Негізгі бөлім
І. Итмұрынның ерекшелігі – бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады,гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады,күлтелерден дайындалған эфир майы–парфюмериа өндірісінде пайдаланылады
Итмұрын–раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік.Биіктігі 2метр.Бұталары тікенекті.Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы тасты жерлерде, беткейлерде, ормандарда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстаннның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.
ІІ. Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда он есе, лимонға қарағанда елу есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшерде болатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К дәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып, бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.
Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтар, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес беріледі.
Трилоджи
Итмұрын майы ерін бальзамы 7 ml/0.24oz
Ультра нәрлендіретін кремді ерін бальзамы
Құрамында ерінді нығайтып, түзейтін, ылғалдандыратын расталған органикалық итмұрын майы бар
Сергітіп, салқындататын бұрышты жалбыз майы қосылған
Ерінді жұмсартып, жайландыратын жұмсартқыш какао майымен қаныққан
Қоршаған ортаның зақымдайтын әсерінен ерінді қорғайды
Тегіс, сауыққан көрінетін ерін ашады
Асқазанды шөппен емдеуге болады
Сырқаттанып қалған кездері міндетті түрде қымбат антибиотиктерді пайдалану шарт емес. Мен асқазанды әртүрлі химиялық препараттармен улай бергеннен гөрі бір мезгіл әжелерімізден бері қарай келе жатқан, неше ғасыр тәжірибеден өткен рецептерге де мән берген дұрыс деп есептеймін.
Мысалы, өзім гастриттен дәл сол әжелер рецепті бойынша құлан таза жазылдым. Оқырмандармен өзіме жасаған емді ұсынғым келеді. Бүгінде асқазан аурауымен ауыратындар көп екенін білгендіктен де, мүмкін бір дауасы тиіп қалар. Гастриттен емделуді бастамастан бұрын, алдымен бірінші кезекте барлық қара және жаңа піскен нан өнімдерінен бас тартқан дұрыс. Тек кепкен түрдегі бидай нан мен бір екі сортты ұннан пісірілген нанды ғана пайдалану керек. Булочка, тәтті нан-тоқаштарды аузыңызға алмаңыздар. Сол секілді ет, балық, саңырауқұлақ, томат соусы, қыша (горчица), ащы салаттар мен кофе, жаңа сығылған шырындар (ол асқазан сөлін тітіркендіреді), қуырылған ет, кептірілген жеміс, бұршақ, долана, аскөк пен петрушканы ас рационынан алып тастауға тура келеді. Сонда немен тамақтанамыз деген сауалдың тууы орынды. Тек қана қайнатылған және су буында дайындалған тағамдарды жеген абзал. Күніне 5-6 рет аз аз порциядан жеңіздер. Итмұрын (шиповник) қайнатпасын ішіңіздер, оны шай секілді демдеу керек. Ал күніге ұйықтар алдында 200 грамм сүт ішу қажет. Осыларды әдетке айналдырғаннан кейін барып, шөппен емделуге кірісуге болады. Ақ сәмбі талдың (белая ива) 1 грамм қабығын, 2 грамм иіртамыр тамыры (корень аира), 3 грамнан толғақ шөп (золототысячник) және жалбыз (мята), 4 грамм екпелі кендір дәні, 5 грамм шайқурай мен сасық шөпке (пустырник) 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою қажет. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне үш мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс. Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола жазып шығатынына көзім жетті. Тек шыдамды болған жөн. Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады дейді ғой.
Достарыңызбен бөлісу: |