Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ


Ең үлкен махаббат – халық махаббаты



бет47/49
Дата23.10.2023
өлшемі263.71 Kb.
#481411
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Диктанттар жинағы


Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.

Халықтың ықыласына ешкім тиым сала алмайды.

Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.

Таздың басына, пұшықтың мұрнына қона салатын соқыр бақыт сықылды емес, Даңқ – ешкімнің ырқына көне салмайтын бірбет құбылыс.

Лайық емес адамға даңқ жоламайды.
Даңқ — онның бірін, жүздің бірін таңдайтын талғампаз.

Даңқ —нағыз таланттың жолсерігі, жұбанышы, көз жасын сүртетін беторамалы, жан жарасын жуатын таң нұры.

Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық үдеріс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель

Әр ақынның —егер ол шын ақын болса – тоқсан тоғыз қасіреті болады


Кейде тіпті ақын неғұрлым дарынды, неғұрлым арлы болған сайын соғұрлым сормаңдай бола ма деп те ойлайсың!

Нағыз қайыршы ұрлық жасамайды.

Жалпы жоқтық деген пәле мықты ақындарды өте жақсы көретін болуы керек, қай заманда, қай елде болмасын, алдымен соларды іздеп табады.
Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!

Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.

Жүйке ауруы – жалғызілікті емес, көп ағайынды.

Туғанда аяқ-қолың балғадай сап-сау болып туғанмен, ертең кім боларыңды бір құдай ғана біледі.

Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім – өмірдің өзі.

Адамды ауыртатын да, өлтіретін де сол өмір!
Ол тек құжаттарға ғана Өлім деп қол қоя салады!

Өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, Өмірден қорық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет