Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі курстық ЖҰмыс



бет6/7
Дата01.06.2022
өлшемі44.98 Kb.
#458901
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-72467

Қорытынды
Қоғамдық тамақтандыру әрбір еджің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндірү, сату сияқты қызметтерді атқарадыҚоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады. Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оныңпайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты.
Қазіргі кезде елімізде ай сайын онға жуық мейрамханалар ашылуда. Мейрамхана бизнесі күннен күнге өркендеп, дамып келуде, алайда оны дурыс, сауатты және дұрыс ұйымдастыру - өте қиынға әкеліп соқтырады. өйткені бүгінгі күнде кішігірім тәжірибе мен сезгіштікке сену жеткіліксіз, міндетті түрде арнайы білімі бар, заманға сай көзқарасы бар мамандардың болуышарт. Міндетті түрде кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, бизнес жобасын экономикалық жағынан да, технологиялық жағынан да қарастыру қажет. Сонымен бірге құрылыс, архитектура, экология, технологиялық жабдықталу мәселелерін де есептеп білген жөн.
Ұйымдастыру бөлімінде технологиялық бөлімде орындалған есептеулерді жалпылайды және жобалауға қабылданған барлық цехтардағы, бөлімшелердегі және бөлмелердегі жұмыстарды ұйымдастыруға сипаттама береді.
Өндірістік цехтардағы: көкөніс, балық, ет немесе жартылай өңделген өнімдерді және көктерді өңдеу жұмыстарды ұйымдастыра отырып, жартылай фабрикаттарды дайындау, шикізаттарды өңдеудің негізгі технологиялық жолдарын көрсетумен қатар технологиялық процессті ұйымдастыруды ұсыну қажет.
Жұмыс орындарын жоспарлауды әзірлеу кезінде ЕҚН бірқатар қағидаларын есепке алу қажет:
- технологиялық үрдісті орындау реттілігін ескере отыра, жұмыс орындарын орналастыру;
- бірыңғай технологиялық операцияларды орындайтын жұмыс орындарын технологиялық жолдарға жинақтау;
- жұмыс орындарын біріктіру және бірыңғай технологиялық операцияларды орындау кезінде, сол бір құралды пайдалану;
- жұмыс барысында мүмкіндікті қамтамасыз ету, басқару құралдарын пайдалану;
- санитарлық ережелерді, қауіпсіздік және еңбек гигиенасы талаптарын орындау.
Жұмыс орындарын технологиялық үрдіс сипатымен, осы кәсіпорында жұмыс механизациясы деңгейімен жабдықтау шартталған және сауда - технологиялық және механикалық емес құралдардың, технологиялық және ұйымдастыру – техникалық жабдық заттарының бар болуымен сипатталады.
Суық цех бойынша суық тағамдар мен асарлықтарды дайындаудың негізгі технологиялық жолдарын көрсете отырып, технологиялық процессті ұйымдастыруды сипаттау қажет. Кондитерлік (ұннан жасалған тағамдар) цех бойынша нанның барлық түрлерінен: ашытқылық, қабаттамалы, қант қосылған үгітілгіш,бисквиттік, қайнақты және т.б. тағамдар дайындаудың негізгі технологиялық жолдарын көрсете отырып, технологиялық үрдісті ұйымдастыруды сипаттау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет