Түк жеміс
(Гелиотроп опущенноплодный, Heliotropiunum)
-
20-50 см, бір- жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы бұтақталған, жапырақтары түсірілген, тарамданған. Гүлдері майда, дұрыс орналасқан, ақ түсті, шыршыққа жиналған. Жемісі жаңғак. Орталык Азия жэне Азербайжан республикаларындағы егінжай, бақшалы жерлерде жэне астық өсіретін барлық егістік жерлерде арамшөп сияқты кең таралған. Осы жерлерде қойлардың улануы жиі кездеседі.
-
Улы бастамасы. Гелиотроптың барлык түрлерінде гилио- трин, лазиокарпин алкалоидтары бар. Бұл алкалоидтар жасыл өсімдіктерінде 0,5% мөлшерге дейін, ал тұқымдарында 1%-ға дейін кездеседі. Д. М. Мүратовтың мәліметтерінде келтірілген- дей, құрғақшылық жылдары алкалоидтардың жинақталуы 4,9%- ға дейін жетуі мүмкін.
-
Токсикологиялық мэні жэне мөлиіері. Негізінен ауылшар- уашылық малдарының және құстардың улану жағдайлары, олар- ды гелиотроп түқымдарымен ластанған жемді азықтармен азык- тандырғанда кездеседі. Алайда Д. М. Муратов (1970) айтқандай, койлар құрғакшылық жылдары барлық өсімдіктерді талғаусыз жей береді, яғни бұл олардың улануының негізгі себебі бо- лып табылады. Алкалоидтарға көбінесе қүстар, содан кейін шошқалар жэне қойлар, ал сирек дэрежеде басқа да жануарлар сезімтал болып келеді. Шошкалар үшін уытты мөлшерін (Ікг. дене массасына шаққанда) 1 г. қойлар үшін 2 г. тұқымы құрайды. Қозылар үшін тұқымдарының өлтірілетін мөлшері 274-279 г, ал ересек қойлар үшін 294-310 г. 3-6 айдан кейін өлімге үшырайды. Гелиотроп түқымдарымен ластанғаннан өнімдерді жеу адамдар- да да гелиотроптан улануды шақырады. Бұл асцит, бауыр циррозы және бауыр гепатитімен байқалады.
-
Патогенезі. Гелиотроп алкалоидтары гепатотоксикалық эсер етеді. Патогенезі қазіргі уақытқа дейін толық анықталмаған. Ал- калоидтарының кумулятивті әсері жоғары. Осыған байланысты бауыр қызметі бірден бұзылып, соның салдарынан алколоидтар мөлшері шұғыл көтеріліп кетеді. Уланудың соңғы кезеңінде ги- перкупремия (мыстың көбеюі) дамиды. Бұл эритроциттердің гемолизіне жэне сары аурудың дамуына әкеліп соқтырады. Эритроцит, гемоглобин, лейкоциттер саны азаяды, қандағы трансаминаз және альдолаздың белсенділігі жоғарылайды, билирубин деңгейі, ақзат кұрамы төмендейді.
-
Клиникалық белгілері. Уланудың алгашқы белгілері алка- лоидтардың агзага тэуліктік түсуіне байланысты 1-1,5 айдан және 1-2 жылдан кейін де байқалады. Алгашқыда әлсіз күйзелу пайда болады, тәбеті төмендейді, кілегейлі кабықтары аздап саргаяды, содан кейін бірнеше күннен соң жануарлардың жал- пы жағдайы нашарлайды, азықтан және судан толық бас тар- тады, ягни тәбеті мүлдем болмайды, жатып қалады, депрессия, бауыр аумағының ауырсынуы, арықтау, дене бұлшықеттерінің дірілдеуі, қимыл-қозғалысының бұзылуы байқалады. Бұндай көріністер кейде қысқа уақыт қана білінеді, яғни уланудың жіті түрі деп қарауға болады жэне ауру белгілері ұзак уақыт белгі беріп, ауру созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Бұл саргаюдың күшеюімен жэне қатты арықтаумен ерекшеленеді. Өлер алдын- да клиникалық үстамалар пайда болады. Тауықтарда кахексия, күйзелу байқалады. Болжамы рационынан ластанған азықты уланудың алгашқы белгілері байқалған кезде алып тастағанның өзінде қолайсыз. Өлім 100%-га дейін жетеді.
-
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті жағдайда қаны қара-шие түсті, бауыр, көкбауыр, жүмыршақ, от кабы жэне өкпелердің көлемі ұлғайған. Ішек-қарын жолдарының кі- легейлі қабықтарындағы экстровазаттардың көлемдері жэне пішіні эртүрлі. Бауырының түсі акшыл-сарғыш, бүйректері сем- ген. Гистологиялык көріністе бүйректері қанға толған, қан та- мырларының кабырғалары ісінген, бауырдың және бүйректің майлану жэне ақзаттық дистрофиясын көруге болады. Созылма- лы жағдайда дистрофиялық өзгерістермен қатар, бауырда некроз ошақтары жэне кілегейлі қабыктардың сарғаюы байқалады. Тауықтарда көкірек-құрсақ куысында айтарлықтай мөлшерде сұйық жиналған.
-
Балауы- анамнез мәліметтеріне, клиникалык талдауларға және патологиялык-анатомиялық өзгерістерге, В. М. Серовтың (1964) қағазды хроматография әдісі негізінде алколоидтарды табуға негізделген.
-
Емі- симптоматикалық. Жіті жағдайларда қарынды белсен- дірілген көмір ерітіндісімен шаю керек, тері астына кофеин натрий - бензоатын, тамырға глюкоза, витаминотерапия, аскорбин қышқылы, никотин қышқылы тағайындалады.
-
Алдын-алу. Жануарларға түкжеміс өсімдіктерін жеуге жэне олармен ластанған жемдермен азықтандыруға жол бермеу керек.
Қызғалдақ немесе көкнэр (Мак самосейка,
Papaver rhoeas)
-
Сабағы түкті, жапырақтарының шеттері ойық болып келіп, қанат тэрізді бөлінген, сабағы сияқты түктерімен жабылған. Жемісі жұмыртқа немесе түйреуіш тэрізді қорап. Гүлдері акшыл-кызғылт түсті, ірі, ұзын гүл-шоқтардан тұрады. Түқыммен көбейеді. Арамшөптің басқада түрлері сияқты Еу- ропалық жэне оңтүстік бөліктерде, Кавказ жэне Алтайда, әсі- ресе ортальщ Азияда кең таралған. Республиканың Алматы, Тал- дықорған, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарының дала- лы аймақтарында жиі кездеседі.
-
Улы бастамасы - жер беті бөліктерінде мөлшері 0,24% дейін жететін реагин жэне реагенин алкалоидтары кездеседі.
-
Токсикологиялық мәні жэне мөлшері. Жануарларды, со- лардың ішінде, жылқыларды, ірі қараларды жэне қойларды көк- нэр қосылған шөппен жэне сабанмен азықтандырғанда оларда улану жағдайлары кездескен. Әсіресе олар жануарларға піспеген ұрық түрінде өте қауіпті келеді. Олармен астық қалдықтары ла- стануы мүмкін. Ал піскен тұқымдары уы эсер етпейді.
-
Пшпогенезі. Егістік көкнәрінің алкалоидтары орталық жүйке жүйесіне талғамалы эсер етеді. Бұл ұйықтататын көкнэрдің ал- калоидтарына тән- Р. Somniterum. Фармакологиялық зат ретінде жақсы зерттелген. Жануарлардың кейбір түрлерінде (ірі қара мал) олар қатты қозу тудырады, ал басқаларында (жылқылар, қойлар) - күйзелу болады.
-
Клиникалық белгілері. Ірі қара малдың улануы мазасыз- дықпен, қозумен, жеке бүлшықет топтарының дірілдеуімен си- патталады. Қозуы үйқышылдыққа ауысады, олар қатты терең ұйықтап, сезімталдығы жэне рефлекстері толықтай жойылады. Қойлар қатты күйзеледі, сілекей бөлінеді, құрысып-тырысады, мес қарнында тимпания байқалады, ол көбінесе өлім себебі бо- лып табылады.
-
Патологиялық-анатомиялың өзгерістер - байкалмайды. Ішкі мүшелерде-веналық қан іркілу байқалып, қарынның жэне ішектің кілегей қабықтары қабынады. Союға мэжбүр болған жағдайда етін шартты түрде тамаққа жарамды ет түрінде қол- данады, ал ішкі мүшелері утилизацияланады.
-
Балау - анамнез мәліметтеріне, клиникалық белгілеріне жэне союдың нәтижелеріне негізделген.
-
Емі - симптоматикалық. Қарынды 0,1% калий перманганат ерітіндісімен шаю, белсендірілген көмір жэне іш жүргі- зетін тұздарды егу көрсетілген. Тыныс алу жэне жүрек қыз- метін қуаттандыру үшін тері астына кофеин натрий -бензоа- тын егу тағайындалады. Сондай-ақ цититон немесе лобелин гидрохлоридін егуге де болады. Емдеу кезінде жануарларды күн сәулесі түспейтін жерге кіргізеді.
-
Алдын-алу. Егістік жерлердің көкнэрдің эртүрлі түрлерімен ластануына жол бермеу мақсатында жүйелі түрде күрес шарала- ры жүргізіледі.
Итсигек
(Ежовник безшестый, Anabasis aphylla)
-
Итсигек (Ежовник безшестый, Anabasis aphylla) - биіктігі 30-80см, жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Сабақтары жа- лаңаш, жапырақтары майда, қысқа, гүлдері де майда, сарғыш- жасыл түсті, масақ тэрізді жиналған. Түқымы шырынды. Көбі- несе қүмды, тасты, сор жерлерде өседі. Еуропалық бөліктер, Оң- түстік-Шығыста, Орталык Азияға, Қазақстанға кең таралған. Бұл өсімдіктің Қырғызстанда 9 түрі кездеседі.
-
Улы бастамасы. Анабазин, афиллин, афиллидин, люпинин жэне басқа да алкалоидтар негізінен өсімдіктің жасыл күйінде кездеседі. Алкалоидтардың өсімдіктер құрамында мөлшері то- пыраққа, климат жағдайларына байланысты. Көптеген авторлар алкалоидтардың өсімдіктің жасыл сабағындағы мөлшерін 3-5 % дейін жетеді деп көрсеткен.
-
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері. Бұл өсімдік негізінен қойларға өте қауіпті, бірақ ірі кара малдардың да улану жағдай- лары кездескен. Бұл көбінесе жайылымы сирек жерлерде болады. Итсигектің қүрамында 0,66% дейін ас тұзының болуына байла- нысты дэмі тұзды, ащы келеді. Анабазиннің қойлар үшін өлгіре- тін дозасын 1 басқа 70-150г құрайды, ал алкалоидтар мөлшері дене массасына 40-60мг/кг. (Серов В.М., Егошин С.Б, 1971).
-
Патогенезі. Анабазин никотинге ұқсас, аз мөлшерде қоз- дырады, ал көп мөлшерде бүйрек үсті безінің ми қыртысын, вегетативтік ганглийлерді, орталық нейронаралық синапстардың никотиндік рецепторларын блокадалайды. Бүдан орталық жэне шеткі жүйке жүйесінің қызметі бірден бүзылады. Анабазин сульфатын өсімдіктерді қорғау үшін жоғары әсерлі инсектицид сияқты қолдану кездейсоқтык емес.
-
Клиникалық белгілері. Қойларда итсигек жегеннен кейін 2-3 күннен соң, күйзелу байқалады, қатты сілекей бөлінеді, қаңқа, бұлшық еттері дірілдейді. Бірден жүрек кызметі бүзылып тахи- кордия, аритмия пайда болады. Мес қарында гипотания, арты- нан атония және тимпания байқалады. Жануарлар тыныс алудың тоқтауынан өледі.
-
Патологиялық анатомиялыц өзгерістер - онша байқалмай- ды. Өлексе ісінген, ішкі мүшелерде кан түрып калган, эпикард жэне эндокард астына нүктелі қан қүйылған, ішек-қарын жолдарының кілегейлі қабықтары катаральды-геморрагиялық қабынған. Уланудың алғашкы кезеңінде союға мэжбүр болған мал етін шартты түрде тамаққа жарамды ет ретінде қолдануға болады, ал комалык жағдайда өлген мал еті жойылады, жеуге жарамсыз.
-
Балау - жалпы принциптерден басқа, В.М.Серовтың қарында- ғы жэне ішкі мүшелердегі сұйықтан анабазинді храмотография- лық эдіспен анықтау негізінде қойылады.
-
Емі - симптоматикалық. Белсендірілген көмірді, тұзды іш өт- кізгіш заттар қолданады, таниннің 0,5% - ерітіндісімен қарынды шаяды, тері астына кофеин натрий-бензоатын, гамырға - 0,06%- ды, 1-2мл коргликон ерітіндісі қосылған глюкозаны егеді.
-
Алдын-алу. Жалпы прициптерден басқа, міндетті түрде жа- нуарларды жайылымға шығарар алдында қайнатылған тұзбен азықтандыру керек.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының «Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» пәнінен № 9 Дәріс
Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы: Құрамында гликозидтері мен циан гликозидтері бар өсімдіктер.
Сабағымыздың қысқаша мазмұнында қарастырылатын негізгі мәселелер:
Токсикологиялық мәні бар гликозидттік өсімдіктерге жалпы сипаттама;
Гликозидті улы өсімдіктер токсикологиясы;
Улы өсімдіктер түрлері;
Улану жағдайларындағы малдәрігерлік іс шаралар.
Қосымша тапсырма: Құрамында гликозидтері мен циан гликозидтері бар өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. Химиялық-токсикологиялық зерттеуге сынама жіберудегі негізгі қағидалар, ережелері мен патоанатомиялық өзгерістерге сипаттама беріңіз.
1 Негізгі әдебиеттер.
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.
3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.
7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.
3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006
4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.
5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008
Мақсаты: Жануарлардың улы өсімдіктер және улы химикаттармен өңделген өсімдіктерді және сапасыз азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда және кездейсоқ жағдайда жануарларды азықтандыру технологиясының бұзылуы салдарынан туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық көмек және уланудың алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқыту.
Өсімдіктер токсикологиясы негізінде – жануарлардың азықтық шөптермен улануы, удың азықпен жануар организміне түсуі және азықтық удың дербес жүйелер қызметіне әсері бар бөлімдері бойынша улы заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын білу мақсатында беріледі. Улы өсімдіктердің ауыл шаруашылығында қолданылуы жағдайларында уланудың ықтималдығын, улану кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп, соттық-ветеринариялық сараптау, азықтық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері жан-жақты түсіндіріледі.
Уланудан болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайына келіп, жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, улану салдарынан лажсыз сойылған жануарлар өніміне немесе шикі затқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу қағидалары оқытылады.
Гликозидтер гидролиз кезінде бөлінген минеральды қышқылдардың (in vitro) немесе (in vivo) әсерінен қантты (гликондар – глюкоза, фруктоза, галактоза, мальтоза, рамноза, дигитоксикоза) немесе қантсыз (агликондар – органикалық қышқылдар, алкаголдар, альдегидтер, терпендер, фенол туындылары, стероидтар) бөлігіне ыдырайтын, өсімдік тектес, эфир тәрізді, күрделі органикалық қосылыстар.
Жануарлар ағзасында гликондар тотығып, энергия көзіне айналады. Ал агликондар мүшелер мен жүйелерге әсер етіп, биохимиялық реакциялар тудырады. Таза күйінде гликозидтер ащы дәмі бар, кристалды аморфты немесе шайыр тәріздес қатты зат.
Токсикологиялық мәні бар барлық гликозидтер тқрт топқа бөлінеді:
-
Құрамында азоты бар агликондардан тұратын ыдыраған кезде өте улы синиль қышқылын түзетін гликозидтер (нитриль, немесе циангликозидтер). Оларға ақ жүгері (сорго), миядән (манник), зығыр (лен), жоңышқа (клевер).
-
Құрамында азот және күкірті бар агликондардан тұратын гликозидтер (тиогликозидтер). Оларға: қыша (горчица), сарыбасқурай (гулявник), шомыр (редка).
-
Құрамында азотсыз агликондар бар, жүрекке әсер ететін гликозидтер: оймақгүл (наперстянка), меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет).
-
Құрамында гемолитикалық және көбік түзгіш қасиеті бар, стеройдты және үштерпеноидты сапонигендерден тұратын агликондар бар сапонин-гликозидтер (сапониндер).
Гликозидтердің уытты қасиеті құрамындағы агликондарға байланысты. өсімдіктер табиғатта гликозидтердің мөлшері алкалоидтармен салыстырғанда өте көп,. өзінің құрылымы жағынан гликозидтер қалқанша безін зақымдайтындар, тітіркендіргіш майлар (сапониндер), жүрекке және қан тамырларына әсер ететіндер болып бөлінеді.
ТАПСЫРМА: Қалқанша безін зақымдайтын гликозидтер;
Стероидты гликозидтер;
Сапониндер.
Нитрилгликозидтер. өзінің ыдырауы кезінде гидролизденіп, нәтижесінде синил қышқылын түзетін гликозидтер, цианогенді гликозидтер деген атпен белгілі.
Сау, қалыпты дамып келе жатқан өсімдіктерде бос синил қышқылы өте аз болады. өйткені ол өсімдік құрамындағы өзіне сәйкес келетін ферменттер әсерінен жойылып отырады. Ал жағымсыз жағдайларда өскен өсімдіктердің құрамында бос синил қышқылдарының мөлшері көптеп кездеседі. Ірі қара мал цианогенді гликозидтердің әсеріне өте сезімтал келеді, нәтижесінде олардың улануы басқа жануарлармен салыстырғанда жиі кездеседі.
Синил қышқылы цитохромоксидаза ферментінің жұмысын тежеп, ұлпалық тыныс алуды бұзады. Цианогенді өсімдіктерге жабайы және мәдени өсімдіктер жатады. БІРІНШІСІНЕ – миядән (манник, Glyceria aguatica) , бухарник (holcus ) және т.б. ал екіншісіне – ақжүгері (сорго), сиыр жоңышқа (вика), зығыр (лен) асбұошақ (фасоль) суден шөбі (суданка) жатады.
ТАПСЫРМА: Рапс (бақшалық брюквасы және рапс)
Егістік ұышасы (горчица полевая, Sinapis arvensis ). Бір жылдық өсімдік арам шөп сияқты ТМД барлық жерінде кездеседі. Тұқыммен көбейеді, жылдың барлық мезгілінде гүлдей береді.
Токсикологиясы. Уытты бастамасы құрамында азоты бар гликозидты заттар. Ыдырауы кезінде олар өткір иісті ерекшеленетін қосылыстар түзеді. Бұл заттар бұрыннан эфирлі-қыша немесе аллилді-қыша майы деп те аталады. Құрамында қыша майы бар өсімдіктер және егістік қышасы гүлдеп, ұрық түскеннен кейін улы болып келеді. Кептіру уыттылығын өзгертпейді, ұзақ сақтау төмендетеді.
ЖЫЛҚЫ , жас малдар (төл) ұыша майларына сезімтал келеді. ОЖЖ зақымдануы, гастроэнтерит.
Клиникалық белгілер. Жіті улану, ал созылмалы уланулар байқалмаған. Ірі қара мал. Шаршы гүлдері тұқымдастығына жататын өсімдіктерді тәулігіне 40-50 кг қолданса, 2-3 аптадан соң, гемоглобинуриялы анемия пайда болады. Эритроциттер 6-7 ден 1,5-8 млн ға дейін азаяды.
Аурудың пайда болуына азықта фосфордың жетіспеуіне байланысты деген көзқарастар бар.
Қойлар. Құрамында аллилді-қыша майы бар өсімдіктерді жеу негізінде қойлардың улануы өте жіті түрде өтеді. Клиниикалық белгілер: мұрыннан көбікті сұйық ағу, тыныстауы жиілейді, кілегейлі қабықтар цианозы.
ШОШҚАЛАР. Азықтың дәні араласқан шөпті жеуінен болады. Гемоглобинурия. Т.б.
ЖЫЛҚЫ. өкпе эмфиземасы кезіндегідей өкпе торшалары кеңейеді. Кейде әртүрлі кезіндегідей өкпе торшалары кеңейеді. Кейде әртүрлі сипаттағы сырылдар пайда болады. Уақыты келе ауыр жөтелдің ұстиамалары байқалады. Ауру бронхопневмонияға ұласуы мүмкін.
ЕМІ. өкпе ісінсе емдеу жақсы нәтиже бермейді. С.П.Куницин жылқыларға камфора препараттарын еккеннен кейін жақсы терапиялық нәтиже алған.
АЛМАТЫ ғалымдары кофейнді тері астына әр 3-4 сағат сайын 4г/нан тері астына егу тиімді.
Патологиялық өзгеріс. Бүйректе қуығына қара түсті зәр дақтары тұрып қалады.
Алдын алу, жайылым, мал жемі құрамын тексеру т.б.
ТАПСЫРМА: Жабайы шалқан (редка дикая, Raphanus zaphanistrum) жібілген (ломонос Clematis).
Қарамықша (куколь Agrostemma githago) жергілікті атауы; волошка, куниль, егістік атауы қалампыр, гуголь.
Ұндағы қарамықша қоспасының мөлшері 0,5% дан жоғары болса, оның дәмі ащы болып қана қоймай, улы да болып келеді.
Токсикологиясы. Қарамықша ұрығының улылығы құрамындағы сапонил текстес заттарға – гитагин және агростел қышқылына байланысты. Бұл заттар гемолитикалық улар ретінде әсер етеді. Ауыл шаруашылық малдары және құстар қарамықшаның ұрықтарынан ғана уланады.
Клиникалық белгілері. Қарамықшадан улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрі шошқаларда кездеседі.
Күйіс қайыратын малдар: бұл малдардың қарамықшадан улануы өте сирек кездеседі. Бірақ, қой-ешкімен салыстырғанда ірі қара улануға сезімтал. Жануарларда қозу, мазасыздық, күйзелу пайда болады. Тістерін шықырлату.
Шошқалар. Құсуына байланысты, қарамықшаның жіті түрімен улануы созылмалы түріне қарағанда сирек кездеседі.
Құстар. өте сезімтал 1кг/ 8-10 г мөлшері өте қауіпті, саливация, бас, мойынның қалыпты қозғалысымен сипатталады, іш өту, әлсіздік, сарғаю болады.
Емі. Тамырға 25-40% глюкоза ерітіндісін ірі қараға 1-1,5литр дейін енгізуге болады.
Патологоанатомиялық өзгерістер: гастроэнтерит, қанда гемолиз, паренхиматозды мүшелер зақымданады.
Түйежоңышқа. (донник, Melilotus)
Түйежоңышқаның құрамында кумаринді лактон қышқылы деген зиянсыз зат кездеседі, оны кумарин деп атайды. Ол зеңденудің әсерінен улы дикумаринге айналады. Қазіргі уақытта дикумарин бқзылған түйежоңышқадан бөлініп қана қоймай, биогидрооксикумаринді деген атпен синтезделініп те алынады.
Емі. Улануға қарсы викасол өте тиімді препарат болып ол әртүрлі қан құйылулар кезінде өте тиімді әсер ететін зат. Викасолды дециграммен мөлшерлейді, ірі қараға: ішке 0,1-0,3 ке дейін (И.Е.Мозгов, 1961).
Тапсырма: токсикалық маңызы бар, құрамында гликозидтер және сапониндер кездесетін басқа да өсімдіктер туралы қысқаша мәліметтер;
Дақты ароник (аронник пятнистый, агит maculatum), қырлы шөп, (купена,) меруертгүл (ландыш майский), сабыншөп (мыльнянка,)
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының «Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» пәнінен № 10 Дәріс
Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы: Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктер токсикологиясы.
Сабағымыздың қысқаша мазмұнында қарастырылатын негізгі мәселелер:
-
Токсикологиялық мәні бар құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктер токсикологиясына жалпы сипаттама;
-
Улы өсімдіктер токсикологиясы;
-
Улы өсімдіктер түрлері;
-
Улану жағдайларындағы малдәрігерлік іс шаралар.
Қосымша тапсырма: құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. Химиялық-токсикологиялық зерттеуге сынама жіберудегі негізгі қағидалар, ережелері мен патоанатомиялық өзгерістерге сипаттама беріңіз.
1 Негізгі әдебиеттер.
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.
3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.
7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.
3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006
4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.
5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008
Мақсаты: Жануарлардың улы өсімдіктер және улы химикаттармен өңделген өсімдіктерді және сапасыз азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда және кездейсоқ жағдайда жануарларды азықтандыру технологиясының бұзылуы салдарынан туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық көмек және уланудың алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқыту.
Өсімдіктер токсикологиясы негізінде – жануарлардың азықтық шөптермен улануы, удың азықпен жануар организміне түсуі және азықтық удың дербес жүйелер қызметіне әсері бар бөлімдері бойынша улы заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын білу мақсатында беріледі. Улы өсімдіктердің ауыл шаруашылығында қолданылуы жағдайларында уланудың ықтималдығын, улану кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп, соттық-ветеринариялық сараптау, азықтық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері жан-жақты түсіндіріледі.
Уланудан болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайына келіп, жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, улану салдарынан лажсыз сойылған жануарлар өніміне немесе шикі затқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу қағидалары оқытылады.
-
Эфир майлы өсімдіктер токсикологиясы. Эфир майлы - бұл өсімдік тектес, эфир секілді ұшқыр, қағаз бетінде дақ қалдыратын майлы , күрделі органикалық заттар. Эфир майларының негізгі құрамдас бөліктері, олар: терпендер, пиендер, альдегидтер, кетондар, лактондар, фенол туындылары, азот және күкірті бар заттар.
Эфир майлары өсімдіктің табиғи өнімі болғанымен зат алмасудағы оның маңызы, қолдану ерекшеліутері әлі де болса, толық зерттелмеген. Емдік мақсатта микробтарға, паразиттерге қарсы зат ретінде қолданылады. Эфир майлары суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде, спиртте және майларда жақсы ериді.
/ полынь, шайқурай, зверобой т.б – эфир майлары және шайыр (вех ядовитый – у тамыр) ұлпаларды жергілікті тітіркендіріп, ағзаға тарағаннан кейін жүйке жүйесін, алғашында қоздырып, кейіннен салдандырып әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |