программалау" бөлімдерін бөлуге болмайды деп есептейді. Информатиканың жеке
білімдік мақсаты тұрғанда және оған жету айтарлықтай күрделі болып жатқанда,
математикадан тым болмағанда бастапқы кезенде босатылуы дұрыс. Бұл
курстың басында сандық информациямен - жұмыс істеуге баса көңіл аудармай,
көрнекілік құралдарды басшылыққа алу екенін көрсетеді. (Робот, тасбақа, тәрізді
графикалық әртадағы атқарушылар).
"Информация", "алгоритм" ұғымдарымен салыстырғанда "атқарушы" ұғымы аса
маңызды ұғым болып табылады. Оның модульдік және обьектілі - бағдарланған
программалауға тікелей ұқсастығы бар.
Курс логикалық тұйықталып, аяқталған болуы тиіс.
Мысалы, МАТ құралдары атқарушылардың компьютерлік моделі қалай құрылғанын ашуы
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет