Екінші батырманы басқан сәтте, екінші зертханалық жұмыстың – гамма-кванттардың затпен әсерлесуінің негізгі терезесі ашылады. Терезенің жоғарғы жағында алғашқы шарттарды орнатуға және есептеу нәтижелерін бақылауға мен есеп беруді құруға арналған батырмалар орналасқан.
17-сурет. Гамма-кванттың затпен әсерлесуі – зертханалық жұмысының интерфейсі
батырмасы ағынның негізгі параметрлерін: гамма-кванттардың бастапқы энергиясы; гамма-кванттар ағынының интенсивтігі сияқты параметрлерді реттеуге мүмкіндік береді (18-сурет). Жоғарыда көрсетілген параметрлерді енгізгеннен кейін, нысана параметрін бартырманы басу арқылы беруге (10-суретті қараңдар) болады. Нысананың химиялық элементін өзгерту үшін, енгізу аумағына элементтің массалық санын және зарядын енгізу қажет. Нысананың қалыңдығын да енгізген дұрыс болады.
18-сурет. Гамма кванттардың интенсивтігі мен бастапқы энергиясын енгізу
Осы қажетті параметрлерді енгізгеннен кейін, батырмасын басу қажет. Есептеулер қорытындысы 19-суреттегідей болады.
19-сурет – 2-ші зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері
Осы жұмыстарды орындағаннан кейін, нәтижелерді көруге және есеп беру ретінде сақтауға болады, ол үшін пернесін басамыз.
1 – тапсырма. Атомдық салмағы жеңіл заттардағы гамма-кванттардың «еркін жүру жолын» анықтау
| -
Нысана ретінде зарядтық саны 28 ден аспайтын, белгілі қалыңдығы бар өздерің қалаған затты алыңдар;
-
Программаның көмегімен әртүрлі есептелу қабаттарындағы ағын интенсивтігінің төмендеуін анықтаңдар;
-
Ағынның 3 есе төмендеу кезіндегі еркін жүру ұзындығын анықтаңдар;
-
Нысананы өзгертіп және бастапқы параметрлерді қалдыра отырып, экспериментті қайталаңдар;
-
Нәтижелерді салыстыра отырып, керекті қорытындылар жасаңдар.
2 – тапсырма. Атомдық салмағы ауыр металлдардағы гамма-кванттардың «еркін жүру жолын» анықтау
| -
Нысана ретінде зарядтық саны 28 ден аспайтын, белгілі қалыңдығы бар өздерің қалаған затты алыңдар;
-
Программаның көмегімен әртүрлі есептелу қабаттарындағы ағын интенсивтігінің төмендеуін анықтаңдар;
-
Ағынның 3, 9, 27 есе төмендеу кезіндегі еркін жүру ұзындығын анықтаңдар;
-
Нысананы өзгертіп және бастапқы параметрлерді қалдыра отырып, экспериментті қайталаңдар;
-
Нәтижелерді салыстыра отырып, керекті қорытындылар жасаңдар.
3 – тапсырма. Белгісіз элемент үшін гамма-кванттардың жұтылу коэффициентін анықтау
| -
Нысана ретінде қалаған затты алыңдар;
-
Берілген энергиядағы толық жұтылу коэффициентінің тәуелділік графигінен оның мәнін анықтаңдар;
-
Затты өзгерте отырып, гамма-кванттардың толық жұтылу коэффициентінің заряд санына қатысты тәуелділік графигін тұрғызыңдар;
-
Нәтижелерді салыстыра отырып, керекті қорытындылар жасаңдар.
2.2.3 Зертханалық жұмыс – Нейтрондардың затпен әсерлесуі
Үшінші батырманы басқан сәтте, (7-суретті қараңдар) үшінші зертханалық жұмыстың – нейтрондардың затпен әсерлесуінің негізгі терезесі ашылады (20-сурет).
20-сурет – 3 зертханалық жұмысты есептеген кездегі нәтижелер
Реттеу, басқару және параметрлерді енгізу тәсілдері жоғарыдағы екі зертханалық жұмыстарда көрсеткендей орындалады.
1-тапсырма. Энергиясы 14.1 Мэв нейтронның затпен әсерлесуінің дифференциялдық қимасын зерттеу
|
-
Ұшып келетін бөлшектер ретінде нейтрондарды алыңдар;
-
7Li ді 20 мкм қалыңдығы бар нысана ретінде беріңдер;
-
Детектордың бұрыштық диапазонын 5-тен 179 градус интервалының аралығында және 10-4 стер денелік бұрышын беріп, 10 есептелу қабатын енгізіңдер;
-
Программа көмегімен артқы жартысфера бұрыштарының () қателіктері көп емес интегралдық және дифференциялдық қималарды есептеңдер;
-
Алғашқы параметрлерді қалдыра отырып, нысананы 64Cu ауыстырыңдар;
-
Нәтижелерді салыстыра отырып, керекті қорытындылар жасаңдар;
-
Өзіндік жұмыс ретінде әртүрлі элементтер мен олардың изотоптарын және параметрлерін өзгерте отырып басқа да элементтерді қолданыңдар.
2-тапсырма. 14,1 МэВ энергиясы бар нейтрондардың затта жұтылуы.
| -
64Cu моделін нысана ретінде беріңдер;
-
Ұшып келген бөлшектер ретінде нейтрондар мен қалаған бөлшектер ағынын таңдаңдар;
-
Нысана қалыңдығын өзгерте отырып, алынған мәліметтерді салыстырып көріңдер;
-
Өзіндік жұмыс ретінде әртүрлі элементтер мен олардың изотоптарын және параметрлерін өзгерте отырып басқа да элементтерді қолданыңдар.
3-тапсырма. Нейтрондардың серпімді шашырау әсерлесуінің радиусын есептеу.
| -
Нейтрондардың серпімді шашырауының дифференциялдық қималарының бұрыштық таралымының дифракциялық суретінен, формуласы арқылы, әсерлесудің орташа радиусын анықтаңдар. Мұндағы
Нейтрондардың толқындық саны; - ядро бетінің траекториясына жанамаға қатысты нейтронның бұрыштық моменті; - дифференциялдық қималар таралымының бұрыштық осцилляциясының периоды;
-
Нейтрондардың әсерлесуінің орташа радиусының нысана ядроларының массалық санына қатысты тәуелділігін тұрғызыңдар.
Бақылау сұрақтары:
-
Зарядталған бөлшектердің затпен әсерлесуінің қандай механизмдері мен типтері бар?
-
Дифференциялдық қималар не үшін қолданылады және одан ядро құрылымы туралы қандай мәлімет алуға болады;
-
Бөлшектердің серпімді шашырауының негізгі қасиеттері;
-
Интегралдық және толық қима арасындағы айырмашылық неде?
-
Ядро өрісіндегі электрон-позитрон жұбының түзілуінің шектік энергиясы , ал электрон өрісінде екенін дәлелдеңдер;
-
Фотоэффект, Комптон-эффект және электрон-позитрон жұбының түзілу процестерін түсіндіріңдер;
-
Нейтрал бөлшектердің затпен әсерлесуінің қандай механизмдері мен типтері бар;
-
Дифференциялдық қималар не үшін қолданылады және одан ядро құрылымы туралы қандай мәлімет алуға болады;
-
Бөлшектердің серпімді шашырауының негізгі қасиеттері;
-
Интегралдық және толық қима арасындағы айырмашылық неде.
Достарыңызбен бөлісу: |