№2 тақырып. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы.
Жоспары:
1. Ғылыми-педагогикалық
зерттеудің
әдіснамалық
негіздері.
2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық қағидалары
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
«Әдіснама» педагогикадағы ғана емес, жалпы ғылымтанудағы
күрделі, көпмәнді түсініктердің бірі.
Көптеген педагогтардың
санасында «әдіснама» өмірмен байланысы аз, абстрактілік,
педагогика теориясы мен практикасынан алыс жатқан
философиялық мәтіндердің жинағы болып көрінеді. Мұндай
түсінбеушіліктің себебі педагогикадан алыс жатыр. Өйткені,
әдіснаманың өзінің әр деңгейі бар.
Педагогика әдіснамасының
мәнін ашпастан барын жалпы
әдіснама дегеніміз не? Соған жауап берелік. Қазіргі кездегі
ғылымтануда әдіснаманы ғылыми зерттеушілік іс-әрекет әдістері,
формалары және оны құру (жүргізу) қағидатері туралы оқу деп
анықтайды.
Соңғы жылдары әдіснама туралы оқу өте тез даму үстінде.
Әдіснаманың зерттеушілерге көмегі, нормативтік бағыттылығы
артты. Оның басты міндеттерінің бірі –
зерттеу жұмыстарын
әдіснамалық қамтамасыз ету. Әдіснамалық білімдерсіз кез келген,
соның ішінде педагогикалық зерттеулерді де сауатты жүргізу
мүмкін емес.
Кез-келген әдіснама реттеушілік (регулятивтік) және
нормативтік
функция
атқарады.
Әдіснамалық
білімдер
дескрептивтік
(сипаттаушылық)
немесе
прескриптивтік
формаларда (іс-әрекетке тікелей нұсқау) түрінде болуы мүмкін.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдердің 4 деңгейін көрсетеді:
философиялық, жалпы ғылымилық, нақты ғылымилық және
технологиялық немесе зерттеу әдістемесі.
2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық қағидалар.
Әдіснамалық қағидалар – педагогикалық жүйелерді
практикалық және зерттеушілік түрлендірулердің негізінде
жататын негізгі қағидалар. Қағидалар әрқашан ғылыми
негізділген, қортылған сипатта және
орындалуы міндетті болуы
керек.
Педагогиканың
әдіснамалық
қағидалары:
жүйелілік,
тұлғалық, іс-әрекеттік, полисубъектілік, мәдениеттанушылық,
этнопедагогикалық, антропологиялық, аксеологиялық.
Жүйелілік тұрғысынан келудің мәні –
зерттеу пәніндегі
салыстырмалы түрдегі өзіндік компоненттер жеке-жеке емес,
бірі-бірімен байланыста, дамуда және қозғалыста қарастырылады.
Ол жүйенің басқа элементтерінде жоқ жүйелік қасиеттермен
сапалық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік
тұрығыдан
қарастырудың
функционалдық
және
тарихи
аспектілері тарихилылық, нақтылық,
жан-жақты байланыстарды
және дамуды ескеру сияқты зерттеу қағидатерін бірлікте іске
асыруды талап етеді.
Педагогикадағы
тұлғалық тұрысынан қарастырудың мәні -
педагогикалық процесті құрастыру және іске асыруда оның
мақсаты, субъектісі, нәтижесі және тиімділігінің
басты критериі
ретінде тұлғаға бағытталуы. Ол тұлғаның кереметтігін
(уникальность), оның интеллектуалдық және адамгершілік
еркіндігін, сыйластыққа деген құқығын мойындауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: