Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі шығыс Қазақстан облысы білім басқармасыНЫҢ


ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



бет2/6
Дата11.04.2022
өлшемі33.86 Kb.
#456655
1   2   3   4   5   6
Жоспар Улагат 2021-2022

3. ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
3.1 ӘБ жұмысының мазмұны ҚР білім беру саласындағы заңдылықты актілермен,ҚР мектебінің ұлттық моделінің даму идеяларымен, мектептің әдістемелік тақырыбымен,пәнді оқытудағы және ғылымның педагогикалық-психологиялық саласындағы жаңалықтар мазмұнымен анықталады.
3.2 ӘБ бір пән бойынша немесе бір білім беру саласында кем дегенде бес мұғалім болғанда ұйымдастырылады. ӘБ құрамына сыбайлас пәндер мұғалімдері кіре алады.
3.3 Ұйым бекітілген (директормен немесе директордың ОТЖ бойынша орынбасарымен немесе кафедра меңгерушісімен) жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
3.4 ӘБ өзінің жұмысын демократияның, жариялылықтың, ӘБ барлық мүшелерінің мүдделерін ескеру және құрметтеу қағидаларымен атқарады.
3.5 ӘБ өзінің отырыстарын айына бір рет өткізеді.

«Ұлағат» жаратылыстану- математика әдістемелік бірлестіктің


2021-22 оқу жылына арналған жоспары
Ұлағат” жаратылыстану және математика әдістемелік бірлестігінің түйінді тақырыбы:
«Жаратылыстану және математика пәндерін оқытуда Қ.О.Бітібаеваның «Ой салу, ойланту, ойлау», АКТ, жаңа технологиялар және деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы жаңартылған білім мазмұны негізінде оқушының дарындылығын дамыту жолдары»
Мақсаты:
Жаратылыстану, математика пәндерін оқыту барысында оқыту технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының бойындағы қабілеттер мен дарындылығын толық жетілдіруді Қ.Бітібаеваның еңбектері арқылы ғылыми негізде, кешенді түрде жүргізу
Міндет:

  • Қ.Бітібаева еңбектерінің негізінде дарынды оқушы моделін жасау;

  • Қ.Бітібаеваның «Ой тасту, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқушы дарындылығын дамытудың педагогикалық, психологиялық ұстаным, қағидаларын анықтау және зерттеу;

  • Оқушы дарындылығын дамытудың инновациялық технологиялары мен жолдарын анықтау;

  • Ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясына негізделген шығармашылық тапсырмалар, сабақ үлгілерінің жүйесін жасап, тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу;

  • дарынды оқушының рухани-адамгершілік негіздерін дамыта оқыту;

  • шығармашыл тұлғаның қалыптасуына қолайлы психологиялық, әлеуметтік жағдайлар туғызу;

  • берілетін білім мазмұнын тереңдету, байыту;

  • Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың оқу- танымдық белсенділігін арттыру;

  • Субъектіні қалыптастыру мақсатында жаңаша оқытудың әр түрлі тиімді әдіс- тәсілдерін қолдану: педмаржандар әзірлеу;

  • Оқушылардың өз бетімен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

  • Білім нәтижесінің көрсеткіштерін, деңгейін жоғарлату: олимпиада, ғылыми-жоба қорғау, ҰБТ, әртүрлі конкурстар, арақашықтық олимпиадалар;

  • Мұғалім кәсіби шеберлігін, білімін көтеру, іс-тәжірибесін тарату.

Жоспарға сипаттама:



  • Жұмыс мазмұны бойынша: әдістеме тақырыбы, іс-тәжірибе тарату, жоспарға шолу- атқарылған жұмыстарға, ағымдағы жұмыстарды талдау

  • Жұмыс түрі: отырыс, коучинг, шеберлік сынып, дөңгелек стол, педжәрмеңке

  • Мақсат, міндеттер: бірлестіктің негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру

  • Нұсқау, дайындық түрі: нұсқаулық, ресурстар, қолданылатын әдебиеттер, ғылыми-эксперимент бағдарламасы

  • Жауапты-нәтиже: өткізу материалдарының құндылығы бойынша жинақтау түрі- диск, брашюра, альбом, медиатека





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет