8.7 Формулалар мен теңдеулер
8.7.1 Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жолда бөліп көрсеткен ләзім. Әрбір формула немесе теңдеудің жоғары және төмен жағынан кем дегенде бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік белгісінен кейін (=) немесе қосу (+), алу(-), көбейту (х), бөлу (:) немесе өзге де математикалық белгілерден кейін тасымалдануы тиіс әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады.
8.7.2 Формулаларды бүкіл диссертация шегінде араб цифрларымен жолдың оң жақ ортасынан дөңгелек жақшалармен реттік нөмірлермен нөмірлеген ләзім. Формулаларды диссертация бөлімдері шегінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда формула нөмірлері бөлімнің нөміріне сәйкес белгіленген формула нөмірі ретінде сәйкес қойылып, нүктемен бөлінеді.
Мысалы:
(1)
8.7.3 Формулалар формула редакторінде теріліп, келесі өлшемдерге сай болуы қажет:
Қарапайым: 14
Ірі индекстер: 9
Кіші индекстер: 7
Ірі символдар: 30
Кіші символдар: 14.
8.8 Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі
8.8.1 Магистрант диссертация жазу барысында пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер беруге міндетті.
8.8.2 Дерек көзі туралы мәліметті мәтін бойынша дерек көздеріне сілтемелерді пайдалану тәртібінде орналастыру қажет және араб цифрларымен нөмірлеп, жаңа жолдан шегініс жасаусыз орналастырған ләзім.
8.8.3 Пайдаланылған дерек көздеріне сілтеме жасауды квадрат жақшаларда келтірген ләзім [5,7-б]. Бір дерек көзіне бірнеше рет сілтеме жасалған кезде квадрат жақшаларда дерек көзінің реттік нөмірінен өзге тиісті бет қойылады. БАҚ ақпараттарын пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмері ғана көрсетіледі.
8.8.4 Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтемелер жасау кезінде олардың мәні ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімде стандарттың толық сипаттамасы болған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
8.9 Қосымша
8.9.1 Қосымшаны аталған магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде оның қосымша парақтарында (бет) ресімдейді.
8.9.2 Диссертация мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша диссертация мәтінінде оған берілген сілтемелер тәртібімен орналасады.
8.9.3 Әрбір қосымшаны, беттің оң жақ жоғарғы бұрышына «Қосымша» сөзін көрсету жолымен жаңа беттен бастаған ләзім.
8.9.4 Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс және ол бас әріптермен бөлек жолда мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылады.
8.9.5 Қосымша, Ё, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерін қоспағанда, А әрпінен бастап, орыс алфавитінің бас әріптерімен жазылады.
8.9.6 Қосымша құжаттың қалған бөлігі ретінде толықтай нөмірленуі тиіс.
9 Магистрлік диссертацияны қорғауға өткізу
9.1 ҚМА-ға рұқсат алу үшін магистрант өз кафедрасында магистрлік диссертация бойынша алдын-ала қоғаудан өтуі шарт. Кафедра «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілмеді» деген қорытынды шығаруы тиіс.
9.2 Магистрлік диссертация бойынша кафедра өкімімен ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе мамандық бойынша РҺД докторы академиялық дәрежесі бар ресми сыртқы рецензент тағайындалады.
9.3 Магистрлік диссертация бойынша тағайындалған ресми рецензенттің жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен қорғалатын диссертация бағыты бойынша негізгі жарияланымдары (кем дегенде 3 жұмыс) көрсетіле отырып, ЕҰУ Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ЕҰУ ректорының бұйырығымен бекітіледі.
9.4 Ресми сыртқы рецензент магистрлік диссертацияны қарап шығып, оның негізінде «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағалары мен сәйкес мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін беру немесе бермеу мүмкіндіктерін көрсете отырып, дәлелді қорытындылармен рецензия береді (Д-қосымша).
9.5 Ресми сыртқы рецензенттің рецензиясының берілген мерзімі көрсетіліп, рецензент қол қоюы тиіс. Рецензенттің қолы ұйымның кадрлар бөлімі бастығының қолымен расталуы (рецензенттің жұмыс орны) және елтаңбалы мөр басылуы тиіс.
9.6 13.04.2010 ж. №168 ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылар үшін үлгерімділікті ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік ережесіне » сәйкес магистрлік диссертация ЕҰУ сәйкес кафедрасында алдын ала қорғаудан өткеннен кейін МАК құрған Сараптамалық комиссия сараптамасынан өтеді.
9.7 Сараптамалық комиссия құрамына отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда соңғы 5 жыл көлемінде қорғалатын диссертация бағыты бойынша екі немесе одан да көп жарияланымдары бекітілген, мамандық бойынша біліктілігі жоғары, МАК құрамына кірмейтін кем дегенде үш маман бекітілуі тиіс.
9.8 Магистрлік диссертацияны қорғауға дейін бір ай мерзім қалғанда сараптамалық комиссияға мынадай құжаттар табыс етіледі:
- аяқталған магистрлік диссертация;
- Ғылыми кеңестің диссертация тақырыбын бекіткені туралы шешімінің көшірмесі;
- транскрипт;
- магистрлік диссертация рефераты;
- белгіленген тәртіпте куәландырылған ғылыми жарияланымдардың және олардың көшірмелерінің тізімі. (қосымша Е).
9.9. Сараптамалық комиссия белгіленген үлгіде келесі шешімдердің бірімен негізделген жазбаша қорытынды береді:
1) диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну;
2) белгіленген мерзім ішінде ескертулерді жойған жағдайда диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну;
3) диссертацияны қорғауға ұсынбау (қосымша Ж).
10 Магистрлік диссертацияны қорғау рәсімі
10.1 Диссертацияны қорғау ЕҰУ-де құрылатын сәйкес мамандықтар бойынша МАК отырысында жүзеге асырылады.
10.2 Магистрлік диссертация қорғау бойынша МАК отырысы оның төрағасының басшылығымен өткізіледі.
10.3 МАК сараптамалық комиссия қорытындысы негізінде келесі тізбек бойынша құжаттармен бірге магистрлік диссертацияны қорғауға қабылдайды:
- жеке оқу жоспарын орындау туралы анықтама (қосымша З);
- ғылыми жетекшінің пікірі (қосымша И).
10.4 МАК-ке магистрлік диссертацияның ғылыми және тәжірибелік құндылығын сипаттайтын өзге де материалдар, ресми емес пікірлер, магистрлік диссертация бағыты бойынша тәжірибелік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан жазбаша қорытындылар, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу актілері немесе анықтамалары, макеттер және т.б.табыс етілуі мүмкін.
10.5 Магистрлік диссертацияны қорғау оның мүшелерінің кем дегенде 2/3-нің қатысуымен МАК-ң ашық отырысында өткізіледі.
10.6 Магистрлік диссертацияны қорғау кезінде ғылыми жетекші мен рецензенттің МАК-ң отырыстарына қатысуы және сөз сөйлеуі міндетті шарт болып табылады.
10.7 Магистранттың 20 минуттан аспайтын баяндама жасауы, зерттеу мақсаты мен міндеттерін қысқа және анық сипаттауы, аса маңызды қағидаларды баяндауы, қорытындылар мен ұсыныстарды негізделген түрде дәлелдеуі қажет.
10.8 Магистрлік диссертацияны бағалау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:
- тақырыптың өзектілігі;
- алынған нәтижелердің жаңалығы;
- жұмыста жаңа технологияларды қолдану;
- әдеби шолудың толықтылығы және пайдаланылған дерек көздерінің
қазіргі заманға сай болуы;
- ұсынылған рәсімдеу талаптарына сәйкестігі;
- диссертация қорғаудағы баяндаманың сапасы (дәлдік, сауаттылық, кәсіптік терминдерді пайдалана білу, көрсетілетін материалдың сапасы және т.б.);
- қорғау уақытында берілген сұрақтарға және рецензенттің ескертпесіне жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы;
10.9 Әрбір магистрантқа МАК отырысының хаттамалары жүргізіледі және оны белгіленген үлгі бойынша хатшы толтырады.
10.10 МАК отырысы хаттамаларының бүкіл бланкілері МАК жұмысы басталғанға дейін магистранттардың қорытынды аттестациясының әрбір үлгісі бойынша бөлек кітаптармен нөмірленуі, бау өткізілуі және мөр басылуы тиіс.
10.11 Магистрлік диссертацияны бағалау туралы, сондай-ақ академиялық дәреже беру және мемлекеттік үлгідегі диплом беру (ерекше үлгідегі, қарапайым) туралы шешімді жабық отырыста жасырын дауыс берумен отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің қарапайым түрде басым көпшілік дауыстарымен МАК қабылдайды.
10.12 Хаттамаларға төраға мен отырысқа қатысушы МАК мүшелері қол қояды.
10.13 Диссертациялық жұмысты қорғау нәтижелері оларды өткізу күні хабарланады.
10.14 Диссертация қорғау нәтижелері бойынша магистр академиялық дәрежесін беру туралы шешім қабылданады.
10.15 Жариялы түрде магистрлік диссертация қорғаған магистрантқа сәйкес мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскриппен) беріледі.
11 Магистрлік диссертация туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
11.1 Қажет болған жағдайда (ҚР БМЖС-ғы, оқу жоспарларындағы және т.б. өзгерістер бойынша) ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
11.2 Өзгерістер дайындалған ереже үшін көзделген тәртіпте келісіледі, бекітіледі және қолданысқа енгізіледі.
11.3 Өзгерістер келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірлеуші немесе оның қызметін атқаратын тұлға тарапынан ереженің түпнұсқасына өзгеріс енгізіледі.
11.4 Өзгерістер тіркеу нөмірі міндетті түрде көрсетіле отырып, бөлек парақта рәсімделеді.
Қосымша А
Титулдық бетті рәсімдеу үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жүнісбаев Назарбек Әбдімәлікұлы
ГАТТ / ДСҰ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
6М050600 – «Эконмика» мамандығы
бойынша экономика магистрі академиялық
дәрежесін алуға магистрлік диссертация
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Астана қ., 2012
Қосымша Б
Титулдық бетті рәсімдеу үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
Магистратура бастығы
–––––––––––––––– Аты-жөні
(қолы)
«–––––»–––––––––––––20 ––– ж.
Магистрлік дессертация
ГАТТ / ДСҰ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
мамандық: 6М050600 «Экономика»
Магистрант ________________
(қолы) (әкесі мен есімінің бас әріпі, тегі)
Ғылыми жетекші,
экономика ғылымдарының
докторы
_________________
(қолы) (әкесі мен есімінің бас әріпі, тегі)
Кафедра меңгерушісі ________________
(қолы) (әкесі мен есімінің бас әріпі, тегі)
Астана қ., 2012
Қосымша В
Жұмыстың мазмұнын рәсімдеу үлгісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................4
1.
1.1.................................................................................................................................9
1.2 ...... ........................................................................................................................21
1.3 ...............................................................................................................................32
2.
2.1 . .............................................................................................................................42
2.2................................................................................................................................52
2.3 ...............................................................................................................................64
3.
3.1 ...............................................................................................................................74
3.2 ......... .....................................................................................................................84
3.3 ...... ........................................................................................................................94
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ...........................................109
ҚОСЫМША.............................................................................................................133
Қосымша Г
Пайдаланылған дерек көздерін рәсімдеу үлгісі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: НОРМА-К, 2007.- 40б.
2 Қазақстан Республикасы. Заңдар. Жеке кәсіпкерлік туралы // Қазақстан
Республикасы Парламентінің ведомостері. – 2006. – №3. – С. 199-235.
3 Қазақстан Республикасы. Үкімет. Экспорттық бақылауға жататын өнімдер
транзиті Ережесін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актілер жинағы. – 2006. – № 26. – 110 б.
4 А.К.Сембеков. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығын орнықты
дамыту: теория, методология және басымдықтар: экономика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін алуға диссертация авторефераты. – Қарағанды,
2006. – 46 б.
5 Қ.С.Айнабек. Нарықтық экономика теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.–
376 б.
6 В.А.Щегорков. Ақша, несие, банктер: ЖОО-лар Үшін оқулық. – М.: ЮНИТА – ДАНА, 2005. – 383 б.
7 В.Е.Есипов. Инвестицияларды экономикалық бағалау. – СПб: Вектор, 2006.–288 б.
8 А.М.Лавров. Бюджетаралық қатынастардың жаңа жүйеге көшуі // Қаржы. – 2008. – №9. – 3-9 б.
Қосымша Д
Ресми рецензенттің пікірлемесін рәсімдеу үлгісі
–––––––––––– мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алуға ұсынылған ––––––––––––––– (магистранттың аты-жөні) –––––––––––––––
тақырыпқа жазған магистрлік диссертациясына ресми рецензенттің
ПІКІРЛЕМЕСІ
1 Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпығылыми және жалпымемлекеттік бағдарламалармен (тәжірибе және ғылым мен техниканың даму сұраныстарымен) байланысы.
2 Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар шеңберіндегі ғылыми нәтижелер.
3 Диссертацияда тұжырымдалған магистрант байламы мен қоры-тындысының, ғылыми нәтиженің (ғылыми ереженің) негізділігі мен нақтылық дәрежесі.
4 Диссертацияда тұжырымдалған магистрант тұжырымы мен қоры-тындыларының, әрбір ғылыми нәтиже (ережесінің) жаңалықтарының дәрежесі.
5 Диссертацияның негізгі ережелері, нәтижелері, қорытындылары мен тұжы-рымдары, жарияланымдарының жеткілікті түрде толықтығын растау.
6 Диссертацияның мазмұны және оны рәсімдеу бойынша кемшіліктер.
7 Диссертацияның қойылатын талаптарға сәйкестігі.
8 Қорытынды.
Рецензент,
ғылыми дәрежесі,
жұмыс орны –––––––––––––––– Аты-жөні
(қолы)
Қосымша Е
Ғылыми еңбектердің тізімін рәсімдеу үлгісі
Ғылыми еңбектердің тізімі –––––––––––– (магистранттың аты-жөні)
№
|
Атауы
|
Жұмыстың
сипаты
|
Басылым, журнал аты,
нөмірі, жарияланған жылы, беттері
|
Көлемі
(б.т.)
|
Тең
автор-
лардың
аты-жөні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
өтеу қоры –
кәсіпорынның
өндірістік аппаратын
жаңалау көзі ретінде
|
Мақала
|
Жаңа әлеуметтік –
экономикалық үрдістерді
іске асырудағы
кооперативтік
қозғалыстың орны мен
рөлі» атты халықаралық
ғылыми – тәжірибелік
конференция
материалдары
Қарағанды, ҚЭУ, 2001.-
99-101-б.
|
0,25
|
|
2
|
Өндіріс тиімділігін
арттыруға
амортизация-ның әсері
|
Мақала
|
«Кооперативтер және
акционерлік қоғамдар:
дамуы, артықшылығы
және бәсекеге
қабілеттілік»
халықаралық ҒТК-ге
қатысушылардың
баяндамалар жинағы,
Гомель, 2002-119-123б
|
0,25
|
|
3
|
Қазіргі жағдайдағы
негізгі құралдардың
ұдайы өсуі
|
Мақала
|
«ұлттық ұдайы өндіріс
теориясының өзекті
проблемалары»
республикалық ҒТК
материалдары, Алматы,
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ, 2002-145-148-б.
|
0,25
|
|
Университет
Ғылыми кеңесінің хатшысы
т.ғ.к., доцент ______ Аты, әкесінің аты, тегі
Кафедра меңгерушісі аты-жөні ______ Аты, әкесінің аты, тегі
Магистрант ______ Аты, әкесінің аты, тегі
Қосымша Ж
Қорытындыны рәсімдеу үлгісі
–––––––––––– мамандығы бойынша ––––––––––––––– магистр академиялық дәрежесін алуға –––––––––––––––––––––––––––– тақырып бойынша ұсынылған –––––––––––––––– магистрлік
диссертация бойынша сараптамалық комиссия
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сараптамалық комиссия келесі құрамда: –––––––––––––––– магистр академиялық дәрежесін алуға –––––––––––––––––––––––– (аты-жөні, тақырыбы) ұсынылған магистрлік диссертацияны қарап, келесі қорытындыға келді.
1 Мамандықтың жұмыс пен ғылым салаларына сәйкестігі
2 Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпығылыми және жалпымемлекеттік бағдарламалармен (тәжірибе және ғылым мен техниканың сұраныстарымен) байланысы.
3 Магистрлік диссертацияда тұжырымдалған қорытындылар, тұжырымдардың, әрбір нәтиженің (ғылыми ереженің) негізділік және нақтылық дәрежесі.
4 Диссертацияда тұжырымдалған қорытындылар мен тұжырымдардың, әрбір ғылыми нәтиженің (ережесінің) жаңалық дәрежесі.
5 Тиісті өзекті мәселерді теориялық тұрғыдан шешуде алынған нәтижелердің немесе қолданбалы міндеттердің ішкі тұтастығы мен бағыттылығын бағалау.
6 Диссертацияның негізгі ережелері, нәтижелері, қорытындылары, жарияланымдарының жетікілікті түрде толықтығын растау.
7 Сараптамалық комиссия шешімі.
Сараптамалық комиссия мүшелері:
-
Аты-жөні, ғылыми дәрежесі –––––––––––––––––––––
-
Аты-жөні, ғылыми дәрежесі –––––––––––––––––––––
-
Аты-жөні, ғылыми дәрежесі –––––––––––––––––––––
Қосымша З
Жеке оқу жоспарының орындалуы туралы анықтаманы рәсімдеу үлгісі
Жеке оқу жоспарының орындалуы туралы
Анықтама
Магистранттың аты-жөні: _____________________________________
Факультет: ____________________________________________
Мамандық: _________________________________________
№
|
ЖОЖ бойынша орындалған жұмыстар тізімі
|
Орындау мерзімі
|
Ескерту
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |