Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Салқын цехтың жұмысын ұйымдастыру»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыру
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.................................................................5
1.2 Қойма және өндірістік бөлмелері.................................................................10
2. Кәсіпорынның техникамен жабдықталуы
2.1 Салқын цехтың жұмысын ұйымдастыру......................................................12
2.2 Суық цехтың есебі...........................................................................................16
Қорытынды............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының болашағын белгілі дәрежеге жеткізу және келесі жағдайлармен байланысты: оқу орындарында және жұмыс істейтін жерлерде қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында ұйымдастырып, жоғары сатыға жеткізу арқылы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын ұйымдастыруды индустриялық әдіске көшіру, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын арнайы жүйелерін кеңейту, өрістету, материалдық және моральдық ынталандыруды енгізу арқылы жоғарылайды.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының ең негізгі мақсаты ұйымдасқан түрде халыққа ақы арқылы тамақтандырып қызмет көрсету.Мәдениетті қызмет көрсету мүмкіншілігін құруға, тамақ дайындау уақытын қысқартуға, еңбек өнімділігін жоғарлатуға, әлеуметтік - экономикалық міндеттерді іске асыруға, яғни қоғамдық мүшелерінің арасында игілікті тарату формасының бір түрі болып қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары маңызды орын алады.
Kәсіпорындарының жұмыс тәртібі қызмет көрсетілетін ұйымдардың завод, мектеп, вокзал жұмыс уақытына байланысты болу, сондай – ақ адамдарды тәуліктің кез – келген кезінде тағаммен қамтамасыз ету қажеттігі жұмысқа шығудың әртүрлі графигін талап етеді. Алайда белгілі бір сағатта тамақтандыру, көбіне әлденеше дүркін тамақтану тәртібімен алмастырады, яғни халық қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда күні бойы бір қалыпты, әрі бірыңғай мәзірнама бойынша тамақтанатын болады. Осыған байланысты бұл кәсіпорындарда әр алуан тағам шикізаттарын қайта өңдейді және тез бұзылатын бұйымдар шығарады, сондай – ақ мұнда санитарлық және тазалық талаптарын қатаң сақтау, тағамдар мен аспаздақ бұйымдарының сапасын бақылау, шикізаттарды сақтау және тез бұзылатын бұйымдар шығарады, сондай - ақ мұнда санитарлық және тазалық талаптарын қатаң сақтау, тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын бақылау, шикізаттарды сақтау және өңдеу мерзімін мейлінше қысқарту, тағамдарды келушілердің сұранысын есепке ала отырып, шағын мөлшерде дайындау қажет.
Тамақтануды оңтайландыру озық технологияға, жаңа техникаға, ғылым жетістіктеріне және алдыңғы қатарлы тәжірибеге негізделеді. Осының бәрі шығарылатын кулинарлық өнімдердің өндірісін ұйымдастыруды үнемі жетілдіру, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен ұннан жасалатын кондитерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі жаңа кәсіпорындарды жобалау мен салу, істеп тұрғандарын қайта өңдеу мен жаңарту қажеттілігіне негіздейді.
Цех - өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе шикізат жасалатын не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін құрылымдық бөлімшесі, белгіленген бір бұйымдарды жасап шығаратын немесе технологиялық үрдісінің белгіленген бір түрімен шұғылданатын өнеркәсіп орынының негізгі өндірістік бөлімшесі.
Зерттеу мақсаты: салқын цехтардың жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері: Кәсіпорынның техникамен жабдықталуына және салқын цехтың жұмысын ұйымдастырылуына сипаттама беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |