1.2 Екінші шетел тіліне оқытудың мазмұны мен қағидаттары
Ана тілінің проблемасы шет тілін оқытудың әдістерін жасауда бірінші кезекте тұрады. Бұл мәселенің күрделілігі ана тіліне сүйену, оның ескерілуі немессе оқу үрдісінен ерекшеленуі сынды оқыту қағидаттарында көрініс тапты. Оқушылардың барлық тілдік механизмдері қалыптастырылған және ана тілге жұмыс істейді, қоршаған ортаны көрудің ұлттық көріністерін көрсетеді. Нәтижесінде шет тілді меңгерудің алғашқы қадамдарын ана тілінің құралдары арқылы жаңа лексемаларды шынайылықтардың нысандарымен емес, ана тілінің сөздерімен байланыстыра отырып, жасайды. Оқытудың алғашқы сатыларында көптілділіктің субординативті түрі жасалынады. Тек содан кейін, тілді жоғарғы деңгейде меңгергеннен кейін, екі түсініктік негіздері бар көптілділік қалыптасады, оның әрқайсысы бір тілмен байланысты. Бұл объективті процесс, ана тілінің мәселесін шешудә көптілділік механизмінің қалыптасуынан іздеу керек.
Қазіргі кезде физиология мен психологияның мәліметтері екінші тілді меңгеру бұл тек қана тілдік материалды лексикалық бірліктерді таңдау нәтижесіндегі жинақтау, грамматикалық формалар мен құрылымдарды меңгеру ғана емес, тілдік механизмдерді араласуға құрастыру, кейіннен екі тілдік жүйені параллельді қолдану болып табылады, ал ең соңғысы бір жүйені екіншісіне барынша жағымды жағдайларды жасауға нейтралдау болып табылады.
Міне сондықтан, шет тіліне оқытуда көптілділіктің механизмін жасауды әдістеменің бірінші кезектегі міндеті деп санау қажет.
Екі тілдік жүйелерді таңдау жағдайындағы көптілділіктің мәні лексикалық бірліктердің белгілік, денотативтік немесе жағдайлық байланыстарды қалпына келтіру болып табылады. Ана тілінің лексикалық бірліктердің денотативтік немесе жағдайлық байланыстары шет тілін оқуға кіріске барлығында бар. Олар қандай да бір пәнді, қандай да бір жағдайды қалай бейнелеу керек екендігін, пайда болған жағдайға қандай тілдік бірліктермен әсер ету керектігін біледі. Екінші тілдің лексикалық бірліктерін зерттеуде оқыту әдісіне тәуелсіз әр жаңа оқушының көрінісінде пайда болатын, шет тілдік лексикалық бірлік шынайылықтың қандай да бір субъектісімен байланыстырылмайды, сәйкес ана тілінің сөзімен байланыстырылады, сол арқылы жеткізіледі. Бұл ретте шет тілдік сөз ана тілінде толыққанды эквиваленті ие емес болса, жалған байланыстарды жасаудың қауіптілігі пайда болады.
Екі тілдің лексикалық бірліктерінің арасында жалған тілдік байланыстарды жасау көптілділік механизмінің ерекшелігі болып табылады.
Көптілділік механизмінің қалыптасуының екінші ерекшелігі шет тілдік сөздің ана тілімен байланысы бір уақытта оны сәйкес семантикалық жүйемен байланысына және сәйкес кез-келген лексикалық бірліктің төңірегінде туындайтын семантикалық жүйемен байланысына итермелейді.
Ағылшын тілі – ақпараттық технологияның кілті. Бүгінгі таңда ағылшын тілі «ХХІ ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Осыған орай, ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары, мектеп қабырғасынан бастап, бүгінгі осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында мұғалімдер өз үлестерін қосуда, оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысуда. Себебі, дүниежүзіндегі интеграциялық үрдістердің үдеюі білім берудің ортақ, жалпы дүниежүзілік парадигмаларына көшу қажеттігіне, оның мазмұнының жан-жақтылығына себепші болып отыр. Елімізде бүгінгі таңда ағылышын тілінде білім алуды дүниежүзілік стандарттық үлгіде маман даярлауда ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі мақсаты ретінде – қоғам қажеттілігіне жауап беретін, халықаралық бірлестіктердегі мойындаған деңгейде шетел тілін меңгерген маман даярлау болып отыр. Осыған орай, жаңа білім жүйесіндегі назар аударылатын мәселенің бірі – болашақ маманның бойынан табылуға тиісті құзырлықтар мынадай нақтылықты көздеп отыр:
Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, қабілеті болу);
Мәдениеттанымдық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
Оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
Коммуникативтілік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекетік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел (ағылышын) тілінде қатынас дағдылары болу;
Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялар, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Көптеген ғалымдар өз зерттеулерінің негізінде алты жастағы баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін айтып отыр. Алдыңғы қатарлы бала тәрбиесі және оны дамыту жолдарымен айналысқан орыс ғалымдары Л.С.Выготский, В.ВДавыдов, Л.В.Занков және қазақстандық педагог-психологтар Қ.Т.Шерниязданова, Б.Баймұратова өз зерттеулерінде баланың дамуға ыңғайлы да қолайлы кезеңі бес, алты жас екенін айқындаған. Д.Б.Эльконин алты жастағы баланың тілдің дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру қабілетінің жақсы дамығандығын, сөз қорының жеткіліктілігін, олармен әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге толық мүмкіндік болатынын айтады. Сонымен қатар, бала жас кезінде тілді еркін әрі қиналмай меңгереді және қабылдау қабілеті өте жоғары болады. Алты жастағы бала өзіне берілген лайықты тапсырманы өздігінен орындай алады. Осы ретте Білім және ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы дұрыс деп ойлаймын. Ал оқушының бірінші сыныптан бастап үш тілді де өте жақсы меңгеруі үшін оқытудың алғашқы кезеңдегі негізгі аспектілерінің бірі – ол ойын элементтерін жас ерекшеліктеріне сәйкес қолдану. Мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, оқу әрекетіне көшуін қастамасыз ететін әдістерді пайдалану. Алғашқы оқыту сатысында бұл жастағы балаларға тақырыптарға байланысты түрлі-түсті суреттер арқылы сөзді есте сақтау, шағын сөйлем құрау, сұраққа жауап беру, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, ән салу, рөлдік ойындар, аудиоматериалдар және т.б. қолданылады. Себебі ерте жастағы бала еліктеу арқылы үйренеді.
Бала – ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы. Олай болса, жас ұрпақты білімді, үштілділікті терең меңгертіп тәрбиелеу, олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра білу қазіргі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігімен ұштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |