Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
kozhamzharov

 
Негізгі әдебиеттер:
 
[5, 9,10]. 
 
9-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.
Бір орындағы және қарауылдағы орналасу кезіндегі взвод. 
2 сағат. 
1. Қазіргі ұрыстардағы барлаудың ролі 
2. Бір орында және сақтық күзетте орналасу 
3.Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар 
1. Қазіргі ұрыстардағы барлаудың ролі. 
Барлау – кез келген жағдайда әскерлердің ұрыстық қимылын 
қамтамасыз етудің маңызды түрі болып табылады. Ол қарсылас, 
жергілікті жер және бӛлімшелердің алдағы қимыл ауданының 
ауа райы туралы мәліметтерді табу, жинау, зерттеу іс-
шараларының жиынтығынан тұрады. Ұрысты дайындау және 
табысты жүргізуге қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны 
барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады. 
Қарсыласты талқандау үшін әрбір командир оның күшті 
және әлсіз жақтарын, күштері мен құрамын, оның ниетін (алдағы 
қимылдарының ықтимал сипатын) және т.б. білуі керек. Мұндай 
мәліметтерсіз жеңіске жету қиын. Әскерлердің қай жерде 
орналасқанына қарамастан, олардың командирлері қарсылас 
және ӛздері қимылдауы тиіс жергілікті жер туралы барынша 
толық және нақты ақпараттарды білуі тиіс. Бұған арнайы барлау 


80 
бӛлімшелерінің, сондай-ақ әскери барлау жүргізуге белгіленген 
мотоатқыш бӛлімшелерінің сауатты ұйымдастырылған қимылы 
нәтижесінде қол жеткізіледі. 
Қазіргі заманғы ұрыс сипаты, жаппай жою құралдарын 
қолдану — барлау мәнін күрт кӛтерді, тиісінше ӛзі оған 
қойылатын талаптарды да күшейтті. 
Взводты барлау жүргізуге дайындау кезінде бүкіл қару-
жарадты мұқият тазалау, майлау және дәлдеу, қару-жарақты
азық-түлік пен медициналық заттарды қажетті мӛлшерге дейін 
толықтыру жүргізіледі. Барлық ұрыс заттары мұқият, сенімді, 
ыңғайлы орналастырылып, бекітілуі керек. Ұрыс машиналары 
тексеріліп, техникалық жарамды, жанар-жағармай (ЖЖ) толық 
құйылған, байланыс құралдары кӛрсетілген жиілікке қойылған 
болуы керек. Түнде кӛру құралдары, навигациялық аспаптар 
тексеріліп, жұмысқа даярланады. 
Барлау міндеттері: 
– қарсыластын жаппай жою құралдарын қолдану 
координаттарын анықтау (бұл кез келген жағдайдағы 
барлаушылардың бірінші міндеті); 
– берілген секторлар мен бақылау жолақтарында,барлау 
жолақтары 
мен 
бағыттарында 
кӛршілердің 
және 
ӛз 
бӛлімшелерінің қимылын, қарсыласты және жергілікті жерді 
бақылауды жүргізу; 
– қарсыластың ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын, 
түйіспелерін, аралықтарын және оның берік қорғалмаған 
учаскелерін анықтау; 
– қарсыласты табу, оның орналасу аудандарын, күштерін, 
құралын, топтастығын, қимыл сипатын, ниетін, ұрыс қабілетін
бӛлімдер мен бӛлімшелерінің нӛмірленуін анықтау; 
– 
басқару 
пунктерінің, 
байланыс 
тораптарының, 
радиотехникалық құралдарының, атыс құралдарының, танк 
(ЖҰМ, БТР), артиллерия, минаатар, танкіге қарсы құралдары 
мен қарудың басқа түрлерінің нақты орнын белгілеу; 
– құрылыстары мен инженерлік-химиялық бӛгеттерді 
барлау; 
– жергілікті жер сипаты мен қорғаныштың қасиетін жер 
бедері, табиғи бӛгеттер, жол, кӛпір, су тосқауылдарының жай-


81 
күйін, алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бӛлімшелердің 
ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу 
– қарсыластың ұрысқа дайындық сапаларын зерттеу және 
ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатында олардың қару-
жарағының жаңа үлгілерін қолға түсіру. 
Барлауды ұйымдастыратын немесе жүргізетін командир 
әрқашан ӛзінің жауынгерлік міндеттерін де, аға командирдің 
жауынгерлік міндеттерін де орындайды. 
Взводтың барлау жүргізу тәсілдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет