Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Практикалық жұмыс № 2 «Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды»



бет15/21
Дата06.03.2016
өлшемі2.68 Mb.
#44251
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Практикалық жұмыс № 2 «Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды»


№2 практикалық жұмыста негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды қарастырылады; Delphi ортасы пішінге құрауышты қосқан кезде оның бағдарламалық кодын автоматты түрде қосады, «оқиға» деген түсінік кіргізіледі және оның оқиғаны өңдеу прцедурасының көмегімен қалай өңделетіні көрсетіледі.

Тапсырма 1. №1практикалық жұмыста құрылған жобаны іске қосу және жоба мен модульдің бағдарламалық кодын көру.

  • Delphi – ді іске қосыңыз.

  • Негізгі менюдің командасын орындаңыз: File \ Open Project

  • Ашылған терезенің жобалар тізімінен (.DPR кеңейткіші бар файлдар) TEST.DPR аты бар жобаны тауып алыңыздар, оған тышқанның сол жағымен бір рет шертіп, ОК - ді таңдаңыз немесе пернетақтадан Enter пернесіне басыңыз.

Экранда «Программа «Тест»» тақырыбымен пішін пайда болады.

  • Жобаның бағдарламалық кодын көру үшін негізгі менюдің Project\View Source командасын орындаңыздар.

  • Көңіл қойып жобаның бағдарламалық кодын қараңыздар (Сурет 1.8).


Жобаның бағдарламалық коды бағдарламаның тақырыбынан, модульді қосу бөлімінен, компилятор директивасынан және бағдарламаның негізгі денесінен тұрады.

Бағдарламаның тақырыбы Program қызметші сөзінен тұрады, одан кейін жобаның атымен сәйкес келетін бағдарламаның аты орналасады. Жобаның аты оны сақтар кезде беріледі және ол Delphi ортасында орындалатын файлдың атын анықтайды.

Модульді қосу бөлімі Forms жүйелік модульі мен Mainform модульінен тұрады, олардың бағдарламалық коды Mainform.pas. файлында жазылады.

Компилятор директивасы {$R *.RES} бағдарламалық файлдың орындалуы үшін берілгендерден тұратын (мысалы, қосымшаның пиктограммасын сипаттау) файлдық ресурсты жүктеу үшін тағайындалады. Жұлдызша белгісінің тұруы ресурс файлының аты жоба файлының атымен дәл келеді, бірақ кеңейткіші .res болатындығын білдіреді.

Бағдарлама денесі begin сөзінен басталады және end сөзінен аяқталады. Ол үш жолдан тұрады: бірінші жол қосымшаны инициализациялау үшін, ал екінші жол Form1 негізгі пішінді құру және оны Application қосымшасының құрамына қосу, ал соңғы үшінші жол - қосымшаны іске қосу үшін тағайындалған.

  • Mainform модульінің бағдарламалық кодын көріп шығыңыздар (сурет 1.9). Ол үшін құрал – саймандар панельінің View Unit (тізімнен модульді таңдау) батырмасына басыңыздар.

View Unit (модульдерді көру) терезесі пайда болады. ( Бұл терезені негізгі менюден View\Units… командасын орындау арқылы немесе Ctrl+F12 пернелерінің комбинациясын басу арқылы шақыруға болады.)

  • Тізімнен Mainform атын таңдап, OK батырмасына басыңыздар.

Модульдер Object Pascal бағдарламалық тілінде қарастырылған стандартты конструкциядан тұрады (бөлімдердің тізбегі мен аттары). Жалпы түрдегі модульдің құрылымы:

Unit < модульдің аты>;

interface



implementation



initialization

finalization





end.


Модульдің тақырыбы Unit қызметші сөзінен тұрады, ол сіздің алдыңызда модульдің бағдарламалық коды тұр дегенді білдіреді, одан кейін модульдің аты орналасқан. Модуль онымен негізгі бағдарлама немесе басқа модуль қолданылуы үшін құрылады (біздің жағдайда модуль TEST.DPR жобасына қосылған).

Модульдің бағдарламалық коды модульдің тақырыбы мен төрт бөлімнен тұрады: интерфейс, жүзеге асыру, инициализация және қорытынды бөлім.

Интерфейс бөлімі interfase сөзінен басталады. Бұл бөлімде негізгі бағдарламаға немесе басқа модульдерге қатынау мүмкіндігі бар модульдің барлық ауқымды объектілерін жариялау жатыр (типтер, тұрақтылар, айнымалылар және бағыныңқы бағдарлама) Ол мыналардан тұрады:

а) модульді қосу бөлімі, uses сөзінен басталады. Біз көріп отырғанымыздай біздің модульімізге бірнеше жүйелі модульдер қосылған, олардың әрқайсысы белгілі функцияны атқарады;

б) типтерді сипаттау бөлімі, type сөзінен басталады. Оның құрамында Delphi ортасында құрылған форма типін сипаттау жатыр (TForm1 класы). Бұл класс құрауыштар типтерінің тізімі мен қандай да бір оқиғаны өңдеу процедураларының сипатталуынан тұрады. Біздің класс мыналардан тұрады: TmenuItem типтес меню элементтері N1, N2, .... N8 , олардың екеуі негізгі менюдің «Тест» және «Помощь» элементтері, ал қалған алтауы меню командаларына сәйкес келеді: «Тестирование», «Результат», «----», «Выход», «О программе» және «Инструкция». Delphi құрауыштарды пішінге орналастырған кезде автоматы түрде осы элементтерді бағдарламалық кодқа қосады; процедураны сипаттау Procedure N5Click(Sender: Tobject);

в) ауқымды айнымалыларды жариялау бөлімі var сөзінен басталады.



Жүзеге асыру бөлімі implementation сөзінен басталады. Ол меню командасына тышқанмен шерту, қарым – қатынас терезесінің батырмасына басу, пернетақтадағы пернеге басу және т.б. оқиғаларды өңдеу процедурасының денесінен тұрады. Сонымен бірге программистің меншік процедурасы мен функциясының сипаттамасынан тұруы мүмкін, олар өз кезегінде оқиғаны өңдеу процедурасынан шақырылады.

Нақ осы жағдайда бұл бөлімде біз бір ғана процедурамен жұмыс істейміз:



procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);

begin

Close;


end;

Бұл процедура меню элементі «Выход» - қа тышқанмен шерту оқиғасын өңдейді.



Компилятор директивасы {$R *.DFM}, жүзеге асыру бөлімінің басында орналасады, ол компиляторға жүзеге асыру бөліміне модульдің атымен сәйкес келетін .dfm кеңейткіші бар файлда орналасқан пішіннің қасиетінің мәнін орнататын команданы қою туралы бұйрық береді.

Инициязациялау және қорытындылау бөлімдері міндетті емес.



Инициялизациялау бөлімі модульдің аяғында болады және міндетті емес. Егер ол бар болса, онда ол initialization сөзінен басталады немесе begin ... end оператор жақсаларымен аяқталады. Бұл бөлімнің операторлары негізгі бағдарламаның басқаруына дейін орындалады және оның жұмыс істеуіне дайындық ретінде қолданылады.

Қорытындылау бөлімі finalization сөзінен басталады және бағдарламаның аяқталуы кезінде орындалатын операторлардан тұрады.

  • Тест орындалуы үшін қосымшаның негізгі модульі «Tест» -тің бағдарламасына қажетті оқиғаларды өңдейтін процедуларды атап өтіңдер.

Біз жасап отырған қосымша өзіміз қосқан менюі бар негізгі пішіннен тұрады. «О программе» меню командасының көмегімен біз анықтама терезі ретінде тағы бір қосымша пішінді шақыруымыз керек. Дайын шаблонды біз New Items қарым – қатынас терезесінен таңдап аламыз, ол үшін құрал – саймандар панельінің New батырмасына басу керек.

Тапсырма 2. Aboutbox пішінінің шаблонының негізінде «О программе» (сурет 1.10.) терезесін құру.

  • File негізгі менюінен New пунктін таңдап алыңыз, осы пункттің ағымды менюінен Other... таңдаңыз, сонда New Items қарым - қатынас терезесі пайда болады, Forms вкладкасынан Aboutbox пішінін таңдаңыз.

Келесі элементтерден тұатын Aboutbox стандартты терезесі пайда болады:

  • графикалық сурет, ол пішінге Additional құрауыштар палитрасының Image (кескін) батырмасының көмегімен қойылады;

  • мәтіндік құрауыштар (TLabel);

  • ОК батырмасы.

  • Aboutbox пішінінің Объект Инспектірінің Caption қасиетіне О программе терезенің тақырыбын жазыңыздар.

  • Image құрауышына тышқанмен шерту арқылы активтеңіз.

Суреттің маңайында қара квадраттары бар жақтау пайда болады.

  • Жақтаудың қара кадраттарын тышқанмен ұстай отырып Image құрауышының шекарасын қойылатын графикалық объектінің шекарасына дейін өзгертіңіз.

  • Image құрауышының Объект Инспектірінің Picture қасиетінің үш нүктесі бар батырмасына шертіңіз.

Picture Editor (Сурет редакторы) терезесінің Load командасын орындаңыздар.

Load Picture терезесінің «Папка:» өрісінен 256color каталогқа өтіңіздер (C:\Program Files\Common Files\Borland Shared\Images\Splash).



Каталог файлының тізімінен SHIPPING.BMP таңдаңыз (қалауларыңа қарай басқасын таңдауға болады) және «Открыть» басыңыз.

  • Picture Editor терезесінің OK батырмасына басу арқылы суретті «О программе» пішінінің дайындалып жатқан жақтауына орналастырыңыздар.

  • Инспектор Объектісін Image құрауышына бейімдеңіз және Stretch (масштабтау) қасиетіне true параметрін қойыңыз.

Сурет жақтауға толығымен орналасады.


Пішіндегі барлық мәтіндік құрауыштарды ( TLabel) жойыңыздар. Ол үшін әрбір құрауышты тышқанмен шерту арқылы белгілеңіз және Delete батырмасына басыңыз.

  • Aboutbox пішініне Label құрауышын қосыңыз (Standart палитра құрауышынан ). Оған мәтінді кіргізесіздер.

  • Label1 құрауышы үшін Объект Инспекторінінің AutoSize қасиетіне false параметрін орнатыңыз (бұл қасиет Label - дің ұзындығын енгізілген мәтіннің ұзындығы бойынша алады). Alignment және Layout қасиеттеріне taCenter, tlCenter параметрлерін орнатыңыздар, ол мәтінді құрауыштың центрі бойынша орналастыруға қолданылады. WordWrap қасиетіне – True (сөзді буынға бөлуге рұқсат етіледі).

  • Caption қасиетіне Программа Тест © Copyrighte by Makeew S. деп жазыңыздар (өз фамилияңызды көрсетіңіз).

  • Тышқанның көмегімен Label1 құрауышына қажетті өлшемді беріңіз және оны терезенің оң жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңыз.

  • Color қасиетіне фонның түсін орнатыңыз.

  • Font қасиетінің үш нүктесі бар батырмасына басу арқылы Қаріп қарым – қатынас терезесін шақырып, қаріптің түсін, өлшемін және түрін белгілеңіздер.

Әртүрлі қаріпі бар мәтінді енгізу үшін тізбекпен бірнеше Label қолданылады және әрбіреуі үшін өз қасиеті орналастырылады. Әрбір Label – ге 256 символ орналастырылады.

  • Пішіндегі ОК батырмасын активтеңіздер.

  • Объект Инспектірінің осы батырмасының Caption қасиетін Продолжить деп өзгертіңіздер.

  • Осы батырманың «О программе» терезесінде орналасуы мен өлшемін өздеріңіз белгілеңіздер.

Тапсырма 3. «О программе» пішінінің бағдарламалық модульін MainForm негізгі пішінінің модульіне қосу.

  • Ағымды терезе ретінде «Программа «Тест»» неізгі пішінінің терезесін алыңыздар (терезенің бос жеріне тышқанмен шерту арқылы немесе 1 – ші практикалық жұмыста көрсетілген әдісті қолдану арқылы).

  • «Помощь» менюін ашыңыздар және «О программе» командасына тышқанмен шертіңіздер.

«О программе» меню командасына тышқанмен шерткенде өңделетін процедурасы бар редактор терезесінің бағдарлама коды ашылады.

  • Тышқанның көрсеткіші жанып - өшіп тұрған жерге мынаны жазыңыздар:

AboutBox.ShowModal;

Бұл команда бағдарламаның орындалуы барысында модальдық режимде экранға «О программе» терезесін шығарады.



  • Құрылған модульді сақтаңыздар: құрал – саймандар панельінің Save All батырмасына басыңыздар; модульді сақтау терезесінің «Имя файла» өрісіне about_x деп жазып, «Сохранить» батырмасына басыңыздар, ал жоба мен қалған модульдер автоматты түрде сақталады.

  • Toggle Form/Unit батырмасына тышқанмен шерту арқылы код редакторы терезесінен MAINFORM.PAS негізгі пішінінің модульінің кодын шақырыңыздар (пішіннің өзіне сәйкес бағдарламалық модульге ауыстырлып қосылуы және керісінше). Бағдарламаның мәтінінің uses модульді ауыстырып қосу бөліміне үтір арқылы about_x деп жазыңыздар.

  • Бағдарламаны орындаңыздар. «Tест» бағдарламасының менюіндегі «О программе» командасының жұмыс істеу қабілетін тексеріңіздер.

Бұл практикалық жұмыста біз қосымша қарым – қатынас терезелерін құруды үйрендік, оқиғаларды өңдеу, модульдерді негізгі бағдарламаға қосу, пішіндерге құрауыштарды орналастыру ( мәтіндер, графикалық суреттер және т.б.), сонымен бірге бағдарламалық модульдердің және жоба файлдарының құрылымдарын қарастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет