Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласынның ШӘКӘрім атындағЫ



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі482.64 Kb.
#132204
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫННЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СБЖ құжаты

О Ә К


042-16-20.01.20.-87/3-2013

«Әлемдік қаржы нарықтары» пәннің оқу-әдістемеләк материалдары

№ 1 баспа 29.08.2013 ж.




«Әлемдік қаржы нарықтары»




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

6М050900 «Қаржы» мамандығы үшін


Семей 2013


Мазмұны:





1.

Глоссарий




2.

Дәрістік сабақтың тезистері




3.

Талқыланатын сабақтар




4.

Магистранттардың өздік жұмысының тақырыптары




5.

Әдебиеттер





1 Глоссарий
Ақшалық мультипликатор – 1 долларға ақша базасының өлуімен байланысты ақша сұранымының артуы.

Ақша массасы –шаруашылық айналымға қызмет ететін және тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке жататын, айналымға шығарылған барлық металл және қағаз ақшалардың көлемі.

Авуарлар –төлемдер мен міндеттерді өтеуге мүлкін болатын кең мағынадағы активтер (ақша қаражаттар, чектер, вексельдер, аударымдар, аккредитивтер). Сөздің тар мағынасында - өтіледі активтер.

Аккредитив – банк импортерімен шығарылатын басқа банк экспорттерға ( немесе келісімде анықталған өзге де тұлғаға) белгіленген талаптарды орындауыннан кейін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті болатын, қаржылық құжат.

Агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация;

Айқын басым көпшілік – акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;

Айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;

Акционер- акцияның меншік иесі болып табылатын адам;

Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз;

Акциялардың бақылау пакеті – акционерлік қоғамның жарғысында көзделетін және акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;

Акцияның нақтылы құны – құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталды қалыптастыруға қатысатын және акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында белгіленген акция құнының ақшалай көрінісі;

Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының  брокерлiк және дилерлiк   қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы;

Акционерлiк инвестициялық қор - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам;
Айырбастау пункттерi - шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргiзiлетiн арнайы жабдықталған

Әлеуметтік жеке код – азаматқа, сондай –ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;

Бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға белгiленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған iс-әрекеттерi;

Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;

Бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаздар бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның жарияланған бағасы;

Басқарушы компания - инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензия негiзiнде инвестициялық қор активтерiн сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы.

Бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;

Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы - өз қызметiн бағалы қағаздар рыногында лицензия негiзiнде не заң актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын және акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында қызмет iстейтiн (трансфер-агенттi қоспағанда) заңды тұлға;

Бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген тұлға, сондай-ақ пайлық инвестициялық қор;

Бастапқы бағалы қағаздар рыногы - эмитенттiң бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзi сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан және есебiнен белгілi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерiн тiркеу;

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесi - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;

Базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;

Банк – ақша қаражаттар мен қорларды жинайтын, несиелік ресурстарды ұсынатын, сондай-ақ өзара байланысты төлемдерде және мемлекет, кәсіпорындар, ұйымдар және басқа да тұлғалар арасындағы есеп айырысуда делдалдық қызметті жүзеге асыратын, ақшалай ресурстар мен бағалы қағаздар эмиссиясын, алтынмен операцияларды және басқа функцияларды іске асыратын, қаржылық мекеме.

Банктік операциялар – ақша қаражаттар тарту мен орналастыру, қарыз беру, клиенттерге есептік қызмет көрсету және олардың басқа да талаптарын орындау бойынша банктердің операциялары.

Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

Брокер - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;

Бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат;

Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түрiндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат;

Валюталық операциялар:
      валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар;
      валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жiберу және аудару;
Валюталық құндылықтар:   шетел валютасы;      номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;    резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;      тазартылған құйма алтын;   резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;      резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
Валюталық шарт - өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келiсiм, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізiнде және (немесе) оларды орындау үшiн валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар;

Дауыс беретін акциялар – акционерлік қоғамның осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы беріліп, орналастырылған жай және артықшылықты акциялары;

Делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;

Депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;

Депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

Депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;

Депозитке салу - орталық депозитарийдiң депоненттер мен олардың клиенттерiнiң қаржы құралдарын есепке алуы;

Дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;

Дилер - бағалы қағаздар рыногының  ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен  өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;



Диверсификация – зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;

Дивиденд – акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;

Екі жақты сақтандыру - белгілі бір қауіп-қатердің екі сақтандырушыға саќтандыру. Мұнда саќтандырушылардың объекті саќтандырған сома қосындысы оның алғашқы саќтандыру құнынан асып түседі. Қолданылып жүрген заңға сәйкес мұндай жағдайда ер саќтандырушы саќтандыру келісімінде өз үлестерінің көлеміндей жауап береді.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

Ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан республикасының заңдарына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының Үкіметті белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты белгіленетін төлемнің мөлшері;

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты және осы заңға белгіленген төлемнің мөлшері;

Жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;

Жеке инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;

Жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды eceпкe алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;

Жеке шоттан үзiндi - бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы беретiн және тiркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгiлi бiр уақыт кезiндегi құқықтарын растайтын құжат;



Жүктерді сақтандыру - жүк саќтандырудың негізгі шарттары — ќауіп-қатердің барлық түрлеріне жауапкершілігі. Саќтандырудың бұл түрінде жалпы апат шығындарының, шеккен зияндыќтардың, төленген жарналардың, сонымен ќатар ќандай себептерден болса да саќтандырылған мүліктің, заттың бүліну, жоғалу, толық апатқа ұшырауының орны толтырылады. Саќтандырылмайтын ќауіп-ќатерлерге: соғыс қаупі, тікелей не жанама радиация әсері, саќтанушының салаќтығы мен арам ниетті істері, жүктің ескеруге жатпайтын ерекше қасиеттері мен жүкті тасу өзгешеліктеріне байланысты басқа да ќауіп-қатерлер жатады. Міндетке алынған қауіп-қатерлерден тыс қалғандары екі жаќтық келісім бойынша қосымша сыйлық-төлем арқылы саќтандырылады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, жүзеге асыратын заңды тұлға;

Жинақталған зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсіипұлды және шарттарға, осе Заңға қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзгеде түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;

Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны – жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасының мемлекттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индекісіне үйлестірілген нақты құны;

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдералумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);

Зейнетақылық аннуитетшарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтандырушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым -

жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;



Зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдерімен аударымдарын; сондай – ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамассыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

Зейнетақы төлемдері :орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай – күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара – бар түрде жүзеге асыратын ақма қаражатын төлеу;

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;

Зейнетақы – Орталықтан, жинаушы зейнетқы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

Зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – орталықтан зейнетақы тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерн алуға құқығы бар жеке адам;

Инвестициялар - лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi көбейту;

Инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi;

Инвестициялық кіріс – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;

Жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда қазақстан республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзгеде түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;



Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушы- бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi өз атынан, клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;

Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

Институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;

инвестициялық қордың активтерi - акционерлiк инвестициялық қорға тиесiлi немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;


Инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, инвестициялық қор активтерiне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеудi, қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
Инвестициялық шешiм - инвестициялық қордың активтерiн басқару процесiнде қабылданатын оның активтерiмен мәмiле жасасу туралы шешiм;
Инвестициялық кiрiс - инвестициялық қор активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған олардың ақшалай көрiнiсiндегi өсiмi;
Инвестициялық қор - заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры;
Инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;

Инвестициялық пай қорының ережесi - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайтын құжат;
Инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтін іс-шаралар кешені;
Инфрақұрылымдық облигация — эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объектінің құнының сомасына сәйкес жасалған инфракұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;

Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi  активтер кепiлiмен  қамтамасыз етiлген облигация;

Инвестициялық қордың таза активтерiнiң құны - инвестициялық қордың барлық активтерiнiң құны мен оның инвестициялық қор активтерi есебiнен төленуге жататын мiндеттемелерi не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретiнде айқындалатын инвестициялық қор активтерi құнының ақшалай көрiнiсі;
Кастодиондық шарт – кастодион банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;

Қаржы қарыздары:  ақша нысанында берілетін қарыздар (коммерциялық кредиттерді қоспағанда);  банктердің шет елде халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында құрылған еншiлес ұйымдарының сол банктердегі салымдары (депозиттерi);      борышкердiң міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге берілетін ақша;      үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатып алуды және өзге де мәмiлелердi қаржыландыруы, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың кредитор алдындағы борышкердің мiндеттемелерiн орындауы, соның нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлiктi сыйақымен немесе онсыз қайтару жөнiндегі міндеттемесі орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға мiндеттілігі туындайды;
Коммерциялық кредиттер - тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тiкелей жүзеге асырылатын экспорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе импорт бойынша алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем);
Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялары - қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің-акционерлiк қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары;
Қазақстанның қордың инвестициялық қызметi - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жоспарлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттаманы  қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі;
Казақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

Қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен,  банк кепiлдiгiмен  қамтамасыз етiлген облигация;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет