Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс


Математика сабағықтарында дарынды балалармен жүргізілетің жұмыстар



бет7/10
Дата11.12.2022
өлшемі88.52 Kb.
#467011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
курстык жумыс 1

2.2 Математика сабағықтарында дарынды балалармен жүргізілетің жұмыстар

Математика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әр түрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.


Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі математика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Математика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеу мәселесі оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математика пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау математиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін математиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Пән бойынша өткізілетін оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын мұғалім қадағалап, бағыт беріп отыруы керек. Математика саласында еңбектену - ақыл-ойдың қабылдағыштығын абстрактілі ойлай білу, белгілі бір логикалық мәдениет болуын талап етеді. Сондықтан мұғалім өз оқушысынан математикалық «ұшқынды» дер кезінде байқаған жағдайда оған қосымша әдебиет ұсынып, қосымша есептер таңдап алуына дер кезінде көмек көрсетіп, байқалған «ұшқынды» болашаққа жол сілтейтін лаулаған отқа айналдыратын амал таба білу керек. Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет етеді. Сондықтан зерттеу, ізденісте әрқашан балаға ақылшы-кеңесші ретінде мұғалім жетекшілік етуі тиіс.
Дарынды балаларды математика пәні бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттауда мынадай жоспар құрып, ұсынып отырмын.
Түсінік хат
Барлығымызға белгілі бір сыныпта дарынды, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Сондықтан оқушылардың жеке қабілеттеріне, бейімділігі мен ой-өрісінің дамуы дәрежесіне көңіл бөлу керек. Дарынды оқушы арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарттары - дарынды оқушыны таңдай білу, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы мен мұқтаждығын қорғау болып табылады.
Дарынды оқушымен жұмыстың мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту.
Дарынды оқушымен жүйелі жұмыстарды жүргізіп, жан-жақты талдау жұмыстарын жасай алсақ қана, оқушылардың дарындылығын, қабілет -мүмкіндіктерін айқындай аламыз

Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология түрлерін қолдануға болады. Олар: деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту технологиясы және т.б. Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерінің көтеру процесі төрт кезеңнен тұрады.


Бірінші кезең – бұл кезеңде мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекетімен таныстырады. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік береді.
Екінші кезең – бұл кезеңде мұғалім әртүрлі әдіс – тәсілдерді көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді.
Үшінші кезең – бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Осы кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады.
Төртінші кезең – бұл кезеңде оқушы жұмысы шығармашылық ізденпаздық мағына алады.
Мұнда оқушының танымдық қызығушылығы, қажеттілігі, кәсіби бағдары ескеріліп, таңдаған тақырыбы бойынша шығармашылық ізденістеріне мұғалім басшылық жасап бағыт бағдар беру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет