Құқықтық мемлекет болып қалыптасу.
Құқықтық мемлекеттің ең басты құралы – Заң. Ол бәрінен де жоғары тұрады. Мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің барлығы да заң арқылы реттеліп, барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттейді. Мемлекеттің және оның барлық органдарының, лауазымды тұлғалардың заң ережелерін қатаң түрде, бұлжытпай орындап отыруы – құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ерекше маңызды шарты болып табылады. Құқықтық мемлекет - жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған мемлекет. Бұл жерде адам және оның құқығы, өмірі мен оның еркіндігі басты құндылық болып табылады. Барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігін, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі толығымен нақты көрсетілген. Қазақстанның Конституциясы — құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты . Оның негізгі принциптері азаматтар үшін - занда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі, мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат болып табылады. Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды , барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралык өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады . Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады . 1995 жылғы Конституция нормаларында аталған белгілер айқын көрініс тапқан болатын.Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны .Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады. Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, аңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек. 2) құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады. 3) құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет. 4) құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) құқықтық мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.
Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Міне осы қағидалар өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды. Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «бостандық!» «тендік!» «әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді. Толық аяқтауға мүмкіншілік бермеді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформан ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі мақсаттары барынша заң тұрғысында мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастарын басқару. Бұл ел болашағы үшін де маңызды. Себебі, басқа мемлекеттермен де қарым-қатынаста болу үшінде, елдің ішкі процестерін де бағдарлап, бақылауда ұстау үшін де арнайы құқықтық нормалардың болуы да маңызды болып табылады.
Демократия– мемлекеттік құрылыс, формасы мен режимі ретінде. Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде осы екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этногрфиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды. Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.
Демократиялық мемлекет - Қазақстан Республикасында алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – “Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық”
|