Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет2/3
Дата30.10.2023
өлшемі191.14 Kb.
#481953
1   2   3
Арнайы пәндерді қашықтықтан оқытуда қолданылатын технологиялардың маңызы.

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік –технологиясына жатады:
- Интернет желісін пайдалану;
- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс [2].
Қазіргі колледж студенті болашақ мамандығын кәсіби бағдар арқылы таңдап алған соң, оның болашақта білікті кадр болып қалыптасуы колледж оқытушыларының міндетіндегі іс болып табылады. Ол үшін колледждердің оқу процесі жаңаша ұйымдастырылып, арнайы пәндерге арналған зертханалық жұмыстар оқытудың инновациялық технологиясымен байланыстырылуы
тиіс [3].
Жалпы біз сөз етіп отырған инновациялық технологиялар оқу процесіне педагогикалық оқыту технологиялары болып 1970 жылдары батыстың педагогикалық әдебиеттерінен келген. Бұл – әртүрлі типтегі білім беру ұйымдарының оқу процесінде кадр даярлау, біліктілік көтеру, материалдық қамтама-сыз ету, басқару және т.б. сияқты оқытудың әртүрлі жүйесінде қолданылатын технологияны сипаттап береді [4]. Дегенмен, осы технологияларды қашықтықтан оқыту кезеңінде де тыс қалдырмай оны одан ары дамыту – әрбір оқытушының міндеті. Әсіресе қашықтықтан оқытуда теорияны тәжірибемен байланыстыруда негізгі ақпарат көзі болып табылатын арнайы пәндерді инновациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізу білім сапалылығын арттырып қана қоймай, білім алушының танымдық көзқарасын да кеңейтеді.
Қазіргі кезде оқу процесінде қолданылып жүрген көптеген инновациялық технологиялар бар. Ол үшін оқытушы өзінің ақпараттық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы тиіс. Техникалық колледж оқытушысы ең алдымен оқытудың инновациялық технологиясына сәйкес техникалық құралды дұрыс таңдап алуы, сабақ жоспарын жаңа технология талаптарына сай құра білуі, тапсырмаларға сәйкес техникалық құрал қажеттілігін дұрыс жіктей алуы, сонымен қатар, өткізілген жаңа сабақтан нақты қорытынды мен нәтиже көрсете алуы тиіс. Технологиялардың түрлері білім берудің мемлекеттік стандартында анықталған және арнайы бекітілген оқыту мазмұнына ешқандайда нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің үлгілік бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді [5].
Қашықтықтан оқытудағы технологияларды қолдану оқытушы мен студент қарым - қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде оқытушы – оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, оқытушы – оқушы – компьютер(есептеуіш техникасы) - оқулық жүйесі пайда болды [6].
Қашықтықтан оқытуда қолданылатын технологиялардың жаңаша түрлерінің бірі – практикалық және зертханалық сабақтарды қызықты етіп өткізуге арналған виртуалды зертханалық жұмыстар. Виртуалды зертханалық жұмыстар – компьютерлік имитациялық тренажерлары болып табылады. Олар оқушылардың кәсіби қабілеттерін және ішкі түйсіктерін қалыптастыру мен жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Виртуалды зертханалық жұмыстар – бұл түрлі құрал-жабдықтар мен қондырғылар қолданылатын шынайы зертханалық жұмыстардың (тәжірибелердің) аналогы болып табылады, алайда виртуалды зертханалық жұмыстардың шынайы зертханалық жұмыстардан басты айырмашылығы бұл олардың компьютерде орындалуы. Виртуалды (компьютерлік) зертханалық жұмыстардың артықшылығы:
- Оқу орны ауданы мен қаржы шығындарының үнемділігі;
- Зертханалық жұмыстарды әрбір оқушының жеке-жеке орындау мүмкіндігі;
- Оқытылатын жабдықтармен қауіпті және апаттық режимдерде жұмыс жасау мүмкіндігі;
- Тәжірибе шарттарын өзгертудің мүмкіндігі;
- Пайдалану шығындарының болмауы.
Қашықтықтан оқытуда қолданылатын технологиялар кәсіпшілік дағдылары мен іскерліктерін, ішкі түйсіктері мен шығармашылық қабілеттерін әр түрлі дамытуға мүмкіндік береді [7].
Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет