Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет18/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Сыныптағы жұмыс мазмұны
1. Ұйымдастыру бөлігі: амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақ
тақырыбын, жоспарын хабарлау, дәптерге алғашқы жазуларды
түсіру-1-3 минут
2. Өтілген материалды ауызша сұрақ-жауап түрінде қайталау және
тақтаға жазу (әңгіме)–4-9 мину
3. Жаңа материалды өту (лекция немесе әңгіме)–10-25 минут
4. Компьютерде өтілген материалды бекіту. Қойылған есепті
шешудің негізгі алгоритмімен танысу. Мұғалім әр оқушыға жеке
көмек көрсетеді–26-42 минут
5. Үйге тапсырма және оны түсіндіру–43-44 минут
6. Сабақты қорытындылау–45 минут
Педагогикалық оқу іс–әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің
қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін
материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай–ақ, оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып
табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқытушының таңдаған әдісіне


байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістердің кейбіреулерін атап
көрсетуге болады:
1. түсіндірмелі–иллюстрациялы;
2. программаланған
3. модельдік
4. эвристикалық;
5. проблемалық
Информатика курсында аталған әдістерді қалай пайдалануға болады?


Енді аталған әдістерді пайдалануды мысалмен түсіндірелік
Түсіндірмелі–иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын
тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы
ретінде жоспарлағанда пайдалануға болады. “Графикалық операторлар”
тақырыбын бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың
алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды
қайталау, қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып,
компьютерде қарапайым прогрммма жазу.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап
оқыту әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық
операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет
алынатынын біледі, бірақ суретті салу–әр оқушыға жеке тапсырма.
Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса,
ол оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.
Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейін белгісіз болса, ол
дидактиканың проблемалық әдісі болып табылады. Мысалы, үйретуші
программа құру проблемалық оқыту болып табылады.
Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары
белгілі. Бұл жағдайды оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты
таңдап, модель құруға болатындай етіпұйымдастырады. Одан кейін соңғы
нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылыпотырады. Егер алынған
нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа
өзгеріс енгізіліп модель нақтыланып, алгоритм қайталанылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет