Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х. Дулати атындағы



бет15/35
Дата10.02.2022
өлшемі4.49 Mb.
#455253
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Спутник

Көп станциялы қолжетімділік. ҒА-та алты белсенді фазаланған антенналық торлардан тұратын, олардың әрқайсысы сегіз сәулелерді қалыптастыратын, 48-сәулелік антенналық жүйе қолданылған. Бір сәуле жер бетіне 600 км диаметрімен қызмет көрсету зонасын шығарады. 48 сәулелердің барлығын тұтас спутник ішіндегі зона 4000 км аса диаметрімен қалыптастырады.

Жүйеде КҚКЖБ/УБКҚ(көпстанциялы қолжетімділік: каналдардың жиілік бөлінуімен/ уақыт бойынша бөлінумен көптеген қолжетімділік) көп станциялы қолжетімділіктің жиілік комбинациясы және уақытша әдістері қолданылған. Іргелес сәулелерді бөлу үшін түрлі жиіліктер (метод КҚКЖБ) қолданылады. Әрбір парциалдық зонада көп станциялы қолжетімділіктің форматы - УБКҚ. Әрбір 8-сәулелік құрылым жиілікті көп мәрте қолдануға мүмкіндік береді.

Радиожелі арқылы "Абонент-ҒА" байланыс 64 каналдар (оның ішінде 9-ы дабыл каналдары) арқылы жүзеге асырылады. Каналдар арасындағы таралу 160 кГц-ке, әрбір каналдың жиілік жолағы - 126 кГц-ке тең. "ҒААбонент" радиожелісінде 350 кГц таралу және әрбір каналдың жиілік жолағы - 280 кГц болатын 29 каналдар ұйымдастырылған.

"Абонент-ҒА" және "ҒА-Абонент" радиожелілері үшін МДВР кадрлар құрылымы бойынша ұқсас, бірақта оларды жылдамдығы жағынан ажыратуға болады. "Абонент-ҒА" желісінде ақпаратты жіберу жылдамдығы 180 кбит/с, ал "ҒА-Абонент" желісінде 400 кбит/с құрайды. Модуляция әдісі – көтеріңкі косинус (QPSK) заңы бойынша фазаны деңгейлестіру және жылжытумен төртбұрышты фазалық манипуляция.

Абоненттің әрқайсысы "тасымалдаушыға бір пакет" жіберу әдісін пайдалана, пакеттік режимде жұмыс істейді. МДВР кадры сегіз уақытша терезелерден (сегменттерден) тұрады. Кадр ұзақтылығы 90 мс-ке тең. Пакеттің жіберу уақыты 8,28 мс-ты құрайды.

Жүйе ішіндегі бөгеттерді жою үшін 22,48 мс ұзақтылығымен уақытша қорғау интервалы қарастырылған. Бұндай қорғау интервалы МДВР нәтижесін 73% дейін кішірейтеді.

Iridium жүйесінде кілттік аспектілерінің бірі болып абоненттің сәуледен сәулеге және де бір ҒА-тан келесісіне өту механизмі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет